Көне турки жазулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:44, реферат

Краткое описание

Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.

Содержание

1. Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
2. Дала жазуларының арихы
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны
5. Қосымшалар
6. Әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Көне Түркі жазулары.docx

— 132.13 Кб (Скачать файл)

Бұдан әрі руна жазуының әр алуан үлгілерін жинау жұмыстары қыза түсті. 1881 жылы И.С.Боголюбский /Енисей, Абакан өзендерінің оң жақ жағалауынан, Майдашке қыстауынан т.б. жерлерден, А.В.Вдрианов /Саян тауынын маңайынан/, 1885 ж. И.В.Савенков /Тува өзенінің бойынан/ сияқты зерттеушілер Орхон-Енисей жазуы бар бірталай тас кездестіреді. Өзіне дейінгі жазушылардың пікірін талдап, Н.М.Ядринцев 1885 жылы үлкен мақала жазады да, 1889 ж. Орыс географиялық қоғамының Шығыс Сибирь бөлімі арқылы экспедиция ұйымдастырады. Ол Күлтегін мен Могилян ханға арналған ескерткіштерді ашқан. Осыдан соң Г.Гейкель ұйымдастырған фин ғалымдары /1890 ж./ мен В.В.Радлов бастаған орыс зерттеушілерінің /1891 ж./ экспедициялары барып қайтты. Олар жүргізген жұмыстардың қорытындылары өз алдына жеке-жеке еңбек болып басылып шықты.

Жан-жақты жиналып, мол сараланған ескерткіштердің сырын ашып, жазуын оқу мәселесі де ұзамай қолға алына бастады. Дания ғалымы В.Томсон ең алдымен ондағы белігілі бір әріптердің өзара тіркесіп келу заңдылығын қадағалады. Сонда ол кейбір таңбалардың әрдайым өзара іліктес келіп, кейбір белгілердің, керісінше қарап, В.Томсен Орхон-Енисей жазуынын тілінде дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуанды-жіңішкелі болып айтылатын екі түрлі жүйе бар деген тоқтамға келген.

Ж.Асперин Орхон-Енисей жазуында небәрі 38-40 әріп бар, ол әріптердің 847 түрлі таңбасы бар деп жорамалдаған еді. Шынына келгенде, осы күні 24 дыбыстың 150-ге тарта ғана таңбасы бар екендігі айқындалып отыр.

Енисей ескерткіштері  деп Енисей өзенінің бойынан және Тува Республикасынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Бұл алқаптан табылған ескерткіштердің ұзыны елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары ХҮІІІ ғасырдан-ақ белгілі болғандар. Содан кейін әр кезде зерттеушілер саяхатшылар бұлардың басқа түрлерін таба берген. Соңғы жылдардың өзінде бұл жазудың үлгілері Тува республикасының территориясынан табылып отыр. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан көбінесе шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан тұрады да, ең кішісі 1-2 жолдан ғана құралған.

Қолданылу мерзімі  жағынан Енисей ескерткіштері ескі түркі жазуының ең ескісі, ол шамамен  Ү-ҮІІ ғасырларға жатады деп есптеледі.

Ескі түркі жазуының Енисей өзенінің алқабында көптеп табылған жері Улукем және Кемчик өзендерінің  жағасы. Бұл жер жағдайы жақсы, шөбі шүйгін, тіршілікке аса қолайлы  жер көрінеді. Маңайдағы далалық өңірден биік таулар арқылы бөлініп тұратын жер. Тарихшы Клеменц ескерткіш көп табылған жердің осы ерекшелігін ескеріп, мұнда Енисей мәдениетінің өркендеуіне табиғи жағдай болған деп шамайлайды.

Ескі дәуірлерде Енисей бойын қырғыздар, солардың қоластына  қарайтын тайпалар мекендеген. Кейінгі  кездерде Енисей ескерткіштерін ескі қырғыз тілінің ескерткіші болу керек  дейтін жорамалға осы факт себеп болып жүрсе керек. Бұл пікірді қостаушылар ең алдымен қырғыздардың Тянь-Шань тауларына Енисей бойынан келгендігін еске алатын. Дегенмен, осы орайда мына бір жағдайды ұмытпаған жөн. Енисей ескерткіштерінің тілі бар жағынан бірдей осы заманғы қырғыз тілімен астаса бермейді. Ескертекіштер тілінде қырғыз тілімен қабыспайтын толып жатқан фактілер бар. Оның бер жағында Енисей ескерткіштерінің тілдік фактілері осы заманғы түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ /әсіресе Орта Азиялық тілдерде/ кездеседі. Бұның өзі, бір жағынан кейбір зерттеушілер айтып жүргендей /мысалы, И.А.Батманов/ Енисей ескерткіштерінде бірнеше тайпаларға ортақ тіл болып қалатын диалектілік ерекшеліктер де соның салдары болуы ықтимал.

Сөйтіп, Енисей ескерткіштері бір ғана ескі қырғыз тілінің көрінісі дегеннен гөрі, тарихтың ескі дәуіріндегі «жалпы түркілік» тілдің ескерткіші, олай болса осы күнгі тірі түркі тілдерінің көпшілігене ортақ деп қарау әлдеқайда ұтымды.

Орхон ескерткіштері  деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан, Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер тобы аталып жүр. Орхон ескерткіштері тілі, баяндайтын тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы жаңа кезеңін танытады. Орхон өзенінің бойына, сондай-ақ оған жалғас аймаққа ескі түркі жазуы Енисей өзені бойындағы түріктерден тараған болу керек. Енисей ескерткіштерінің таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштері таңбалырының әлдеқайда жетілгендігі, олардың жақсы сақтаулы сол жайды танытатын тәрізді. Оның бер жағында, Орхон жазуы, халық арасына кеңінен таралған болуы да мүмкін. Күлтегін ескерткішінде мынандай сөйлем кезедеседі: аңар көрү білін, түрк амты бідін белгілері /Мынаны оқып біліңдер, түріктің ендігі халқы мен бектері/. Сол сияқты Тоныкөк ескерткішінде де: Түрік білге қаған еліне бітідім деп білге Тоныкөк /Түріктің Білге ханының еліне арнап жаздырдым мен, данышпан /Тоныкөк/ деген сөйлем бар. Бұларға қарағанда ескерткіш қойғызып, өсиет айтып отырған авторлар басқа да түріктердің жазуды оқи алуыан еске алса керек. Орхон жазуының ескерткіштері сан жағынан көп, әрі көлемді болып келеді. Олардың ішіндегі ең көлемділерінің біразын әңгімелей кеткен дұрыс.

Орхон ескерткіштерінің ең көлемділерінің бірі Онгин ескерткіші деп аталады. Ескерткіші Онгин өзенінің аңғарындағы сайын Ноян шіркеуінен 1891 жылы Н.Ядринцев тапқан. Оның айтуынша ескерткіш тегістелген әдемі, төрт бұрышты тасқа жазылған. Тас жалпақ плитаның үстіне орналытлған. Жазу оның алдыңғы жағы мен бір жақ беткейіне жазылған. Айнала басы жоқ арыстандар мен отырған адамдардың мүсіндері қойылған. Арасы 500 қадамдай тастан төселген аллеялар бар. Ескерткіш Илтерес /кейде Елтерес, Гудулу, Кутлуғ/ хан мен оның әйелі Илбилге хатунға, яғни Могилян мен оның інісі Күлтегіннің ата-аналарына қойылған. С.Е.Масловтың шамалауынша, жазылған мерзімі ҮІІ ғасырдың басы. Бір мәліметтер бойынша Илтерес 690 не 693 жылдары қайтыс болса керек.

Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев 1889 жылы Орхон өзенінің Моңғолия жеріндегі  Хошо-цайдам ойпатынан ағып өтетін жерінен кейін «Хошо-цайдам ескерткіштері» /немесе «Күлтегін ескерткіші», «Могилян ескерткіші»/ деп аталып кеткен ескерткіш тастарды табады. Бұл ескерткіштердің иелері Н.Ядринцевтің айтуынша, Моңғолоиядан Тарбағатайға дейінгі жерлерді жайлаған, Қара-қорымнан Ыстық көлге дейінгі елдерді түгел жаулап алып, Қытай мен Үндістан арасындағы халықтармен қарым-қатынас жасаған түркі тайпалары.

1827 жылы Селенга  өзенінің бойындағы Налайха станциясынан  әкелі-балалы Д.А.Клеменц пен Е.Д.Клеменц кейін «Селенга ескерткіші» /немесе «Тоныкөк ескерткеші»/ деп аталып кеткен. Жазулы тасты табады. Ол Шығыс түркі тайпаларының әйгілі хандары Илтерес /693 жылы қайтыс болған/, Қапаған /716 жылы қайтыс болған/, Могилян /734 жылы қайтыс болған/ тәрізді үш билеушіге бірдей қызмет еткен, өз заманының білгір дипломаты болған Тоныкөк биге арналған ескерткіш болып шықты.

Орхон жазуының бұлардың басқа да нұсқалары мол екенін айттық. Қосымша ретінде айта кететін  бір жай Орхон мен Толы, Селенга өзенінің аңғарларында ескі дәуір куәсі болатын молалар мен қорғандар, әр түрлі өрнек, таңба салынған тастар мен плиталар, әр түрлі хайуанаттардың суреттері өте көп. Тарихшылардың айтуынша, бұлардың барлығы да өзара жақын, ұялас тайпалардың бір кездегі өмір сүру куәсі, солардан қалған мұра.

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ   ЖӘНЕ ОНЫҢ  КӨЗДЕРІ

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары  дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.

Тек түркі халықтары  мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.

Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).

V-IX ғасырларда түркілер  қоныстанған Алтай, Сібір, Орта  және  Орталы             қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.

Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі  тілдерінің даму тарихындағы «Көне  түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.

Орхон-Енисей жазуы  өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану  өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.

Енисей жазба  мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының  Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны  — 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл  жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.

Орхон жазуы көне  түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол  астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір  ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған  3 тарихи  мұра ерекше аталады. Оның біріншісі -  731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген  Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның  ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк   жайлы  716 жылы айтылған. Елтерістің   патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында  толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды. Оның себебі:  Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы  өзі түсінбейтін жат жазуды өз  елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.

Орхон ескерткіштері  оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» — дейді.[1]

Орхон жазбалары  осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл бойы қытай билігінде  болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: «Менің өзімнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?» — дей [2] ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз  арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.

Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп  отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан  шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді.

Ал әскери  тұрмысқа  келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.

Жазба ескерткіштегі  Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін — өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк — әрі батыр, әрі  шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы  түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде  әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып»[3] деген  сияқты қолданыстар аздаған  дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.

Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.

Талас  алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра түсті. Оның төрт қырында да көне  түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталуы. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазылуы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің Орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуевльск ойпаты, Алтай тауы, Қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қалған барлық мұралар енуі. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған  есеп бойынша, көне Түрік жазуымен тас бетіне 240-тай қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Маникей  әріпімен 554 бетіне жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб қарпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған[4] .

Информация о работе Көне турки жазулары