Несие жүйесі туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 12:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік................................................................6
1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері ..................9
1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама.........................................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне
талдау................................................................................................................26
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................37

Вложенные файлы: 1 файл

НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.docx

— 104.40 Кб (Скачать файл)

Айта  кететін жайт, революцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО-да (оның құрамындағы Қазақстанда) және жаңа экономикалық саясат (НЭП) пен кейін ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (коллективтендіру) жылдарында несие институттарының кейбіреулері, мысалы, несиелік серіктестіктер, өзара несиелеу қоғамдары, несиелік одақтар және т.б. олардың түрлері болды. Қазірде банктік емес мекемелерге кәсіпорындардағы өзара көмек кассаларын, ломбардтарды, шаруа қожалықтары ассоциацияларында (одақ) құрылған есеп айырысу қаржылық орталықтарын кіргізуге болады.

    Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді , «Қазпошта» АҚ Пошта-жинақтау жүйесін, жинақтаушы зейнетақы қорларын, сақтандыру компанияларын, инвестициялық қорлар, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ және одақтарды жатқызады. /8, б.364/

     Ломбардтар – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме. ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы №  314 "Ломбард туралы" ережесіне сәйкес, ломбард  - банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ондай операцияларға  мыналар жатады:

  • ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді сипаттайды;
  • бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
  • сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;
  • келісімшарт мерзімі ішінде жалған берілген мүлікке жалға берушінің меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;
  • заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату.

     Ломбардтардың құрылтайшылары мен  қатысушыларына жеке және заңды  тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің  өкілетті органдары арқылы оған  құрылтайшы болуы мүмкін. Ломбард  кез келген ұйымдық құқықтық  формада (ашық акционерлік қоғамнан  басқа) құрылып, өз қызметін  жүзеге асырады. 

Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін  жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда  болған. Ломбардтардың мамандану  саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)           

кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен  қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі  мерзімге) кепілге салатын мүлік  құнының 50 – 80  % мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.

     Несиелік операцияны ұйымдастырудың  басты ерекшелігі – мұнда несиелік  шарт пен кепіл міндеттемелері  болмайды. Ссуданы кепілге беру  барысында клиент кепілге зат  қойғандығын куәландыратын және  ссуда алғандығын растайтын құжат  немесе кепіл билетін алады.  Онда қарыз алушының реквизиттері  және мәміленің басты шарты  көрсетіледі.

     Несиелік серіктестік  – өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме. " Несиелік серіктестік туралы      " Несиелік серіктестік туралы " ҚР Заңына сәйкес несиелік серіктестік бұл – оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

     Несиелік серіктестіктердің мынадай  түрлері болады:

  1. Несиелік – депозиттік серіктестігі – заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.
  2. Ауыл несиелік серіктестігі – өзара несие беру үшін, оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған, банктің жекелеген операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
  3. Несиелік  серіктестік – коммерциялық ұйым. 

     Несиелік серіктестік және ауыл  несиелік серіктестігі ҚР заңдылықтарындағы  ерекшеліктеріне сәйкес мынадай  ұйымдық-құқықтық   формада құрыла  алады:

    • командиттік серіктестік;
    • толық серіктестік;
    • жауапершілігі шектеулі серіктестік;
    • акционерлік қоғам.

     Несиелік серіктестіктердің жарғылық  капиталы пай қосу және міндетті  кіру жарнасын төлеу жолымен  қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер  меншіктен шығып қалған жағдайда  қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктің  мүшелеріне кооперативтер, жалгерлік  кәсіпорындар, банктер, шағын және  орта бизнес, жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктің басты  пассив операцияларына – салымдарды  тарту және займдарды орналастыру;  актив операцияларына – ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары  жатады.

     Несиелік серіктестіктің бір  түріне ауыл шаруашылығы несиелік  қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және  мамандандырылған банктер, үкімет  құрылымдары, жеке және заңды  тұлғалар бола алады. Олардың  басты қызметі – ауыл шаруашылығына  несие – есеп айырысу қызметін  көрсету; шаруашылық заттарын, мал,  тұқым, тыңайтқыш сатып алу  шығындарын және өзге де жұмыстарды  несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік  серіктестіктерінің клиенттеріне  шаруа қожалықтары, фермерлер,  сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары  жатады. Негізгі операциялары: қысқа  және орта мерзімге ссудалар  беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық  несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың  басты ерекшелігі – олардың  қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне  ие болуы, атап айтсақ, табыс  салығынан босауы, сондай-ақ оған  үлес қосушыларға да салықтық  жеңілділіктер болады.

     Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.

     Олар негізгі екі типте болуы  мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелі серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т. б.

Несиелік  одақтардың капиталдары олардың  мүшелерінің қосатын үлесінен және пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды  шығару жолымен қалыптасады. Негізгі  операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке алу; сауда-делдалдық  және комиссиондық операциялар; кеңес  беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету. Несиелік одақтар - кооперативтер түріндегі жинақ мекемесі, оны кәсіподақтар, ірі кәсіпорындар, шіркеулер ұйымдастырады. Одақтың капиталы мүшелік жарнаны ерекше акциялар сатып алу формасында төлеуден құрылады, ал құрылған қаражат одақ мүшелеріне қысқа мерзімді несие беру үшін (транспорт сатып алуға, үйді жөндеуге және с.с.) колданылады. Несиелік одақтар АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең тараған.

«Қазпошта» АҚ – Қазақстанның географиялық және демографиялық ерекшеліктері, елді мекендердің бір-бірінен алшақ қоныстануы, сокьда қатар ауыл тұрғындарының төлем қабілеттілігінің төмендігі құрылымдарының ауыл адамдарына қызмет көрсетуіне кері әсерін тигізеді. Банкілердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері негізінен шоғырланған аудан орталықтарында, ал онда ауыл тұрғындарының 5%-ы ғана тұрады. Міне осының нәтижесінде еліміз бойынша елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының 40%-дан астамы қаржылық қызметті белгілі толық дәрежеде пайдалана алмай отыр.

Пошта адамзат  қоғамына барынша қажетті институттардың бірі болып саналады. Тұрмыс тіршілігінен тәуелсіз, пошта байланысы адамдар арасындағы өзара қатынастың қол жететін, өте жеңіл тәсілдердің бірі болып саналады. Сонымен қатар ол бүгін банк жүйесі қызметін атқарып отырған мекеме болып отыр.

Қазіргі кезде «Қазпошта» АҚ 3439 пошта офисі  бар, онда жұмыс істейтіндердің саны 17,8 мың адам, тұрақты пошта бөлімшелеріндегі халықты қамту саны 11,5 млн. адамды құрайды. 192 млн шамасында (бірлік) пошталық қызмет көрсетілсе, қаржылық қызмет көрсетудің көлемі 16,9 млрд теңгеге жетті.

«Қазпошта»АҚ  пошта жүйелерін ақпараттандыру мен компьютерлендірудің инвестициялық бағдарламасын іске асырып отыр. Атап айтқанда, дәстүрлі пошта құралдарын жаңартып, осы заманғы пошта мен банктік технологияларды өндіруде және инкассация қызметі мен пошта қауіпсіздігін дамыту үстінде.

Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатындағы негізгі міндеттердің бірі – 2004-2010 жж. аралығында ауыл тұрғындары үшін пошта-жинақтау жүйесінің базалық қызмет көрсетуінің қол жеткізімдігін қамтамасыз ету болып табылады. 2004-2010 жж. пошта салысын дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жинақ-ақша пошта жүйесін қалыптастыру жөнінен жағдайлар жасалады. Әсіресе, шалғай жерлердегі ауыл тұрғындарын кол жететін, маңызды пошта байланысы мен сапалы жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі.

Келешекте ақпараттық технологияның жаңа есігі  ашылып, поштаның қызмет саласы ұлғая түседі. Қазпошта 2006 ж. аудан орталықтарында ұжымдық қол жетерлік жүйенің 200 Интернет желісін ашады. Бұл көрсеткіш 2006 ж. - 500-ге, 2007 ж. - 1000-ға дейін жетпекші. Қызмет көрсетудің бұл түрі қалаға қарағанда арзан болады және ауыл тұрғындарының Интернетті игеруі бойынша қалалық деңгейге жетуге мүмкіндік жасайды.

Қаржылық  институт ретінде пошта ісі белсенді түрде дамитын болады. Сонымен  қатар, пошта бөлімшесінің базасында  шағын кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесе отырып, шағын кредиттер бойынша жоба іске асырылып отыр. Пошта байланысының бөлімшелері банкоматтар жүйесін және бірыңғай ұлттық «Каг Сагd» төлем карточкаларын пайдалану постерминалын ашуға мүмкіндік жасайды.

АҚ «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкісімен» тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын қабылдау бойынша және комиссиялық банкке алымдардың тұрғын үй қарыздары қорланған ақшаларын беру, тұрғын үй қарызын өтеу шотына өтемдерді қабылдау мен құжаттарды жөнелтіп отыруға шарт жасасты.

«Қазпоштаның» Германияда, Қытайда, Өзбекстан мен  Қырғызстанда өкілдіктері ашылып халықаралық  байланыстары даму үстінде.

Жинақтаушы зейнетақы қоры – бұл ашық және жабық типтегі акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылған заңды тұлға.

«Қазақстан  Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету» Заңына сәйкес халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесінің  орталық үзбесі болып табылады. Олар салымшылармен жұмысты ұйымдастырады, зейнетақы келісімшарттарын жасасады, инвестициялық кірістердің аударымдарын және зейнетақы жарналарының жеке есебін, сонымен қатар, салымшылар алдындағы  қор міндеттемесін жүргізеді. Қор  өз қызметі үшін комиссиялық сыйақылар  алады, мемлекеттік органдар мен  салымшылар алдында есеп береді, халық  арасында түсіндірме жұмыстар жүргізеді, шағымдар мен өтініштерді қарастырады, салымшының өлімене және шет елге кетуіне байланысты сұрақтарды шешеді.

Қазақстанда зейнетақы жүйесі ағымдық этапта мемлекеттік және жеке бөлімдерден  тұратындықтан, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа нарықта  МЖЗҚ жұмыс атқарады. Ол салымшылардың  міндетті зейнетақы аударымдарын алуды  және алушылардың зейнетақы төлемдерін төлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген ережеге сай  іске асырады. Қазіргі уақытта МЖЗҚ-ын жекешелендірудің мүмкін нұсқалары  дайындалып жатыр.

Қазақстан Республикасының зейнетақы қорының  қызметін реттеу комитеті МЖЗҚ-ын жекешелендірудің мүмкін нұсқаларын өндірді. Комитетке  әртүрлі компаниялардың өкімдері келіп  тұрады, оның ішінде әсіресе өзінің жекешелендіру туралы ұсынысымен шетелдіктер  көп, себебі МЖЗҚ әлеуетті инвесторлар  үшін едәуір тартымды ұйым. Мемлекет МЖЗҚ-ын жекешелендіру жайлы нақты ойлары жоқ.

Сақтандыру компаниялары – белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, соның жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тулғалардьщ мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру көлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де кездерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.

Сақтандыру  мынандай болып бөлінеді:

  • міндетті дәрежелері бойынша: а) ерікті; ә) міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша: а) жеке; ә) мүліктік.

Міндетті  сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сактандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеуі керек).

Ерікті  түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа кабілеттілігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады.

Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтаңдыруға жатады.

Информация о работе Несие жүйесі туралы жалпы түсінік