Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 10:24, реферат

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломная работа лаура (1).doc

— 582.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

 

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның  экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани  өмірін дамытуда  әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген  шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль  атқарады. Жас  ұрпақты осындай  тұлға  етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің  атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да,  тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен  де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау  шыңына бағдарлайтын  музыка пәні  мүғалімінің орны бөлек.

Педагогикалық шеберліктің компоненттеріне, психологиялық, педагогикалық білімнің тереңдігі, кәсіптік  қабілетінің дамығандығы, педагогикалық  техниканы игергендігі жатады.

Педагогикалық  техника- оқушыларға  әсер етудің сан қилы тәсілдерінің жиынтығы. Педагогтік өнері, даусы, ырғағы, сөйлеу темпі, көзқарасы, мимикасы, бұрылысы, жүрісі т.б. сан түрлі қимылы  жатады.  А.С.Макаренканың педагогикалық техниканы  игерудің маңызын ерекше бағалаған.  Өнер институтындағы сияқты педагогикалық оқу орындарында да дауысты қою, сөйлеу, қарау өнерімен таныс болу қажет  деп есептеген. Дауысты мұғалімнің  жұмыс  құралы  деп таныған. ”Тәрбиенің даусын үйлестіре білуінде де, өзінің бет құбылысын басқара білуінде де  педагогикалық   шеберлік  болады”,- деген, ендеше әрбір педагог  шеберлікке  жетуді  мұрат  етуі тиіс.

Музыка пәні мұғалімінің  күнделікті жұмысында  психология мен педагогикадан  терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін,  прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда  түсінуге  мүмкіндік  тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі,  жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына  дәл  мінездеме беруге оқушылардың  әрекетіне, құбылыстар мен факторларға  дұрыс талдау жасап, тиімді  тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік  тудырады.

Тәрбиеде  табысқа жету үшін  музыка  мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби  қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік  болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.

Сайып келгенде, музыканттың  тәрбиелік  ықпалының  күші- оның  жеке басында,  жоғарыда  аталған  қасиеттерді  игеруінде.

Өйткені  адамзаттың  адамгершілік және рухани  тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің,   оның ішінде музыка мұғалімінің  еңбегімен жетеді.

     Мәдени-тынығу  жұмысы  сатысы  оның  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  басқа  буындармен  тек  сабақтас  болуымен  ғана  емес, ең  алдымен  оқушы  тұлғасы  ұйытқысының  қалыптасуы мен дамуы  қуатты  жүретін  аса  маңызды,  құнды,  қайталанбайтындығымен  ерекшеленеді.

Мәдени-тынығу  жұмысы  айналадағы  дүниемен  белсенді  әрекеттестік  тәрбие  түрлеріне  сай  сезім  қатынас  қарым – қатынасқа дайындау; өзін  қоршаған  және  өмір сүрген  жаңа  табиғи  және  әлеуметтік  ортаны тануға,  сүюге,  қорғауға,  өзін  ұстай  білуге үйрету  болып  табылады. Оны  оқу,  ойын,  еңбек,  қарым – қатынас  сияқты түрлерін  меңгерумен  қамтамасыз  етуге  болады. 

Басты  назар аударатын  мәселелердің  бірі – патриотизм.  Патриотизм  патриоттық  тәрбие  құндылықтары  арқылы  жүзеге  асатыны  белгілі.   

Бастауыш  сынып  оқушылары  оқу  сабағы,  тәрбие  сағаттары,  сыныптан,  мектептен  тыс  жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін  қалыптастырады. 

Оқу  адамның  жеке  басы  танымының ерекше  түрі.  Оқи  жүріп  оқушылар  өздерін  қоршаған  дүниені,  елін,  жерін,  ұлтын,  мәдениетін,  тілін  таниды. 

Өмір  ағымы  талап  етіп  отырған  жаңа  қоғамға  лайықты  саналы,  білімді,  жетілген  жеке  тұлғаны  дайындау  бүгінгі  мектеп  алдында  тұрған  негізгі  міндет.  Сондықтан  мектептің  бастауыш  оқыту  сатысындағы  оқу – тәрбие  жұмыстарын  жан – жақты  толықтырып,  халықтық  тәлім- тәрбиенің  озық  үлгілерімен  сабақтастырып,  бойында  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілік  сезімі  дамыған  азамат  тәрбиелеу бүгінгі күн  талабының  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр. 

Отаншылдыққа,  туған  жерін  қорғауға баулу мектептің  тәрбиелік  жұмыстарының  аса маңызды бөлігін  құрайтындықтан,  өмірде  болып  жатқан  бетбұрыстар,  қоғамдағы  саяси  көзқарастар,  әлеуметтік – экономикалық  өзгерістер – еліміздің тарихына,  ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасқан  салт – дәстүріне  құрметпен қараумен  қатар, оны  бүгінгі  ұрпақ тәрбиесіне  пайдалануға  жол  ашып  отыр. 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Жаңа қазақстандық патриотизм» тарауына айрықша тоқталды. Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қазақстандық патриотизмнің іргетасын қазақ елінен жайлы қоныс тапқан 130-дан астам ұлттың бірлігімен берік қалыптастыруымыз керек. Ұлт көшбасшысы бұл орайда, халықтар бірлігі мен татулығын бірінші кезектен түсірген емес. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жаңа Жолдауында: «Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады... Әрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс» делінген. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.      

Отан  сүю,  патриотизм  деген  ұғымдар  мектепке,  үйге  жақынына,  туған  қаласына  (ауылына)  деген  сүйіспеншіліктен  басталады. 

Ұрпақты  ата – салтымызбен  ұлтжанды  етіп  тәрбиелеу  ұстаздар  қауымына  үлкен  талап  қоюда.  Себебі  бала  мектеп  табалдырығынан  көрсем – білсем  деген  алып – ұшпа  құмарлық  сезіммен  келеді.  Осы  сәтті  ұтымды  пайдаланып, білімді  ұлттық  тәрбиемен  ұштастыра  білген  мұғалім  ғана  жемісті  жетістіктерге  қол  жеткізеді.  Жас  ұрпақты  халқымыздың  әдет – ғұрып,  салт – санасымен  сусындату  ел  ертеңін  ойлайтын  саналы  азамат  қалыптасуының  бірден – бір  кепілі. 

Мектепке  келген  баланың  отбасында  бойына  сіңірген  мейірімділік,  сүйіспеншілік,  бауырмалдық  секілді  қасиеттерін  одан  әрі  шыңдап,  соның  негізінде  патриоттық  сезімді  аша білу  үшін  әрбір  мұғалім  жүйе  бойынша  белгіленген нақты  іс-  шараларды  аса  шеберлікпен  үйлестіріп  жүргізуі  тиіс. 

«Елдің  елдігін  оның  тарихы,  әдебиеті,  салт – дәстүрі  сақтайды»   деген  ұғымды  бастау  етіп  алатын  болсақ,  патриотизмге  тәрбиелеу  үрдісін  шартты  түрде  мынандай  іс – шараларға  бөлуге  болады: 

  • тілді  құрметтеу;
  • ұлттық  салт – дәстүрді  зерделеу; 
  • елдің  тарихы  мен  мәдениетін  оқып  зерттеу;
  • ата – бабалар  өсиетін  орындау;
  • жер  байлығы  мен  табиғатты  қастерлеу.

Яғни,  патриоттық  тәрбие  беруде,  ең  алдымен  ана  тілі,  табиғаттану,  әліппе  сияқты  пәндер  едәуір  үлес  қосады.  Тарихты  оқу  үйрену,  әсіресе  Отанымыздың  тарихын  оқу  еліміздің  қаһармандық  өткені  мен  теңдік  алған  қазіргі  күніне  сүйіспеншілік  сезімдері  нығаяды.  Халқымыздың  әдебиеті  мен  тіл  өнері – бабаларымыздың  бізге  қалдырған  бай  мұрасы.  Ана  тілімен  Отан  деген  ұғымдар – бір – біріне  ажыратуға  келмейтін  түсініктер.  Ана  тілінің  бүгіні  мен  болашағына  немқұрайлы  қарайтын  кісі  өз  Отанының  мүддесіне  де  дәл  солай  салғырт  қарамақ. 

Табиғаттану  сабақтары  еліміздің  жер  байлығы  мен әсем  табиғаты  туралы  түсінік  беріп  қана  қоймай,  оқушылардың  елі  үшін  мақтаныш  сезімін  оятып,  мұндай  байлықты  қорғау  қажеттігін  көрсетуі  тиіс. 

«Ел  болам  десең,  бесігінді  түзе», - дейді  ұлы  жазушымыз  Мұхтар  Әуезов.  Халқымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт – дәрсүр,  әдет – ғұрып  үлгілері  мен  өнегелері  соның  айғағы.  Елін  сүйген  адам  сол  елдің  салт – санасын,  мәдени  мұрасын  қастерлеп,  өнеге  тұтуы  тиіс. 

Оқушыларды  өз  елін,  туған  жерін  қорғауға  және  оны  сүюге  баулып,  оларға  сонау  Абылай  бабамыздан  бастап  кешегі  желтоқсанға  дейін  азаттық  үшін  алысқан  ұлы  тұлғалардың  ел  тәуелсіздігі  жолындағы ерлік  істерін  ұғындыру  мақсатында ел тану материалдарын, белгілі  қоғам  қайреткерлерінің  өмір  деректерін  көптеп  қолдану  ел  жандық  сезімдерін  тереңдетені  сөзсіз.

Жастарымыздың  бойында  елжандылық,  азаматтық,  жоғары  ізгілік  пен  адамгершілік  сезімдері жан  жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм  сезімі  асқақтай  түседі. 

Негізгі  білім  бастауышта  болғандықтан,  жастайынан  халықтың  тарихи – этникалық  мұрасын,  ұлтының  әдет – ғұрып  өнегесін,  салтын  сақтауға,  саналы  көз  қарасын  қалыптастыруға,  ұлттық  мақтаныш  туғызуға  оқушыларды  жасынан  тәрбиелеу  бастауыш  мектеп  саласымен  айналысатын  педагогтардың  міндеті  болмақ.     

Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.

«Ұстаздық  еткен   жалықпас,   үйретуден   балаға», - деп, ұлы Абай айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие  беріп,  жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға  үлес   қосатын   ұстаз  орны  әрқашан ерекше. Сондықтан да бүгінгі өмір талабы ұстаздарға қажымай-талмай жемісті еңбек етіп, ыждағаттылықпен, шығармашылық ізденімпаздықпен жұмыс істеуді міндеттейді. Ұрпақ тәрбиесі ісіне жете көңіл бөліп, жас жеткіншектерге музыка әлемінің қыр-сырын үйретуде талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр.

Бұл жұмыста - халықтық дәстүрлері арқылы оқушыларда халықтық музыка өнеріне деген дүниетанымын қалыптастыру жұмыстары қарастырылады.

Мұғалім үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесіне мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау.

 Музыкадағы оқыту мен  тәрбиелеу үрдісіндегі басты  мақсат - әрбір жас адамды қоғамның  тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық  талғамы зор, өз Отанының елжанды  азаматы етіп тәрбиелеу болып  табылады.

а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта);

ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру;

б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау;

в) оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет;

г) басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлінеді.

Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас  етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан – ашырлық  танытуда патриотизмнің рөлі ерекше. Сондықтан дипломдық зерттеу тақырыбымды «Оқушылар бойындағы патриоттық тәрбиені қалыптастыруда мәдени-тынығу жұмысының рөлі» деп таңдауыма негіз  болды.

Зерттеу  мақсаты: Мәдени-тынығу жұмысы мектеп оқушыларының  патриоттық сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын,  әдістерін  негіздеу. 

Зерттеу  объектісі: Мәдени-тынығу  жұмысы  арқылы  оқушылардың патриоттық  сезімдерін  қалыптастыру.

Зерттеу  пәні: Патриоттық  сезімді  жетілдірудің  жолдарын  педагогикалық  процесте  қалыптастыру. 

Зерттеу  міндеттері: 

1. Патриотизм  туралы  қазіргі  кезде  қалыптасып  отырған  ой  – пікірлерді  анықтау;

2. Патриоттық  тәрбие  жөніндегі  теориялық,  тәжірибелік  ой - пікірлерді  айқындау;

3. Мәдени-тынығу  жұмысы  мектеп  оқушыларының  патриоттық  сезімін  тәрбиелеу  құндылықтарын  белгілеу; 

4. Мәдени-тынығу  жұмысы  мектеп  оқушыларының  патриоттық  сезімін  педагогикалық  процесте  қалыптастырудың  мүмкіндіктерін  қарастыру.

Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  Егер  патриоттық  тәрбиенің  кіші  мектеп  жасы  кезеңіндегі  мазмұны  белгіленіп,  оқушының  патриоттық  сезімі  қалыптастырылса  Егеменді  Қазақстан  Республикасының  өркендеуіне,  оның  құндылықтарын  сақтауға,  құрметтеуге,  сүюге,  қызмет  көрсетуге  және  т.б.  сияқты  сезімдерінің  арқасында  өздерінің  патриоттық  мүмкіндіктерін  қосуды  меңгереді. 

Зерттеу  әдістері:  Педагогикалық,  психологиялық,  этно – педагогикалық,  тарихи – этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби,  әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.

Шығармашылық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері