Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

Социогенез - бұл филогенездің бөлігі,  Homo sapiens пайда болуынан басталады да бүгінгі күнмен аяқталады.                        

Сонымен қатар, социогенез –  әлеуметтенудің әр түрлі мәдениет пен  қоғамдық-экономикалық формациялардағы  ерекшеліктеріне байланысты танымның, тұлға мен тұлғааралық қатынастардың  тууы мен дамуы. Социогенездің негізгі  идеясының мәні – психолог абстакті адаммен емес, көпшілікпен әлеуметтік-мәдени контексте өзара әсерлесетін  белгілі бір елдің немесе дәуірдің адамымен байланыста болады. Социогенездің  заңға сәйкестігі тарихи психология мен этнопсихологияның зерттеу  пәні болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

42. Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Осы мәселеге қатысты қандай философтардың ілімдерін білесіз? Оларды салыстырыңыз.  

 

1. Қоғам және мәдениет ұғымдарың жиi ұштастырады, бiр мағынада қолданады. Бiрақ бұл дұрыс емес, өйткенi бұлар әр-түрлi екi ұғым болып табылады. Қоғам дамып отыратың тiрi организм ретiнде көпсапалы қатынастарда болатың адамдар жиынтығы болап табылады.

Мәдениет феноменiн  көптеген ғылымдар зерттейдi, олардың  әрқайсысы мәдениетке әр-түрлi тұрғыдаң өз анықтамасың бередi. Солардың iшiнде  эвристикалық мәнi бар анықтамалар  келесi:

1. Продуктивтiлiк (өнiмдiлiк), мұнда мәдениет бiрiккен, материалды және рухани өндiрiстiң нәтижесi деп түсiндiрiледi.

2. Креативтiлiк, мұнда мәдениет шығармашылық, жасампаз әрекет ретiнде көрiнедi.

3. Аксиологиялық (құндылықтық), мұнда мәдениет феноменi қоғамға маңызды болатың құндылықтар жиынтығы деп қарастырылады.

Мәдениет-дегенiмiз iс-әрекеттiң оның нәтижелерiмен бiрге бейiмдi болатың жаңашылдық түрлердiн жиынтығы, олар өз көрiнiсiн адамның күш-қуатының мәнiнде табады. Мәдениет- бүкiл қоғамдық өмiрдi өзгертуге және қайтадан жаңғыртуға мүмкiндiк беретiн үнемi даму үстiнде болатын iс-әрекет, мiнез-құлық және қарым-қатынас жасаудың биологиялық емес бағдарламаларының күрделi жүйесi. Мәдениеттер типологизациясы, бiрнеше:

1) iс-әрекет мiнезiне  және оның нәтижелерiне қарай- материалдық және рухани деп бөлiнедi. Бiрiншiсi өндiрiстi, материалдық игiлiктердi айырбастау және таратуды қамтиды; екiншiсi- өнер туындыларың, бiлiмдi, идеалдарды, идеяларды, мораль және құқық нормаларың т.б. қамтиды.

2) шетел әдебиеттерiнде  «мәдениет» ұғымың жиi тар мағынада  алып «рухани мәдениет» ұғымына  тенестiредi, онда ғылымдар, бiлiм  беру, тiл және өнер көлемiне  енгiзiп (Кассирерт.б.).

Рухани мәдениет ерекшелiгi, ол ерекше таңбалар және мәндер әлемiн  бiлдiретiнде. Бұл мәдениеттiн таңба- символдар жүйесiнде iргелi мәндердi игеру мен түсiну жатыр. Гегелдiң  аытуынша субъектiнiң мәдениетке енуiнiң  екi өзарабайланысты  жақтары бар: жалпыға ортақ тәжiрибе мен бiлiмге көтерiлу және ерекше бiр формада субъективтендiрiлу. Сонда тек бiлiмдi қана емес, сондай-ақ шығармашылық күшi бар, әр-түрлi мәдениеттер контекстiнде жұмыс iстей алатың адам қалыптасады.

Соңғы кезеңдерде, өркениет (лат. civilis- азаматтық) деп парасатты ұйымдасқан, оның барлық көптүрлiгi мен жалпы бiрлiгiнде  көрiнетiн, жоғары дамыған қоғамды айтады. Көптеген философтардың өркениетке деген көзқарасы бойынша, өркениет бұл қоғам дамуының тарихында болатың бiр-бiрiн ауыстырып отыратың мәдениеттер және олардың әрқайсысы туу, пайда болудаң, толық сөну сатыларынаң өтедi

Өркениет  қоғам дамуының сатысы ретiнде- (Генри Льюис Морган американдық зерттеушi, өмiрiнiң көбiн ирокездер арасында өткiзген) адамзат тарихың бiрнеше кезеңдерге бөлдi, ол жабайы, варварлық және өркениет деп, және бұл кезеңдердiң әрқайсысы төменгi, орташа, жоғары сатыдан өтедi. Сондай-ақ бұл тұғырнаманың негiзiнде технологиялық детерминанта жатыр. Соңғысында өндiрiстiн қалыптасуымен және рухани өндiрiс ауқымының қалыптасуымен ерекшеленедi, оған дiннiң, ғылым, өнердiн дамыған формалары кiредi, олар жазба тiлдiн ашылуымен және кең қолдануымен байланысты болады. Оқшауланған өркениеттер- бұл тұғырнаманың авторлары мен iзбасарлары өркениеттi тiрi организмнiң өмiр сүруiмен салыстыра отырып, биологиялық аналогияларды қолданды. Оқшауланған өркениет деп белгiлi бiр қоғамның дамуының мәдени-тарихи типы айтылады, оның негiзгi ерекшiлiктерi  географиялық жағдайлармен айқындалады. Әр тiрi организм сияқты оқшауланған өркениетте өз дамуының белгiлi бiр кезеңдерден өтедi: туу, балалық шақ, кемелденген кезең, кәрiлiк және өлу (сөну). Өкiлдерi: Н.Я.Данилевский, Освальд Шпенглер, Арнольд Тойнби

Кейде мәдениет- өркениетке, «тiрi организм»-«механизмге» сияқты қарсы қойылады. Өркениет терминiң  бiрiншi болып француз ағартушысы Мирабо 1756 ж. ғылымға енгiздi. Бұл  ұғымның қалыптасуы таптық қоғамның пайда болуымен, жинақтау шаруашылығынан өндiрiстiкке өтумен байланысты. Өркениеттiн  негiзi- қоғамдық байлық. Өркениеттiлiкке  келудi әлеуметтiк негiздердi қалыптастыру, қоғам дамуының әлеуметтiк әулеттiн (потенциал) өсуi деп түсүну керек. Өркениет ұғымың диалектикалық жеке, ерекше және жалпы негiздерiнде қарастыруға  болады: француз, жапондық т.б. өркениеттер; немесе еуропалық, африкалық, батыстық, шығыстық өркениет деп; ал қазырғы заманда  көптеген өркениеттердiң күрделi интеграциясы байқалады- жалпы бiр дүниежүзiлiк  өркениеттiн қалыптасу процессi өтiп  жатыр, сонымен қатар оның iшiнде  оқшауланған өркениеттерде сақталынып қалады. Және бұл процестi зерттейтiң  ғылымдар да толып жатыр, оның iшiнде  гуманитарлық ғылымдармен қатар, әлеуметтiк  ғылымдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

43. Таным дегеніміз  не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.

Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. ''Таным'' — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:

— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);

— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).

Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім  мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда  таным ортақ мәселелердің бірі болып  табылады

Танымның 2 түрі бар. Материалистік және идеалистік теория. Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі. Бейнелену теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер, олардың қасиеттері мен маңызды байланыстарын танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір суреді. Түйсіктердің және қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, қасиеттерін танып білеміз. таным – сыртқа заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің, қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуі. Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай умтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте Р.Декарттың, Г.Гегельдің ойларын айтуга болады. Гегель дүниені танып білуді өзін-өзі танып білу жолын дейді. Диалектикалық матерализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным прорцестерінің заңдылықтарын зерттейді. Материализм шынайы болмысты, нақтылы дүниені танып-білу туралы міселеге ден қойса,  идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарда өз өрнегі мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білу туралы айтады. Идеалинизм бейнелену принциптерін жоққа шығарып, болмыс пен ойдың тепе-теңдігін мойындауды талап етеді.материализм керісінше, тепе-теңдік принципін жоққа шығарады да, бейнелену принципін мойындауды талап етеді.

 

44.Ғылыми зерттеулердің  эмперикалық және теориялық деңгейлері.

 Ғылым дегеніміз –  заттардың, құбылыстар мен процестердің  ішкі болмысын, табиғатын ашып  көрсететін олардың даму заңдылықтарын  тұжырымдайтын шынай ақиқат білім  жүйесі. Ғылым – қоғамның өзі  дүниеге келтірген, өркендеуіне  жағдай туғызған құбылыс. Таным  өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын процесс барысында  түрлі әдістер мен тәсілдер  қолданылатынын өзінен-өзі түсінікті.  Ғылыми таным әдістерін қолданудың  басты мақсаты – шынайы, ақиқат  білімге қол жеткізу. Ғылыми  танымның әдістері өте көп,  әрі сан салалы, себебі танып  білудің оюбъектісі болып табылатын  материалдық және рухани дүниенің  өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістерін  шартты түрде 3 топқа бөліп  қарастыруға болады: 1. Жалпылама  диалектикалық-материалистік әдіс. 2. Жалпы әдістер. 3. Жекеше әдістер.

Ғылыми танымның жалпы  әдістері мен түрлерін қарастыру  үшін танымның эмпирикалық эәне теориялық  деңгейлерін ажыратқан әлбетте  дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік  ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны  тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл  деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет  тұрғысынан қабылданады. Әрине, ғылым  мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көкжиегін  әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Теориялық  деңгейде таным объектісінің маңызды  байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде  тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпирикалық  деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым  әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі  бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасұан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп  жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге  араласуы. Зерттеуші объектіні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет  болған жағдайда экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады. Осы заманғы  ғылымда кең пайдаланылатын әдістердәі бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз  эксперименттердің бір түрі, бірақ  мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Модель(латын тілінен үлгі деген  мағынада) – зерттелетін объектімен ұқсастық қатынаста болатын, таным  процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, яки құбылыс. Ғылым жолы –  қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажырлы  еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

45. Адам, индивид,  тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз. Адамның  тұлға болып қалыптасуына қандай  факторлар әсер етеді? Сипаттаңыз. Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.Әр адам өзінше жеке тұлға. Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

46. АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ  САЛЫСТЫРМАЛЫ АҚИҚАТТЫҢ МӘНІН  АШЫП КӨРСЕТІҢІЗ.

Ақиқат – танымның негізгі  мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп  отырған обьектіге сәйкес келуі  немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен фил\да ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субьект  пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік тарихи процес. Ақиқат біреу, ол обьективті. Обьективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субьектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Егер обьективті ақиқат бар  болса, оны білдіріп отыратын адамның  түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұсынан абсолютті түрде емес тек шамамен салыстырмалы түрде  ғана білдіреді. Зерттеліп отырған  обьект жөніндегі толық емес білімді  – салыстырмалы ақиқат , ал толық  ж\е дәл білімді абсолютті ақиқат деп атайды.

Салыстырмалы ақиқат деп  өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелі кеш бұдан әрі  дәлелдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат.

Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған  объектісіне абсолютті сәйкес келетін  білімді айтамыз. Мұндайда білімнің деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге  болмайтын айғақты акикатты айтуға болады.Салыстырмалы ж\е абсолютті  ақиқат әлеуметтік , тарихи процесс  ретіндегі обьективті ақиқаттың  көріністері.

Сонымен қатар, «мәңгілік  ақиқат» та болады. «Мәңгілік ақиқат»  дегеніміз болашақта ешқашан  теріске шығарылмайтын ақиқат. Мысалы, «Барлық адамдар өледі»,  «Ай  Жерді айналады».

Сәйкестік принципі бойынша  ақиқат қоғамдық адам санасында шын  дүниенің практика арқылы берілген белгілі  бір жағының  бейнелену процесі. Ақиқаттың диалектикалық материалистік  теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді:

  1. Ақиқат - әлеуметтік процес;
  2. Обьективті ақиқатты мойындау- абсолютті ақиқатты мойындау.
  3. Ақиқат барлық  жағдайда нақты
  4. практика ақиқаттың жалпы өлшемі.
  5. Ақиқатты тану- қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

47.Адамның дүниеге  танымдық қатынасының ерекшеліктерін (таным, шығармашылық, 
интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) сипаттаңыз.

  Ерте заманнан-ақ адам  өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын  және өзін өзі, өзінің табиғатқа   және басқа адамдарға қатынасын  танып білуге тырысты. Адамнан  тыс таным процесінің болуы мүкін емес. Сондықтан адам танымы елгілі бір қоғамда, қоғаның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше адамзат дамуында  ада танымдықы қоғамдық , тарихи сипатта олады. Таным адам санасын дамытудың негізі. Таным процесінің заңдылықтарны зерттеуді таным теориясы деп атайды. Диалектикалық  материализмнің таны теориясының метафизикалық материализнің таны теориясынан ең асты екі айыпмашылығы бар.бір.і тансы теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екін.і  таным теорриясына диалектиканың пайдалануы. Кейбір философтар дүниені танып білуді жоққа шығарады асолютті ақиқатты заттардың ішкі әніне  таным арқылы жетуді мойындамайды. Философияда қалыптасқан мұндай позияция агностицизм деп аталады. Өкілдері Д.Юн мен Кант болып табылады. 

Информация о работе Философия негіздері