Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 19:43, курсовая работа
Бітіру жұмысының мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….35
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні.………………………………………………………………….35
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..45
2.3 Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау («Рахат» АҚ мысалында)……………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын өнім мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.
а) Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
Qi = Рi/Ріо*
100% (і= 1,2,3. ..,n)
Мұндағы, Qі – і-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;
Рі – талданатын өнім үшін і-ші параметрдің мөлшері;
Ріо – қажеттілік толығымен қанағаттандырылғандағы і-параметрдің мөлшері;
n – бағалау параметрлерінің саны,
Нормативті параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1 немесе 0 мәнін қабылдауы мүмкін. Егер талданатын өнім міндетті норма мен стандартка сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе, көрсеткіш 0-ге тең болады.
Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.
б) Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
Qi = Рi/Ріо*
100% (і= 1,2,3,...,n)
Qi = Ріо/Ро*
100%
Мүндағы, Qі – і-ші техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;
Рі – талданатын өнім үшін і-ші параметрдің мөлшері;
Ріо – үлгі ретінде алынған өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
n – бағалау параметрлердің саны.
Бағалау нәтижелерін талдау:
Бұл екі формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады.
Егер өнімнің техникалық
параметрлерінің физикалық
Дифференциалдық әдіс талданатын
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін немесе
ұқсас өніммен салыстырғандағы
кемшіліктерді аныктауға
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және талданатын өнім мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына негізделген.
Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептеледі:
Іип = З/Зо
Іип - экономикалық параметр бойынша топтық көрсеткіш; З, Зо - бағаланатын сәйкесінше өнім мен үлгі үшін тұтынушының толық шығындары.
Бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткішінің формуласы:
К = Інп · Ітп
/ Іэп
К - үлгі өнімге қатысты талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.
Егер талдау бірнеше үлгі
бойынша жүргізілсе, онда таңдалған
аналогтар бойынша өнімнің
Кср = Зкі
· Rі, i=1,2,…,n
мұндағы Кср – үлгі топтарға қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
Зкі – і-нші үлгіге қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
Rі – аналогтар тобындағы і-нші үлгінің салмақтығы;
n – аналогтар саны.
Бағалаудың аралас әдісі
дифференциалдық әдіс пен комплексті
әдістің қосындысы болып
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің
бағалануын көрсеткіштердің келесі
топтарының негізінде іске асыру
ұсынылған: өнімнің бәсекеге қабілеттілігі;
кэсіпорын өндірісінің жетік
ұйымдастырушылық-техникалығы
Олар жекелеген көрсеткіштердің функциясы ретінде анықталады
Кұд,Ктд = f1(хi
...,хn),
Әр фактор (меншікті көрсеткіш) былай табылады:
Хі = Пфі/Пні
мұндағы Пфі - і-ші факторының деректік мәні, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі жалпыландыру көрсеткішіне әсер етеді;
Пні - қағидалық немесе жоспарлықта дәл солай.
Жалпыландыру көрсеткішін келесі формулалар бойынша табамыз:
Кұд, Ктд = аі · хi + ... + аn · хn (12)
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің
бағалауының бірнеше
Матрицалық әдіс негізінде координаттар жүйесінің қағидасы бойынша жасалынған матрица талдауы жатыр. Мұндай әдістерге келесі матрицалар: ВСG, Мак-Кинзи, Хоуфер, ADL, И.Ансофф, Д.Абель бойынша стратегиялардың өрісі жатады.
Екінші әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерінің анықтамасы (бағалық және бағадан тыс) және оның бәсекеге қабілеті деңгейінің интегралды көрсеткішінің есептеуінде негізделген.
Тиімді бәсеке теориясы өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгей көрсеткіштерінде көрсетілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ең маңызды бағаларын қамтиды. Оларға кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштерін, оның каржылык жағдайының көрсеткіштерін, тауарды өткізудің ұйымдасқан тиімділік критерийлері мен тауардың бәсекеге қабілеттілігін жатқызуға болады.
Тауар сапасының теориялық мәні – тұтынушылардың тауарға деген сұранысын қанағаттандырудың түрлі критерийлерін шығару, яғни сапа фирманың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдемесі болып табылады.
Әлуетті сатып алушылардың қажеттілігін білу негізінде параметрлердің номенклатурасы анықталады, оларды өндіруші нарықта өнімді бағалау үшін пайдаланылады.
Егер салыстыру үшін базаны
анықтау мүмкін болмаса үлгі арқылы
бәсекеге қабілетінің бағаларының
жарнама әдісі қолданыла алады,
әсіресе нарықта оның үйлестігі
болса және белгілі жеңгейлі өнім
бағаланса. Үлгі-тауар қажеттілікті
модельдейді және оның параметрлерін
бағалауға ұсынылған
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға қажетті параметрлермен салыстыру аркылы бағаланады. Салыстырылатын параметрлер өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық жэне экономикалық параметрлердің топтары бойынша іске асырылады.
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау
Бәсеке негізгі ұғымдардың арасында ең танымал әрі іргелі экономикалық санат болып табылады. Бәсекемен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік стратегиясы мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді.
Монополияға қарсы саясат саласындағы қазіргі заңнама ережелерінде дәстүрлі нарық экономикалы мемлекеттер нарықтың белгіленген бәсекелі ортасын қамтамасыз ете отырып, оны реттеуге тырысады.
Алғашқы уақыттан бастап бәсекеге нарықты реттеуші ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функция да берілген болатын. Басқаша айтқанда бәсеке өндірісті және тауар массасының сапасын дамыту, жетілдіру факторы ретінде қарастырылды.
1990-шы жылдары бәсекенің
мүлдем басқа анықтамасына
Бәсеке ұғымының дамуына
ресейлік және қазақстандық ғалымдар
айтарлықтай үлес қосты. Бұған Қазақстанда
шаруашылық жүргізу жағдайларының
түбегейлі өзгеруі мен оның әлемдік
интеграциялық процестерге
Бәсеке пайда болып дамитын жерде бәсекелестік артықшылықтар туындайды.
Соңғы ондаған жылдарда әлемдік экономиканың дамуы классикалық теорияларды қайта қарауды қажет етті. 1990-шы жылдары бәсекелестік артықшылық теориясын әзірлеген, сондай-ақ ұйымның ішкі де, әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы елде қалыптасқан ахуалға байланысты екенін тұжырымдаған М. Портердің зерттеулерінің маңызы зор. М. Портердің пікірінше, осыған қатысты факторлық жағдайлар; сұраныс; стратегия, фирмалардың құрылымы мен бақталастығы; салалас және қолдайтын салалардың даму деңгейі жатады. Бәсекелестік артықшылыққа өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тауарларды жоғары деңгейде әртараптандырып немесе нарықты орынды сегменттеу арқылы қол жеткізуге болады. Г.Л. Азоев осы тізімге ұйымның бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру талаптарына жаңалық енгізуді, нарықтың қажеттілігіне жылдам ден қоюды қосты.
Қазақстан экономикасының дамуының
қазіргі кезеңінде ресурстардың
сиректігі мен тұтынушының
Бәсекеге қабілеттілік бәсекелік артықшылықтардың барын белгілейтін нәтиже болып табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика қолданылатын объектіге байланысты оны әрқалай түсіндіруге болады.
Ел экономикасының
бәсекеге қабілеттілігі – бұл
өте күрделі ұғым. Бір жағынан,
ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі
бәсекелес шетелдік тауарлар мен
қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы
нарықта ойдағыдай төтеп
Бәсекеге қабілеттілік проблемасы
әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады:
елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің
әлемдік нарықтағы жағдайын талдап
қорытатын әрі сипаттайтын
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.
Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа да пайдалы кен қазбаларының запасы жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар.
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасы елдің инвестициялық тартымдылығымен байланысты, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты.
Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік артықшылықтың болуын тіркейтін нәтиже болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке кәсіпорынның қызметіне ықпал ететін нарықтағы стратегиялық және тактикалық өзгерістер (сұраныстың өзгеруі, демографиялық өзгерістер, табиғи құбылыстар және т.б.) ықпал етеді.
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі оның қазіргі жағдайын талдау нәтижелерінің негізінде алынады. Осы процесте бәсекелестік артықшылық көздері, бәсекеге қабілеттілікті, жұмыстың тиімділігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ бәсекелестік ортасының даму жағдайы мен оның даму үрдістерін арттыру факторлары анықталады. Зерттеу бойынша экономикалық әдебиетте ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың әр түрлі тәсілдемелері салыстырмалы түрде қолданылған (1-кесте).
Кесте 1. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері
Тәсілдемелер, авторлар |
Бәсекеге қабілеттілік өлшемі |
Талдау нәтижесінде алынған ақпарат |
Д. Рикардоның Салыстырмалы артықшылықтар теориясы |
Барынша төмен салыстырмалы шығын |
Бәсекелестердің еңбек өнімділігінің деңгейі |
А. Маршалдың Фирма мен саланың тепе-теңдік теориясы |
Өндіріс факторларын пайдаланудың жоғары өнімділігі |
Өндіріс факторларының өнімділік деңгейі |
Э. Хекшер мен Б. Олиннің Өндіріс факторларының арақатынасының теориясы |
Барынша төмен факторлық шығын |
Өндіріс факторларының салыстырмалы құны |
Тиімді бәсекелестік теориясы |
Фирманың бәсекелестігінің қарқындылығы. Жоғары экономикалық қызмет көрсеткіштері |
Саланың монополиялылығы. Нарықтағы ағымдағы және келешектегі бәсекелестік ахуал |
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін өнімнің сапасы бойынша анықтау («Бейіндер әдісі») |
Өнімнің жоғары сапасы |
Осы уақыт сәтінде өндірілетін өнімнің сапа деңгейі |
Басқарудың стратегиялық тәсілдемесінің негізінде бәсекеге қабілеттілікті талдаудың матрицалық әдістері |
Жақсы бәсекелік жайғасым |
Ұйымның күшті және нашар жақтары, оны мүмкіндіктері мен сыртқы қоршаған орта тарапынан төнетін қауіп |
Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау