Тиімді басқарудың құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорын қаржылық ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады.Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қаржылық менеджменттің даму тарихы...................................................5
1.2 Қаржылық менеджмент мазмұны, принциптері, функцилары.............8

2 «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы.........15
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ жағдайын талдау және басқару.............................19
3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
3.1 Тиімді басқарудың құралдары..................................................................31
3.2 Басқарудың тиімділігін жоғарылату бағыттары...................................35

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ.doc

— 455.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

                                                                                                                               

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Қаржылық менеджменттің  даму тарихы...................................................5

1.2 Қаржылық менеджмент  мазмұны, принциптері, функцилары.............8

 

 

2  «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы.........15

2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ жағдайын талдау және басқару.............................19

 

3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ

3.1 Тиімді басқарудың  құралдары..................................................................31

3.2 Басқарудың тиімділігін жоғарылату бағыттары...................................35

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................38

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Кіріспе

 

Елімізде нарықтық қатынастардың  дамуы  кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорын қаржылық ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады.Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі  жіне төлем қабілеттілігі ең алдымен  қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен  анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады.

Қаржыларды басқарудың екінші жағы-қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әртүрлі болуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек. 

Қаржыны басқаруда оңтайлы нәтижеге жету үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы  қаржылық менеджмент маңызды орын алады.

Қаржылық менеджмент- кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқарумен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс тәсілдер және формалар жүйесі.

Бұл курстық жұмыстың  негізгі мақсаты – материалды жеткізудің тұтастығын сақтауда, жоғарғы деңгейде ақпараттандыруды қамтамасыз етуде қаржылық менеджменттің маңызды мәселелері мен сұрақтарын ықшамды баяндау жіне шаруашылық операциялармен сәйкес келетін тәжірибиелік мысалдарды қарастыру болып табылады.

Осы мақсаттың төңірегінде мынандай міндеттер қарастырылады:

  • қазіргі қаржылық менеджменттің әдістерін және ұстанымдарын, мақсаттары мен міндеттерін толығымен ашып, зерттеу;
  • шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны басқаруға жалпы тәсілдемелерді ашу;
  • қаржылық ақпараттарды дұрыс түсініп жіне олармен жұмыс істеуді уйрену;

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі- қазіргі таңда кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау оның негізгі  экономикалық сипаттамасы мен қаржылық тұрақтылығын таныстыру, сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты есепке алу заемдық қаражаттардың қатысы мен оларды жабудан емес, қаржылық емес активтерді (өндірістік) қамтамасыз ету үшін өзіндік капиталдың қажеттілігін (қажетсіздігін) анықтаудың маңызын қарастыру.

Курстық жұмысты жазу барысында көңіл аударылатын  негізгі мәселелер: инвестициялық  жобаларды бағалау, дивиденттік  саясатты таңдау, қор қаражатын және несие тарту негізінде аймақтық капитал құрылымын қалыптастыруға қажетті  қаржы активтерін басқару туралы қаржы шешңмдерңн қабылдауға әдістеме жасау. Курстық жұмыстың арнайы бөлімі қаржылық менеджменттің халықаралық актілеріне, сондай-ақ қаржыландырудың түрлері мен әдістеріне арналған.

Курстық жұмыста қойылған мәселелерді шешудің кең көлемде  отандық және шетел тәжірибесі қолданылды, сонымен қатар Қазақстанда қызмет ететін заңды-нормативті актілердің талаптары ескерілді.   

Дұрыс ұйымдастырылған, тиімді қаржылық менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің жоғары қарқынмен  өсуі мүмкіндігін қалыптастыра алады, меншікті капиталдың үнемі өсуін қамтамасыз ете алады, тауар және қаржы нарығында бәсекелестің позициясын біршама жоғарылатады, стратегиялық болашақта экономикалық дамуды қамтамасыз ете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАРЖЫЛЫҚ  МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

    1. Қаржылық менеджменттің даму тарихы.

 

Бұл бөлім қаржылық менеджмент ғылымының дамуымен, оның кәсіпорын қызметіндегі рөлі мен орнын және Қазақстанның басқару тәжірибесіндегі бүгінгі жағдайын бағалаумен, кәсіпорындардың активі мен пассивін басқару үдерісін ұйымдастыруға тигізетін ықпалын анықтаумен байланысты. Осы мәселе төңірегінде батыс және қазіргі таңдағы мамандар тұжырымдамасын салыстырмалы түрде ашу қажет.

Қазіргі таңда батыс  мамандары қаржылық менеджменттің  пайда болуы мен дамуының бес  көзқарасын ашып көрсетеді. [2, 117-бет]

Бірінші көзқарас «эмпирикалық мектептегі прагматиктердің» іс-әрекетімен байланысты. Бұл көзқарас 1850 жылдары пайда болды. Оның өкілдері- компанияның несиеге қабілеттілігі жөніндегі, анализ жасайтын ортада жұмыс істейтін, соған қатысты көрсеткіштерді анықтайтын жоғары маманданған аналитиктер. Олар ең алғаш рет бухгалтерлік есеп көмегімен аныңталатын көпқырлы аналитикалық коэфиценттерді анықтауға тырысқан. Бұл коэфиценттер басқару шешімдерін қабылдағанда маңызды роль атқарады.

Екінші көзқарас «статистикалық қаржылық анализ» мектебінің жұмысымен шарттасады. (1860ж) Бұл көзқарастың негізгі идеясы-бухгалтерлік есептің арқасында алынатын аналитикалық коэфиценттерді бастапқы мәнді критерийлермен салыстыратын болса ғана пайдалы болады.

Үшінші көзқарас «мультивариантты аналитиктер» өкілдерінің жұмысымен баланысты. (1870ж)  Бұл мектеп өкілдері өз тұжырымдамаларын концептуалды негіздердің құрылуымен байланыстырады. Бұл негіздер компанияның қаржылық жағдайы мен сенімділігін сипаттайды.

Төртінші көзқарас «компанияның банкроттыққа ұшырауын зерттейтін, аналитиктердіңмектебінің»  пайда болуына байланысты. (1930ж) Бұл мектеп өкілдері компанияның қаржылық сенімгерлігін, яғни өтімділігін перспективтіанализ жасау арқылы зерттейді.

Бесінші көзқарас  -ең жаңа бағыттарының бірі болып табылады. Бұл 1960 жылдары пайда болған- «қор нарығының қатысушыларының» мектебімен байланысты. Олардың айтуынша есептіліктің маңыздылығы оның болашақта бағалы қағаздарға инвестициялаған жағдайда пайда табу мүмкіндігін болжауға негізделеді. Бұл бағыттың негізгі ерекшелігі- оның барынша территориялық қамтуы болып табылады. Бұл бағыт жаңадан жоғарғы білімі бар адамдар арасында дамып келе жатқандықтан, қазіргі таңа практикада өз қолдауын әлі тапқан жоқ.

Жалпы қаржылық менежменттің обьективті теориялық дамуын төмендегі 1-кестеден көруге болады.

 

 

 

 

 

1-кесте. Қаржылық менеджменттің  обьективті теориялық дамуы.

 

Кезең

Этаптар

Негізгі постулаттар

1985-1994жж

Қаржылық менеджменттің өзін-өзі  реттеу облысының құрылуы.

  • Қатаң бақылау;
  • Шығындарды оптималдау;
  • Қаржылық операциялардың дұрыс жүргізілуі;

1990-1996жж

Функционалды көзқарас

  • Қаржылық жоспарлаудың, бақылаудың, ұйымдастырудың, функцияларын ерекшелеп көрсету;
  • Шешім қабылдау үшін әмбебеп іс-шаралардың шығарылуы;

1993ж- қазіргі  таңға дейін

Жүйелі көзқарас

  • Қаржылық менеджмент жүйесінің элементтерін ашып көрсету;
  • Олардың өзара байланысын анықтау;

 

Қазіргі таңдағы ғалымдар  қаржылық менеджменттің ғылымының негізгі өзегіне «Қоржын теориясы» мен «Капитал құрылымы теориясын» жатқызады. Осы екі теорияның да кез келген кәсіпорынның қаржысын басқаруға, соның ішінде коммерциялық компаниялардың активі мен пассивін басқаруға тікелей қатысы бар. «Қоржын теориясының» негізін қалаушы Г. Марковиц активтердің жиынтық тәуекелін тәуекелді активтерді бір қоржынға біріктіру арқылы төмендетуге болатындығы айтылады. Іс-жүзінде аталған теория тәуекелді активтердің ықшамды қоржынын қалыптастыру тәсілдерін анықтап бере алды.  «Капитал құрылымы» теориясы кәсіпорын капиталының ықшамды құрылымын бағалауға мүмкіндік береді. Мұндағы кәсіпорын капиталы деп оның меншікті және тартылған қаражаттары түсіндіріледі. Келесі теориялық тұжырымдамаға «Агенттік қатынастар» теориясын зерттеушілер Майкл Дженсен мен Ульям Меклинг өз еңбектерінде акционерлер мен менеджерлердің, сондай-ақ акционерлер мен кредиторлардың арасындағы өзара қарым-қатынас заңдылықтарын ашады. Өзге агенттік теке-тірес бұл акционерлер мен кредиторлар арасында болуы мүмкін. Ол егер акционерлер менеджер арқылы фирманың немесе банктің құнының өсуін талап етсе, онда мұндай жағдайда кредиторлардың мүддесі аяққа тапталады.  [6, 95-бет]        Кәсіпорындағы менеджментінің теорияларының біріне өтімділікті басқару теориясы жатады. Өтімділікті басқару теориясы іс-жүзінде коммерциялық кәсіпкерлікпен айналысатын фирмаларда пайда болуымен және дамуымен бірге пайда болған.         Қазіргі кезде кәсіпорын активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген. Біріншісі – коммерциялық фирма өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса. Екіншісі – коммерциялық фирма өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.Үшінші – коммерциялық фирманың өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиені қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.         Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді: коммерциялық ссудалар, ауысымдылық және күтілетін табыс теориялары. [5, 128-бет]          «Коммерциялық ссудалар» теориясының негізінде фирмалардың өтімділігін басқару туралы көзқарасты А.Смиттің еңбегінде былай деп береді: «Фирма вексель үшін төлемді қарыз алушының қарыз берушіге берген векселін есепке алу кезінде төлейді, кейіннен вексельдегі мерзімнің өтуіне қарай қарыз алушы фирмаға пайдаланған сомасы мен оған есептелетін пайызын қайтаруға тиіс». Бұл көзқарас бүгінгі күнгі банктердің тауарлар қорларын немесе айналым қаражаттарын толықтыруға беретін қысқа мерзімдік несиелерін сипаттайды. Аталған теорияның басты кемшілігі, ол дамушы экономиканың қажеттілігін ескерген жоқ. Бірақ та коммерциялық ссудалар теориясы, өзінің кемшіліктеріне қарамай бүгінгі күні де өз мағынасын жоғалтқан жоқ.        Ауысымдылық теорияның мәні кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай активтік операциялар кәсіпорынға коммерциялық вексельдерді немесе қазынашылық вексельдерді, облигацияларды және өзге де бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік жасайды. Қысқаша айтқанда аталған теория кәсіпорынның активтік операцияларында жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін талап етеді.    «Күтілетін табыстар» теориясына сәйкес фирманың өтімділігін  қарыз алушылардың болашақтағы табыстарынан түсетін несиені қайтару кестесіне негіздей отырып жоспарлауға болады. Сонымен қатар банктер әр түрлі өтелім мерзімі бар бағалы қағаздарды таңдап ала отырып, олардан түсетін табысты да болжай алады. Бұл теория қазіргі кездегі несиенің жекелеген түрлерінің, соның ішінде фирмаларға берілетін қысқа мерзімді несиелердің, тұтыну несиелерінің, жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиелердің дамып отырғандығын мойындайды. Мұндай несиелердің ортақ қасиеті, олар фирманың өтімділігін арттырады. Бұл теорияның да өзіндік кемшілігі бар, яғни фирма өзінің активтерін мерзіміне өзгертетін болса, кейде оның пайыздық табыстары бойынша болжамы тура болмай шығып жатса, ондай жағдайда банк зиян шегуі мүмкін.        «Пассивті басқару» теориясы 60 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оның жақтаушыларының көзқарастарынша фирмалар өтімділік мәселелерін нарықтан қосымша қаражаттар тарту арқылы шешуге болатындағын айтады. Нақтырақ айтсақ, пассивтерді басқару бұл тартылған қаражаттар құрылымын өзгерту жолымен өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру шараларын білдіреді.  [2, 256-бет]          Жоғарыда аталған теориялардың негізінде активтерді және пассивтерді жеке-жеке басқару әдістері пайда болып, оларды қазіргі отандық және шетелдік банктер, кәсіпорында, компаниялар тәжірибесінде қолдана бастады. Біздің ойымызша компания активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың міндеті бұл коипания балансын жеке-жеке бөліктерге бөліп емес, тұтастай үйлестіре басқару болуға тиіс. Компанияның активтері мен пассивтерін кешенді басқару компанияға немесе банкке депозит және займдар түрінде тартылған ресурстарын әр түрлі маусымдық ауытқулардан қорғау және фирманың түпкілікті мақсатына қол жеткізетін активтер қоржынын қалыптастыру құралы ретінде зор мүмкіндік береді. Компания активтері мен пассивтерін кешенді басқару мәселелері кешенді түрде әлі күнге дейін терең зерттелмегені белгілі.        Сондықтан біздің ойымызша, кәсіпорындардың активтері мен пассивтерін кешенді басқару бұл кәсіпорынның стратегиясына сәйкес, бәсекелестікті артыратын, өтімділік пен табыстылықты қамтамасыз ететін кәсіпорын балансының теңгерімді құрылымдарын қалыптастыру және оларға ықпал ететін қаржылық тәуекелдерді жүйелі түрде басқару шараларын білдіреді.

 

        1.2 Қаржылық менеджмент мазмұны, принциптері, функциялары.

 

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі  ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен  анықталады, ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың  аәналым процесінде олардың қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының масималды көбеюі боып табылады, яғни пайданың, кәсіпорынның нарықтық бағасы.

Қаржыларды басқарудың екінші жағы- қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әртүрлі болуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек.

Қаржылық менеджмент- бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлінуімен, оларды қолданумен жіне кәсіпорынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырылуымен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.

Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады.(бөлінбеген пайда, амортизацтялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б.) [1, 25- бет]

Қаржылық менеджмент акция иелерінің  хал-ахуалын немесе меншік кірістерін барынша көбейту барысында өткізіліп отырған, басқарудағы нарық жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны сақтаумен байланысты қабылдаған шешімдер жиынтығымен байланысты.

Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден  тұрады:

  • қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;
  • қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: қамсыздандырылмаған қысқа мерзңмдң қаржыландыру, қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалды қаржыландыру;
  • ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым немесе артықшылығы бар акцияларды шығару, инвестицмялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау);
  • мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;
  • шешімнің нұсқамасы және орындалуы;
  • шеімнің орындалуын бақылау;
  • шешімнің жүзеге асырылу барысын талдау жіне оның орындалуы туралы есеп беру; 

Информация о работе Тиімді басқарудың құралдары