Тиімді басқарудың құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорын қаржылық ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады.Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қаржылық менеджменттің даму тарихы...................................................5
1.2 Қаржылық менеджмент мазмұны, принциптері, функцилары.............8

2 «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы.........15
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ жағдайын талдау және басқару.............................19
3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
3.1 Тиімді басқарудың құралдары..................................................................31
3.2 Басқарудың тиімділігін жоғарылату бағыттары...................................35

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ.doc

— 455.50 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына жалпы өзіндік  құнның өсуі толықтай кері әсер етеді. Материалдық шығығындар көбееді және кәсіпорынның меншіктік құралдармен шығындарды жабу мүмкіншілігі төмендейді, оған қысқа мерзімді несиелер мен займдар алуға тура келеді.

Жақсы қаржылық тұрақсыздық  үшін тартымды қысқа мерзімді несие  көлемі дайын өнім мен өндірістік запастардың жиынтық құнынан аспауы керек (запастар мен шығындардың ең өтімді бөлігі). Сонымен бірге активті есептесу мөлшерінің өсуіне байланысты кәсіпорынның қысқамерзімді міндеттемелерінің кейбір бөлігін жабуға болады.

Сондықтан, өзіндік құнның өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайына біршама әсер етеді. Толық және дұрыс шешімді анықтау үшін көрсеткіштердің барлық өзара байланыстарын есептеумен жиынтық бағалауды міндетті түрде беру қажет.

Осымен байланысты қаржылық жағдайды басқару үшін детерминделген факторлық жүйені модельдеу әдісін міндетті түрде қолдану қажет.[5, 312-бет]

Экономикалық құбылыстарды математикалық модельдеу экономикалық талдаудың маңызды құралы болып  саналады. Ол зерттеліп отырған объект туралы нақты сипат алуға, оның ішкі құрылымы мен сыртқы байланысын сандық сипаттауға мүмкіндік береді. Модельдеу әдісінің мазмұны объектті алдын ала зерттеу негізінде және оның елеулі сипаттарын анықтау, модельді теоретикалық және экспериментальді талдау, объект туралы мәліметтермен нәтиже құру, модельді түзетуден құралады.

Модель ретінде бізді  қызықтыратын аспектті толық айқындайтын  негізгі көрсеткіштерді міндетті түрде  қолдану керек. Ондай көрсеткіштер болып кәсіпорынның қаржылық жағдайын сырттай анықтайтын кәсіпорынның төлем  қабілеттілігі саналады. Бұл көрсеткіш қаржылық жағдайдың сапалық сипатын береді, яғни қолма қол ақшамен уақтылы және толықтай салық бойынша бюджетпен, ссуда және несиеге пайыз бойынша – банктер мен кредиторлармен, жеткізулер және қызметтер бойынша – жеткізушілермен және де еңбек ақы мен әлеуметтік кепіл бойынша – еңбек коллективімен есеп айырысуға мүмкіндік береді.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде төлем қабілеттіліктің экономикалық мәнін анықтауға әртүрлі әдістер  қолданады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл қаржылық жағдайды талдаудағы өтімділік, несие қабілеттілік, мүмкін банкроттылықты бағалау сияқты жиынтық ой. [13]

Енді біз, 5-суретке сәйкес төлемқабілеттілік коэффициент көлемінің бөлшекті талдауында объект болып саналатын жалпы көрсеткіштерді экономикалық, қаржылық және өндірістік факторларға мүшелеудің әртүрлі әдістерін қолдану арқылы төлем қабілеттіліктің қысқа моделін құрамыз.

 




 

 

                Запастар


                           Шикізат                                                                    Займдар мне несиелер


                           НЗП                                                                           Кредиторлық борыш


                           ГП                                                                                    Жеткізушілер

                           Тиелген өнім                                                                   Вексельдер

                           РБП                                                                                   Персонал

                           Басқа да                                                                            Бюджеттік емес қор

                           Дебиторлық борыш                                                         Бюджет

                           Сатып алушылар                                                             Аванстар


                           Вексельдер                                                                       Басқа да


                           Аванстар

                           Басқа да

 

           Меншікті  капитал                    Жалпы пайда                 Өзіндік құн


                                                                                                       Материалдық шығындар


                                                                                                        Еңбек ақы қоры

                                     Кіріс                                                           Амортизация


                                                                                                         Басқа да

                                                        Рентабельділік

 

5-сурет. Төлем қабілеттіліктің детерминделген факторлық модель

 

Төлем қабілеттілікті басқару  арқылы нәтижеге біршама әсер ететін жеке локальді көрсеткіштердің өзгерісімен қаржылық жағдайды басқаруға болады.

Бұндай талдауды компьютерде  арнайы қосалқы программа Excel-ге қажетті функционалды тәуелділікті енгізу арқылы жасауға болады.[11]

Жоғарыда айтылғандарды  қорыта келіп, келесіні айтуға болады, детерминделген факторлық жүйені модельдеу құрамына кіретін нәтижелік көрсеткіштерді кеңейтілген факторлар санымен есептеудің жаңа формуласын шығаруға мүмкіндік береді. Төлемқабілеттілікті есептеудің екі факторынан бастапқы модельді қайта құру арқылы өндірістік процестерді сипаттайтын жеке локальді көрсеткіштер алынды. Осы жеке көрсеткіштерді басқара отырып, модельдеу процесі төлемқабілеттілікке, қаржылық тұрақтылыққа, сонымен қатар қаржылық тәуекелді минималдау арқылы қаржылық жағдайды басқаруға әсер етеді.

Банкроттыққа қауіп  туғанда қаржылық механизмнің қорғаныс жүйесі дағдарыс ахуалының масштабына тәуелді. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде  ағымдағы қаржылық қызметті нормаландыру, ақшалай қаражаттардың ағымы  мен келуін үйлестіру мен баланстау жеткілікті. Терең қаржылық дағдарыс  қаржылық тұрақтылықтың барлық ішкі механизмдерін толық қолдануды қажет етеді. Толық қаржылық апат санацияның тиімді формаларын іздеу, қарсы жағдайда – кәсіпорынды таратуды қажет етеді.

Қайта ұйымдастыру процедуралары арнайы инновациялық іс-шараларды өткізу арқылы төлемқабілеттілікті құруды қарастырады. Талдау нәтижесінде генералды қаржылық стратегиясы және ішкі және сыртқы резервтерді жүйелі қолдану арқылы «қауіпті аймақтан» және банкроттыққа жол бермеу мақсатымен кәсіпорынды қаржылық жақсарту бизнес-жоспары құрылуы тиіс.

Меншікті айналым капиталының  тапшылығын қысқарту үшін акционерлік  қоғам оны жаңа акция мен облигацияларды шығару және тарату арқылы толтыра  алады. Бірақ та еске сақтау керек, жаңа акция шығарылымы олардың курсының төмендеуіне әкеледі, бұл дегеніміз банкроттықтың мәселесі болып келеді. Сондықтан, батыс елдерінде бекітілген кіріс  пайызымен және оларды кәсіпорынның акциясына айырбастау мүмкіншілігі бар еркін облигация шығаруға ұмтылады.

Акционерлік кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауына жол бермеу  үшін – акционерлерді болашақта дивидендтік төлемдерді жоғарылату мен қаржылық жақсарту бағдарламасының шынайы екеніне көз жеткізе алатын шартында, акция бойынша дивидендті төлеуден толықтай бас тарту немесе төмендету. [13]

 Кәсіпорынды қаржылық  жақсартудың басты көзі болып  факторинг саналады, яғни кәсіпорын  өзінің талаптарын несиені қайтаруды  қамтамасыз етуге банкке жол  беретін, дебиторлық борышты талап  етуге құқықты немесе келісімшарт-цессияны  факторингтік компанияға немесе банкке жол беру.

Кәіспорынның материалды-техникалық базасын жаңартудың ең тиімді әдісі  лизинг болып табылады. Лизинг жалға  алынған мүліктің біруақтылы толық  төлемін  қажет етпейді және қаржыландырудың  бір көзі болып саналады. Лизингтік операция бойынша жеделдетілген амортизацияны қолдану, құралдарды жедел жаңарту мен өндірісті техникалық қамтамасыздандыруды жүргізуге мүмкіншілік береді.

Кәсіпорынға үлкен кіріс  әкелетін пайдалы жобаларға несиелер тарту, кәсіпорынды қаржылық жақсартудың бір резерві болып табылады.

Меншікті капиталдың тапшылығын азайтуды құрылыстың, өндірістік-коммерциялық циклінің, запастардың нормасынан тыс  қалдықтарының, аяқталмаған өндірістің және т.б. мерзімін қысқартумен оның айналымдылығын жеделдету арқылы жасауға болады.

Шығындарды қысқарту мен негізгі өндірістің тиімділігін  жеке жағдайларда жақсарту мақсатында өндіріс негізінде қызмет ететін (құрылыс, жөндеу, көлік және т.б.) қызметтің  кейбір түрінен бас тартып, арнайыландырылған  ұйымдар қызметіне көшу керек.

Меншікті қаржылық ресурстар көлемін келесі жолдармен де көбейтуге болады:

  • басқару персоналын қамтамасыз етуге, негізгі құралдарды жөндеу және т.б. тұрақты шығындар сомасын азайту;
  • еңбектің өндірістік өсуі мен өндірістік персоналдың санының қысқаруы негізінде айнымалы шығындардың деңгейін төмендету;
  • көлік пен құралдардың жедел амортизациясы; қолданылмаған мүлікті жүзеге асыру; сыртқы әлеуметтік және басқа да бағдарламалардан бас тарту; кәсіпорынның инвестициялық белсенділігін төмендету; пайда негізінде резервтік және сақтандыру қорларына аударымдардың көлемін азайту және т.б.

Егер кәсіпорын пайда  табады, сонымен қатар төлем қабілетсіз болып келсе, онда пайданың қолданылуын талдау қерек. Кәсіпорынның төлемқабілетсіздік жағдайында пайданың біршама бөлігін тұтыну қорына аударуды кәсіпорынның меншікті айналым құралдарының потенциалды резерві ретінде қарастыруға болады.[7, 312-бет]

Кәсіпорынды қаржылық жақсартудың  ең негізгі және радикалды бағыты болып кәсіпорынның өндірістік қуатын толықтай пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсекеқабілеттілігін арттыру, оның өзіндік құнын төмендету, материалды, еңбектік және қаржылық ресурстарды рационалды қолдану, өндірілмейтін шығындар мен залалдарды қысқарту негізінде жұмыстың залалсыздығына жету мен өндірістің пайдалылығын арттыру бойынша ішкі резервтерді іздеу болып саналады. Негізінен ресурсты үнемдеу сұрағына аса назар аудару қажет:

  • прогрессивті нормалар, нормативті және ресурс үнемдеуші технологиялар енгізу қажет;
  • қосалқы шикізаттарды қолдану;
  • ресурстарды қолдануды бақылау мен әрекетті есепті ұйымдастыру;
  • үнемдеу режимін жүзеге асыруда озық тәжірибені зерттеу және енгізу;
  • өндірістік емес шығындар мен залалдарды қысқарту мен ресурстарды үнемдеуге жұмысшыларды материалды және моральды ынталандыру.

Қиын жағдайларда бизнес-процестің  реинжинирингін өткізу керек, яғни өндірістік бағдарламаны, материалды-техникалық жабдықтауды, еңбекті ұйымдастыруды және еңбекақыны аударуды, персоналды жинау және орналастыру, өнімнің сапасын басқару, өнімнің өткізу нарығын және шикізат нарығын, инвестициялық және бағалық саясаты мен басқа да сұрақтарды қайта қарастыру.

 

 

 

 

 

3.2Басқарудың тиімділігін жоғарылату бағыттары

 

«ҚазТрансОйл» АҚ 2008-2009 жж. қаржылық жағдайын талдай отырып келесідей қорытынды жасауға болады, кәсіпорын төлемқабілеттіліктің бұзылуына байланысты дағдарысты деп, бірақ сонда да тепе-теңдікті келесілер негізінде сақтауға болады:

  • кәсіпорынды қажетті материалдық ресурстармен тоқтатпай қамтамасыз ету және запаста капиталдың болу уақытын қысқарту мақсатында ұйымды материалды-техникалық жабдықтауды жақсарту;
  • дебиторлық борышта қаражаттардың болу уақытын қысқарту;
  • қолма-қол емес есеп айырысудың түрлі формаларын қолдану арқылы есептеу уақытын қысқарту, есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу және тиеу үрдісін тездету.

Өзінің қаржылық ахуалын  қауіпсіздендіру үшін, кәсіпорынға ішкі ресурстар негізінде активтерін жоғарылату мүмкіндігіне міндетті түрде назар аударуы керек. Мұндай құралдарды іздеп табудың әдісі болып жүзеге асыру көлемін жоғарылату, персоналды қайта оқыту, пайданы қолдану бағытын қайтадан бөлу, шикізаттың жеке түрлерін арзанырақ немесе сапалылырақ түрлеріне ауыстыру және т.б бойынша шаралар қолдану негізінде резервтерді босату табылады.

Сезімталдықты талдау –  кәсіпорынның қаржылық жағдайының өзгерісін  болжамдаудың тиімді әдістерінің бірі.

<p class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439" style=" text-align: justify; text-indent: 42pt

Информация о работе Тиімді басқарудың құралдары