Адам денсаулығын жақсартуға арналған «Бапол» тағамдық өнімді өндірудің биотехнологиялық негіздері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 08:07, дипломная работа
Краткое описание
Біріншіден, біздің халықтар арасында дұрыс тамақтану мәдиениеті әлі толық деңгейде қалыптаспаған, парықсыз тамақ қабылдау кеңінен дамыған. Жасына, жынысына, қуатына жыл мезгіліне, тәулігіне, артық не кем салмағына, ауру күйіне т.б. байланысты тамақтану ережелері әлі халықтар арасында жеткіліксіз. Екіншіден, техникалық жетістіктерге байланысты дене қозғалысы шектеліп (гиподинамия), энергия шығыны азаюда.Оның үстіне қуатты тағамдар көп қолданылуда.
Содержание
КІРІСПЕ.......................................................................................................... 1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ..................................................................... Тағамдық талшықтар және өндіру технологиясы........................................ Адам тамақтануындағы тағамдық талшықтар............................................ Тағамдық талшықтардың қасиеттері...................................................... ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕРІ................................................... Зерттеу материалы.......................................................................................... Зерттеу әдістері................................................................................................. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ......................... ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................ ҚОСЫМШАЛАР.........................................
Көмірсулар тағамдық
заттардың негізгі бөлігі болып табылады.
Көмірсулар (әсіресе глюкоза, гликоген,
фруктоза, галактоза т.б.) миды, бұлшық
еттерді, жүрек еттерін қоректендіреді,
тіндерге тез сіңеді, май-нәруыз алмасуына
жағдай жасайды, жасушаны энергетикалық
және
-3-
пластикалық материалдармен
қамтамасыз етеді, көп қолданғанда артық
салмақтық пен семіру дамиды. Тәуліктік
қажеттілік 400-500г және 1 гр көмірсу 4,1 ккал
береді.
Витаминдер –
химиялық табиғаты әртүрлі, организмде
түзілмейтін немесе өте аз мөлшерде түзілетін
аз молекулалы органикалық қосылыстар.
Олар негізінен зат алмасу процестеріне
қатысады, барлық мүшелердің қызметтеріне
қолайлы жағдай жасайды, адамның әртүрлі
факторлар әсеріне бейімделу мүмкіндігін
және еңбекке деген қабілеттілігін арттырады.
Егер тағам құрамында аз болса немесе
жыл мезгіліне байланысты жеткіліксіздігі
дамыса тез шаршаушылық, әлсіздік,
қуатының азаюы, суыққа төзімділік пен
жұмысқа қабілеті төмендейді. Витаминдердің
әр түріне қарай жеткіліксіздіктер мүшелер
қызметінің бұзылуына әкеліп соғады және
соған тән клиникалық белгілер пайда болады.Витаминдер
адам организміне шамадан көп түссе
де аурулы жағдайлар дамиды.
Минералды заттар - тағам құрамының негізгі
маңызды бөлігі болып табылады. Олар қышқыл
негіз және су – тұз қарым-қатынастарын
тұрақты сақтауға, зат алмасуын (ферменттер
құрамында), мүше қызметтерін, пластикалық
процесстерді қамтамасыз етуге, сүйек
тіндерін түзуге қатысады. Организм тіндерінде
көп кездесетін түрлерін (натрий, калий,
кальций, магний, фосфар, хлор т.б.) макроэлементтер,
ол өте аз мөлшерде кездесетіндерін (темір,
фтор, иод, молибден, марганец, кобальт
т.б.) биомикроэлементтер деп атайды. Биомикроэлементтердің
жеткіліксіздігі организмде көптеген
аурулар туғызады (эндемиялық зоб, кариес,
мешел, анемия, бүйрек, жүрек және жүйке
т.б. ауруларды).
Су - адам организмінде
жүретін барлық мүшелердің қызметін және
органикалық, бейорганикалық заттардың
еруі үшін зат алмасу процесстерінің дұрыс
жүруі үшін жалпы адамның өмір сүруі үшін,
өте қажет. Ересек адамдар салмағының
60 % - ы судан тұрады. Тәулігіне 2500 (сұйық
өнімдерден 1,5л, қатты тағаммен 600мл су,
зат алмасудан 400мл су) қолданылып сондай
су организмнен бөлініп отырады.Су
жеткіліксіздігінен қан қоюланып қышқыл-негіз
тепе теңдігі бұзылады, қоректік заттармен
организм дұрыс қамтамасыз етілмейді,
әсіресе ең алдымен бүйрек пен ми жұмысы
нашарлайды.
Тағамдық рационмен тұрақты тағамдық талшықтар
(өсімдіктер өнімінен) түсіп тұруы керек
(тәулігіне 25-35 г). Тағамдық талшықтар ас
қорыту процесі кезінде ішек қабырғасын
тітіркендіріп оның жиырылуын қамтамасыз
етеді.Ішек микрофлоралары тағамдық
талшықтарды витаминдер түзу үшін
қолданады. Тағамдық талшықтар
арқылы зат алмасудың керексіз заттары,
токсиндер байланысып организмнен шығарылады,
тоқ ішектің тазаланып босауын, холестерин
шығуын қамтамасыз етіп, бауыр қызметін
жақсартады. Тағамдық талшықтар
жеткіліксіз болса ішек қызметі бұзылып,
қатпа дамып, организм уланады.
Қорыта айтқанда нәруыз,
көмірсу, май, су, минерал, тағамдық
талшықтар биохимиялық процестерге
ұшырап, зат алмасу қамтамасыз
етіліп адам
-4-
организмі өзіне қажетті
қуат алады. Бірақ, организмде пайда болған
энергия мен жұмсалатын энергия арасында
тепе-теңдік болу керек.
Егер, тағамдық заттар арқылы
түсетін тәуліктік тағам, жұмсалатын энергиядан
тұрақты 300 ккал артық болатын болса
( 100гр. тәтті нанша), онда күнде 15-30 гр, ал
жыл аяғына дейін 5,4-10,8 кг май жиналады.
Міне артық салмақтық болуыда және
семіру де осыдан, сондықтан тамақтану
тәртібін және оның зандылықтарын білу
керек.
IV. Баполды қолдану
жолдары
Ағзаның жүйелі түрде табиғи
тазаруы үшін баполды күн сайын
қабылдау қажет.
Созылмалы іш қатумен
ауратын кез-келген жастағы ауруларға. Біздің емделушілер, әсіресе
жастары улкендері, баполды үнемі қабылдауды
бастағанан кейін 4-6 күнде дәрет алудың
қалыпқа келгендігін байқады. Баполдың
гидрофильды қасиеті ішек саңылауларында
суды ұстау және дефекация акті кезінде
рефлекторды ықпал етуді қалыпқа келтіру
арқылы калолық масса консистенциясын
айтарлықтай ыдыратады. Біздің дәрет
алуы кідіретін балаларға жүргізген бақылауларымыз
басқа фармакологиялық препараттардан
көрі баполдың қуатты әсерін сенімді
айтуға мүмкіндік береді. Бапол ішектің
моторлық және электрикалық белсенділігін
қалыпқа жақсы келтіреді. Бұл аурулар
категорясына аннотацияларда көрсетілген
бір ішерлік мөлшерді арттыруға болады.
Бұл жағдайда бір ішерлік мөлшер дәреттің
консистенциясымен және жүйелілігімен
анықталады.
Өт іркілетін қалта
өт жұмысы бұзылған және өтте тас түзілуі
мүмкін кезде. Баполда анықталған өт түзілу
мен өт шығаруды ынталандыратын қасиеті
өт іркілетін қалтада тас пайда болуын
алдын алады. Біздің зеріттеулеріміз көрсеткендей,
бапол холестеринді шамалы азайтатын
әсерге ие, бұл құм мен тастардың түзілуіне
ықпал ететін холестериннің қаттыкристаллды
фазаға өту ықтималдылығын азайтады.
Тастар шығыс жолдарын бітеуі мүмкін
және сары аурудың дамуына ықпал етуі
мүмкін. Бұл жағдайда өт сорыла
бастайды және қанға түсе бастайды. Баполды
қолдану бұндай асқынудың дамуын ескертеді.
Артық салмақ, семіру
кезінде және диабетті алдын алуда. Қазіргі уақытта қалыптасқан
тамақтану түрі саналық деңгейде жетіспейтін
макро- және микроэлементтерді тағамның
негізгі компонентері- май мен көміртегі
арқылы толтырады. Ақуыздар, көміртектер
және майлардың дұрыс емес арақатынасы
кезінде соңғысы ағзада жинала бастайды.
Одан бетер, әрдайым көміртегімен жүктеу
кезінде ұйқы безінің эндокриндік
қызметі және оның толық қанды инсулинді
шығару қабілеті нашарлайды. Өзгерген
инсулин май қорында көміртектердің
бір бөлігін май ретінде қабылдауды
және пайдалануды тудырады. Баполды қолдану
инсулинді шығару қызметін жақсарту, глюкоза
деңгейін азайту мүмкіндігін береді және
осының арқасында семіру деңгейін азайтады.
Одан басқа, салмақ азайтқысы келетіндер
тамақтануға 1-1.5 сағат бұрын бапол қабылдаса,
біртіндеп салмақ азайғанын байқайды.
Бұған баполдың аштық сезімін реттеуі
себеп болуы мүмкін. Баполдың бөліктерінің
көлемінің үлкеюі тою сезімін тудыратын
асқазанның механикалық рецепторлары
мен хеморерецепторларын қосымша қоздырады.
Бұл қасиетті дұрыс қолданса, осы арқылы
аштық сезімді және қабылданантын тамақ
мөлшерін реттеуге болады. Артық салмағы бар
адамдар үшін оны реттеу мүмкіндігі
бірегей болып табылады.
A, B, PP, E дәрумендері
жетпеген кезде. Бапол дәрумендері және бапол
ықпалынан ішек флорасында шығарылатын
дәрумендер табиғи дәрумендерге жақын
және ағзамен тез қорытылады.
Иондар, калий, кальций,
магний жетпеген кезде. Әсіресе баполды несеп айдағыш
препараттарды қолданатын ауруларға
ұсынуға болады. Бұл препараттарды
қолдану несеппен бірге әсіресе иондарды,
калийді және магнийді шығарумен жүзеге
асады. Бұдан басқа, баполда мыс, мырыш,
селен сияқты микроэлементтердің болуы
ферментативті жүйелер жұмысын реттеуге
ықпал етеді, ағзаның антиоксидантты қорғанысын
күшейтеді.
Радиоактивті элементтерді
және ауыр металлдарды ағзадан шығаруды
тездету үшін. Бұл әсер біріншіден, өз
бөліктеріне радиоактивті элементтерді
және ауыр металлдарды абсорбциялаумен
байланысты, екіншіден, ішектің моторикасын
күшейтумен байланысты жүзеге асады. Біздің
зеріттеулер баполдың қорғасынды белсенді
байлайтындығын және ағзадан шығаратындығын
көрсетті.
Емдеу үшін ашығу
кезінде. Толық және бірітіндеп ашығу
кезінде баполды қабылдау ішек пен
түгел ағзаның алмасудың токсикалық
заттарынан жақсылап тазартуды қамтамасыз
етеді. Бұдан басқа, өзінің гидрофильды
қасиеті мен ісіну қасиеті көмегімен бапол
аштық сезімін оңай көтеруге мүмкіндік
береді.
Жыныстық әлсіздік
кезінде. Тұрақты бапол қабылтайтын емделушілер
өздерін жыныстық белсенділік арытқандығын
байқайды. Бұл жағдай жалпы өмірлік
тонусты айтарылықтай көбейтеді. Баполда
көп магнийдің ағзадағы жетіспеушілігін
толтыру гамма-аминмайлы қышқылдар мен
серотонин синтезін қалыпқа келтіруге
ықпал етеді, бұл либидоны қалыпқа келтіреді,
мазасыздануды, күйгеленуді, депрессияға
бейімділікті азайтады.
Ағзаны алмасудың
токсикалық заттарынан күнделікті тазарту
үшін. Тағамға баполды қосу айтарлықтай
дизинтоксикалық әсер алуға, дәрет алуды
реттеуге, эпигастрияда аурлық сезімін
азайтуда, тәбеттің жақсаруына, іштегі
спастикалық аурулардың кетуіне, бауыр
аймағындағы аурулардың азаюына ықпал
етеді. Баполды күнделікті қолдану
рак пен қартаюды алдын алады. Дезинтоксикалық
және тазарту әсерін операцияға дайындалып
жатқан ауруларға қолдануға болады.
Аллергия құбылысын
азайту үшін. Аллергиясы бар ересектер мен
балаларды ұзақ бақылау баполды қоданудың
жөнді екендігін көрсетті. Бұл емделушілердің
көбінде клиникалық жақсару байқалған.
Көп жағдайда бапол қолдануды нәтижесі
басқа танымал энтросорбентерден (белсендірілген
көмір, М полисорбы және т.б.)жоғары болды.
Ішек дисбактриозын
алдын алу және емдеу үшін. Ағза құрылуы үдерісі, әсіресе
тоқ ішекте, микрофлора құрамының шірік
бактериялар түзілетін жағына қарай өзгеруін
тудырады, бұдан басқа, дизентоксикация
үдерісін нашарлататын ішектегі бактериялардың
патогенді штаммы белсенеді. Микрофлораның
өзгеруі ішектегі дәрумендер синтезінің
бұзылуын тудырады. Дисбактериоз гиповитаминоз
кесірінен ұлғаяды. Ішек инфекцисы
бар балалар мен ересектерге баполды қолдану
аз уақытта дәреттің сипатын қалыптандыру
және дисбактериоз дамуын азайту мүмкіндігін
берді.
Жүктілік кезінде. Іштегі нәрестенің дамуы және
жатыр көлемінің улкеюі ішектің жұмыс
істеуіне жағымсыз әсер етеді. Тұрақсыз
дәрет, газдардың жиналуы аутоинтоксикацияға,
диафрагманың көтерілуі мен іштің төменгі
бөлігінде қан айналымының бұзылуы дұрыс
емес демалуға әкеледі. Баполды күнделікті
қабылдау жүкті әйелдерге бұл қолайсыздықтардан
құтылу мүмкіндігін береді. Жүкті әйелдерде
магнийді қажеттілігі 2-3есе артады, оны
бапол арқылы ішінара толтыруға болады.
Сыртқы түр мен терінің
физиологиялық қызметтерін жақсарту үшін. Ағзаның жалпы жағдайы теріден
білініп тұрады. Зат алмасудың барлық
түрі (липидті, ақуызды, дәруменді) мен
алиментарлы және басқа генездің бұзылуы
теріде клиникалық және т.б. көрінуді
тудыратын аурдың пайда болуынан көрінеді.
Сыртынан қарағанда тері өте қарапайым
болып көрінгенмен, тері адам денесін
толығымен жабатын, ораташа ауданы 1,6 м2 болуы мүмкін
өте маңызды және ерекше күрделі мүше
болып есептеледі. Сондықтан тіпті
гомеостазда макроағзаның қозғалысы минималды
болса да, оның салдары теріде сиппатталуы
мүмкін. Ағзаның дұрыс тазалануының,
ішек қызметінің, зат алмасудың бұзылуы
безеулердің, әжімдердің, шаш мен тырнақ
түсудің себебі және аллергиялық қышымаға,
нейродермиттер мен терінің тез қартаюна
жағымды негіз болуы мүмкін.Тері мен оның
жанама заттарының қалыпты метаболизімі
үшін рационды табиғи дәрумендерді
қажетті мөлшері болу тиіс, оған тағамдық
өнім баполды қолдану арқылы жетуге болады.
Баполды күнделікті қолдану метаболизмдік
үдерістерді жақсартады және қалыпқа
келтіреді, токсикалық заттардың жойылуына
әсер етеді, ағзаның иммундық күшін,
бауыр, жүйке және эндокринді жүйелер
жұмысын артырады,осының арқасында
терілік паталогияның дамуын алдын алады
немесе бар аурулардың динамикасы
мен нәтижесін өзгертеді. Біздің зеріттеулеріміз
көрсеткендей жақсы нәтиже экзема,
нейродермит,есекжем, қышыма, себорея
кезінде байқалады.
Біздің соңғы зеріттеулеріміз
көрсеткендей баполды алкоголь
қабылдау кезінде мас болуды азайту
және алкогольды интоксикацияны, бауыр
мен түгел ағзаға алкогольдің әсерін
жою немесе алдын алу үшін қолдану тиімді
болып табылады. Ол үшін алкоголь қабылдау
кезінде және кейін баполдың үлкен
мөлшерін қабылдау қажет.
«Бапол» тағамдық өнімі
күшті энтеросорбенттік қасиетке ие, яғни
тағамдық заттардың сіңімділігін жоғарылатып,
организмді ас қалдықтарынан тазартып,
асқазан-ішек жолдарының қызметін реттейді.
«Бапол» тағамдық өнімінің адсорбциялық
қасиетінің арқасында тағамдық өнімдердің
керексіз қалдықтарынан бойына сіңіре
отырып, қан жүйесінің антиоксиданттық
қасиетін белсендіру және реологиялық
қасиетін жақсарту (Тель Л.з., Лысенков
С.П., Даленов Е.Д., 1998) арқылы сыртқы және
ішкі тыныстық қасиеттерге жағымды әсер
етуімен байланысты болуы мүмкін. Нәтижесінде
жасушалық мембрананың резистенттілігі
жоғарылап, жүйкелік импульстердің өткізгіштігі
жақсарып және жүректің синусты ырғағының
жұмысы қалпына келіп, вегетативті гомеостаз
бен реактивтілік сақталады.
Тағамдық талшықтарды «Бапол»
қабылдаған балалардың физикалық даму
үйлесімділігі тұрақталады, жүрек-қан
тамыр, тыныс жүйелерінің көрсеткіштері
және олардың бейімделу потенциалы жақсарады,
нәтижесінде организмнің реактивтілігі
жоғарылайды. Тағамдық талшықтармен
«Бапол» байыту балалардың тамақтану
статусын жақсартып, зат алмасуды қалыптастырып,
аурушаңдық деңгейін төмендетеді. Организмнің
иммундық реактивтілігі жоғарылайды (салыстырмалы
турде Lg G). Тағамдық үлесте тағамдық
талшықтар мен минералды заттардың мөлшері
жоғарылайды.
Байқанова Раушан Қарабайқызы
Тәжірибеде зат алмасу өзгерістерін
бапол тағамдық өнім арқылы түзетудің
медико-биологиялық негізі.
Тағамдық өнімдер адам организмінде
асқазан-ішек жолдарының микрофлорасын,
қызметтік жүйелердегі тыныс жүйесі мен
тіндердегі зат алмасуды қалыптастыруда
маңызы өте зор және оны қолдану организмнің
физиологиялық қажеттілігін толтырып,
қорғаныс-адаптациялық, иммунологиялық
және антиоксиданттық жүйенің жақсы жұмыс
жасауына әсер етеді (Тутельян В.А., 2001;
Шарманов Т.Ш., 2005).
Соңғы кездерде, организм
қызметтерін оңтайландыру және
асқазан-ішек жолдарының микробиоценозын
қалыптастыру мақсатында көптеген
шаралар, солардың ішінде тағадық
биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ)
кеңінен қолданылып келеді. Жалпы,
тағамдық өнімдердің организмнің
қызмет күйлерін жақсартатындығы
жөніндегі мәліметтер баршылық (
Шарманов Т.Ш., 2000; Плясовская С.В.,
Терехин С.П., 2000; Kataki P.K., Balu S.C.,
2001; Aijanov M.M., 2005; Михалкина Ю.А., Синявский
Ю.А., 2005).
Күнделікті тағамдық биологиялық
белсенді заттарды қолдану иммундық жүйенің
қызметін арттырып, организм жүйелерінің
қызметін жақсартатындығы анықталды (Даленов
Е.Д., Зуева О.М., 1997; Цой И.Г., Синявский Ю.А.,
2006). Тағамдық талшықтарды «Бапол» пайдалану
барысында адамдардың жеке бас денсаулығын
жақсартып, тағамдық үлестің биологиялық
құндылығын жоғарылатуда қол жеткізген
жетістіктер де бар (Шарманов Т. Ш., 1996;
Даленов Е.Д., Тель Л.З., 1998; Сыздыкова А.М.,2008;
Байканова Р.К., 2008;).
«БАПОЛ»
АЗЫҚ ӨНІМІН АЛУ ТӘСІЛІ
Өнертабыс азықтық өнеркәсіп облысына
жатады және алуан түрлі кулинарлық бұйымдарды
дайындаған кезінде қоспа ретінде немесе
негізгі өнім ретінде қолданылуы мүмкін.
Қоспа ретінде
бидай кебектерін қолданатын кулинарлық
бұйымдарды дайындаудың алуан түрлі тәсілдері
бұрыннан белгілі. Кебек құнды азықтық
өнім болып табылады, ол өзінің қасиеттері
мен құрам ерекшеліктері негізінде негізгі
өнім – наннан да асып түседі. А.Ф. Василаки
(Денсаулық сақтау. Кишинев. – 1988. -№5-С.
47-49.) мәліметтері бойынша бидай кебектерінде
бидайға қарағанда ақуыз құрамы –
1,3 есе, май – 2,3 есе, клетчатка – 3,4 есе,
дәрумендер – 1,5 есе көп болады.