Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

Платон Сократ ілімін ары  қарай жалғастырды. Заттарды тек  эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға  болмайды дейді Платон. Платонның  пікірінше, шын болмыс ақыл-мен ғана білуге болатын денесіз идеялар  әлемі. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша бір тектес, ұқсас заттар, қатынастар, процес-тер көп болса, сонша идеялар бар. Идеялар бір  – біріне бағынышты немесе ортақ  бір идеяға бағынышты болады. Жоғарғы  идея – абсолютті жақсылық немесе әлемдік ақыл – ой. Әр заттың өз идеясы, мәні болады. Дүние заттардан және олардың идеяларынан тұрады. Заттар мен идеялар екі түрлі байланыста болады. Заттан идеяға өту, идеядан  затқа өту. “Идеялар адамсыз өмір сүре алады” дейді Платон. Идеялар  космоста өмір сүреді. Олар затқа қонады, әрі заттарды тастап кете алады. Платон жалпылық туралы ілімін идеалистік тұрғыдан шешті. Жалпылық өз бетінше өмір сүреді дейді.

Платон әлемнің толық  суреттемесі болатын концепция  түзді. «Тимей аттың шығармасында: Дүниеде  идея, материя және құдай бар дейді. Құдайды шебер жаратушы дейді. Идея мен материя қоспасынан демнург  құдай әлемдік рухты жаратып, кеңістікке таратады. Әлемдік рух  өзінің бастапқы күйінде стихияларға  бөлінеді: от,ауа, жер. Космос ақылды тірі жан деп түсінеді. Әлемнің құрылымы мынадай: 1) Құдыретті ақыл (демнург); 2) Әлемдік рух; 3) Әлемдік дене. Болмыстағы бәрі мәңгіліктің көлеңкесі, идеялар  дүниесінің бейнесі.

Дж. Локктың ойынша, танымның негізінде түйсіктер мен ойлау қабілеті жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөніндегі тұрпайы идеяларды тудырады. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берілген болса, - олар дербес өмір сүреді деп есптесе, Дж. Локк оларды тек Дүниенің кейбір жақтарын бейнелейтін ұғым, түйсік, тіпті қиял ретінде түсінеді. Сыртқы және ішкі тәжірибені бір – бірінен айырып қарағаннан кейін, Дж. Локк идеялардың бірінші және екінші сапасының бар екенін мойындайды.

Бірінші сапалар – олар заттардан ешқашанда бөлінбейтін негізгі қасиеттері – созылу, бітім, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с.

Екінші сапалар - әрқашанда өзгерісте, бір жағынан пайда болып, екінші жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттері. Оларды біз түйсіктеріміз арқылы ашамыз: түрлі – түсті нәрселерді көзбен көреміз, әртүрлі дыбыстарды құлақпен естиміз, неше түрлі истерді, мұрнымыз арқылы сезінеміз, ащы – тұщыны тіліміз арқалы сезінеміз т.с.с Сонымен екінші сапалар тек адамның өзінде ғана болғанымен, оны тудыратын соңғы себеп – ол заттардың бірінші қасиеттерінің әртүрлі бір – бірімен қосылуы деген пікірге келеді.

Тұрпайы идеялардан күрделіге  көшетін болсақ, оны Дж. Локк субстанциясы ұғымы арқылы береді. Ол тұрпайы  идеялардың бір – бірімен қосылуынан болады. Дүниедегі әртүрлі заттарды Дж. Локк эмпериялық, яғни тәжірибеден  туатын субстанция дейді. Ол: нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал философиялық деңгейге көтерілсек, онда ол – материя, рух. Мысалы, біз күнді алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, өне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрін біз тәжірибе арқылы жинаймыз.

Д.Юм  материя ұғымы сияқты, Құдай идеясының өзін дәлелдей алмаймыз деген ойға келеді. Бізге берілген тек қана түйсіктер мен олардың әртүрлі байланыстары  арқылы берілетін идеялардың алғышарттарын зерттеу ғана.

Олай болса, философиядағы  «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар  – объективті өмір сүріп жаткан «мән», я болмаса тәжірибеге берілген «идея» емес, өзінің эмпириялық, яғни тәжірибеден  шығатын мазмұны бар ассоциациялар. Мысалы, таныс адамның суреті   өзінің ұқсастығымен ол жөніндегі біздің идеяларымызды оятуы мүмкін.

Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют – құдай барлық заттар да бар, бірақ тек таза ақыл ойда ғана өзіне өзі тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шыңдық болмыс және барлақ материалдық денелердің түп негізі және мәні оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол – таза ақыл - ой, ақыл - ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі – абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.

Абсолюттік идеяның, әуел бастан- ақ негізгі мақсаты –  ақиқатқа жету, ал ақиқаттың өзі  – абсолюттік идеяның өзі болғандықтан бұл мақсаттың жалпы дүниежүзілік тарихтың даму процесіндегі адамдардаң іс - әрекеті негізінде жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

36. Марксизм философиясының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары  Карл Маркс пен Фридрих Энгельс  негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар  жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық  ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық  социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон).Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы  табының маңызын теориялық негіздеу болды.

Марксизм өз заманының  көптеген өткір сұрақтарына жауап  беріп, XIX ғ соңы – XX ғ бірінші  жартысында Германия шеңберінен асып, интернационалистік ілімге айналды. Біршама  елдерде (КСРО,Шығыс Еуропа, Азия мен  Африканың кейбір мемлекетінде) маркстік философия ресми мемлекеттік  идеология деңгейіне дейін көтеріліп, догмаға айналды.

Марксизм философиясының пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты — өнеркәсіптік жұмысшы  табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Марксизм философиясының дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Марксизм философияның пайда болуына үлкен үш жаңалық  әсер етті: 1) Клеткалардың ашылу заңы; 2) Энергияның сақталу заңы; 3) Дарвинның  эволюциясы;

Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда  да барлық құбылыстар бір — бірімен  тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Марксизм философиясының негізін қалаушылар: К.Маркс, Ф.Энгельс болып табылады.

Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді  идеялық қағидалары — қосымша  құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің  экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда  қайта құрудың белгілі бір  үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар  төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық  марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде  пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын  коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде  бір формация екіншімен ауысады.

Марксизм ілімі бойынша  тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік  формациялардан тұрады.

Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам  дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың  негізгі идеологиясына айналды.

Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде  бұл қозғалыс екіге бөлінді:

   1. В.И. Ленин, т.б.  бастаған төңкерісшіл бағыт.

   2. Э.Бернштейн, т.б.  бастаған реформашылдық бағыт.

Реформашылдар бірте-бірте  марксизмнің негізгі теорияларынан  бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық  идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин  бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан  төңкерісінен кейін коммунистік  тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік  идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.

Марксистік философияның принциптері мен қағидалары қоғамдық дамудың практикасымен, ғылым мен  тәжірибенің жаңалықтарымен әрдайым  толығып, байып отырады. Мұнсыз ол жасампаздық  сипаттан жұрдай болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37.Қоғамдық сананың  түрлері: моральдық, этикалық  сана.Сананың тағы қандай түрлерін  білесіз? Сипаттап, салыстырыңыз.

Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т.б.

Моральдік сана. Қоғамдық сана формасына жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалар, ұстанымдар және ережелердің белгілі  жиынтығы. Мораль адамдардың қатынасын  белгілі мөлшерде қалыптастырады, яғни олардың өз ортасына және басқа орталарға, мемлекетке, Отанға, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді.

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Құқықтық сана – Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың  формасы ретінде қабылданған  адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа  деген идеялар, теориялар және сезімдердің  жүйелік жиынтығы. Саяси жане моральдық  санамен тығыз байланысты. Мазмұны  жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны  жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары  мен көзқарастары жатады. Антогонистiк  қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.  
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:

1. Құқықтық сана құқық  жасау процесіне белсенді түрде  өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі  лауазымды тұлғалардың құқықтық  саналары неғұрлым жоғары болған  сайын сапалы заңдар қабылданады,  субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке  топтық, таптық, партиялық мүддеден  жоғары қояды. 

2. Құқықтық сана мемлекет  қабылдаған нормативтік-құқықтық  кесімдерден өзінің көрінісін  табады.

3. Қоғамда қалыптасқан  құқықтық сананың деңгейі құқық  қолдану процесінде ерекше рөл  атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке  барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды  тұлғаның жеке адамнан пара  алуы, бюрократияға жол беруі  ақпараттық араластықтың нәтижесінде  бүкіл халықтың құқықтық санасын  дағдарысқа ұшыратып, нигилистік  көзқарас қалыптастырады.

4. Құқықтық сана құқық  бұзушылықпен күресудің, оның  алдын алудың мүмкіндіктерін  тудырады. Құқықтық сана деңгейі  жоғары болған сайын мемлекеттегі  қоғамдық тәртіп те нығая түседі.

Басқа саналардың түрлеріне  қарағанда құқықтық сананың өзіне  ғана тән ерекшеліктері бар:

1. Құқықтық сана мемлекетте  қалыптасқан құқықтық жүйе әділ  сот қызметтерінің айнасы болып  табылады.

2. Құқықтық сана қоғам  тапқа бөлініп, мемлекет пен  құқық пайда болғанда қалыптасады  және әртүрлі мағындағы қасиеттерге  ие болады.

3. Құқықтық сана саяси  мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі  саяси процестер мен бағыттар  әрқашанда құқықтық санаға өзінің  әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда  жүргізіліп отырған саясатқа  тәуелді.

Дінисана – адамның  тылсымдық болмысы туралы сана. Дін  – қоғам ішіндегі рухани күш. Қай  қоғамда болсын діндердің айрықша  орны бар. Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен  шет қалмайтындығын қазіргі заман  болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Дін мен  қоғам – бір -бірінен ажырамайтын  құбылыстар. Діннің қызметі – адамға рухани сүйеніш болу, жалғызсыратпау. Қазіргі таңда болып жатқан террорлық  әрекеттер – діндарлықтың емес, керісінше діни сана-сезімнен жұрдай болудың, яғни, материалистік сананың  көрінісі. Бұндай әрекеттер діни сананың  әлсіреуінен туындайтын құбылыс.

Этикалық сана –  қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың  түрі. Этика (грекшесі, қазақшасы-әдет, мінез-құлық) – мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның  өмір сүруі салтының аса мәнді  жақтарының бірі болып табылатын  адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары  мен нормалары туралы ілімдер  жүйесі. Этикалық норма-адамдардың ұқсас  қылық-мінездерін жалпы ережелер бойынша  немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. Этикалық норма және мораль теориясы әрбір  азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен  тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының  негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып бөлінеді.

Информация о работе Философия негіздері