Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 17:20, курсовая работа
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәй - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
I Нарық жағдайындағы несие жүйесінің теориялық аспектілері...........3
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі және құрылымы......................................3-10
1.2 Несиелік жүйені құру принциптері, формалары және
Түрлері......................................................................................................11-15
1.3 Несие жүйесі дамуының әлемдік тәжірибесі.................................15-18
II ҚР - ғы 2010-2013 жылдардағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларына талдау ............................................................................19
2.1 ҚР-ның несие жүйесінің даму ерекшеліктері.................................19-25
2.2 ҚР-ның несие жүйесінің қазіргі жағдайын талдау.........................25-28
ІІІ ҚР-ның несие жүйесін және олардың негізгі элементтерін жетілдіру жолдары ......................................................................................................29-31
Қорытынды.......................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................33
Жоспар
I Нарық жағдайындағы несие жүйесінің теориялық аспектілері...........3
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі
және құрылымы......................
1.2 Несиелік жүйені құру принциптері, формалары және
Түрлері.......................
1.3 Несие жүйесі дамуының
әлемдік тәжірибесі....................
II ҚР - ғы 2010-2013
жылдардағы несие жүйесінің дамуының
қазіргі тенденцияларына талдау ..............................
2.1 ҚР-ның несие
жүйесінің даму ерекшеліктері.................
2.2 ҚР-ның несие жүйесінің
қазіргі жағдайын талдау........................
ІІІ ҚР-ның
несие жүйесін және олардың негізгі
элементтерін жетілдіру жолдары ..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
I. Нарық жағдайындағы несие жүйесінің аспектілері
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі және құрылымы.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
-несие келісімі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
-несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн;
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәй - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып крінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы тұғандар қарызға ақша алушылар болып табылады.Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда , қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Қарыз алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші-қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі-несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.
Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.
Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.
Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:
Мұндағы: Ко – несие орналастыру;
Қақ – қарызға алушының несиені алуы;
Кп – несиенің пайдаланылуы;
Рб – ресурстарды босату;
Кқ – несиенің қайтарылуы;
Бқ – банктің аталмыш қарызды қайтаруы.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) Ко – несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумуляция), яғни уақытша бос ақша қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Қақ) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана беғреді.
Несиені пайдалану (Кп) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Бр) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Кқ) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.
Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Кп) құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы (Кқ) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Қақ сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.
Несиенің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни несиелік қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Несиенің мәнін ашып көрсететін, несиенің негізін құрайтын негізі (база) неден тұрады? О. И. Лаврушкин ондай негіз несиенің қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану - қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық- несиелік қатын асқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланнған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісім шартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез-келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие - кеңейтілген қайта өңдіру мақсатында экономиканың, халықтың бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несиелік қатынастардың мәні несиенің- қайтару, қамтамасыз етілу, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады. Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез-келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары – несие беруші мен қарызға алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек.Ф.Энгельс:«Әрбір қоғамның экономика мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.
Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде , бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.