Адам денсаулығын жақсартуға арналған «Бапол» тағамдық өнімді өндірудің биотехнологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 08:07, дипломная работа

Краткое описание

Біріншіден, біздің халықтар арасында дұрыс тамақтану мәдиениеті әлі толық деңгейде қалыптаспаған, парықсыз тамақ қабылдау кеңінен дамыған. Жасына, жынысына, қуатына жыл мезгіліне, тәулігіне, артық не кем салмағына, ауру күйіне т.б. байланысты тамақтану ережелері әлі халықтар арасында жеткіліксіз.
Екіншіден, техникалық жетістіктерге байланысты дене қозғалысы шектеліп (гиподинамия), энергия шығыны азаюда.Оның үстіне қуатты тағамдар көп қолданылуда.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.....................................................................
Тағамдық талшықтар және өндіру технологиясы........................................
Адам тамақтануындағы тағамдық талшықтар............................................
Тағамдық талшықтардың қасиеттері......................................................
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕРІ...................................................
Зерттеу материалы..........................................................................................
Зерттеу әдістері.................................................................................................
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................
ҚОСЫМШАЛАР.........................................

Вложенные файлы: 1 файл

ДИМЛОМ ХАМИТОВА ЗАУРЕ БТ-41.docx

— 126.08 Кб (Скачать файл)
  1.  Ішек перистальтикасының табиғи үдеткіші болып табылады және калолық массаның негізін құрайды.
  2. Бапол тағамдық талшықтарының күрделі химиялық құрылымы және талшықты-капиллярлы құрылысы соңғысын өз бетінде толық қорытылмайтын, шіру, ашыту токсикалық заттар енетін көптеген заттарды адсорбтайтын энтерсорбент ретінде қарастыру мүмкіндігін береді. Одан басқа олар асқазан қышқылдары мен  олардың метаболизм заттарын сорбтайды, асқорыту жүйесінде  тұрып қалу күйінің дамуын алдын алатын  соңғысының бауырда түзілуін белсендетеді және  өт қабатына тас байлану ауруын алдын алуда маңызды рөл атқарады. Асқазан қышкылдарының алмасу интенсификациясы бұл үдеріске холестериннің қосылуын артырады және соның арқасында холестерин қанда азаяды. 
  3. Баполдың табиғи талшықтары  май, көміртегі және т.б. тағам компоненттерінің  асқорыту ферменттерінің әрекеттеріне қолжетімділігін азайтады. Бұл соңғылардың қанда кенет көбеюін алдын алады, осыны диабетикалық және атеросклеротикалық өзгерістерге қарсы алдын ала қолданылатын шаралар ретінде қарастыруға болады.
  4. Тағам талшықтарының көптеген компоненттері оны тұрақты нәрлі субстрат ретінде қолданатын ішектің табиғи бактериалды флорасының ферменттерінің әрекеттеріне қолжетімді. Бактериялармен синтезделетін   В,К дәрумендер тобы мен биотонның бүтіндей тізбегінің қосымша нутриенттер ретінде құрылуы және ағзаға түсуі осы үдерістің қортындысы болып табылады. 
  5. Тоқ ішектің тұрақты азқышкылды ортасын ұстап тұру осындай қосымша асқорытудың нәтижесі болып табылады. Бұл  токсикалық және потенциалды канцерогенді затардың үлкен көлемін түзетін қортылмаған ақуыз құрылымдарын ыдырататын шіріткіш бактериялардың белсенділігін басады.
  6. Ішек қабырғасының тітіркенуі, ішектің тұрақты босатылуы, токсикалық заттардың артық болмауы ішек-қарын жолы мен құрсақ қуысында қан және лимфа айналымды  жақсартады және оңтайландырады. Бұл  иммуннокомпоненті ұлпалардың, эндокринді мүшелердің (жыныстық, буйрек үсті безі, ұйқы безі) және ағзаның осы аймақтағы барлық мүшелерінің толық қанды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сонымен,  бапол тағамдық талшығының қажетті санының ағзаға келіп түсуі эубиозды қолдаудың негізгі факторы,  созылмалы іш қатулар және олармен тығыз байланысты интоксикацияларға, өт қабына тас байлануға және тоқ ішекті алдын ала рактік және рактік өзгерістердің дамуына қарсы қолданылатын шаралардың басты бөлімі болып табылады.

  1. Одан басқа тағамдық талшықтар көміртекті, ең бастысы липидті және холестеринді алмасудың тұрақты орындалуына ықпал етеді.
  2. Соңғы уақытта  сүт безі мен тоқ ішек рагін алдын алуда ғалымдармен азықтық клетчатканың  маңыздылығы терең талқылануда.  Одан басқа, біртекті етті және майлы диеталардың әсерінен дамитын ішектегі табиғи микробтық байланыстардың бұзылуы тағамдық талшықтардың аз қолданылған кезде гормональді канцерогенді әрекет ететін холестерин мен ас қышқылдарының  микробты метаболизмінің патологиялық заттарының жиналуына алып келеді.

II. Баполдың ағзаға  әсер ету механизімі.

Ішекті токсиндерден тазарту.

Ішектегі қышқылдықты қалыптандырып  бапол шірік флораны басуға және интоксикацияның азаюына ықпал етеді. Ішек бетіне  саны өте көп микробүрлер төселген, олар арқылы ішек флорасымен синтезделетін дәрумендер,  биологиялық белсенді заттар, ас қорыту өнімдерінінің сорылуы қамтамасыз етіледі. Калолық массалардың өтуі баяуланған кезде ішектегі бұл үлкен сорғыш бет ісіктердің дамуына және ағзаның басқа мүшелеріне ісіктің таралуына әкелуі мүмкін сырттан келетін және ішекте немесе ағзада түзілетін токсикалық заттарды алдымен өзіне кейін қанға сора бастайды.  Ішектің қалыпты жұмыс істеуі  ферменттердің  қабырғалық қабатының тұрақты түрде жаңартылып отыруының арқасында ағзаның дұрыс метаболизмін қамтамасыз етеді. Бапол бөлшектері бүрлердің арасына жататындай қабырғалық асқорытудың қосымша ортасы болатын болып таңдалған. Бұл тағам массаларының толық ыдырауына және толыққанды  тамақтануға  ықпал етеді.

Толық емес метаболизм  мембраналық жасушаларды бұзуы, оларда қате митозды тудыруы  және рак ісіктерін қоздыруы мүмкін бос радикалдардың құрылуына әкеледі. Сол себепті  ағзаның қалыпты тазарылуын түзеу және қолдау қажет.

Көп клиникалық материалдарда анықталғандай ішек ішіндегісін шұғыл көшіру және  өз бетінде токсикалық заттарды реабсорбирлеу арқылы бапол  ағзаның басты ластану көзі ішектің санитары болады;  қуатты сорбент болғандықтан бапол ағзаны токсикалық заттардан тазартады.

Ағзадан токсикалық заттардың уақытылы шығуы ұзақ өмір сүрудің,  өмірді «толық» сезінудің,  аурулардың алдын алудың кепілі болып табылады.

Ағза өскен сайын ішектің қызметі  жиі бұзылады. Қазіргі таңдағы адамға дәрет алу қиындықтар тудырады, ал оның ішегі әртүрлі аурулар мен ісіктердің дамуын тездететін ағза ластануының орталығы болып табылады.   Баполды қабылдау дәрет алуды реттейді, ішектің қышқылдық ортасын өзгертеді, ал түзілген немесе келген токсикалық заттар баполмен адсорбталады, сол арқылы баполдың антитоксикалық әсері қамтамасыз етіледі. Ішек қабырғаларын сылау, калолық массаның тұрып қалуының болмауы  ішек қабырғасында қан айналым мен лимфа айналымының жақсаруына ықпал етеді, ал  қажетті аминқышқылдар, дәрумендер, макро және микроэлементтер кешені ішек қабырғасы мен айналасындағы анатомды-физиологиялық құрылымдардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етеді, бұның барлығы ағза иммунитетінің 60% қамтамасыз ететін асқорыту жолында ағзаның иммунды жүйесі құрылымдарының жұмыс істеуін айтарлықтай жақсартады.

Осындай сылау плазматикалық жасушалардың белсенуіне ықпал етеді. Плазматикалық жасушалар шырышты қабықта және   эптелий астындағы қарын бүрлерінің стромаларында еркін орналасады. Олар  қазіргі таңда белгілі барлық кластардың (G, A, M, D, E) имунноглобулиндерин синтездейді және құпияландырады. Бұл иммунды жүйе қызметін жақсартатын  және оңтайландыратын жетекші механизмдердің бірі болып есептеледі.  Баполды қабылдау тағамдық аллергия белгілерінің  азаюна немесе жоюлуына не себепті әкелетіндігі түсінікті болады. Бұны дәлелдеу үшін тағам аллергиясы  және нейродермиті бар балаларға клиникалық зеріттеу жүргізілді. Аурулардың 92% керемет нәтиже алынды.

Тазартылған тамақты қолдану дисбактериозды тудыруына және  жасушалардың патогенді формаларының дамуына   әкелетін ішектің микрофлорасының құрамына  айтарлықтай әсер етеді. Баполды қабылдау ішек ортасын қышқылдандыра отырып  микрофлораның қалыпқа келуіне ықпал етеді. Бұл бағыттарға сәйкес  И. И. Мечениковтың сүтқышқылды тағамдарды қабылдауды ұсынуының негізі бар.  Біз баполды айранмен бірге қабылдауды ұсынамыз.

Өт айдау әсеріне ие бапол өттің айналымының тездетілуне ықпал етеді, бұл майлардың толық ыдырауына және май ыдырататын дәрумендерді соруға әсер етеді. Одан баска, өт айдау әсері  зат алмасуда токсикалық затарды  шығаруға көмектеседі.  Өт қышқылдарының өздері антиоксидант болып табылады.  Олар бос радикалдарды жоюға ықпал етеді және ішек қабырғаларын бұзылудан қорғайды. Ішектің шырыш қабатының күйі  негізігі қызметтерді қамтамасыз етуде маңызды. Біз бапол қабылдайтын емделушілерде өт қабына тас байлану ауруының пайда болуының айтарлықтай азаюын байқадық.

Баполдың физикалық және физиологиялық қасиеттері ішектің эндокринді жүйесін ынталандыруға әсер етеді. Бұл эндокринді жасушалар  шырышты қабықта және ішек-қарын жолындағы асқорыту бездерінде шашылған.  Эндокринді  аппаратпен шығарылатын  ішек- қарын жолындағы (30 астам) гармондар (гастроинтестиналды гормондар) адамның белсенділігін, көңіл күйін, сезімдерін, тәртібін реттеу арқылы  ағза мен жүйелерге кең көлемді ықпал етеді. Баполды қолдану адамның жалпы халін және көңіл күйін жақсартады. Ішек-қарын жолына келетін болсақ, бұл гармондар секрециясын, моториксын, сорып алдуы модуляциялайды, шырышты қабыққа трофикалық ықпал етеді.

Баполды қолдану қант диабетінің жеңіл формаларымен ауратын адамдардың көбінде  14-18 күннен кейін  қандағы глюкоза деңгейін қалыпты сандарға азайту мүмкіндігін берді.  Глюкоза деңгейін  қалыпқа келетіретін әрекеттерді жүзеге асыратын механизмдердің  бірі  вегативті жүйке жүйесінің  парасимпатикалық бөлімінің қызметін және ұйқы безінен инсулинді бөлуді күшейтетін гастроингибирлейтін пептидті  ынталандыру болу мүмкін. Бұл аурулардың категориясымен баполды күнделікті қабылдаудың артықшылығы көрсетілді.

Баполды қолданғаннан кейін вегативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің белсенуі  кіші жамбас мүшелерінде қан айналымының күшеюіне,  аналық бездердің қызметінің жақсаруына,  эрекция орталығының белсенуіне әкеледі. Бұл реакцияларды байқамауға болады, бірақ  үнемі баполды қабылдап жүрген емдеушілер 1.5-2 айда өздерінде либидоның артқанын, көңіл күйлерінің жақсарғанын және т.б. жағымды өзгерістер болғанын байқады. Бапол  жыныстық қызметтің белсенді ынталандырғышы емес, бірақ оның қызметін қалыпқа келтіреді.

                                      Баполдың құрамы

Баполдың құрамында тағамдық талшықтардың көп мөлшері және тіршілікке маңызды макро- және микроэлеметтер бар:

100 г өнімде г

         Ақуыз, г%                                                                 16,0-18,0

Май, г%                                                                      3,0-3,8

Көмірсу, г%                                                          10,0-11,5

Тағамдық талшықтар мен жасунық, %                                 44,065,0

Минерал заттар, мг/100 

натрий                                                                      86-90

калий                                                                        1000-1110

кальций                                                                    120-200

магний                                                                     40-450

фосфор                                                                    900-1000

темір                                                                        17-18

цинк         0,7-0,82

мыс         1,0-1,4

молибден        0,32

марганец        2,8

Витаминдер, мг/100г

В1                                                                            0,92-1,1

В2                                                                            0,05-0,056

РР                                                                            15,0-17,0

Е         11,4-15,7

  Аминқышқылдары 1 г ақуызға мг

Лизин         34,0-35,9

Треонин        29,2-29,5 

Валин        35,4-37,6

Метионин        6,6-6,8

Изолейцин        23,5-23,6

Лейцин        62,3-62,6

Фенилаланин       35,0-35,7

Аспарагин қышқылы      70,8-71,8

Глютамин қышқылы      210,2-211,8

Пролин        65,0-65,3  

Тағамдық  заттар  маңыздылығы  неде?

 

     Тағам –  организм өзінің өмір сүруі үшін сыртқы ортадан алатын органикалық және органикалық емес химиялық заттар жиынтығы.

Жалпы ол организмде  зат  алмасуды, жасуша, жасуша ішілік, тін элементтерінің құрылымдарын онымен байланысты  барлық жүйелер қызметіне жағдай жасап ішкі орта тұрақтылығын сақтап, сыртқы ортаның кез келген  әсерлеріне (қатерлі факторларына) адамның қорғаныс қасиетін күшейтіп  бейімделуін қамтамасыз етеді.

 

 

 

-2-

  Өмір сүру ұзақтылығын  қамтамасыз етіп, жұмысқа қабілеттілігін  арттырады. Ал дұрыс тамақтанбасаң  ол ауру дамуына жағдай жасап, өлім қауіпіне алып келуі мүмкін (дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұжымының ақпараты бойынша барлық  өлімнің  60 %  тағаммен байланысты).

    Денеден жұмыс  және демалыс кезіндеде үздіксіз  энергия шығатын болғандықтан, тағамдық  заттар организмге тұрақты түсіп  тұруы қажет.    

    Тағамдық заттарға  нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды  заттар. витаминдер, тағамдық талшықтар  және су жатады. Нәруыздар құрылыс  материалы ретінде организмдегі  жасуша ішілік органоидтер, жасушалар, тіндер мен мүшелердің, гармондар  мен ферменттердің, түзілуіне қатысады. Барлық зат алмасу процесінің  дұрыс жүруін майлар, көмірсулар, витаминдер, минералды заттар  қамтамасыз  етеді.

     Нәруыздардың қасиеті – оның құрамындағы аминоқышқылдарға  (алмаспайтын және алмасатын)  байланысты.  Алмаспайтын аминоқышқылдар адам ағзасында түзілмейді, олар  тек тамақпен  түседі (валин, метионин, триптофаран, треонин, фенилаланин, лизин, лейцин, изолейцин). Ал олар  организмге жеткіліксіз мөлшерде түссе адамдар ауруға шалдығуы мүмкін. Алмастыруға болмайтын аминоқышқылдардың толық кешені малдар не балықтар ақуызының құрамында болады. Ал, алмастыруға болатын аминоқышқылдар (аланин, пролин, серин, тирозин, цистин, цистеин т.б.) адам организмінде түзіледі. Барлық аминоқышқылдардың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін барлық нәруыздың 75-80%  жануарлардан алынған тағамдар  нәруызынан болуы керек. Жалпы тәулігіне адамдарға  85-90г  нәруыз керек  (оның 55%  мал нәруызы) және 1 грамм белок 4 ккал энергия бөледі.

     Майлар –  организмде негізінен жасушалар мен тіндер құрамында  энергетикалық және пластикалық роль атқаратын тағамдық заттар. Майлар биологиялық белсенді заттар құру арқылы ферменттер белсендігін реттейді, витаминдерді  (А,Д,Е,К) жақсы ерітеді. Майдың да қасиеті оның құрамындағы  май  қышқылдарына  (қаныққан,   қанықпаған)      байланысты.          

     Қаныққан май  қышқылдары көп мөлшерде мал  майларында кездеседі және ол  қанда пайдасыз холестеринді  көбейтіп, атеросклероз ауруына  шалдықтырады.

    Ал, қанықпаған  май қышқылдары, ол барлық тағамдық  майлар құрамына кіреді, әсіресе  өсімдік майларында көп. Олар  ағзада түзілмейді, тек тағаммен  ғана түседі. Қанықпаған май қышқылдары  жалпы зат алмасуын , холестерин  алмасуын реттейді және жасуша  ішілік энергияның пайда болуына  әсер  етеді.   Жалпы тәулігіне  адамдарға  80-100 г май қажет, оның 30% өсімдік майы  болуы керек  және 1 г май 9,3 ккал береді.

Информация о работе Адам денсаулығын жақсартуға арналған «Бапол» тағамдық өнімді өндірудің биотехнологиялық негіздері