Несиенің мән

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 17:20, курсовая работа

Краткое описание

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәй - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Содержание

I Нарық жағдайындағы несие жүйесінің теориялық аспектілері...........3
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі және құрылымы......................................3-10
1.2 Несиелік жүйені құру принциптері, формалары және
Түрлері......................................................................................................11-15
1.3 Несие жүйесі дамуының әлемдік тәжірибесі.................................15-18
II ҚР - ғы 2010-2013 жылдардағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларына талдау ............................................................................19
2.1 ҚР-ның несие жүйесінің даму ерекшеліктері.................................19-25
2.2 ҚР-ның несие жүйесінің қазіргі жағдайын талдау.........................25-28
ІІІ ҚР-ның несие жүйесін және олардың негізгі элементтерін жетілдіру жолдары ......................................................................................................29-31
Қорытынды.......................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

несие жуйеси (2).docx

— 80.29 Кб (Скачать файл)

    Тағы  да  несие  жүйесінің  бір  сегменті  көлемі  жағынан  үлкен  емес, бірақ  экономиканың  дамуына  едәуір  ықпал  ететін  ол  шағын  несие  мекемелері. Осы  мекемелер  шағын  несиені  ( 4000 – 7000 МРП )  негізінде  жеке  кәсіпкерліктің  дамуына  береді. Шағын  несие  мекемелерінің  ерекшелігі  оларда  Ұлттық  Банк  тарапынан  лицензия  болмайды. Олар  жай  ғана  Әділет  органдарына  тіркеледі.

    Шағын  несие  мекемелерінің  пайда  болғанына  аз  уақыт  болса  да  жұмыстары  қарқынды  жүруде. Қарастырылған  сегменттер  арасында  бәсекелестік  аса  байқалмайды , өйткені  олар  әр  түрлі  тұтынушы  топтарды  көздеп   отыр. Сонымен  қатар  шағын  несие мекемелері   негізінде  шағын  бизнеспен, жеке  және  жергілікті  кәсіпкерлермен  жұмыс  істейді. Сол  себепті  барлық  қаралған  мекемелер  бір – бірімен  белсенді  байланыс  жүргізеді. Мысалы, банктер  банктік  емес  мен  шағын  несие  мекемелерін  несиелендіреді ( қаржыландырады ).

    Банк  жүйесінің  нығаюына  банкаралық  ақша  нарығының  дамуы  айтарлықтай  рөл  атқарды. Ол  банктерге  өздерінің  өтімдегі  қысқа  мерзімді  тұтынушылық  іс - әрекеттерін  қанағаттандыруға  мүмкіндік  берді  және  бос  ақша  ресурстарын  сатуға  мүмкіндік  берді. Еліміздегі  банктердің  қызмет  ету  сапасының  жоғары  болуына   шетел  капиталы  айтарлықтай  әсерін  тигізді.

   Алайда, екінші  деңгейлі  банктерге  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  салымы  мен  шетел  валютасымен  жүргізілген  операциялар  қолайлы  болды, өйткені  ол  кірісті  кепілдік  етті.

    Ұзақ  мерзімді  несиелердің  өсуіне  Ұлттық  Банк  үлкен  әсерін  тигізді. Өйткені, ол  банк  капиталының  мемлекеттік  үлесін  азайтып, қатаң  талаптар  ашты, лицензияларды  және  банктерге  ішкі  бақылау  жүргізді.Мұндай  саясат  банк  жүйесін   қаржыландыру  дәрежесін   көтерді.

    Банк  қызметінің  сапасын  жақсаруына  және  дамуына  еліміздегі  төлем  жүйесі   әсер  етті. Шетел  сарапшыларының  бағалауы  бойынша   Қазақстанда  ТМД  елдерінің  ішінде  ең  жоғары  төлем  жүйесін  құруға   мүмкіндік  болды.

    Айта  кету  керек, қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  қаржы – несие  жүйесінің   қалыптасуында  және  дамуында  үлкен  ауқымды  мәселелер  туып  отыр.

    15  миллион  халқы  бар  Қазақстанды  қаржыландыру  қиындық  келтіріп  отыр. Сонымен  қатар  банктердің  Қазақстандағы  несиелеу  деңгейі  ашық  емес ( мөлдір  емес ) . Қазақстандағы  банктердің  экспанциясының  күшеюіне   басқа  ТМД  елдерінің  Ресей  Федерациясы  және  Қырғыстан  елдеріндегі  нарыққа  келеңсіз  жағдай  тудырып  отыр.

    Одан  бөлек, Қазақстандағы  банк   жүйесі  қарқынды  жұмыс  істеп  жатыр. Кіші  банктер  депозит  тарту  арқылы  қиындыққа  жолығады. Оларға  халықаралық  банктерге  кіруге  жол  жоқ..

    Қазақстан  Республикасындағы   несие  жүйесінде   төмендегі  мәселелерді  атап  айту  керек:

  • банк  секторындағы  тиімсіз   стратегияны   реттеу  тәуекелі;
  • банктердегі  астарлы  капиталдың   болуы;
  • жеке  банк  операцияларын  жүзеге  асыратын  заңсыз  реттеулер  мекемелер  тарапынан;
  • жеке  банк  операция  түрлерін  жүзеге  асыруына  және  шағын  несие  мекемелерінің  дамуына   мемлекет  тарапынан  қолдау   механизмінің  болмауы.

    Осы  аталған  кемшіліктерге  аса  көңіл  бөлу  керек.

    Атап  айтсақ, Қазақстан  Республикасындағы  қаржы – нарық  мүшелерінің   іс -әрекеттерінің  бағыттары  мен  стратегиялық  міндеттері  ЕуроОдақ  стандарттарына , сонымен  қатар , ЕуроАзЭО  қаржы  – несие  жүйесінің  интеграциясының  негізгі  дамуына  бағытталуы  керек.

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қорытынды

   Қорыта айтқанда нарықтық  экономикада  несие-банк  жүйесі  маңызды  роль  атқарады. Ол  арқылы  кәсіпорындар, ұйымдар  мен  халықтың  ақшалай  есеп  айырысулары  мен  төлемдерінің  едәуір  көлемі  жүргізіледі, сондай-ақ  ол  уақытша  еркін  ақша  құралдарын, халықтың  жинақ  ақшалары  мен  табыстарын  белсенді  әрекет  етуші  капиталға  айналдырады, көптеген  әр  алуан  несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес  беру  және  басқа  да  операцияларды  орындайды.

Курстық жұмыс барысында біз несие  жүйесінің  рөлі  мен  маңызын талқыладық және бірқатар  көрсеткіштермен  сипатталатының білдік: несиелік  қаражаттардың  жалпы  көлемі, кәсіпорындар  мен ұйымдардың  негізгі  және  айналым  капиталының  қалыптасуындағы  банктік  ссудалардың  үлесі, жалпы  төлем  айналымы  және  т.б.

     Несие  жүйесі  өз  қызметін  атқарған  кезде  несиелік  қатынастар  туындайды. Несиелік  мекемелер  және  әр  түрлі  субъектілер  арасында  қайтарымдылық  және  төлем  шарттары  негізінде  уақытша  еркін  ақша  қаражатын  жинақтау  және  қайта  бөлістіру  жөніндегі  экономикалық  байланыстары  несиелік  қатынастардың  мазмұнын  анықтайды.

Несиенің  құрылымын, қозғалыс  кезеңдерін  және  негізін  талдау  нәтижесінде  несиенің  мәнін  толық  анықтамасы  дей  отырып, былайша  айтуға  болады: «несие  беруші  мен  қарыз  алушының  несиелік  құнның  төлем  мен  жеделдікке  негізделген  қозғалысынан  туатын  экономикалық  қатынастар» -деп.

      Несиенің  мақсатты  сипаты  несие  берушіден  алынған  қаражаттың  мақсатқа  сай  пайдалану  қажеттілігін  білдіреді. Несие  келісімшартындағы  сәйкес  бөлімде  берілетін  несиенің  нақты  мақсаты, сондай-ақ  банктің  бақылау  процесінде  бұл  талапты  қарыз  алушының  сақтауы  белгіленеді.

      Бұл  принциптердің  барлығы  бір-бірімен  өзара  байланысты  және  олардың  бір  уақытта  қызмет  етуі  несиенің  мәнін  анықтайды.Осы  принциптердің  біреуі  бұзылса, онда  неси  қатынасының  мәні  кетіп, несиенің  дербес  экономикалық  категория  сияқты  өзіне  тән  қаситтері  жоғалады. 

Менің ұсынысым бойынша, біз Қазақстан Республикасында несие жүйесінің дамуына, белгілі бір шаралар қолданып, заңға сай тәртіппен реттелуіне және ертенгі күнге сеніммен қарауға өзімнің үлесімді қосқым келеді.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. « Ақша, несие, банктер  »: оқу құралы/ Сейтқасымов Г.С. –  екінші басылым.- Алматы: « Экономика  », 1999.- 432 бет.

2.Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» : оқу құралы./ - Алматы: « Экономика », 2004.- 268 бет.

3. « ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы » ҚР Заңы. 30.08.1995 ж.

4. ҚР Ұлттық банктің 2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясаты.

5. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша Несие Банктер» Алматы, «Экономика»баспасы 2005 ж.

6. Р.О.Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ.Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева «Қаржы, ақша айналысы және несие» Алматы, «Экономика» баспасы2008 ж.

7. Хамитов Н.Н. « Банк ісі » Алматы,  « Экономика » баспасы 2006 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Несиенің мән