Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:25, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қылмыскертұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ

1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау

2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР

2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi
2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар

3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі
3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы 3.3. Әдістемелердің сипаттамасы
3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы
3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі
3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі
3.4.Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу және талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

диплом ж.docx

— 122.96 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                     

1   КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ                                                                                           

 

1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын   анықтау                                                                                                             

1.2 Кәмелетке толмағандардың   әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі        

1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау                                                                                                

 

2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР            

 

2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi  және оған әсер ететiн жағдайлар

2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi               

2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар                                                                                                             

 

3   КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ                                  

 

3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі                                                  

3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы                                                             3.3. Әдістемелердің сипаттамасы                                                                           

3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы

3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі

3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі

3.4.Алынған нәтижелерді  математикалық өңдеу және талдау                                    

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                         

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                          

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің   өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi   жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi,  яғни олардың өзiн-өзi бағалауының  жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.

Қазіргі кезде   кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының   ерекшеліктері,  яғни  өзін -өзі бағалауы,  қарым – қатынас, мінез-құлық  туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.

Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде болашақ ұрпақтың, әсiресе    кәмелетке толмағандардың терiс жолға түспеуiн, адемгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өзiн-өзi бағалауы маңызды болып табылады.

Бұлай болу себебі қазіргі  таңда   отбасы  жағдайына, заман талабына   сай, әр түрлі   зиянды   заттардың арқасында  ешқандай   кінәсіз  толық қарым – қатынасқа   түспейтін,    кәмелетке толмағандардың қылмысы  көбеюде.

       Қазақстан Республикасы ІІО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелер келесідей нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданған Бала құқықтары туралы конвенциясы (1994 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесімен күшіне енгізілген), 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы және т.б. Бұдан басқа бұл бөлімшелердің қызметі тікелей Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция учаскелік инспекторларының жұмысын ұйымдастыру туралы Ережені жариялау туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы №290 бұйрығымен реттеледі. Аталған нормативтік құқықтық актіде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің келесідей негізгі міндеттері көрсетілген:

1) кәмелетке  толмағандардың арасындағы құқық  бұзушылықтардың, бақылаусыздық пен  қараусыздықтың және қоғамға  қарсы әрекеттердің алдын алу  және олардың болуына әсер  ететін себептерді анықтау және  жою;

2) кәмелетке  толмағандардың құқықтары мен  бостандықтарын қорғауды қамтамасыз  ету;

3) ауыр  жағдайда қалған кәмелетке толмағандарды  әлеуметтік оңалту;

4) кәмелетке  толмағандардың заңға бағынышты  мінез-құлқын қалыптас-тыру;

5) құқық  бұзушылықтарды және қоғамға  қарсы әрекеттерді жасауға кәмелетке  толмағандарды тарту фактілерін  анықтау және жолын кесу;

6) құқық  бұзушылықтың, бақылаусыздық пен  қараусыздықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен өзара байланыста болу .

         Қазақстан  Республикасы Конституциясының 27-бабына  сәйкес, балалық шақ мемлекеттің  қорғауына алынған, ол мемлекет  таныған және қорғайтын негізгі  құндылықтардың бірі болып табылады. Сондықтан да кәмелетке толмағандарды  тәрбиелеуге, олардың мораль және  құқық нормаларын сақтай отырып, өмірде дұрыс ұстаным ұстауына  баса көңіл бөлінеді, бұл ретте  жұртшылықтың мүмкіндігі мен  заң күші барынша пайдаланылады.  
         Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы бөлімнің 78 – бабы анықтағандай, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар деп танылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөнінде істерде қараған кезде сот кәмелетке толмағанның жасын нақты анықтауға бағытталған шаралар қабылдауға міндетті (айы, күні, жылы). Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі істер мен оларды қылмыстық және өзге қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» 2002 жылдың 11 сәуіріндегі нормативті қаулысында, еліміздің соттары, анықтау және тергеу органдары жетекшілікке алатын ережелер белгіленеді.

                 Кәмелетке толмағандар туралы  дербес бөлiмнiң Қазақстан заңдылығында  пайда болуы бiрiншi рет Қазақ  ССР Қылмыстық кодексiнде кәмелетке  толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiгiне  көзқарас жеткiлiктi түрде iзгiлiк  тұрғыда болса да, осы тақырып  бойынша нормалар Жалпы бөлiмнiң  әр түрлi баптарында шашырап жүйеленбеген  едi. Сол себептi қылмыстық заңда кәмелетке толмағандарға арналған арнайы бөлiмнің пайда болуы бұл елiмiздiң қылмыстық заңының жоғары даму деңгейiн көрсетiп отыр.

     Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысының себептері ересектердің қылмысымен салыстырғанда қарым-қатынас кезінде, өзін-өзі танытуда және көшбасшылық жасауда қажеттілікпен ерекшеленетін өзіндік өзгешеліктері бар, бұл тұрақты топтардың пайда болуына себепші. Ең белсенді криминалды топтар тұрақты табыс көзі жоқ, жұмыссыз жасөспірімдерден, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан кәмелетке толмағандардан, сондай-ақ аз қамсыздандырылған және жағдайы нашар отбасылардан шыққандардан құрылады.  
         Кәмелетке толмаған тұлғаны біз өзіне және қылмыстық психологиясы бар байланыстарын жүйе ретінде қарастырамыз, олар бейәлеуметтік істерді жасап әкеп соғады: зорлау, тонау, ұрлық және т.б. Сонымен бірге сипаттық заңдылық байқалады: интеллектік дамудың төменгі деңгейі тұлғаның интеллектік дамуы төмен болған сайын оның мінезінің сипаты тұрақсыз болады, сонымен бірге бейәлеуметтік қарамаудың әсеріне тез түседі. Бірақ та кәмелетке толмаған құқық бұзушының микроортасының теріс әсері қаншалықты күшті болса да, ал аморальді істерге әкеп соғуы мүмкін, онда оның мінезінің құрылымында, теріс әсер тиімді жағдайды туғызатын құлықтар мен қасиеттері болады. Сондықтан да, біз патогендік себептердің осы комплекстерін жан-жақты оқуға тырысамыз, өйткені ол кәмелетке толмаған сотталған тұлғалар да тұрақты немесе мінезінің уақытша онтологиясына әкеп соқты.

Қазіргі кезде кәмелетке толмаған жастар қылмысының «жасару» тенденциясы, жасы кіші балалардың қылмыстық белсенділігінің жоғарылауы байқалуда. Сонымен қатар, әйел жынысты жасөспірімдердің қылмыс жасауы өсуде. Қыздар арасында қылмыстың салыстырмалы аз таралуына қарамастан, біршама қоғамдық қауіп келтіреді.

Психикалық ауытқулары бар кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыс саны көбеюде. Бұған невроздың кез-келген түрлерін, қалыпты деректілікті, психопатия, алкоголизмді көңіл бөлінуді жатқызады.

Аталған көңіл бөлінулер – ауыр емес және тұрақты аурулар. Көптеген жағдайда олар ауыр тұқымқуалаушылық салдарынан емес, тиімсіз өмір шарты мен тәрбие салдарынан алынады.

Қылмыскердің жастық ерекшеліктерін криминологтар әдетте: 14-15 жасөспірімді – кіші жасты, 16-17 жас кәмелетке толмаған жастар топтарына бөледі.

14-17 жас интервалындағы  контингентіндегі құлықтарының  криминологиялық әлеуметтік және  психологиялық ерекшеліктері көрсетілген  жастық топтарының жасөспірімдердің  жүріп-тұруына, олардың өмір сүру  шарттары секілді ерекшеліктері  әсерлерін тигізеді. Осыдан жасөспірімдердің  қылмыстарын 14 жасқа дейін және 17 жастан жоғары құқық бұзушылар  тұлғаларды қарастыру қажет.

Статистикалық деректер әрбір 19-ыншы қылмысты кәмелетке толмағандар жасайтынын көрсетіп отыр. Олардың 80 пайыздан астамы мүліктік-зорлық сипатта және 1,6 пайызы кісі өлтіру болып келеді. Алаңдаушылық туғызатыны, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың 50 пайызы мектеп, лицей, гимназия оқушылары екендігі.

Әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде кәмелетке толмағандардың қылмыстық мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін факторларды төмендегідей бөліп көрсетеді:

  • агрессивтілік;
  • өзін-өзі басқарудың төменділігі;
  • әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
  • ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
  • ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
  • физикалық жазалау;
  • жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;
  • отбасының құлдырауы;
  • ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;
  • әлеуметтік қанағатсыздану;
  • асоциальды топтарға қосылу.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылырдың санының көбеюі отбасы құрылымындағы кемшіліктерге байланысты. Қандай себептерге байланысты болмасын отбасының бұзылуы, жасөспірімнің бойында терең із қалдырады.  Олар қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі, тұйық бола бастайды. Кейбір жағдайларда, ажырасу, ішкілікке салыну немесе ата-анасының  біреуінің бей-моралдық мінез-құлқына байланысты болса, бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды тәрбиелеу жағдайының жақсаруына ықпал етуі мүмкін.

Р. Бэрн және Д. Ричардон қызуқандылық детерминантының төрт негізін бөліп көрсетеді: әлеуметтік, сыртқы, жеке және биологиялық.

Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайлар деуге болады:

  • жиі болатын ата-ана арасындағы ұрыс, жанжалдар,
  • ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;
  • балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
  • жасөспірімдердің пікірін елемеу;
  • ата-аналары тиісті жылулықты  бере алмауы;
  • балалардың ар-намысына тию;
  • тәрбие жүйесінің сапасыздығы.

Криминологтардың мәліметтері бойынша, қатігездікті, зорлықты іске асырған тұлғалардың көпшілігі, бала кезінде кемсітуге, жазалауға, үлкендер жағынан қатал қарауға ұшырағандар.

Республикалық психиатрия, психология және нашақорлық ғылыми-практикалық орталығының есебі бойынша психикалық және мінез-құлықтың ауруларымен ауыратын адамдар саны 322671, оның ішінде: ересектер 240729, жасөспірімдер 23487, балалар 58455. Яғни әр бір сегізінші жасөспірім психика мен жүйке жүйесіне байланысты әр деңгейлі патологияларға ұшыраған. 15 жасқа дейінгі балаларда -22% , ал 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер -32,7 % болған.Ал жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке келетін болсақ, соңғы төрт жылда 21 есеге өскен. 2013 жылы спиртттік ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс-әрекеттік бұзылыстар психиатр дәрігерлерге 610 бала тіркелген. Есірткеге тәуелділік 1500-ге жуық жасөспірімде  анықталып, 14-ке дейінгі балаларда 385-ке жеткен.

 Ішкі істер министрлігі  кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың ерте алдын алу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын көтеру және заңға мойынсал мінез-құлық қалыптастыру мақсатында басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрақты негізде акциялар өткізіп отырады. Мысалы, ағымдағы жылы «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» және «Жұмыссыз отырма» акциялары ұйымдастырылады,«Нұр Отан» ХДП, прокуратура, сот, білім беру органдары, ата-аналар комитеттері, үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті атқарушы органдары. Сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейлерде «Мектептердегі құқықтық тәртіп», «Отбасы және мектеп», «Мектеп бітіру кештері» және «Жұмыспен қамту» жедел-профилактикалық іс-шаралары тиімді атқарылады.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы