Көне турки жазулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:44, реферат

Краткое описание

Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.

Содержание

1. Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
2. Дала жазуларының арихы
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны
5. Қосымшалар
6. Әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Көне Түркі жазулары.docx

— 132.13 Кб (Скачать файл)

Аннотация

Бұл жұмыста Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі ғылыми және тәжірибелік факторлармен анықталады. Руна жазуларының түріктер тарихын зерттеудегі алатын орнын, тарихи маңыздылығын, көлемділігін, баға жетпес қажеттілігін айқындап көрсету. Соныдақтан біз ерте түріктердің тарихының жазба дерегі – Күл-тегін, Білге-қаған, Төныкөк сияқты ескерткіштерді алдық.

Бұл ескерткіштерді зерттей отыра, түрік халқының қалыптасуы мен мемлекеттілігін дамуын қарастыру. Б.з.д. 7-8 ғасырлардағы Шығыс Түрік қағанатының дамуы дәуірін ашып көрсету. Тарихи-лингвистикалық тұрғыдан мәселені ашу; руна жазбаларының түрік тарихындщағы алатын орнын анықтау; Күл-тегін жолдауы түрік тарихына деректік сипат беретінің дәлелдеу.

Шығыс Түрік қағанатының дамуы тұрғысында Білге қағанның өмірі мен іскерлігін жарқын ашып көрсетуге талпыныс жасалған.

Күл-Тегін, Білге-қаған, Төныкөк ескерткіштеріндегі руна жазбалары. Мәліметтер жинау, және деректерді қорыту;  Руна жазбаларын зерттеу, монографияларды оқу;  Жобаның жазылуы, слайд-таныстырудың жасалуы.

Тарихи принциптерді қолдану, обьективтілік тұрғыда жасау, танып-білу әдісі. Нәтижелер тәжірибелік негіз береді: Қазақстан тарихы сабағында көрнекілік ретінде қолдануға болатын: мәліметтер, фотосуреттер, құжаттар және т.б.

«РУНА ЖАЗУЛАРЫ –  ЕРТЕ ТҮРІК ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАЗБА ДЕРЕГІ»

АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ  ЖҰМЫСЫ 

(Күл-Тегін, Білге-қаған, Төныкөк мысалында) 

 

 

Кіріспе

   

Тақырыптың өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі ғылыми және тәжірибелік факторлармен анықталады. Руна жазуларының түріктер тарихын зерттеудегі алатын орнын, тарихи маңыздылығын, көлемділігін, баға жетпес қажеттілігін айқындап көрсету. Соныдақтан біз ерте түріктердің тарихының жазба дерегі – Күл-тегін, Білге-қаған, Төныкөк сияқты ескерткіштерді алдық.

Мақсаты: Бұл ескерткіштерді зерттей отыра, түрік халқының қалыптасуы мен мемлекеттілігін дамуын қарастыру. Б.з.д. 7-8 ғасырлардағы Шығыс Түрік қағанатының дамуы дәуірін ашып көрсету.

Тақырыпты зерттеудің міндеттері:

  • тарихи-лингвистикалық тұрғыдан мәселені ашу;
  • руна жазбаларының түрік тарихындщағы алатын орнын анықтау;
  • Күл-тегін жолдауы түрік тарихына деректік сипат беретінің дәлелдеу.

Жұмыс жаңашылдығы: Шығыс Түрік қағанатының дамуы тұрғысында Білге қағанның өмірі мен іскерлігін жарқын ашып көрсетуге талпыныс жасалған.

Жұмыстың зерттеу нышаны: Күл-Тегін, Білге-қаған, Төныкөк ескерткіштеріндегі руна жазбалары.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Мәліметтер жинау, және деректерді қорыту;
  2. Руна жазбаларын зерттеу, монографияларды оқу;
  3. Жобаның жазылуы, слайд-таныстырудың жасалуы.

Әдістемелік негіз.  Тарихи принциптерді қолдану, обьективтілік тұрғыда жасау, танып-білу әдісі.

Нәтижелер тәжірибелік  негіз береді: Қазақстан тарихы сабағында  көрнекілік ретінде қолдануға болатын: мәліметтер, фотосуреттер, құжаттар және т.б.

Деректік негіз. А.С.Аманжоловтың «История и теория древнетюрского письма», С.Г.Кляшторныйдың  «История Центральной Азии и памятники рунического письма» еңбектері қолданылды.

Белгілі ғалым В.В.Бартольдтың «Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии», «Собрание сочинений» атты еңбектері қолданылды.

Біздің ойымызша, бұл жұмыс басқа зерттеушілерге анализ жасауға, қорытуға көмек береді. Болашақта өлкетанулық тұрғыда /Павлодар-Ертіс өңірінің аумағындағы руна жазбалары/ жұмысты жалғастыру. 

1. Руна жазбалары 

1.1 Түрік руна жазбалары

Жаңа мыңжылдықтың қарсанында, әлеуметтік-экономикалық өзгерістертен қашу мүмкіндігі болмағанда біз өзіміздің тамырымыз бен тарихтағы орнымызды іздейміз. Қазақстанда жастарды патриоттық сезімге баулу, тәрбиелеу қолға алынған. Соның нәтижесінде ежелгітүріктік өркениеттің жалғасы қазақ мәдениетіне деген сезім туады.

Тарих, мәдениет, тілді  зерттейтін ғылымда жүйелі зерттеуге  қажет негізгі ұғымдар болады. Солардың бірі – материалдық мәдениет және жазба мәдениеті. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олар екі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Түрік әлеміне рухани қажеттілік керек, біз оны сактардың, ғұндардың материалдық мәдениетінен іздейміз. Ал, жазба деректері түріктердің тек тарихы ғана емес, сонымен қатар мәдениетін толықтай зерттеуге мүмкіншілік береді.

Түрік елдерін ерте орта ғасырларда әлемге танытқан олардың ерлікке толы мәрт мінезі, батырлық әфсаналары мен жырлары, жазу мәдениеті, тәңіршілдік дүниетанымы, балбал тастары болды. Қашанда ұлы дала тұрғындарына тән берік және жасампаз рух бұл дәуірде өзге елдерге үлгі шашты болды. Рухани мәдениет түрік тілінің, әдебиеттің, дүниетанымының, салт-ғұрпының Еуразиялық әлемге тарауына жол ашты. Екінші жағынан Еуразиялық құрылықтың негізгі бөлігін біріктірген алып түрік мемлекеттері, олардың берік шаруашылық-әлеуметтік негізі рухани мәдениеттің серпілісін туғызды. 

 Оның ішінде  көне түріктердің жазу мәдениетінің алатын орны ерекше. Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліменттерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түрік жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда түріктер I V ғасырдың екінші жартысында өзі жазуларын кең ауқымды қолданған. Түріктер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда өзі жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліменттер бар. Мысалға алғанда Византия императорына түрік елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелегінде көрсеткен. Жалпылама ерте орта ғасырда алғанда түріктердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамында 35 әріп бар. Ал көне түрік жазуы – рунанемесе сына жазуы деп аталған. Көне түрік жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түрік жазуының ескерткіштері табылған. Түріктің жазба ескеткіштерінің көп кездесетін жері — Сібір өлкесі Енесей өзені бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII – IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық  түрік жазуы  қолданылу аясы біршама зор болған.

«Түрік руна жазбалары» – бұл ұғым тюркологиямен айналысатын адамдардың  бәріне таныс. Бірақ барлығы қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінің ағара қоймайды.

«Руна» «әріп» және «белгі» дегенгі білдірмейді.  Оны  – «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды.  «Руна» сөзі  –латыннын «арканум» (мысалға «Таро арқаны») немесе грекше «мисmерион» (мистерия) сөздерінің аналогы. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.

Руналар – ежелгі герман әліпбиінің белгілері (II в. кейінгі  ортағасырға дейін), Скандинавия, Исландия, Гренландия, Англия, Солтүстік Европа, Солтүстік Причерноморье, Ескі Ладога және Новгород елді-мекендеріндегі тастардағы, металлдардағы, ағаштардағы, сүйектердегі қаушаулар, белгілер. Руналардың нақты шығу тегі бүгінгі күнге дейін анықталмаған. Норвеж ғалымы К. Марстрандердың ойынша рунадар солтүстік италийлік әліпбидің модификациясы болып табылады.

Руна жазбалары /футарк/ көбінесе бір немесе бірнеше сөздерден тұрады. Мысалы, зат есім, қабылдану немесе магиялық брактеатта /алтыннан жасалған дөңгелек ілгіш/ сиқырлау. Бірнеше жолдардан тұратын жазулар сирек кездеседі.

Ертедегі түрік  жазуын тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында І Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен  оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И.Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинвияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап, оны «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың  бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В.Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В.В.Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған жері бойынша жазу «орхон-енисей» жазуы деп атала бастады, ал басқа белгілері /тілі және жазылу сипаты/ бойынша ол ертедегі түріктердің руналық жазуы деп аталып кеткен.

Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік моңғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенге өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі екінші Түрік қағанаты /689-744 жж./ және Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты /745-840 жж./ дәуірінде орнатылған. Ең әйгілері – Бірге-қаған мен оның інісі, қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне 732-735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер және екінші Түрік қағанатының алғашқы қағандарының кеңесшісі Төныкөктің /716 жыл/ құрметіне Тоныкөктің тірі кезінде-ақ орнатылған ескерткіш.

Орта Азия мен  Қазақстан аумағында руналық  ескерткіштердің екі тобын –  ферғаналық тобы мен жетісулық тобын  бөліп қараған жөн. Бұларға үлкен-үлкен қой тастардағы, қабір басына қойылған тастардағы тоғыз жазу және Талас өзенінің аңғарындағы Терексай қойнауындағы жартас бетіндегі жазулар, Жамбыл қаласының маңынан табылған керамикадағы жазулар, теңгелер мен тұрмыстық бұйымдардағы ұсақ жазулар мен жекелеген белгілер, ағаш таяқшадағы жазу /Талас өзені бойынан кен қазу жұмыстарында кездейсоқ табылған/, сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан табылған екі қола айнадағы руналық жазулар, Талғар қала жұртынан табылған қыш ұршықбастағы ұсақ жазулар жатады.

2

Түрік тарихындағы Орхон-Енисей жазбалары

 

2.1

Орхон жазулары, оның құрылуы мен шығуы

Жазбалар дерек  ретінде

 

Орхон-Енисей жазуы  туралы 1962 ж. ең алғаш хабар берген адам Амстердам қаласының бургомистрі Н.Бидзен.

С.Ремезовтың 1969 ж. бастап, 1967 ж. жазып бітірген «сібір қалаларының, жерлерінің, шөл жалалар мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» деген еңбегінде «Орхон тасы» деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897 ж. әйгілі Талас ескерткіші табылатын рунктке сай келеді. С.ремезов көрсеткен материалдар петр Алексеевич патшаның нұсқауымен 1701ж. «Сібірдің, қалалардың және өлкелердің атласы» деген еңбекті жасау үшін пайдаланылған. 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е.Мессершмидттің экспедициясы да рун жазуының кейбір элементтері жөнінде қысқаша мәліметер жазып қалдырған болса, айдауда /13 жыл/ жүріп, Сібірде қызмет істеген швед офицері Ф.И.Табберт – Страленберг, тіл біліміндегі жаңа ағым Орал-Алтай теориясының авторы, 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. 1793 ж. П.С.Паллас Орхон-Енисей жазуының бірсыпыра материалдарын жариялады.

Алдын ала берілген осындай азын-аулақ хабарлардан  кейін Орхон-Енисей жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы бірқатар жазу нұсқаларын Г.Спасский «сібір естеліктерінің жазбасы» деген еңбегінде жариялап шығарды. Оны Ф.И.Круг 1828 ж. латын тіліне аударып басты. Еңбекті сол уақыттың көрнекті ғалымдары А.Гумбольд пен Р.Ремюза өте жақсы бағалады. 1847 жылы М.А. Кастрен Енисей губерниясының Минусинск округіндегі Шушинск болысынан рунакалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жылы басып шығарды. Бұл ескерткіштің мәтіні 1859 жылы тағы да жарияланды. 1887-1888 жылдары фин ғалымы Ж.Аспелин арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзенінің бойындағы жазуларды зерттеп қайтты. Оның материалдар 1889 жылы жарияланды. Ж.Аспелин 1884 жылы Одесса қаласында өткізілген археологиялық сьезде жасаған баяндамасында Орхон-Енисей жазуының сырын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешкен болатын.

Бұдан әрі руна жазуының әр алуан үлгілерін жинау жұмыстары қыза түсті. 1881 жылы И.С.Боголюбский /Енисей, Абакан өзендерінің оң жақ жағалауынан, Майдашке қыстауынан т.б. жерлерден, А.В.Вдрианов /Саян тауынын маңайынан/, 1885 ж. И.В.Савенков /Тува өзенінің бойынан/ сияқты зерттеушілер Орхон-Енисей жазуы бар бірталай тас кездестіреді. Өзіне дейінгі жазушылардың пікірін талдап, Н.М.Ядринцев 1885 жылы үлкен мақала жазады да, 1889 ж. Орыс географиялық қоғамының Шығыс Сибирь бөлімі арқылы экспедиция ұйымдастырады. Ол Күлтегін мен Могилян ханға арналған ескерткіштерді ашқан. Осыдан соң Г.Гейкель ұйымдастырған фин ғалымдары /1890 ж./ мен В.В.Радлов бастаған орыс зерттеушілерінің /1891 ж./ экспедициялары барып қайтты. Олар жүргізген жұмыстардың қорытындылары өз алдына жеке-жеке еңбек болып басылып шықты.

Жан-жақты жиналып, мол сараланған ескерткіштердің сырын ашып, жазуын оқу мәселесі де ұзамай қолға алына бастады. Дания ғалымы В.Томсон ең алдымен ондағы белігілі бір әріптердің өзара тіркесіп келу заңдылығын қадағалады. Сонда ол кейбір таңбалардың әрдайым өзара іліктес келіп, кейбір белгілердің, керісінше қарап, В.Томсен Орхон-Енисей жазуынын тілінде дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуанды-жіңішкелі болып айтылатын екі түрлі жүйе бар деген тоқтамға келген.

Ж.Асперин Орхон-Енисей жазуында небәрі 38-40 әріп бар, ол әріптердің 847 түрлі таңбасы бар деп жорамалдаған еді. Шынына келгенде, осы күні 24 дыбыстың 150-ге тарта ғана таңбасы бар екендігі айқындалып отыр.

Енисей ескерткіштері  деп Енисей өзенінің бойынан және Тува Республикасынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Бұл алқаптан табылған ескерткіштердің ұзыны елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары – ХҮІІІ ғасырдан-ақ белгілі болғандар. Содан кейін әр кезде зерттеушілер саяхатшылар бұлардың басқа түрлерін таба берген. Соңғы жылдардың өзінде бұл жазудың үлгілері Тува республикасының территориясынан табылып отыр. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан көбінесе шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан тұрады да, ең кішісі 1-2 жолдан ғана құралған.

Информация о работе Көне турки жазулары