Айналым қорларының айналысы және жеделдету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 14:03, курсовая работа

Краткое описание

Айналым қорлары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгелдей тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Кәсіпорындағы айналым қорлары кәсіпорынның өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады.
Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНА ШОЛУ
1.1. Айналым құралдарының мәні, құрамы мен құрылымы 4
1.2. Кәсіпорында айналым қорларын қолдануды бағалау 8
1.3. Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері 13
2. ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН
ТАЛДАУ
2.1. Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері 19
2.2. Айналым қаражаттарын анықтау 21
2.3.Қазақстан мұнай химия саласында айналым қорларының ролі 23
3.АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Айналым қорларының айналысы және жеделдету жолдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

Вложенные файлы: 1 файл

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН.docx

— 47.57 Кб (Скачать файл)
    • Шикізатта  пайдалы  заттардың  құралы (рудада  темірдің       қызылшада  қанттың  және  т.б.);
    • Ақырғы  жарамды  өнімнің  шығуы,  жарамды  өнімнің  көлемін  шикізат  көлеміне  бөлу  арқылы  есептеледі (нәтижені  100-ге  көбейту) ;
    • Шикізаттағы  пайдалы  заттардың  қолдану  дәрежесі  және  ондағы  жоғалтулар % ;

Жарамды  өнім  шығару  көрсеткіші  оның негізгі  мағынасын  бағалау  үшін  қолданылады.  Осылай,  темірдің  рудадан  шығуы  20 %  құрайды,  бірақ  бұл  жоспарланған  шығудың  100% -н  құрамайды.  Жоспарланған  темірдің  шығу  көлемі  23%  болуы  мүмкін,бұл  рудадағы  темірдің  нақты  құрамын  көрсетеді.

 Қара  металлургия  саласындағы  темірді  домналық  және  темір  еріткіш  өндірісте  қолдану  баланстық  әдіс  бойынша  есептеледі.  Баланстың  кіріс  бөлігінде  темір  домналық  өндірісте  шикізатты  шығындау  көлемі  мен   элементтері   (әртүрлі  руда,  лом) көрсетілді.  Ал  баланстың  шығын  бөлігінде  алынған  өнімнің  түрлері  мен  көлемдері,  жоғалтулар  мен  қалдықтар  анықталады.  Сонымен  қатар  темір  еріткіш  өндіріс  бойынша  баланстар  және  металдарды  жалға  беру  өндірісі  бойынша  баланстар   ескеріледі.  Бұл  баланстар   шығын  коэффициентін   анықтауға  мүмкіндік  береді,  олар  жұмсалған  материалдар   салмағының   жарамды   өнімнің  тоннасына   қатынасын   білдіреді.

Машина  құрастыру  салаларында  да   негізгі  айналым  қорлары  элементтертерді  металдардың  қолданылу  деңгейі  қолданады.

Машиналарды  құрастыру  мен  механизмдерді   анықтау  стадиясында  машинаның  металл  сыйымдылығына  қатысты   көрсеткіші  есептеледі (машинаның  қатысты  салмағы) Ом.

Ом = Чв.м / Кэ.м ;

Мұндағы, Чв.м – машинаның  құрамы  мен  металл  құралдарының  салыстырмалы  салмағына  тең  таза  салмақ, т,кг;

Кэ.м – машинаны  эксплуаттау  кезіндегі  негізгі  бірлік  саны  (трактор  қуаттылығы-л.с;  автомобильдің  жүк  көтергіштігі - Т).

Машина  құрастыруда  кеңінен  металды   қолдану  коэффициенті   қолданылады.

Ки.м=     Гв.м – Vi / ВРм;

Мұндағы , Гв.м -  өнім  бірлігіне  арналған  металдың  таза  салмағы, м,кг:

Vi – номенклатура  құрайтын  бұйым  түрлерінің  саны;

Вм - өнім  шығаруға  кеткен  металдың  жалпы  шығыны;

Металды  тиімді  қолданудың  басқа  көрсеткіштеріне  қалдық  деңгейі  жатады.  Ол  тиімді  пайдалану  коэффициентіне  байланысты   қалдық  деңгейі  төмен  болған  жағдайда,  металды тиімді  пайдалану  коэффициенті  жоғары  болады.  Сондықтан  металл  қалдықтарын  қысқарту  факторларын  және  оларды  қолдану  коэффициентін  жоғарылату  сол  күйінде  болады.

Металл өңдеуде  қалдық  деңгейі  қалдық  санына,  металды  салқын  өңдеу  процесінде  қалыптасқан,  қолдануға  қажет  металл  санына  қатынасы  ретінде  есептеледі.  Нәтижесінде  қандай  мөлшерде  қолданылған  металдың  үлесі  қалдық  үшін  қанша (%)  екені  шығады:

Уотх=Qотх / уобщ *100

 

                     мұндағы,   Уотх – қалдық  деңгейі, %;

            Qобц – қолданылған  металл  саны,кг;

                           Qотх – қалдық  саны.

Халық  шаруашылығы  өндірісінде   айналым  қорын  есептеудің  өзіндік  көрсеткіштері   бар.  Халықшаруашылық  өндіріс  саласында,  сонымен   бірге  өндірісте  материалдарды  жөндеудің  кезінде,  көптеген  жағдайларда   бұйымның  таза  салмағы  ескерілмейді.  Бұл  салаларда  химиялық   технология  нәтижелігінен   жиі  шығатын   шикізаттың  түрлері  дайын  өнімнің  бастапқы   түріне   енбейді.  Сондықтан  химия процесі  немесе  өнімнің   бірлігіне  технологияларға   сай  материалдардың  шығыны  теориялық  деп  аталады.  Теориялық  материалдардың  шығыны  құрамына  қалдық  және  қайтарымсыз  жоғалтулар  кірмейді.

Химиялық  өндірісте  материалдарды  қолдану   көрсеткіштері болып  теориялық  материалдар  шығынының  нақты  қолданылатын  белгілі  түріне  химиялық  өнімдерді  немесе  химиялық   процестердің  бірлігін  өндіруге   қатынасы  табылады.  Химиялық  процесте   болатын   нақты  шығын   теориялық   жоғалту  көлемінен  артық.  Нақты  және   теориялық   материалдар   шығыны   арасындағы   ажырасу   азырақ   болған   сайын,  бұл  көрсеткіш   прогрессивті   болады. 

 

 

                 1.3. Кәсіпорында  айналым  қорларын  үнемдеу  элементтері.

 

Нарықтық   экономикаға  көшу   кезінде  әрбір  кәсіпорын  үшін  маңызды  болып  материалдық   ресурстарды   үнемдеу,  нақтырақ  айтсақ,   өндірісте   материалдық  шығындар   шығынының  үлкен   бөлігін  құрайды,  оның   нәтижесінен  табыстың   көлемі  тікелей   байланысты  нарықтық  экономика   жағдайында   табыс -  кәсіпорынның  өмірін  қамтамасыз  етудегі   негізгі   көзі.

Көздер  және  материалдық  ресурстарды  үнемдеу  жолдары  болып   бөлінеді.

Үнемдеу  көздері  ненің  есебінен  үнемдеуге  жетуге болатынын,  үнемдеу  көздері  немесе  бағыттары  қалай,  қандай  шаралар  арқасында  үнемдеуге   жетуге  болатынын  көрсетеді.

Әрбір  кәсіпорында  материалдық   ресурстарды  үнемдеу  резервтері  болады.  Резервтердің  астарында   болған  немесе  болатын,  бірақ  әлі  қолданылмаған  материалдық  ресурстарды  жақсартудың  мүмкіндіктері жатыр.

Материалдық   ресурстарды  үнемдеу   резервтері  пайда  болады. Көзқарасынан   мынадай  3 топқа  бөлінеді;

      • Халық  шаруашылық;
      • Ортақ  өндірістік -  салааралық;
      • Ішкі  өндірістік (цехтық, зауыттық, салалық).

Халық шаруашылығының  резервтеріне: халықшаруашылығында  және  оның  барлық  салаларында  маңызды,  сонымен  бірге  оларды  қамтамасыз  ететін, өндіріс құрылымында  халық  шаруашылық  пропорциясын  прогрессивті   бекіту,  өндіруде  және  үнемдеу  өндірісінде,  синтетикалық  шикізат  пен  материалдарды  өндірісте  қолданылатын  резервтер  жатады.

Ортақ  өндірістік – салааралық  резервтер – бұл  резервтер  өндірісте  алғашқы  орындағы  кәсіпорындардың  өндірістік-экономикалық  байланыстарын  модернизациялау.  Бұл  резервтер  жекелеген  өндірістер  мен  экономикалық райондардың  дамуымен  байланысты.  Олардың ішінде  халық  шаруашылығы  маңызды  болып  табылады.  Сонымен  бірге  олардың  практикалық  мобилизацияда   қолдану  масштабы  шектелген және  үлкен  бөлігі  бірімен – бірі  байланысқан  салаларда  кең  таралады  немесе ірі  өндіріс  немесе  аумақтық  өндірістік  комплектер.

Ортақ   өндірістік – салааралық  резервтерге: пайдалы  қазбалардың  жаңа  тиімді   әдістерін   ендіру  мен  кен  орындары   жүйесін   жобалау,  прогрессивті   технологиялық   процесстерді  өндіру,  жер   қойнауынан   пайдалы   қазбаларды  табуды   жоғарылату,  минералды   шикізаттарды   комплекстік   қайта   өндіру,   маманданудың   дамуы,  өндірісті  коперациялау  және   комбинациялау,  әртүрлі   меншіктегі   кәсіпорынды  құру  мен  дамыту,  тиімді  шикізат  пен  материалдар  түрін  өндіретін  өндірісті   қарқынды  дамыту.

Ішкі  өндірістік  резервтерге: материалдық  ресурстар   қолдануды   жақсарту   мүмкіндіктері,  техниканың   жетілуімен,   технология  мен  ұжымдық   процестердің  дамуымен   байланысты  бұйымдардың  жаңа   түрлерін   меңгеру,   нақты  және  сала  асты  өндірістерде  өнімнің   сапасын   арттыру   қасиеттері   жатады.

ҒТП  ғасырында  барлық  халықшаруашылық   салаларында   ғылыми-техникалық  прогрестің   жетілуі   қоғамның   өндіргіш  күштерінің   дамуының   қозғаушы  күші   болып  табылады.  Көптеген  жағдайда  органикалық  ұғым  мен   өндіріс   арасында  интенсивті  процесс  жүреді. Ол  өндірістік  өнімнің  материал  сыйымдылығын  систематикалық  азайту   үшін  үлкен  мүмкіндік  тудырады.

Өндірісте  немесе  өнеркәсіпте  ресурстарды  үнемдеуге   бағытталған   шараларға   байланысты  резервтер   өндірісті-техникалық  және   ұйымды – экономикалық  болып  бөлінеді.

Өндірісті – техникалық  бағытқа  өндірістік  тұтынуға  шикізатты   сапалы дайындаумен,  машинаны   құрастыруды  жетілдірумен,  құралдар   мен   бұйымдарды,  шикізатты   тиімді   қолданумен,   жанармай,  жаңа  техникамен  және   прогрессивті   технологияны   ендірумен  байланысты  шаралар  кіреді.

Шикізатты  бастапқы   жөндеу   салаларында  ең  алғашқы   шикізатты  үнемдеу  үшін  күрес  шарасы  болып  оны  жөндеуге   дайындау  сапасы   жатады.

Халық шаруашылығы  саласындағы  негізгі   өндірістің  материалдық  сыйымдылығын   төмендету – машина  құрастыру  қара  металлургияға  жатады.  Сондықтан  қара  металлургияны  әрі  қарай  дамытудың  басты  бағыты   болып  металл  өнімдерін   тиімді   шығару  мен  оның  сапасын  жақсарту   табылады.

Машина  құрастыру  саласында   барлық  өндіріс-техникалық  бағыт  болып   материалдық   ресурстарды   үнемдеуді   келесі   шараларға  бөлуге   болады.

    • ҒТП-ң  жеделдеуінен  машинаға  қатысты  металл  сыйымдылығы,  механизмдері,  агрегаттары  төмендейді.  Белгілі   болғандай, ҒТП-ң  маңызды  бір  қасиеті  машина  құрастыру- құралдар  мен  машиналардың  өндіргіштігін  және  қуаттылығын  көтеру,  сонымен  қатар,  таза  және  қатысты  салмақтың  салыстырмалы   бағасымен,  материал  сыйымдылығымен,  сыртқы  немесе  ішкі   түрлерінің   жақсаруымен,   олардың  меншікті  салмағының   шығындарының  төмендеуі  мен  оның  сапасының  жоғарылауымен,  ең  бастысы  еңбектің   өндіргіштігінің  көтерілуімен  сипатталады.
    • Прокаттың  түрлерін  үнемдеуге  бағытталған  бағыттар  10-70% шамасында  болады.  Машина  құрастыру  салаларында  прокат  тиімді  табылады.
    • Конструкторлық  материалдарды  дәстүрлі  түрде  алмастыру.  Машина  құрастыру   өндірісінде қара  металдарды   синтетикалық  смолармен,  түсті,  жеңіл  және  жиі  кездесетін   металдармен  алмастыру   процесі   жүреді.  Қара  металдың  маңызды  мақсаттарының  бірі  болып  өнімнің   метал сыйымдылығы  және  еңбек  сыйымдылығы  төмендетеді,  ол  ақырғы  кезеңде  машина  құрастыруда  өнімнің  сапасын  жоғарылатады.

 Пластикалық  массалар  автомобиль  құрастыруда,  авиациялық   өндірісте,  электр  және  радио  техникалық  өндірісте,   станок  жасауда,  антифрикциондық  деталдар   өндірісінде  тиімді  деп  саналады.  Пластикалық  массаны  қолдану,  ол   қара  және  түсті  металдарға  қарағанда  физмкалық  меншікті  салмағы  аз,  ол  машина  мен  құралдардың  қатысты  салмағын  төмендетуге,   сонымен  бірге  металдарды  үнемдеуге  мүмкіндік  туғызады. Пластикалық  массалардан  деталдар,  бұйымдар  жасау,  технологиялық  операциялардың  санын  металдарды  өңдеуден  3-8 есе  аз.

    • Машина  жасау  базасындағы  өндірістік  техникалық  деңгейін  ары  қарай  дамыту, жоғары  дәрежелі  дайындауды  қамтамасыз  ететін  автоматтандырылған  құрал – жабдық  кешенін  енгізу,  сонымен  қатар құйма  және  сварка  өндірісіндегі  еңбек  жағдайын  жақсарту және  өнімділікті  біршама  жоғарылату.

Осы  шаралардың  барлығы “Металдысақтау” Федералды  бағдарламасында  көрініс  табады. 

Материалдарды  қағаз  формасында  болатын  өнеркәсіптің  және  өндірістің  өңдеу  салаларындағы  материалдарды  үнемдеу  тиімді  қаптау  схемаларын  қолдану.  Осы  мәселені  шешуде  экономика - математикалық  әдістері  және электронды-есептеу  машиналарын  қолданған  тиімді, олар  арқылы  қаптау  схемасының  оптималдығы  анықталады.

Маңызды  рөлде  жергілікті  шикізат  түрлерін,  жанармай,  екінші  ретті  шикізат,  материалды  және  жанармай  ресурстарын,  регенерация (қалпына  келтіру)  бұрынғы  шикізатты  тұтыну,  негізгі  және  көмекші  материалдар  инструменттерді  қолдану  қажеттілігі  туады.

Ғылыми-техникалық  прогресс  жағдайындағы  өнеркәсіптің  барлық  салаларындағы  үлкен  экономикалық  тиімділік  құрамында  құнды  шикізаты  бар  жергілікті  және  жанармай-энергетикалық  ресурстарды  максимальды  қолдану  арқылы  жеткізіледі. Сондықтан  халық шаруашылығында  маңызды  орында  қуаттылығы  көп  емес   металлургиялық  зауыттар  құрылысын  қара  түсті  металл  қорлары  бар  жерлерде  салу  транспорттық  шығындарды  азайтады. Бұл  кәсіпорындар  арасындағы  тікелей  ұзақ  байланысты  орнатуға  кең  мүмкіндіктер  алады. 

Металдық  ресурстарды  экономикада  негізгі  экономикалық – ұйымдастырушылық  бағыттарға  мыналар  жатады: өнеркәсіптік  өнімнің  материал  сыйымдылығын  жоспарлау мен  нормалардың  ғылыми  деңгейін  өсірумен  байланысты  кешендік  шаралар,  материалдық  ресурстарды  шығындауда  ғылыми  негізделген   норма  және  нормативтерді   өңдеу  және  енгізу,  жаңа  тиімді  шикізат  және   материал,  жанармай-энергетикалық  ресуртарды  дамыту,  елдің  жанармай  тепе-теңдігін  жетілдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 2.Өнеркәсіпте айналым қорларының тиімділігін талдау.

 

2.1.Қаражаттың ауыспалы  айналымы және айналым қаражаттарын    қалыптастыру көздері.

 

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады.Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды.Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Информация о работе Айналым қорларының айналысы және жеделдету жолдары