Несие жүйесі туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 12:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік................................................................6
1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері ..................9
1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама.........................................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне
талдау................................................................................................................26
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................37

Вложенные файлы: 1 файл

НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.docx

— 104.40 Кб (Скачать файл)

Тәуекелдерді төмендету және клиенттердің шығындарының оңтайландыру мақсатында «Тұран Әлем Банк» келесі инструменттерді  қолданады:

  • овердрафттар;
  • аккредитивтер мен кепілдемелер;
  • вексельдер;
  • облигациялар.

2. Жеке тұлғаларға арналған тұтыну мақсаттарда берілетін несиелендіру бағдарламалары. «Темірбанктің» NON-STOP Блиц - клиенттердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және NON-STOP Старт - бастапқы бизнесті дамытуға арналған несиелендіру бағдарламаларының  шарттарын 8-ші кестеде көрсетілген.

«Тұран Әлем Банктің» Халықтық тұтыну тауарларды(ТНП) сатуға арналған тұтынушылық несиелендіру бағдарламасы:

Несие ұлттық және шетел валюталарда  беріледі. Міндетті екі шарттың болуы: халықтық тұтыну тауар үшін бастапқы салым және табысыңыздың тұрақты  деңгейі. Бұл несиелендіру бағдарламаның  шегінде белгілі бір тауарларды алуға болады: видео мен DVD-плеерлер, телевизор мен моноблоктар, факстар, кондиционерлер, кіржуғыш және ыдысжуғыш машиналар, тоңазытқыштар, кез келген жиһаз, электр және газ плиталар.

Кесте 3

«Темірбанктің» бизнесті дамытуды несиелендіру

 бағдарламаларының  шарттары

Несиелендіру бағдарламасы

NON-STOP Блиц

NON-STOP Старт

Өнімнің мазмұны

Банктік қарыз немесе жаңғыртылатын  несиелік желі

Банктік қарыз немесе жаңғыртылатын  несиелік желі

Несиелендіру мерзімі

20 жылға дейін

10 жылға дейін

Максималды сома

кепілзаттың нарықтық құнының 55%-дан артық емес, табыстарды растау жағдайда-кепілзаттың нарықтық құнының 70%

кепілзаттың нарықтық құнының 55%-дан артық емес, табыстарды растау жағдайда-кепілзаттың нарықтық құнының 70%

Минималды сома

Шектеусіз

шектеусіз

Кепілдікті қамсыздандыру

Астана қаласындағы  тұрғын-үй

Астана қаласындағы  коммерциялық, тұрғын-үй жылжымайтын  мүлік

Пайыздық мөлшерлеме

жылдық 18%-ға дейін 

3 жылға - қатаң 17%, 3 жылдан  көп - өзгермелі, бірақ 21%-дан  көп емес.

Несиелік өтінімнің  қарастырылуы

5 000тг. сомасында қайтарылмайтын комиссия

15 000тг. сомасында қайтарылмайтын комиссия

Несиенің мақсаты

мақсатты белгілеусіз  және табыстарды растаусыз 

мақсатты белгілеусіз  және табыстарды растаусыз

Несиенің ұйымдастырылуы

қарыз сомасынан 2%, Min. 15 000тг., Max. 250 000тг.

қарыз сомасынан 1%, Min. 30 000тг., Max. 500 000тг.

Несиені беру мүмкіндігі

Қарыз алушының зейнет жасына жеткенге дейін 

Қарыз алушының зейнет жасына жеткенге дейін

Мерзімнен бұрын өтеу

Айыппұл санкциялар жоқ

Айыппұл санкциялар жоқ


 

 

 

Кесте 3 жалғасы

Несиелендіру бағдарламасы

NON-STOP Блиц

NON-STOP Старт

Несиенің мақсаты

мақсатты белгілеусіз  және табыстарды растаусыз 

мақсатты белгілеусіз  және табыстарды растаусыз

Несиенің ұйымдастырылуы

қарыз сомасынан 2%, Min. 15 000тг., Max. 250 000тг.

қарыз сомасынан 1%, Min. 30 000тг., Max. 500 000тг.

Несиені беру мүмкіндігі

Қарыз алушының зейнет жасына жеткенге дейін 

Қарыз алушының зейнет жасына жеткенге дейін

Мерзімнен бұрын өтеу

Айыппұл санкциялар жоқ

Айыппұл санкциялар жоқ


Ескертпе: «Темірбанктің» несиелендіру бағдарламаларының  материалы.

Бастапқы салымның мөлшері – сатып алынатын тауар құнының 20%-дан кем емес.

Несиенің сомасы – 200 АҚШ долл-дан 5 000 АҚШ долл-ға дейін.

Несиелендіру мерзімі – 3 айдан 24 айға дейін.

Несиені өтеу тәртібі – ай сайын, тең үлестермен. Мерзімнен бұрын өтеген жағдайда, айыппұл санкциялары қарстырылған.

Пайыздық мөлшерлемелер – жылдық 20%-дан бастап.

Несиені қайтаруды қамсыздандыру  міндеттемесі бойынша:

  • несиенің 1000 АҚШ долл.(теңге эквивалентімен)дейінгі сомасында - сатып алынатын халықтық тұтыну тауардың кепілзаты.
  • несиенің 1000 АҚШ доллардан жоғары: жылжитын және жылжымайтын мүліктің кепілзаты; ұйымның – жұмыс берушінің кепілдемесі; автокөлік./29/

3. «Темірбанк» және «Тұран Әлем Банк», сонымен қатар, оқыту, жоғары білім беру төлеу үшін әр түрлі несиелендіру бағдарламаларын ұсынады – «Темір-Студент» және «Универсальный факультет». Бұл бағдарламалардың көмегімен Қазақстанның барлық аттестатталған жоғарғы оқу мекемелердің «Бакалавр», «Маман» және «Магистр» күндік нысандары бойынша студенттердің білім алуына мүмкіндігі бар.

Екі банктің бұл несиелендіру бағдарламалар  бойынша шарттарының айырмашылықтарын қарастырайық.    

«Тұран Әлем Банк» - «Универсальный факультет» бағдарламасы:

Несиелендірудің мақсатты аудитория: 16–30 жастағы талапкерлер. Талапкердің орташа деңгейі БҰТ-ң немесе кешенді сынақтаманың 65 баллдан кем емес болуы тиіс; 16–30 жастағы студенттер. Студенттің орташа деңгейі сынақтама сессияның нәтижелері бойынша 3,5 баллдан (5 баллдық жүйе бойынша), 70%-дан (пайыздық жүйе бойынша) төмен болмауы тиіс.

Несиелендіру бағдарламаның басымды  артықшылығы – негізгі қарызды өтеудің ұзақ мерзіміді жеңілдікті кезең, ол оқытудың мерзіміне  тең болады  + 6 ай. Бұл студенттің оқу мерзімінің барысында несиені өтемей, тек есептелген сыйақыны төлейтінін білдіреді. Оқуды бітіргеннен 6 айдан соң студент несие сомасын өтеуді бастайды, яғни, банк бұл жарты жылдай уақытты студенттің жұмысқа орналастыру үшін береді.

Несиелендіру валютасы – теңге.

Максималды мерзімі – 12 жыл.

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 18%.

Өтінімді қарастырылғаны үшін банктің  комиссиясы – 1 500тг.; несиені ұйымдастырылғаны үшін банктің комиссиясы – 2–10%; мерзімнен бұрын өтелгені үшін комиссия – 0%.

Қамсыздандыру – «Қаржылық орталық» АҚ-ң кепілдеме міндеттемесі.  

«Темірбанктің» - «Темір - Студент» несиелендіру бағдарламасы:

Несиелендіру мерзімі – 10 жылға дейін.

Мақсатты бағыты – Қазақстан аумағында орналастырылған, «Қаржылық орталық» АҚ-мен аттестатталған «Бакалавр», «Маман», «Магистр» күндік нысандардағы жоғарғы оқу мекемелерде жоғары білім алу.

Қарыздың максималды сомасы – 4 500 000тг.

Қарыздың минималды сомасы – 100 000тг.

Қарыз алушының жасы – 16 жастан 30 жасқа дейін.

Қоса қарыз алушының және кепілгердің  жұмыспен қамтылу түрі – зейнет жасынан аспаған, тұрақты жұмыс орны және соңғы 6 айдың зейнетақы аударымдар.  

4. «Тұран Әлем Банк» және «Темірбанк» АҚ-ң ипотекалық несиелендіру бағдарламалардың шарттары:

«Тұран Әлем Банк» клиенттеріне төмендегі ипотекалық несиелендіру бағдарламаларын ұсынады.

Кесте 4

«Тұран Әлем Банктің» ипотекалық несиелендіру шарттары

Ипотекалық несиелендіру бағдарламасы

«Быстротека»

«Стандарт»

Несиелендіру валютасы

теңге, АҚШ доллары

теңге, АҚШ доллары

Несиелендіру мерзімі

қарыз алушының зейнет жасқа жеткенге дейін

теңге – 25 жылға  дейін, АҚШ доллар – 25 жылға дейін

Несиелендіру сомасы

Шектеусіз

шектеусіз

Пайыздық мөлшерлеме

жылдық 13%-ға дейін

жылдық 13%-ға дейін

Несиенің қамсыздандыруы

«Гарантия» салымы, салымның сомасы – сатып алынатын жылжымайтын  мүлік құнының 10%-дан кем емес

жылжымайтын мүлік, сатып алынатын жылжымайтын мүлік

Сақтандыру

өмірді қатерлі жағдайдан  сатып алынатын жылжымайтын мүлікті  міндетті сақтандыру

өмірді қатерлі жағдайдан  сатып алынатын жылжымайтын мүлікті  міндетті сақтандыру

Пайыздарды есептеу тәсілі

аннуитеттік, негізгі  қарыздың калдығы бойынша

аннуитеттік,негізгіқарыздың  калдығы бойынша


Ескертпе: «ТӘБ» ипотекалық несиелендіру бағдарламасының  материалы.

Банкпен ұсынылатын ипотекалық несиелендірудің  артықшылықтары:

  • элиталық тұрғын үйді, қайталама нарықтағы жылжмайтын мүлікті алу мүмкіндігі, тұрғын үйдің үлестік салуда қатысу және, сонымен бірге, коммерциялық жылжымайтын мүлікті алу мүмкіндіктері;
  • несиені табыстарды растаусыз алу мүмкіндігі;
  • шарттардың кең спектрі.

«Темірбанктің» «Бюджетный» және «Народный» ипотекалық несиелендіру бағдарламаларын қарастырайық:

«Бюджетный» несиелендіру бағдарламасы бюджеттік саладағы қызметкерлерге арналған. Мұнда қарыз алушы және оның жан-ұяның барлық мүшелері табыстар туралы мен зейнетақы қорынан анықтамаларын беру міндетті. Бастапқы салымы 30%-дан кем жағдайда, қарыз алушыға азаматтық-құқықтық жауапкершілікті(АҚЖ) сақтандару немесе Қазақстандық Ипотекалық Несиелерді Кепілтендіру Қорының(ҚИНКҚ) кепілдемесін алу қажет.

«Народный» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы орташа айлық табыстары бар қарыз алушыларға бағытталған. Мысалы, қарыз алушы қандай да бір кәсіпорынның немесе кіші бизнес саладағы қызметкері бола алады./28/

Ипотекалық несиелендіру бағдарламаларының  шарттары 6 кестеде бейнеленген.

Кесте 5

«Темірбанктің» ипотекалық несиелендіру шарттары

Ипотекалық несиелендіру бағдарламасы

«Бюджетный»

«Народный»

Несиелендіру мерзімі, айлар

37, 60, 84, 120, 180, 240

37, 60, 84, 120, 180, 240

Бастапқы салым (БС)

10%-дан бастап

10%-дан бастап

Сыйақы мөлшерлемесі, жылдық %

БС 10-29% болғанда - 12,9%;

БС 30-49% - 12,4%;

БС 50% және жоғары - 12,0%

БС 10-29% болғанда – 14,0%

БС 30-49% - 13,6%

БС 50% және жоғары – 13,4%

Мерзімнен бұрын өтеу:

  1. Мораторий
  2. Минималды сома
  3. Айыппұлдар

1. 12 ай

     2. 200 000тг.

     3.мораторий кезінде – 3аннуитеттік төлем; мораторий кезінде емес – айыппұлсыз

  1. 6 ай
  2. 200 000тг.
  3. мораторий кезінде – 3аннуитеттік төлем; мораторий кезінде емес – айыппұлсыз

Қарыз мөлшері

20 000 000тг. дейін(Алматы қ., Алматы обл., Астана қ.);

10 000 000тг. дейін (аймақтарда) ;

20 000 000тг. дейін(Алматы қ., Алматы обл., Астана қ.);

10 000 000тг. дейін (аймақтарда) ;

Сақтандыру

жеке (өмір және еңбек қабілеттілігін жоғалту);

мүліктік сақтандыру;

АҚЖ сақтандыру;

жеке (өмір және еңбек қабілеттілігін жоғалту);

мүліктік сақтандыру;

АҚЖ сақтандыру;

Қарызды өтеу тәсілі

Аннуитеттік

аннуитеттік

1. өтінімді қарастырылуы

2 500тг.

2 500тг.

2. несиені ұйымдастыру

27 500тг.

31 500тг.

Несиелендірудің мақсаты  мен объектісі

пәтерді сатып алуы

пәтерді сатып алуы


Ескертпе: «Темірбанктің» ипотекалық бағдарламаның мавтериалдары.

 

2004–2006 жылдар ішінде банктің клиенттерді несиелендіру бойынша,басты үлес салмағы «корпоративті клиенттер» бабына келеді–2006жылы 54%-дан астам. Ірі компанияларға шетелдік несиелік желілер қаражаттар есебінен ең арзан несиелер (7-10%) берілген болатын.

Банктің «жеке несиелер» бабы бойынша  2004 жылы несиелендіру мөлшері - 36,9%, ал 2006 жылы 34,9% құрады. Баптың үлес салмағы төмендеген болса да, өсу қарқыны жоғарлағанын байқауға болады – 2,08. Жеке тұлғаларға несиелер ең табысты болып табылады.

Бұл несиелер бойынша неғұрлым жоғары пайыздар есептеледі. Оған қоса, кепілзаттың  бар болуымен, несиелендіру тәуекелділігі  онша үлкен емес  болады.Шағын  бизнеске берілген несиелер 2004 жылы 506,15 млн.тг. және 2006 жылы 1301,14 млн.тг. мөлшерінде құраған болатын. Өсу қарқыны 2,57 құрады.

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН                                                                                                                                  ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

      Қазақстанда дамыған елдер принциптеріне  сәйкес құрылған  несиелік жүйе бой көтеріп  келеді. Аталған  уақытта  несиелік  жүйедегі  көзге  түсуші  әрекет ретінде банк капиталының концентрациясы мен  орталықтан-дырылуын  айтуға  болады. Бұл бөлімде Қазақстандағы несие жүйесінің даму перспективалары қарастырылды.

Қазақстан  Республикасының  қазіргі  заманғы  несиенің  екі  деңгейлі  жүйесі  былай құралған:

1деңгей – Қазақстан  Республикасының   Ұлттық Банкі

2деңгей – коммерциялық  банктер  мен  жекелеген  банктік   операцияларды  жүзеге  асырушы   өзге  де  қаржы-несиелік  мекемелер.  Сөйтіп  несиелік  жүйе  құрамына   Ұлтық  Банк, банктер, шетелдік  банктер, шетелдік  банктердің  филиалдары  мен   өкілдіктері,  банктік  емес  несиелік  ұйымдар,  несиелік  ұйымдардың  одақтары   мен  ассоциациялары  кіреді.  

Қазақстан  Республикасының  Ұлтық  Банкі  мемлекеттің  басты  банкі  болып  табылады.

Қазақстан  Республикасының  Ұлтық  Банкінің  негізгі  мақсаттары: теңге  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  мен  оның  сатылу  мүмкіндігі  мен  шетелдік  валюталар қатынасында  деңгейін  ұстау,  банк  жүйесін  бекіту, есептеу  жүйесінің  тиімділігі  мен  қарқынды  әрекет  етуіне  жауап  береді. Қазақстан  Республикасының  Ұлтық Банкінің  теңге  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  біртұтас  мемлекеттік  ақша  саясатын  жүргізеді, қолма-қол  ақша  эмиссиясын  жүзеге  асырып, қолданысқа  енгізеді, есепшоттарды  жүзеге  асыру, банктік  операцияларды  жүргізу, олардың  әрекетін  бақылау  мен  валюталық  бақылауды  жүзеге  асыру  және  өзге де  әрекеттерді  орындайды. Банктік  жүйенің  екінші  деңгейі  коммерциялық банктер  жүйесінен  құралған, олар  шаруашылық  өнімдердің  субъектілерінің  несиелік  есептерін  жүргізеді. Коммерциялық  банктермен  бірге  арнайы  банктер  де  әрекет  етеді. Олардың  қатарына  жылжымайтын  мүлікті  несиеге  беретін  ипотекалық  банктер, жер учаскесін  несиеге  беретін  жер  банктері; құнды  корпоративті  қағаздарды  шығару  мен  тарату  операцияларын жүзеге  асыратын  инвестициялық  банктер жатады.Арнайы банктер жүйесі өз күшіне толық енбей және арнайы заңнамалық базаның болмауы салдарынан жаңа құрылып жатыр. Бірақ қазір республикада арнайы банктердің саны өте аз, одан өзге банктерді әмбебаптандыру арнайы банктердің  құрылуына үлкен қауіп төндіреді.

Информация о работе Несие жүйесі туралы жалпы түсінік