Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:58, реферат

Краткое описание

Әлемдік сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Әлемдік сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Вложенные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 199.51 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Әлемдік сауда – еңбек бөлінісі негізінде  әр түрлі елдердің тауар өндірушілер  арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада  жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның  өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Әлемдік сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар  айналысы.

Сыртқы  сауда да «фритретерство» (еркін  сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар  өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы  ымырасыздық өткен уақыттардың  еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл  екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта  шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар  объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда  бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі  бір қарама-қайшы іс-әрекеттер  орын алуы мүмкін.

Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың  нақты экономикалық мүдделерін қорғауы  немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері  арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге  бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен  толығуы қажетгілігін алдын-ала  анықтайды.

Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда  саясатында қолданылатын шаралар мен  реттегіштер синхронды түрде  инвестициялық, кедендік, валюталық  және басқа да саясаттардың реттегіштерін  іске қосуы тиіс.

Атап  айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір  күшті жинақталмаған салаларға  ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің  экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін  сауда режимі салдарынан жедел түрде  күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық  саясаттың құралдары «даму локомотиві»  болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.

 Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Сонымен, Әлемдік сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары  түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын  шекті деңгейіне өзара әрекеті  жолымен қалыптасатын.

Ашық  экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарладың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаудар бір-бірімен тығыз байланысты.

Макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика  проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импорттың  көлемі ЖҰӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа  тікелей әсет етеді. Бұл көрсеткіштер жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке тікелей әсерін тигізеді.Экспорттық салалардағы өндірістің өсуі шет  мемлекеттерде қарастырылып отырған  мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін  өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты  өсіреді, бұл жағдай ЖҰӨ көлемін  кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы  табысқа әсері мультипликатор әсері  арқылы өлшенеді.

Халықаралық қатынас, ол шаруашылықтың тауар  және қызмет көрсетуімен байланысты, яғни айырбас экономикалық қатынас  болады. Ол өте ерте дамыған, алайда капитализмге дейінгі өндіріс әдістері натуралды шаруашылыққа негізделгендіктен, халықаралық сауда айналысына олардың  өндіргіш өнімдерінің тек бір  бөлігі ғана түсіп отырады. Әлемдік  сауданың сипаты сол саудаға қатысатын  елдердің әлеуметтік-экономикалық құрылысымен, құрылымымен анықталды. Егер бүгін  халақаралық сауда, негізінен тауар  алмасумен шектелсе, қазір ғылыми-техникалық ойлармен алмасу, лицензиялар беру формасында кеңінен дамуда. Қазіргі  кезде бұдан басқа күрделі  құбылыс жабдықтарды құрастыру  ғана емес, жобалау және құрылыс  жабдықтарды жалға беруді қамтып отыр. Әлемдік сауданың динамикасы мен құрылымына өндіргіш күштер, дүниежүзілік өндірістің құрылымы да қатты ықпал  етуде ХІХ ғасырда халақаралық  сауда айырбасында көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп  өнімдері ғана болса, қазіргі кезде  өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе  машиналар мен жабдықтардың үлесі  елеулі түрде өсті.  Қазіргі кезде  халықаралық айырбас өрісіне  ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылды (лицензиялар, ноу-хаулар мен  сауда жасау), олардың үлесі халықаралық  сауданың жалпы айналымының 10 пайызын  құрайды. Технологиялық күрделі  өнімдермен, лицензиялармен сауда саттық жедел өсіп отыр. Халықаралық сауда  объектілерінің қатарына қазіргі уақытта  жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды  ұзақ мерзімге жалға беру), инжиринг (инженерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалған келісімдер) жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда.

 

1.1 Қазіргі халықаралық сауда

 

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ  ғалымы Дж.Скастың пікірінше «қандай  бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика  жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде  әр түрлі елдердің тауар өндірушілер  арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада  жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның  өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар  айналысы.

Сыртқы  сауда да «фритретерствоны» (еркін  сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар  өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы  ымырасыздық өткен уақыттардың  еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл  екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

Фритретерство саясатынын ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса  да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті  артықшылықтар табады», - деп жазған.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар  әсер етеді:

1. халықаралык  еңбек бөлінісі мен өндірісті  интернационалдаудың дамуы;

2. экономикада  жана салалардың пайда болуына  және негізгі капиталды жаңартуға  игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық  революция;

3. дүниежүзілік  рыноктағы трансұлттық корпорациялардың  белсенді қызметі;

4. тарифтер  мен сауда туралы Бас келісімнің  шаралары арқылы халықаралық  сауданың реттелуі;

5. көптеген  елдердің импортына кедергілердің  жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін  экономикалық аймақтардың құрылуы;

6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

7. сыртқы  рынокқа бейімделген экономикасы  бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

Соңғы онжылдықтарда  сыртқы сауда динамикасының әркелкіге  біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алмадияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еурода халықаралық  сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапопияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге  қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы  төрт жүзге жуық критерийлардан тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-теңдігі жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.

Женевада  өткен дүниежүзілік экономикалык форумның баяндамасында бәсекелікті нақты  мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа  салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндікгері мол.

Дамушы  елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішінде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадаға дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді.

 

1-кесте

Мемлекеттер

Экспорт

млрд. долл.

Дүниежүзілік саудадағы үлесі – %

1. АҚШ

512

12,3

2. Алмания

421

10,1

3. Жапония

397

9,5

4. Франция

236

5,7

5. Ұлыбритания

205

4,9

5. Италия

189

4,5

7. Канада

165

4,0

5. Гонконг

152

3,7

9. Голландия

148

3,6

10. Бельгия (Люксембург)

131

3,1

11. Қытай

121

2,9

12. Сингапур

96

2,3

13. Оңтүстік Корея

96

2,3

14. Тайвань

93

2,2

15. Испания

73

1,7


 

XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

Өнеркәсібі  дамыған елдер арасындағы халықаралық  еңбек бөлінісінің теңдігі олардың  өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін  азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны  «үлкен үштік» АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

 

1.2 Халықаралық сауданың стандартты  моделі

 

Неоклассикалық  ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама  сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды  әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды. Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II) және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды. Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады. Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.

Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір  қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты емес, қосымша мөлшерінен бас тарту керектігін білдіреді.

Елдер бір-бірімен  саудаға түскенге дейін баланс шекті  трансформация деңгейі (ұсыныс) мен  шекті орнын басу деңгейінің (сұраныс) өзара әрекеті жолымен қалыптасады (1-сурет).

Сурет 1. Сауда жоқ жағдайындағы баланс

 

1-і елдің  өндірістік мүмкіндер қисығы  орнын басу шекті деңгейінің  І-і қисығы елдің максималды  қажеттіктері өтелетін А нүктесінде  жанасады. Ел өзі өндіретін 1-і  және 2-і тауардың максималды мөлшерін  тұтынады. 2-і елдің өндірістік  мүмкіндіктер қисығы орнын басу  шекті деңгейі І-і қисығы осы  елдің 1-і және 2-і тауардың максималды  мөлшерін тұтынуды көрсететін  А1 нүктесінде жанасады. 1-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы  графикте А нүктесі арқылы  өтетін түзумен көрсетіліп, ол 2-і  тауардың 1/4 бөлігін құрайды. Ал 2-і  елдегі 1-і тауардың салыстырмалы  бағасы графикте А' нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, 2-і тауардың 4 бөлігін құрайды. Р/А<Р/А' болғандықтан, 1-і ел 1-і, тауар, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-і мен 2-і елдің максималды өндіріс көлемі А және А1 нүктелерінде жетеді.

Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда