Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:33, дипломная работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің – құқықсыздық мен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................3-11

І-тарау. Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы.
Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.............................................12-41
1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары ...........................12-22
1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес ............23-41

ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасындағы Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның басшысы .........................................42-65
2.1. Түркістанның экономикалық жағдайы ..........................................42-51
2.2. Аштықпен күрес ...............................................................................52-65

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................66-69

СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................70-78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................79-80

Вложенные файлы: 1 файл

рыскулов.doc

— 340.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР:

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................3-11

 

І-тарау.  Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде  қалыптасуы.

Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.............................................12-41

1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары ...........................12-22

1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес ............23-41

 

ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасындағы Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның басшысы .........................................42-65

2.1. Түркістанның экономикалық жағдайы ..........................................42-51

2.2. Аштықпен күрес ...............................................................................52-65

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................66-69

 

СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................70-78

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................79-80

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы – қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіз мемлекетіміздің  құрылуы – қазақ халқының талай  ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің  заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тариыхнда мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.

Тәуелсіздікке жеткізген  жол даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы  белестерден, қиын-қыстау асулардан  тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің  ірге тасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиетті де қасіретті күрестің тарихын зерттеу қазір таңда зор маңызға ие болып отыр.

ХХ ғасырдың басында  Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің – құқықсыздық мен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов болатын.

Т.Рысқұлов – Қазақстан  мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер. Ол туралы 1922 жылы 20 қарашада М.С. Эпштейн былай деп жазды: «Рысқұлов Тұрар жолдас есімімен Түркістандағы кеңес өкіметінің... даму тарихының тұтас бір дәуірі байланысты болған... қайраткердің бірі. Т.Рысқұловтың есімі – айналасына партия қайраткерлерінің белгілі бір тобын топтастырған және сонымен қатар басқа топтың қарсы күресін тудырған ту. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік – кеңес өкіметінің соңынан ілескен қазақ халқының ұлттық күштерінің өз тағдырын өзі шешу бағытындағы күрес болатын. Өзінің орасан зор ерік-жігерімен, ірі ұйымдастырушылықұ дарынымен, көзқарастарының тұрақтылығымен жолдас Рысқұлов үлкен бедел мен құрметке ие болды. Теориялық жағынан жетік.. бола тұра, ол өз қызметінді таптық белгілерден де гөрі ұлттық  белгілердің әсеріне жиі ұрынды»1. Т.Рысқұловтың есімі – «Түркістан» ұғымының2 саяси баламасы болғаны талассыз. Сондықтан да Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін зерттеудің қиыншылығы да аз емес. Өйткені зерттеу объектісінің ауқымы кең әрі тым қайшылықты. Зерттеу барысында Т.Рысқұлов өмір сүріп, қызмет кеткен кезеңдегі аса күрделі тарихи процестер мен саяси оқиғалардың сырына барынша терең үңілуге тура келеді. Т.Рысқұлов ұзақ жылдар аралығында, ірі мемлекеттік істер мен саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді. Ал, бұл кезең кеңес тарихындағы аса ауыр, барынша қайшылықты кезең еді. Сондықтан да Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін зерттеу – сол кезеңнің де тарихын зерттеу деген сөз.

Т.Рысқұловтың саяси қызметі ұзақ жылдар бойы партиялық тұрғыдан ғана бағаланып келді. Бұл принцип кеңестік тарих ғылымының негізгі принципі болатын, ол бойынша Т.Рысқұлов «партияның көрнекті өкілі» болып шығатын. Нақты өмірдегі Т.Рысқұлов ең алдымен мемлекет қайраткері, саяси күрескер болды. 20 жылдан аса уақытқа созылған саяси қызметінде ол бірде-бір рет партия аппаратында отырған емес. Ол басқарған Мұсылмен Бюросы партиялық ұйымнан гөрі мемлекеттік құрылымға жақын еді. Т.Рысқұловтың большевиктер партиясының жарғысына селсоқ қарауы да осы пікірдің дұрыстығын дәлеледей түседі. Мысалы, Түркістан Коммунистік партиясының Орталық Тексеру Комиссиясының төрағасы Бобруйко, хатшысы Рябченко қол қойған 1923 жылғы 20 желтоқсандағы мәжілісінің №41-ші мәжіліс хатында былай  деп жазылған: «ТКП 2-ші аудандық комитеті қаулы етеді: бүкіл жыл бойында партия жиналыстарына қатыспағаны және мүшелік жарна төлемегені... үшін партия жарғысының 59-бабына сәйкес Рысқұлов жолдас ТКП мүшелігінен өзінен-өзі шығып қалды деп есептелсін»3. Бұл кезде Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының (АКСР-і) Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болатын, бірақ солай болса да, ол үкімет басшысы ретінде республикалық партия ұйымының мәжілістеріне қатынасуды міндет деп санай бермеген, әрі дер кезінде (бір жыл бойы) партия мүшесі ретінде жарна төлеп отырмаған. Т.Рысқұлов 1920 жылы Түркістан Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитетінің (Түрікатком) төрағасы болып тұрған уақытнда, 1922 жылы РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет істеген кезінде де партия жиналыстарына бірде-бір рет қатынаспай, дер кезінде жарна төлемей партия қатарынан өзінен-өзі талай рет шығып қалған екен. Бастауыш партия ұйымдары оның уақытының жоқтығын, жұмысбастылығын айтып жазған түсініктемелерінен соң ғана партия мүшелігін қайта қалпына келтіріп отырған. Т.Рысқұлов партия қатарына қайта қабылдану мақстаымен өзінің өмірбаянын жазып, И.В.Сталинге де хат жолдауға мәжбүр болған4. Ол кезде партия мүшесі болмай мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкін емес еді, ал партия билеті Т.Рысқұловқа осы мақсат үшін ғана қажет болған сияқты. Т.Рысқұловтың «таптық принципті» қабылдай алмағанын жоғарыда М.С.Эпштейн де мәлімдеп отыр. Түркістан Республикасына Москвадан келген эмиссардың бірі – М.В.Фрунзе жергілікті жердегі саяси ахуалды баяндап В.И.Ленинге жазған хатында жергілікті қайраткерлердің «ұлтшылдығын» көрсете келе, Т.Рысқұлов пен оның төңірегіндегі қайраткерлер туралы былай деп жазады: «... олар белгілі бір коммунистік емес элементтерден құралған және тек объективті жағдайдың ықпалмен ғана коммунистік туды көтеруге мәжбүр болған адамдар»5. Мұсылман коммунистерінің, оның ішінде түрік тілдес халықтар ортасынан шықққан коммунистердің «коммунизмге» жолай қосылғаны рас. М.В.Фрунзе алайда Т.Рысқұловтың тума талант екенін теріске шығара алмай, аталған хатында оны «... ақылымен қоса, зор ерік-жігері, салиқалы мінезі бар» адам,6 - деп бағалауға мәжбүр болған. Бұл құжаттар Т.Рысқұловтың партиялық принцип, іске партиялық басшылық сияқты мәселелерге селсоқ қарағанын аңғартады. Сондықтан да Т.Рысқұловты «ірі партия қайраткері» етіп көрсетуге ұмтылу орынсыз.

Сонау 20-шы жылдардың  өзінде-ақ Т.Рысқұлов түрік халықтарының болашақта саяси тәуелсіздікке  қол жеткізгеніне кәміл сенді, сол  үшін де өзін қатерге  тігіп қажырлы  күрес жүргізді, алған бетінен  қайтапады. Т.Рысқұлов алғаш Түркістан Республикасында орыс шовинизміне, отаршылдық қалдығына қарсы күрескен саяси топтың жетекшісі ретінде танылды. Оның есімі бостандық жолындағы күрестің символына айналды.

Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси  және мемлекеттік қызметі жете зерттелмеген. Ол туралы әр кезеңде жазылған мақалаларды7 айтпағанда, арнайы зерттеу еңбектері8 өте аз. Ал барының өзі партиялық идеологияның шырмауынан шыға алмаған. Бұл еңбектерде Т.Рысқұловты «ірі партия қайраткері» етіп көрсетушілік басым. Олардың баршасына тән ортақ кемшілік – түпдеректік негіздердің әлсіздігі.

Тұрартанудың тарихнамасы  сонау 20-шы жылдардың өзінде-ақ басталған  болатын. Т.Рысқұловтың Түркістан  Республикасындағы саяси қызметі  өз замандастарының арасында «рысқұловшылдық» деп аталды. Оның «Түрік Кеңес Республикасын» құру, «Түрік халықтарының Коммунистік партиясын» ұйымдастыру туралы ой-идеялары мен оны жүзеге асыру үшін жүргізген саяси күресі – «рысқұловшылдық» деп таңбаланды. «Рысқұловшылдықты» ең алғаш ресми түрде қолданғандар – В.В.Куйбышев, И.Е.Любимов және Н.Төреқұлов болатын. Жалпы, Т.Рысқұловпен қызметтес болған замандастарының осы «рысқұловшылдық» туралы жазбағаны кемде-кем.

М.В.Фрунзеге қарағанда  В.В.Куйбышев Т.Рысқұловтың саяси  қызметі мен ұлт мәселесіне байланысты идеяларына-ұсыныстарына біршама объективті баға береді. «Түркістандағы Қазан төңкерісі Орталық Россиядағы өкіметтің түріне бейімделу ғана болды», - дейді ол, ал осы төңкерістен соң Түркістанда саяси билік басына келген большевиктер партиясы «... патша өкіметінің отарлау саясатын жалғастыра түсті»9. Одан әрі В.В.Куйбышев «партияның отарлау саясаты» 2 жылға созылғанын, соның салдарынан мұсылман қайраткерлерінің бұл саясатқа наразылығы туғанын атап көрсетеді. Ол қайраткерлер Т.Рысқұловтың төңірегіне топтасып, ашық қарсы шыға бастады. «Рысқұловшылдық» дегеніміз – кеңес өкіметінің Түркістанда жүргізген ұлт саясатына қарсы тұрған күш. Олардың негізгі талабы – Түркістанда тұрып жатқан барлық ұлттарға теңдей қатынас орнату. Бұл талап жүргізіліп жатқан саясатқа қайшы келді, әрі партия ішінде күшті алауыздық туғызды...». «Рысқұловшылдық» - біздің партиядағы белгілі бір ағым ретінде, Түркістанның жағдайынан туындаған әлеуметтік құбылысдеп танылуы тиіс. «Рысқұловшылдық» - белгілі бір тарихи кезең үшін прогресті құбылыс болып табылады10. Т.Рысқұловтың талаптарының негізгі мәнін дұрыс ашып көрсеткенімен, В.В.куйбышев бұл талаптардың саяси талаптар екенін мойындаудан жалтарып кетеді.

Т.Рысқұловтың саяси  күресін барынша теріс түсіндіруге  тырысып баққандардың бірі – И.Е.Любимов. Ол Түркістан Республикасында ұзақ уақыт жоғары басшылық қызмет атқарған адам. Сөйлеген сөздері мен баяндамаларында И.Е.Любимов Т.Рысқұлов туралы барынша әділетсіз пікірлер білдіріп, күйе жағуға тырысып отырған. «Рысқұлов... отаршылармен ауыз жаласқан үстем тап өкілінің тұқымы»11, - дейді И.Е.Любимов 1920 жылы күзде. ТКП V-ші съезі мен Түркістан Республикасы Кеңестерінің ІХ съезінде «рысқұловшылдық» туралы арнайы баяндама жасады. Баяндамасында И.Е.Любимов: «мұсылмандардың орыстардың көмегінсіз өмір сүре алмайтындығы», «олардың мемлекетті басқаруға жарамсыздығы», сондықтан да Түркістан Рсепубликасын басқару және «Түркістанда Россияның күшін көрсету» үшін Москвадан Түріккомиссияның келгендігі туралы шовинистік ой-пиғылын жасыра алмады.

Т.Рысқұловқа қарсы топты  ұйымдастыруға бел шеше кірісіп, ұпай жинап қалуға тырысқан, оның идеяларын іске асыртпау жолында барынша «күш-қайрат» жұмсаған қайраткерлердің бірі – Н.Төреқұлов12 болды.

Т.Рысқұлов 1924 жылы Түркістаннан біржола кеткен соң, оның төңірегіндегі  саяси талас біршама саябырсығанымен, 30-шы жылдардың екінші жартысында бұл мәселе жаңа екпімен қайта жаңғырықты. Бұл авторлардың13 негізгі мақсаты - Т.Рысқұловты «ұлтшыл», «буржуазияшыл ұлтшыл», «арандатушы», «пантүрікшіл», «фашизм тыңшысы», «басмашылар идеологы» және «халық жауы» етіп көрсету болды.

Өз кезінде Т.Рысқұлов туралы ой-пікір білдірген қайраткерлердің  бірі – М.Шоқаев. Т.Рысқұловтың 1924 жылға  дейінгі жазылған мақалаларында  М.Шоқаевқа қарсы бағытталған пікір  ұшыраспайды, қайта көбіне-көп М.Шоқаев басқарған «Қоқан автономиясын» саяси жағынан арашалауға тырысады. Т.Рысқұлов 1919 жылы күзде: «Қоқан автономиясы» уақыты – Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеу уақыты болды», - деген тұжырым жасайды. Осы «автономияны» қарулы күшпен қанға бояу арқылы кеңес өкіметі Түркістанда басмашылар қозғалысының өрістеуіне себепші болды, деп большевиктік саясатты айыптайды. М.Шоқаев пен Т.Рысқұловтың ара-қатынасы 1923 жылдан бастап өзгере бастаған. Сол жылы Т.Рысқұлов мемлекеттік іс сапармен Германияға барып, онда оқып жатқан Орта Азия студенттерінің жағдайына байланысты көптеген мәселелерді шешеді. Т.Рысқұловтың Германияға келуіне байланысты Батыс Европа елдеріндегі ақ эмигранттар саяси бағыттағы кері насихат ұйымдастырады да, бұл науқанға М.Шоқаев та белсене араласып, Т.Рысқұловты «Түркістан большевигі» етіп көрсетуге тырысады14. Т.Рысқұлов арнайы мақаламен жауап береді15. Одан әрі саяси пікір-талас бірін-бірі қаралауға ұласып кетеді.

М.Шоқаев 1935 жылы Парижде  басылған кітабында16  Т.Рысқұловты «Сталиннің фавориті» деп орынсыз айыптайды. Түркістандағы 1917-1919 жылдардағы сұрапыл ашаршылық туралы жаза келе, автор негізгі тарихи құжат ретінде - Т.Рысқұловтың кітабына17 сілтеме жасайды. Бірақ М.Шоқаев Т.Рысқұловтың сол сұрапыл аштық кезінде арнайы комиссия ұйымдастырып, Түркістанның миллиондаған аш-жалаңыштарын ажал тырнағынан арашалап қалғанын жақсы біле тұра, ол туралы үнсіз қалады. Өзі пайдаланған Т.Рысқұловтың аталған кітабын «жартылай сауатты кітап» деп сынайды. Оған Т.Рысқұлов кінәлі емес, 2 томдық қолжазбаны автордың келісімінсіз қысқартып, 1 том етіп бастырып шығарған редакторларды кінәлі, сондықтан да ол кітаптың мазмұнында біршама кемшіліктерге орын берілген.

Т.Рысқұловтың 1937 жылы «халық жауы» ретінде тұтқындалып, атылып кетуіне байланысты 40-60-шы жылдары  оның есімі мүлдем «ұмытылғандай» болды. Алайда, бұл жылдары ол туралы арнайы еңбек жазыла қоймағанымен де, Түркістан Республикасының тарихын жазушы авторлар оның қызметіне тоқталмай өте алмайтын. Бұл еңбектерде18 Т.Рысқұловтың саяси қызметі мен идеяларына сыңаржақ бағалар берілді. Авторлар Т.Рысқұловтың  Мұсбюродағы, Түрікаткомдағы қызметін «ұлтшылдық», «пантүрікшілдік» деп сынаудан аса алмаған.

Т.Рысқұловтың саяси  қызметі мен есімін ақтап, ең алғаш  мақала жариялаған автор – Р.Байжарасов19. бірақ көп ұзамай бұл мақала партиялық «сынға» ұшырады да, Т.Рысқұловтың саяси қызметін зерттеу тағы да ұзақ уақытқа тоқтап қалды.

Осындай кезеңде академик С.Бейсембаевтың «Ленин и Казахстан» атты монографиясының20 жарық көріп, онда Т.Рысқұловтың саяси қызметіне біршама дәрежеде  дұрыс баға беруілінің маңызы зор болды. С.Бейсімбаев тарихшы С.Көлбаевпен бірігіп 1974 жылы Т.Рысқұловтың өмірі мен саяси қызметіне арнап шағын кітапша21 жариялады. Бұл Т.Рысқұлов туралы ең алғашқы арнайы зерттеу жұмысы еді, алайда авторлар өз уақыттарының сірескен идеологиялық талаптарынан аса алмай, Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметінің жұпыны құжаттарға негізделген қысқаша хронологиялық сипаттамасын берумен ғана шектелген.

Профессор В.М.Устинов - Т.Рысқұловтың  өмірі мен қызметін зерттеуде  елеулі еңбек сіңірген ғалым. 1984 жылы жарияланған кітабында22 автор өз уақытының талабы деңгейінде Т.Рысқұловтың саяси бейнесін сомдауға талпыныс жасады. Кітаптың алғашқы бес тарауы (20 – 126-беттер) Т.Рысқұловтың 1894-1924 жылдардағы өмірі мен қызметіне арналған. Кітаптың Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы осы уақытқа дейін бірден-бір көлемді зерттеу жұмысы болып келгенін атап көрсете отырып, оның басты кемшіліктеріне де тоқтала кеткен жөн. Басты кемшілігі – түпдеректік негіздердің тым әлсіздігі. Автор тың архив құжаттарын зерттеп, іздестіріп, жарыққа шығарудан гөрі, өзіне дейін жарияланған, басқа зерттеушілердің еңбектерінде келтірілген мәліметтерге сүйенеді, сондықтан да объективті түрде сол авторлардың қателерін қайталауға мәжбүр болған. Кітапта Т.Рысқұловтың  тарихи мұрасын ғылыми айналымға енгізуге талпыныс жасағанымен де, оның жарық көрген ең маңызды құжаттары назардан тыс қалған, ал, бұл деректерсіз объективті ғылыми тұжырым жасау өте қиын екені белгілі. Осындай кемшіліктеріне қарамай-ақ  В.М.Устиновтың Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы, іргелі ғылыми еңбекті жарыққа шығаруы – ерекше атап көрсететін жетістік еді.

Информация о работе Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері