Адам денсаулығын жақсартуға арналған «Бапол» тағамдық өнімді өндірудің биотехнологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 08:07, дипломная работа

Краткое описание

Біріншіден, біздің халықтар арасында дұрыс тамақтану мәдиениеті әлі толық деңгейде қалыптаспаған, парықсыз тамақ қабылдау кеңінен дамыған. Жасына, жынысына, қуатына жыл мезгіліне, тәулігіне, артық не кем салмағына, ауру күйіне т.б. байланысты тамақтану ережелері әлі халықтар арасында жеткіліксіз.
Екіншіден, техникалық жетістіктерге байланысты дене қозғалысы шектеліп (гиподинамия), энергия шығыны азаюда.Оның үстіне қуатты тағамдар көп қолданылуда.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.....................................................................
Тағамдық талшықтар және өндіру технологиясы........................................
Адам тамақтануындағы тағамдық талшықтар............................................
Тағамдық талшықтардың қасиеттері......................................................
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕРІ...................................................
Зерттеу материалы..........................................................................................
Зерттеу әдістері.................................................................................................
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................
ҚОСЫМШАЛАР.........................................

Вложенные файлы: 1 файл

ДИМЛОМ ХАМИТОВА ЗАУРЕ БТ-41.docx

— 126.08 Кб (Скачать файл)

- кептірілген топинамбур – күші бар НД бойынша;

- кептірілген люцерн шөбі;

- кептірілген итмұрын жемістері;

- МЕМСТ 3898 бойынша дезодорирленген жартылай майсызданған соя ұны;

- таңқурай мен қарақат жапырақтары;

- расторопыш өсімдігінің ұнтақталған жемістері;

- кептірілген теңіз қырыққабаты;

- шетен жидектің жемістері;

- кіші қарапайым золототысячник жапырақтары;

- спирулина;

- глицин;

- ұнтақталған жүзім дәндері;

- дезодорирленген сарымсақ;

- ГФ СССР-Х 6 беті бойынша аскорбин қышқылы (С дәрумені);

- цитрус ароматизаторы;

- конжак;

- хитозан

және басқа азықтық қоспалар.

 

3.4 Орау ыдысы

 

3.4.1 Ыдыс, орау материалдары, біріктіретін және транспорт жабдықтары санитария нормалары мен нормативті құжаттарға сәйкес келуі керек және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санэпидбақылау органымен азықтық өнімдерді сақтауға келісілген материалдардан жасалуы тиіс, тасымалдау мен сақтау кезінде өнімнің тауарлық түрінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

3.4.2 Өнім келесі мөлшердегі тұтынушы ыдысына салынады:

- МЕМСТ 8273 бойынша жасалған салмағы 1,0 кг шамасындағы қағаз пакеттер, МЕМСТ 10354 бойынша жасалған полиэтилен пленкалары, аралас термо пісірілетін полимер мтериалдардан тұратын және күші бар НД бойынша полиэтилен қалпағы бар азықтық полиэтиленнен жасалған көлемі 500 см3 болатын банкалар;

- салмағы 50 кг-ға дейін жететін ұнды сақтауға арналған қағаз немесе полипропилен қапшықтары.

3.4.3 Орау ыдыстарын немесе шыны ыдыстарын қолдану нұсқаулығымен бірге топтық ыдысқа салады - МЕМСТ 7933 бойынша жасалған картон жәшігіне салады. Содан кейін топтық ыдысты тасымал ыдысына салады – күші бар НД бойынша гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер.

3.4.4 Орау ыдысындағы өнімді тасымал ыдысына буып алады - МЕМСТ 13511; МЕМСТ 13512; МЕМСТ 13513; МЕМСТ 13516 бойынша алынған гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер, МЕМСТ 10131 бойынша жасалған фанералық жәшіктер, МЕМСТ 2226 бойынша алынған қағаз және полипропилен жәшіктеріне салады.

3.4.5 Тұтынушы ыдыстың жекеленген орау бірліктерінің нетто салмағының рұқсат берілетін ауытқулары 6 кестеде көрсетілген мәндерден аспауы қажет.

 

Таблице 5

Нетто салмағының номиналды мөлшері,г

Теріс ауытқулар шегі

Нетто салмағының % шамасы

г

100-ден жоғары, 200-ге дейін

4,5

-

200-ден жоғары, 300-ге дейін

-

9

300-ден жоғары, 500-ге дейін

3

-


 

3.4.6 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санэпидбақылау органымен келісілген және оралған тауардың бүтінділігін қамтамасыз ететін басқа да тасымал ыдыстың қолданылуына рұқсат беріледі.

 

      1. Белгілеу

 

3.5.1 Тұтынушы ыдыстың әрбір бірлігінде ҚР СТ 1010 бойынша орыс және қазақ тілінде келесі деректерді көрсететін белгілеу қойылуы тиіс:

     - өнім аты;

     - әзірлеуші мекеме аты, оның заңды адресі (егер ол бар болса тауарлық белгісі);

     - өнім құрамы;

     - нетто салмағы,кг;

     - қолдану тәсілі;

     - өндіру күні мен жарамдылық мерзімі;

     - сақтау шарттары;

     - штрих коды (бар болса);

     - өнімнің азықтық және энергетикалық құндылығы жайлы ақпарат (А қосымшасы);

     - сәйкестікті растау жайлы ақпарат;

     - мекеменің бар стандартын белгілеу.

Заттаңбада қосымша түрде өнімді сипаттайтын ақпараттық және жарнамалық сипаттағы жазбалар болуы мүмкін.

3.5.2 Тасымалдау белгіленуі МЕМСТ 14192 бойынша орындалады.

 

4. Қабылдау ережелері

 

4.1 Қабылдау ережелері – МЕМСТ 27668 бойынша.

4.2 Органолептілік көрсеткіштер, нетто салмағы, физико-химиялық көрсеткіштер өнімнің әрбір партиясында бақыланады.

4.3 Өнімде болатын токсинді элементтер, радионуклеидтер, микотоксиндер, пестицидтердің бақылануы өнімді әзірлеушісімен қойылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санэпидбақылау органымен келісілген тәртіп бойынша  жүзеге асырылады.

4.4 Өнімдегі дәрумендер үлесі мен микроэлементтердің массалық үлесін анықтау әрбір тоқсан сайын 1 рет орнатылған тәртіпте өкілетті органмен аккредиттелген лабораторияларда жүргізіледі.

4.5 Сараптама нәтижелері кемінде бір көрсеткіш бойынша теріс болған жағдайда, таңдаудың қос көлемін таңдап, екінші қайта зерттеуді өткізеді. Соңғы зерттеудің нәтижелері барлық партияға таралып, соңғы болып есептеледі.

4.6 Өнімде болатын токсинді элементтер, радионуклеидтер, микотоксиндер, пестицидтердің бақылану кезеңділігі  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санэпидбақылау органымен келісілген тәртіп бойынша  жүзеге асырылады.

4.7 Әзірлеуші мен тұтынушы арасында өнім сапасын бағалауда туындаған алауыздық кезінде өткізілетін төрелік сараптаманы орнатылған тәртіпте аккредиттелген орган (лаборатория) жасайды.

4.8 Сертификациялық сынақтарды 3.2.3, 3.2.4, 3.5 пункттеріне және ҚР СТ 3,4 пункттеріне сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.

 

5. Бақылау тәсілдері

 

5.1 Сынамаларды МЕМСТ 27668 бойынша сұрыптау.

5.2 Органолептілік көрсеткіштерді МЕМСТ 27558 бойынша анықтау.

5.3 Ылғалдың массалық үлесін МЕМСТ 9404 бойынша анықтау.

5.4 Зиянды қоспалар, зиянкестердің болу шамасын  МЕМСТ 30483 бойынша ұн тарту  алдында тазартудан кейін дәндер сараптамасы негізінде анықтайды.

5.5 Металломагниттік қоспаларды МЕМСТ 20239 бойынша анықтау.

5.6 Нан қорларының зиянкестермен зақымдалу деңгейін МЕМСТ 27559 бойынша анықтау.

5.7 Токсинді элементтердің анықталуы МЕМСТ 26927, МЕМСТ 26930, МЕМСТ 26932, МЕМСТ 26933 бойынша және орнатылған тәртіп бойынша бекітілген тәсілдер бойынша жүзеге асырылады.

5.8 Микотоксиндер, радионуклеидтер, пестицидтердің анықталуы  орнатылған тәртіп бойынша бекітілген тәсілдер бойынша жүзеге асырылады.

5.9 Микробиологиялық көрсеткіштердің анықталуы МЕМСТ 10444.12, МЕМСТ 10444.15, МЕМСТ 30519, МЕМСТ 30726 және орнатылған тәртіп бойынша бекітілген тәсілдер бойынша жүзеге асырылады.                                                                                                             СТ ЖШС 39056784-01 -2006

 

6. Тасымалдау мен сақтау

 

6.1 Өнімді сақтау орнатылған үлгінің санитарлық паспорты болған кезінде сәйкес транспорт түрі бойынша істейтін жүктеудің тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6.2 Өнімді құрғақ желденетін және ауа ылғалдылығы 75±10% және қоршаған орта температурасы 0-30 0 С болатын жерде сақтау қажет.

 

7. Әзірлеуші кепілдіктері

 

7.1 Әзірлеуші өнімнің тасымалдау мен сақтау шарттарын сақтаған кезінде өнім ұйымның шынайы стандартының талаптарына сәйкес болатынына жүз пайыздық кепіл береді.

7.2 Өнімді кепілденген сақтау мерзімі – 1 жыл.

 

                              А Қосымшасы

 

«БАПОЛ» өнімінің өндірісі бойынша технологиялық нұсқаулықтар

 

  1. Шикізат пен материалдар сипаттамасы.
    1. «БАПОЛ» өнімін өндіру үшін МЕМСТ 9353 пен МЕМСТ 7169 стандарттарына сәйкес келетін болжыр шамасы 20%-дан аспайтын қатты және ұн тартылғанға дейінгі жұмсақ сұрыптағы бидай қолданылады.
  2. Технологиялық процесс.

      Технологиялық процесс «Диірменнің ішінде технологиялық процесті ұйымдастыру мен жүргізу ережелеріне» - Мәскеу, 1978 және орнатылған тәртіпте бекітілген азықтық өнеркәсіп мекемелері үшін қойылатын санитарлық ережелерді сақтауға сәйкес жүзеге асырылады.

       2.1.Шикізатты дайындау.

      Шикізатты (бидай дәндерін) және қоспаларды дайындау нан және тоқаш өнімдерін дайындау үшін қолданылатын ұн өндірісіне қойылатын ережелер мен нормаларға сәйкес (ГОСТ 9353) орындалады.

       2.2. Дайындау технологиясы

      «БАПОЛ» өнімін дайындау үшін ұсақталған бидай кебектері қолданылады, олардың ылғалдылық шамасы 11-12%, ал бөлшектердің негізгі салмақ мөлшері 100 де 300 мкм шамасында болады. Жоғарыда айтылған ылғалдылық шамасы кебекті СШ – 110 типті құрғақ қыздыратын шкафтарда немесе микротолқын пештерінде қосымша түрде құрғату арқылы алынады.

      Алынған кебекке ұнды дайындағанда пайда болған жанама өнім – кіші ұнтақ (10%-ға дейін) болып табылады. Рецептке сәйкес оған тағы қосымша қоспаларды қосуға болады: укроп, итмұрын және т.б.

      3.Орау, белгілеу, тасымалдау, сақтау.

      3.1.«БАПОЛ» өнімін азықтық полиэтилен немесе целлофан қаптарына 0,5 – 1,0 кг шамасында салып, орауға болады немесе 100-500 г көлеміндегі шыны ыдыстарға, ұнды тасымалдауға арналған жалпы мөлшері 5-50 кг шамасындағы тасымалдау қаптарына салып, байлауға болады.

      3.2. Әрбір полиэтилен қабына жапсырма парағын салады, ал шыны ыдыстарда заттаңбасы болуы қажет және онда келесі ақпарат көрсетілуі тиіс: әзірлеуші фирма, өнім атауы, жасалу күні, жарамдылық мерзімі, қазақ тілі мен орыс тіліндегі қолданылу ережелері.

      3.3. «БАПОЛ» өнімін транспорттың сәйкес түрі бойынша іске асатын транспорттық жабдықтар арқылы тасымалдайды.

      3.4.Кебекті вагондарда, контейнер мен автомашиналарда, қойма бөлімдерінде үйінді және қаптарда тасымалдағанда және сақтағанда олар таза, еш бөтен иіссіз және нан қорларының зиянкестерімен зақымдалмаған күйінде болуы қажет.

     3.5. «БАПОЛ» өнімін сақтау мерзімі 75 ± 10% ылғалдылық кезінде 1 жыл шамасын құрайды.

     4.Санитарлық және гигиеналық талаптар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйіні

 Адам өмірінің қысқаруына, денсаулықтың төмендеуіне халық  тұтынатын тағамдарда биологиялық  заттардың жоқтығы ең негізгі  себептердің бірі болып табылады. Биологиялық белсенді үстемелердің  құрамына тағамдық талшықтар, минералды  элементтер және дәрумендер кіреді, ал оларды көптеген елдерде  жеткіліксіз қабылдағаны анықталды. Астана тұрғындарының тамақтануын  зерттей отырып байқағанымыз: тамақ  құрамында тағамдық бөлшектер  екі есеге төмендегені көрінеді.

 Осыған байланысты, Мемлекеттік  салауатты тамақтану саясатының  негізгі мақсаты- толық құнды  тамақтанумен қамтамасыз ететін  «нуртитивтік қолдау» бағдарламасы  емдік шаралар стандарттары арасында  міндетті элемент болып табылады. Жаңа биологиялық белсенді үстемелерді  және өсімдіктекті өнімдерді  өңдеп шығару және олардың  қасиеттерін зерттеу, сол мәселенің  шешімі болып табылады.

 Сонымен, «Бапол» тағам  өнімінің физико-химиялық, адсорбциялық  қасиеттерін және метаболиттік  процестерге әсерін тәжірибелік  зерттеу негізгі жұмыстың мақсаты  болды. Осы мақсатқа байланысты 150 сериялық эксперимент және 150 тексіз егеуқұйрықтарды «Баполдың» сорбциондық қасиеттерін зерттей отыра байқалғаны: тағамның сіңірушілік қасиеттері бар.

 Физикалық-химиялық және  адсорбциялық  сипаттамаларды анықтау  үшін физикалық-химиялық әдістерді  қолдандық. Өнімнің сорбциялық қасиеттерін in vitro сорбциялық колоналық хроматография  әдісімен анықтадық. Қанның биохимиялық  көрсеткіштерін «ROCHE» (Германия) фирмасының  түпнұсқа өңдеулері бойынша « HITACHI-906» автоматты талдаушымен  анықтадық.

 «Бапол» тағам өнімдерінің  физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, оның адам ағзасына күнделікті  тұтынатын  рационына (минералды  элементтер тапшықтығын толықтыру, дәрулар, тамақ талшықтары) қосу  пайдалы және әр түрлі патологиялық  процестерді емдеуге және оның  алдын алуға қажетті екендігін  көрсетті.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Адам денсаулығын жақсартуға арналған «Бапол» тағамдық өнімді өндірудің биотехнологиялық негіздері