Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 14:19, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.

Содержание

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау---------4
1.1. Қазақстанның оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы----------------4
1.2. «Мырзакент» корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрды зерттеу-------------------------------------9
2. Агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіруді) ұйымдастырудың –экономикалық негіздері.----------------11
2.1. Оңтайландырудың (ірілендірудің) ғылыми - теориялық негіздеріне шолу---------------------------11
2.2. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидаттары мен тәжірибесі.------------
2.3. Ірі агроқұрылымдардың артықшылықтары: «Кетебай» ӨК және «Хает» қауымдастығының жетістіктері----------15
3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік моделі параметрлерінің жобасы----------------------------------------------24
3.1. Оңтайландырылған агроқұрылымдардың параметрлері мен егістік құрылым жобасы--------------------------------------------------------------------------24
3.2. Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрлымдарда мал шаруашылығын дамыту жобасы-------------------------------------------------------30

Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------33

Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------------37

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Макта.doc

— 521.00 Кб (Скачать файл)

Осы жолмен есептегенде барлық жұмыс істеуші 437 адамның 130-на 1,9 коэффицентпен қосымша ақы төленген. Екінші топтағы жұмысшыларға 11117 мың тенге, орташа 36,8 мың тенгеден қосымша ақы төленген. Өндірістік кооперативтің пайдалылық деңгейінің жоғарлылығы шаруашылықты ұдайы дамытып, жұмысшыларды материалдық тұрғыдан қызықтыруға мүмкіндік туғызып отыр.

Бұл өз ретінде «Кетебай» елді мекені оның тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсартты.

12- кестеде келтірілгендей  2000-2003 жылдары елде мекенде қожалықтар  саны 82-ге өскен, ал тұрғындар  саны 16,6 % артқан. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру және тұрмыстық қызмет көрсету жүйелерінің көрсеткіштері де едәуір дамыған. Осы жылдары 340 орындық жаңа мектеп құрылып, пайдалануға беріледі. Сол мерзімде жеңіл автомобильдердің  саны 39 данаға өскен, теледидар 80-ге көбейген. Бұл көрсеткіштер жанұялық бюджеттің өсуінің дәлелі бола алады. Елді мекенді көркейту, абаттандыру бойынша бағдарлама дайындалып жүзеге асырыла бастаған.

«Кетебай» елді мекенінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мәліметтер.

                                          1 қаңтар, 2004жыл

                                                                                                       кесте 12

Көрсеткіштердің  аты

Өлшем бірлігі

Жылдар

2000

2003

 

Елді мекендегі қожалықтардың саны

дана

967

1049

 

Тұрғындар саны

дана

7547

8801

 

Мектеп саны

дана

4

4

 

Оқытушылар

дана

185

201

 

Оқушылар

дана

2736

3084

 

Фельдшерлік пункте көрсетілген қызметтер

адам саны

212

212

 

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны

адам

12

17

 

Тұрмыстық қызмет көрсету орындары

орын

-

3

 

Ауыз су торабы

км

48

48

 

Тас жолдар

км

41

41

 

Жекеменшіктегі жеңіл  автомобиль

дана

201

240

 

Телевизор

дана

960

1040

 

Компьютерлер

дана

-

2

 

Телефон нүктесі

дана

2

2

 

Радио нүктесі

дана

-

-

 

Дүкендер

дана

2

4

 

Асхана

дана

-

1

 

Монша

дана

2

4


Негіздеу: “Қарақай” ауыл округі мәліметтерінен автор құрастырған.

 

Мақтаарал ауданындағы Ж.Ералиев атындағы ауыл округіндегі «Хает» шаруа қожалықтары қауымдастығының іс-тәжірибесі ірілендірудің тиімділігін дәл айқындайды. Бұл қауымдастыққа 51 жанұядан құралған 31 шаруа қожалықтары өз еркімен келісім –шарт негізінде бірлескен. Төмендегі кестеде өндірістік-қауымдастықтың экономикалық көрсеткіштерін келтіреміз. [15]

 

«Хает» шаруа қожалықтары қауымдастығының шаруашылық –экономикалық көрсеткіштері, 2003-2005 жылдары:

                                                                                             кесте-13

Өндірістік көрсеткіштер

Жылдар

2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда,%

2003

2004

2005

Жалпы егістік көлемі, га

212

212

212

100,0

Соның ішінде: мақта алқабы, га

190

186

184

96,8

Үлес  салмағы,%

89,6

87,7

86,8

 

Жоңышқа

22

26

28

127,2

Үлес  салмағы, %

11,4

12,3

13,2

 

Шитті мақтаның жалпы өнімі, тонна

475

469

486

102,3

1 га алынған өнім, жырту  ц/га 

25,0

25,2

26,4

105,6

Трактор  саны, бірлік

4

4

4

100,0

Баптау тракторының саны, бірлік

3

3

3

100,0


 

2003-2005 жылдары жиналған  өнімнің 62% мәшинелердің көмегімен  жиналған, 1гектарға шаққанда еңбекақы  сомасы 17 мың тенгені құраған. Жыл  соңында әрбір қауымдастықтың мүшесі 81 мың тенгеден қосымша ақы алған. Қауымдастық 20 қарашада жиын-терімді аяқтап, қозапаяны жинауды, келесі жылдың өніміне  негізін әзірлеуге кіріскен.

 

«Хает» шаруа қожалықтары қауымдастығының экономикалық көрсеткіштері

                                                                                                         кесте-14

Көрсеткіштер

Жылдар

Орташа 3 жылда (2003-2005 ж.ж)

2003

2004

2005

 

Жалпы сатылған өнімнің құны, млн.тенге                                                   (нақты қолданыстағы бағада)

35,1

23,9

19,4

26,1

 

1 га алынған түсім, мың  тенге

184,7

128,5

105,4

139,5

 

1 тұрақты жұмысшыға өндірілген  өнімнің құны, мың тенге

1096,9

796,7

692,9

862,1

 

Өткізілген өнімнің пайдалылық деңгейі, %

46,2

39,6

26,4

37,4


Негіздеу: “Хает” шаруа қожалықтарды қауымдастығы салық декларациясы негізінде құрастырылған.

 

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, шитті мақтаның қолданыстағы бағасының ауытқуына сәйкес жалпы сатылған өнім құнының,  басқа да үлестік экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. Бірақ өткізілген өнімнің пайдалылық деңгейінің 3 жылдық орташа көрсеткіші 37,4%, ал ең төменгі деңгейі 2005 жылы 26,4 %тең. Бұл көрсеткіш тиісінше сол жылдағы шаруа (фермер) қожалықтарының көрсеткішінен 3-4 есеге артық.

Жоғарыда келтірілген «Кетебай» ӨК мен «Хает» шаруа қожалықтар-ының шаруашылық-экономикалық көрсеткіштері, олардың параметрлерінің өлшемдері мақта саласындағы типтік шаруашылық моделі туралы зерттеулер мен оның  нәтижелерін тұжырымдауға және ұсыныстар енгізуге экономикалық негіз болды.

 

3. Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін  агроқұрылымдардың типтік модел  параметрлерінің жобасы

 

3.1. Оңтайландырылған  агроқұрылымдардың параметрлері  мен егістік құрылым жобасы

 

Мақта саласындағы агроқұрылымдар параметрлерінің қазіргі қалыптасқан жағдайын зерттеу мен талдаудың нәтижелерін және мақташылардың озық  тәжірибесін негізге алып оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымның микро деңгейін технологиялық карта бойынша агротехнологиялық операцияларды орындайтын техниканың санына есептеулер арқылы төмендегідей тұжырым жасауға болады.

Бұл өлшем шит себетін және жүйек арасына баптау жүргізетін 2-3 баптау тракторының (МТЗ-80х) бір жылдық жүктемесіне тең болса, онда ол ең тиімді жоба болып табылады. Бұл көрсеткіш нормативтер бойынша тиісінше 120-180 га мақта алқабы, басқа да дақылдарды қоса есептегенде жалпы егістік көлемі 160-240 га құрайды. Осы нормаларға сәйкес төменде оңтайландырылған агроқұрылым-дардың негізгі параметрлері өлшемдерінің жобасы ұсынылады.

 

Оңтайландырылған (ірілендірілген) мақта өсіретін агроқұрылымдардың типтік модельі параметрлерінің жобасы.                                                                                                                                                                              

                                                                                                  кесте-15

Агроқұрылым топтары

Варианттар

Егістік көлемі, га

Баптау тракторларының саны, бірлік

Орташа тұрақты жұмысшы саны адам.

Барлығы

Соның ішінде мақта алқабы

 

 

Орта тауарлы

1.

2.

3.

4.

200-300

130-195

2-3

26-39

301-400

195-260

3-4

39-32

401-500

260-325

4-5

52-65

500-6000

325-390

5-6

65-78

 

 

  Ірі тауарлы 

1.

2.

3.

4.

601-700

390-455

6-7

78-91

701-800

455-520

7-8

91-104

801-900

520-585

8-9

104-117

901-1000

585-650

9-10

117-130


 

 

 

 

 

Жоғарыдағы кестеде ұсынылып отырған жобада агроқұрылым параметрлерінің өлшемдері екі топқа бөлінген:

Бірінші топта (4 вариант) оңтайландырудың бастапқы кезеңінде олардың параметрлері рационалды өлшемдерден кем болмауы керек.

Екінші топта (4 вариант) перспективалық мерзімде оңтайландырылған агроқұрылымдар параметрлерінің өлшемдері оптимальды болып қалыптасуы тиіс.

Оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдардың егістік құрылымы жобасы

                                         кесте-16

 

Варианттар

Барлығы, га, (100%)

Соның ішінде

 

Мақта  алқабы (65,0%)

Жоңышқа, га

(25,0%)

Жүгері дән үшін, га (7,5%)

Картоп, бақша және көкөніс, га (25,0%)

 

 

Орта тауарлы

1.

2.

3.

4.

200-300

130-195

50-75

15-25

5-5

301-400

195-260

75-100

25-30

8-10

401-500

260-325

100-125

30-38

10-12

500-6000

325-390

125-150

38-45

12-15

 

 

  Ірі тауарлы 

1.

2.

3.

4.

601-700

390-455

150-175

45-53

15-17

701-800

455-520

175-200

53-60

17-20

801-900

520-585

200-225

60-68

20-22

901-1000

585-650

225-250

68-75

22-25


 

Мақта кешенінде ғылыми негізделген, мақта өсіру саласындағы іс-тәжірибеде сыналған мақта- жоңышқа –жүгері ауыспалы егіс  жүйесін ендіру топырақтың құнарын арттырады.

Информация о работе Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері