Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

38. И. КАНТ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ  «АПРИОРИ», «АПОСТЕРИОРИ», «АНТИНОМИЯ», "БҰЛЖЫМАЙТЫН ИМПЕРАТИВ" ҰҒЫМДАРЫНА  АНЫҚТАМА БЕРІҢІЗ.

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу».

Философиялық шығармашылығы  екі кезеңнен тұрды:

  1. «Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770).
  2. «Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм).

Кант таным теориясында  барлық білімдер 2-ге бөлінеді:

1) Апостериори ( лат. А роsterori- келесіден) - тәжірибеден алынатын білім.

2) Априори (лат. А ргіогі - тәжірибеге дейін) - тәжірибеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін ұғым.

И.Кант  «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті.      Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек.

Кант өзіне дейінгі  ойшылдардың эмпиризмі мен рационализмін  қорыта 
отырып, априори теориясын ұсынды: 
1) Бізді қоршаған дүние – өзіндік зат (вещь в себе), оны түйсіктеріміз арқылы танып-білуіміз мүмкін емес. Ол кеңістік пен уақытта өмір сүрмейді, субстанция да емес. Себебі, кеңістік пен уақыт субъективті, біздің қабылдауымыздың жемісі. Заттар туралы пікірлер біздің зердеміз-де тәжірибеге дейін қалыптасқан. Оны қалыптастыратын – біздің ақыл-ойымыз, а’рriori (тәжірибеге дейінгі). Түйсіктер жинаған білім емес, категорияларды жүйеге келтіретін логика ғана ақиқат білім береді. 
2) Таным процестерінің қиындығы бірін-бірі теріске шығаратын, бірақ әрқайсысы ақиқат ретінде дәлелденетін тұжырымдар, яғни, «антиномиялар» тудырады. Антиномия - (грекше - заңның өзіне өзі қайшы келуі) – 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын  жойылмайтын қайшылық. Кант антиномиялардың төрт түрін көрсетеді: а) Дүниенің уақыттық бастауы бар, тек кеңістік жағынан шектеулі (тезис); Дүниенің уақыттық бастауы жоқ және кеңістікте шексіз. Ол кеңістік пен уақытта шексіз (антитезис). ә) Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөліктерден тұрады және тұрмайды. б) Себептіліктің екі түрі бар: біреуі табиғат заңдылықтарына сәйкес, екіншісі – еркіндікке (тезис); Бір ғана себептілік – табиғат заңдылықтарына сәйкес себептілік бар (антитезис). в) абсолютті қажетті тіршілік етуші өмір сүреді және сүрмейді.

Ал адамгершіліктік талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға  міндетті. Оларды Кант адамгершілік заңы, бұлжымайтын императив ретінде  қарастырады. Адамгершілік заңы адамның  абсолюттік еркіндігін реттеуші. Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын  императивті енгізді. Бұлжымайтын императив (категорический императив) - Кант   ұсынған   адамгершілік   заңы:  сен  өзіңе  басқаның  қиянат жасағанын  қаламасаң, сен де   басқаға  қиянат  жасама.  Кант философиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максиме) қарама-қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адамгершіліктік ереже.

 Шектеусіз, абсолюттік  еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа  ұшыратынының дәлелін тарихтан  да, қазіргі өмірден де көруге  болады. Гегельдің өзі абсолюттік  еркіндікті құбыжық нәрсемен  теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын  императив (Кант философиясының  бұл ұғымы қазақ тіліндегі философиялық әдебиетте «категориалды императив», «әдептілік императиві» деп аударылып, аталып жүр. Менің ойымша, Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын қолданғанымыз жөн) парыз ұғымына негізделген. 
Кант парызды аса жоғары бағалайды. Оның пікірінше, парыз рацио-налды ойлай алатын тіршілік етушілердің бәріне тән табиғи қасиет. Кант үшін парыз категориясы антропологиялық мәселелерді шешуге кілт болды деуге болады, себебі адам өзі мен адамзат алдындағы парызын орындау жолында өзінің рухани-адамгершіліктік мүмкіндіктерін жүзеге асырады, өз тағдырын өзі жасай алатындығын, табиғи инстинктерді жеңіп, адамдық бастауын сақтап қалу қабілетін дәлелдейді. 

Бұлжымайтын императивтің бірінші  қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың  өзі деп таны». 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

39.Сана және бейсаналылық: З. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.

Cана – ойлаудың ең жоғарғы формасы. Сана қоршаған дүние    жөніндегі  білімдердің жиынтық бірлігі.Қоғамның даму тарихында оның өзіндік ерекшелігі, белсенділігі бар.  Сол шығармашылық белсенділігі арқылы сана қоғамға, болмысқа әсер етеді, оны өзгертуге мүмкіндік береді.  Сана – адамдардың еңбегімен тығыз байланысты. Еңбек – адамның табиғатқа қатынасы. Ол тек жай ғана процесс емес, адамды өзгертетін процесс. Еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетіне байланысты оның өзін де дамытады, сонда ғана еңбектің мәні, адамдық негізі айқындалады.Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына

барша танымдық процестер  енді: түйсік,қабылдау, ес, ойлау, қиял. 1) Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары  бекиді. Органикалық əлем тарихында  тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін  тануға, яғни психика əрекетінің бағытын  өзінебұруға қабілетті.

2)Сана – мақсат  болжастыру əрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-əрекетінің сипаты мен тəсілдерін алдын–ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.

Осыдан, сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау,іс-əрекеттің  орындалу жолын айқындау т.б.

3)Сана құрылымында əрекетке  орай қатынастар орнығады. Адам  санасы міндетті түрде өз ішіне  күрделі объектив, ең алдымен  адам қатысқан қоғамдық қатынастарды  бейнелейтін сезімдер жүйесін  қамтиды. Дін иелері сананы  материалдан тыс, дербес жəне  мəңгі өмір сүретін, ешқашан  өлмейтін құбылыс деп қарастырады.  Ертеде сананы жанға, ал жаңды  ұшып жүретін шыбынға балаған.  Идеалистік философияның қайсысы  болсын сана, идея, рух материядан  тыс, дербес өмір сүріп қана  қоймайтынын, қайта сол материяны  билейтін, оның қозғалысын, дамуын  қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын  материалистік тұрғыдан түсіну  де оңайға түскен жоқ. Кейбір  материалистер сана барлық материяда  бар деп түсінген.

       Ғылыми  мəліметтерге сүйнер болсақ, сана  дегеніміз – барлық  материяның  жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан  материя – адам миының функциясы  екенін дəлелдеді. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми оның мекені. Сана адам миы қызметінің желісі. Бірақ ми түрлі жан жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі.Сана бір жағынан жинақталған білім, екінші жаынан таным процесі.

Бейсаналық - саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан  бас тарту. 1.Адам мінез-құлқындағы сананың  қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау; 2. Фрейд  концепциясындағы психикалық энергияны  білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен  жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты  аңғартады Арт-терапияның дамуына  едәуір әсер еткен. З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып  табылады. Фрейд тұлға проблемаларын  зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында  санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын  процестерге деген қызығушылық  Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын  жасадыФрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп  саналды. Фрейд өзінің медициналық  тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын  зерттеуде болды. Адамның жан  дүниесінің құпияларына барар жолды  ол сана психологиясынан да, физиологиясынан  да емес санасыздық күйі психологиясынан  іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен  сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі  Брейрге қарағанда жеткіліксіз  еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа  құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

40. Экзистенциалистік  философияның ерекшелігі неде? Мәнін  ашып көрсетіңіз.

Экзистенциализм-адам,оның жеке басының мәселелері, дүниедегі  тіршілігінің қиыншылықтары негізгі  зерттеу пәні болып табылатын  фил/лық бағыт. Ол өз-өзіне сенімсіздікті, адамның дүниеден жаттануын бейнелейді. «Болмыс пен әлем, адам тіршілігі , уайым, сезім, индивид ойларының  ағыны» -дейді экзистенциалистер.

Экзистенциализмнің басты  тақырыбы-адамның рухани әлемі қазіргі  замандағы жеке тұлғаның тағдыры,жеке адам болмысы.

Экзистенциализмнің өзекті ұғымы- инферналдылық. Инферналдылық- инферна (латынның «дозаттық» сөзінен)-тығырық, тұйық, жабық жағдай дегенді білдіреді.Болмыстың  инферналдылығы адамзат өміріндегі басты мағына.Өйткені ,өмірге келген алғашқы сәттен бастап жасалатын  әрбір әрекет пен қадам өлімге қарай жасалатын қадам. Өлім инферналды- яғни болмай қоймайтын құбылыс. Мұны әркім түсінеді.Біздің санасыз өлу , өлім құбылысы туралы ойды рационалдандырып, қанша ығыстырғанымен, өлім-факт ретінде  өмірдің әрбір сәтіне қатысып  отырады.Өлім мәселесі адамзатты аз толғандырмағанымен , шын мәніндегі  нағыз мәселе-басты сұрақ өлімде емес, өмірде: туылу мен өлу аралығындағы өмірде- инферналды болмыста, адамның  сол аралықта өзін-өзі ұғынып, сезініп, жүзеге асыруында. Өйткені кез-келген адамның өмірінің мәні дәл сол  адамның өз мәнін білдіреді.

Экзистенциализм фил-лық  бағыт ретінде ХХ ғ-дың ортасында  пайда болып, ХХғ. 20-70жылдарында маңызы арта түсіп, Батыс Европадағы ең  танымал фил-лық бағытқа айналды.

Экзистенциализмнің өзектілігі мен көркеюіне мынадай алғышарттар  себепші болды.

  1. Бірінші ж/е екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңында , соғыстар кезінде ж/е олардың  арасындағы кезеңде адамзатты билеген адамгершілік ,экономикалық ж/е саяси дағдарыстар.
  2. Ғылым мен техниканың қаулап өсуі, техника жетістіктерінің адамға қарсы қолданылуы  (әскери техниканың, автомат, пулемет, мина,бомбалардың жетілдірілуі, әскери әрекеттер барысында улы заттардың қолданылуы т.б.)
  3. Адамзаттың жойылу қаупі (ядролық қарудың жасалынуы ж/е пайдаланылуы,жақындай түскен экологиялық апат);
  4. Адамға қатысты қатыгездіктің , бейадамшылықтың күшеюі (концлагерлер, еңбек лагерлері, екі дүниежүзілік соғыста қаза болған 70млрд. адам);
  5. Толық фашистік ж/е тоталитарлық режимдердің таралуы;
  6. Адамның табиғат пен техногендік қоғам алдындағы шарасыздығы .

Экзистенциалистік фил/я  осы құбылыстарға жауап ретінде  пайда болды.

Философ-экзистенциалистердің қарастыратын мәселелері:

  1. адам тұлғасының бірегейлігі , оның сезімдерінің  тереңдігі, уайымдары, қуаныш-үміттері, тұтас алғанда өмірі.
  2. Адамның ішкі дүниесі мен қоршаған дүние арасындағы айырмашылық
  3. Адамның жаттану мәселесі (қоғамның, мемлекеттің адамнан әбден алыстап,алғы болмысын елемей , оның «Менін» жаншуы.)
  4. Адамның жалғыздығы (адам дүниеде жалғыз ол өзін қажет сезіне алатын «координациялық жүйе» жоқ)
  5. Өмірдің мағынасыздығы мәселесі.
  6. Ішкі таңдау мәселесі

 

 

 

 

41. Әлеуметтік  философияның ұғымдары мен негізгі  принциптерін сипаттаңыз.

Әлеуметтік философия  әлеуметтік және индивидуалданған адам болмысы мәселелерімен айналысады. «Әлеуметтік және индивидуалды болмысқа»  тарих та, мәдениет те, жеке адам болмысы  да кіреді. Әлеуметтік философияға  өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары: Н.А. Бердяев, И.А.Ильин, П.А. Флоренский, С.Н.Булгаков т.б. С.Л.Франк (1877-1950) әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді.» Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады. Әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің фундаменталды құндылықтарына қатынасы. 

 Әлеуметтік философия  бірнеше қызмет атқарады. Алғашқы қызметі- дүниетанымдық. Әлеуметтік философия «әлеуметтік әлемді» бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде «жаратады да». Екіншіден атқаратыны- методологиялық функция. Әлеуметтік философия әлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы философиялық принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады.

 Үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.

 Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішіне белгілі дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді.

 Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады.

Информация о работе Философия негіздері