Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.

Вложенные файлы: 1 файл

Работа.doc

— 608.00 Кб (Скачать файл)

Жаза тағайындаудың  келесі жігі – кінәлі тұлғасын, оның ішінде оның қылмыстың істелуіне дейінгі және одан соңғы мінез-құлқын да ескеру.

Заңда кінәлі тұлғасын ескеру қажеттілігі туралы айтылуына байланысты мынадай сұрақ туады – бұл түсінік «қылмыс субьектісі» және «қылмыскер тұлғасы» түсініктерімен ара-қатынаста бола ма? В.Б.Беляевтің ойынша, кінәлі тұлғасын ескеру дегеніміз қылмыс субьектісіне қатысты мән-жайлар, яғни адамда қылмыстық жауапкершілікке тартуға қажетті мән-жайлар [24]. Әрине, бұл пікір қате, қолданыстағы қылмыстық заңда қазақстандық заң шығарушы тұңғыш рет кінәлі тұлғасы ескеру тұлғаның қылмыстың жасалуына дейінгі және одан соңғы мінез-құлқын да қамтитынын көрсеткен болатын. Бұл «кінәлі тұлғасы» ұғымының «қылмыс субьектісінен» әлдеқайда кең екендігін көрсетеді.

Сонымен бірге, бізді  қызықтырып отырған ұғым криминологияда қылмыскердің әлеуметтік бет-бейнесін сипаттайтын қасиеттердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы деп анықталатын «қылмыскер тұлғасы» ұғымынан тар. Мұнда криминология мінез-құлықтың немесе өмір сүру салтының қоғамға қарсы нұсқасын таңдауды анықтайтын факторларға ерекше назар аударады.

Осыған байланысты «кінәлі  тұлғасы» емес, «сотталушы тұлғасы» туралы айтатын ҚР Жоғары Сотының позициясы дұрыс секілді: «Соттар сотталушы тұлғасы туралы мәліметтерді, олардың жаза түрі мен мөлшерін анықтауға елеулі маңызды екенін ескере тұра, жан-жақты, толық және обьективті зерттеуге тиіс. Атап айтсақ, сотталушының денсаулығының жай-күйін, еңбекке қабілеттілігін, еңбекке, оқуға қатысын, соттылығы туралы мәліметтерді анықтау қажет» (3-тармағы).

Жоғарыда аталғандар сотталушының тұлғасы туралы мәліметтерді толық  сипаттай алмайтынын атап өту керек. Арнайы әдебиеттерде кінәлі тұлғасын екеруде келесі мән-жайларға назар аудару керектігі аталады:

1) Өмірбаяндық маңызға ие жалпы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері; жұмысы, азаматтығы; ұлты; білімі; мекен жайы; денсаулығының күйі, науқастарын тізбектеумен).

  1. Соталушының қылмыс істегенге дейінгі мінездемесі (шығу тегі; ол тәрбиеленген отбасын; алған тәрбиесі; бала кезінде еңбек пен оқуға қатынасы, әріптестерімен қарым-қатынасы; жұмысындағы марапаттары мен өндіріп алулары; отбасылық жағдайы; отбасы құрамы, балаларының саны, әл ауқаттылығы, отбасындағы ішкі қарым-қатынастары, балаларына қатынасы; бос уақытын өткізуі; құқық бұзушылықтар істеген бе, қандай құқық бұзушылықтар істеген, өндіріп алуға қалай қараған; егер бұрын қылмыс істеген болса, онда қашан, қандай, қанша рет істеген, жазасын қайда және қалайша өтегені, одан соң немен айналысқаны ,мінез-құлқы және т.б.)
  2. Сотталушының қылмыс істеу мезетіндегі мінездемесі (қылмыс істеу уақытындағы, оны істегеннен кейінгі, тергеу барысындағы, соттық қарау кезіндегі мінез-құлқы).

Кейбір жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар да (ҚР ҚК-інің 53-және 54-баптары) кінәлі тұлғасына қатысты болатындығын жоққа шығара алмаймыз. Сонымен бірге, егер адам қылмысты «аса қатыгездікпен» істеген болса, оның мінезі қатал, азбыр деп біржолата пайымдауға болмайды; егер ол қылмысты «пайдакүнемдік ниетпен» жасаған болса, бұл адамның дүниеқор екендігін білдірмейді; егер тұлға қылмысты алкогольдік мас күйінде істеген болса, бұл оның алкоголизмге душар болғанының куәсі емес екенін атап өту керек. Бұл тұрғыда Чукмаитов Д.С. сөздері ерекше құндылыққа ие: «кінәлінің тұлғасы істелген қылмыста әрқашан көрініс таба бермейді және ешқашан тек осында ғана көріне бермейді» [25].

Жаза тағайындағанда кінәлі тұлғасының қоғамдық қауіптілігі туралы мәліметтерге қарағанда, оны сипаттайтын мән-жайлардың анағұрлым кең ауқымын ескеру керек. Кінәлі тұлғасы – бұл адамның қоғамдық қауіпті мәнін, оның психикалық және биологиялық ерекшеліктерін қамтитын ұғым. Жаза тағайындағанда кінәлі тұлғасын қажеттілігі сотталушыны түзеу мақсатынан туады.

Тағайындалған жазаның сотталушыны түзеуге  әсерін ескеру жігі қолданыстағы қылмыстық заңда тұңғыш рет ажыратылған. Сотталушыны түзеу ҚР ҚК-інің 38-бабы 2-бөліміне сәйкес жаза мақсаттарының бірі болып табылады.

Түзеу ұғымы қылымыстық атқару заңында берілген және онда бұл ұғым «сотталушыда құқыққа бағынышты мінез-құлықты, тұлғаға, қоғамға, адамзат қоғамының нормаларына, ережелері мен дәстүрлеріне позитивті көзқарасын қалыптастыру» деп анықталған. (ҚР ҚАК-інің 7-бабы 1-бөлімі). Қылмыстық құқық доктринасында түзеу мақсатына қол жеткіндікті рецидивтік қылмыстылық деңгейінің төмендеуінен байқауға болады деген көзқарас танылған.

Сот жаза тағайындағанда жазаның сотталушының отбасысының және оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайларына әсер ету мүмкіндігін ескеруі керек. Бұл талап та 1997 ж. ҚК-тің қабылдаған соң жаза тағайындау жіктерінің қатарына енгізілгеннен атап өту керек.

Сот жаза тағайындағанда бұл жіктің екі қыры бар екенін ескеруі керек: материалдық және психологиялық. Кінәліні белгілі бір  материалдық игіліктерінен айыруға байланысты мүліктік жазаларды тағайындау оның отбасысының, одан қалса, егер оның асырауында адамдар бар болса және егер ол отбасысының жалғыз асыраушысы болса; материалдық жағдайына әсер ететіндігін ескеру керек. Егер кінәлі тұлғасы отбасына жауапты, ұқыпты көзқарасымен сипатталса, онда бұл мән-жайды жеңілдететін мән-жай ретінде тануға болады, ал егер кінәлі тұлғасы отбасы мүшелеріне қатыгездікпен, ұқыпсыздықпен қарайтын болса, ол жазаның жеңілдетілуі тарапына әсерін тигізе алмайды.

Заңда осы қарастырылған  жіктерді әрбір жаза тағайындаудың  нақты жағдайында міндетті түрде ескеру туралы айтылады. «Ескеру» деп нені түсіну қажет? Қандай болмасын мән-жайларды ескеру дегеніміз, біріншіден соттың осы мән-жайларды анықтап, оларға баға бергенін, екіншіден, оларды іс бойынша басқа мәліметтермен салыстырып, маңыздылығын анықтағанын, оларды жаза түрі мен мөлшерін анықтағанда назарға алғанын білдіреді.

 

 

1.3 Жаза мақсаты

 

 

Жаза мақсаты – бұл мемлекеттің осы қылмыстық жазаны пайдалана отырып, қол жеткізуге ұмтылатын соңғы нәтижесі. Қылмыстық заңда бекітілген жаза мақсаттары мемлекеттің қылмыстылыққа тосқауыл қою саласындағы саясатын көрсетеді. Революцияға дейінгі Ресейде жаза мақсаттарын зерттеуге көптеген ғалымдар назар аударған.

Европа және Ресей ғалымдарының көзқарастарын талдай келе, Н.С.Таганцев жазаны әлдеқашан орын алған жамандық негізінде ақтайтын; жазаны болашақтағы табыстарға бола, яғни оның мақсаттарының негізінде ақтайтын; сонымен қоса жазаны дербес мақсаты болмайтын, тек қылмысы үшін өтемақы немесе кек ретіндегі акт деп қарастыратын теорияларды ажыратады [26; 47-52].

1) Қорқыту теориясы (ортағасырлардағы). Қанаушы заңның соңғы мақсаты ретінде бұл теория жазаның қылмыскерді қоғамдық тыныштыққа әрі қарай қол сұғудан және басқаларды да оған ұқсанудан ұстандыратындай ықпал ете алу қабілеттілігін таныған. Бұл идеяның шынайы іске асырылуы өлім жазасының, тән жазаларының кеңінен қолдануына және олардың жұртшылық алдында атқарылуына әкеп соқты. Бұл теорияның трансформацияланған түрінде жазаның қорқытушылығы оның қаталдығында емес, оның болмай қоймайтындығында.

2) Қылмыстық еріктіліктің  алдын алу немесе тоқтату. Бұл теорияның жақтаушысы С.В.Познышев жаза тек бір ғана мақсатқа ие – қылмысқа психологиялық қарсы тұру және физикалық бұлтарпау нысандарында ғана мүмкін болатын қылмыстылықтың алдын алу деп санаған. Ол қылмыстық заңның жаза мақсаттарына қол жеткізуіне қажетті қағидаттарын қалыптастырған. Оның ішінде ғалым жазаның айтарлықтай респрессивтілігі, оның қылмыстық заңда анықталуы және барынша толық қолдануы сияқты түрлерін ажыратады.

Қарастырып отырған  теорияның келесі бір өкілі И.Я.Фойницкий жаза мақсатын «келесі бір қылмыстық істерден ұстандыруда» көрген. Бұл мақсат қылмыскерге қатыста да (арнайы алдын алу), бүкіл қоғамға қатысты да (жалпы алдын алу) қойылуы мүмкін, оған жаза қолдану қатерімен де, оны атқару қатерімінде қол жеткізіледі.

3) Түзеу теориясы. Шалдыққан адамды түзеу сияқты жаза алдына мақсатты ерте кезеңдерде қоя білген. Мысалы, грек ойшылы Протогорос жазаны қисайған ағашты түзеуге талпыну ретінде анықталған.

Осы теорияның өкілі  Штельцер жаза мақсаты біреу ғана – қылмыскерді ол артынан қоғамдық тыныштық үшін қауіпті болмас үшін түзеу деп санаған.

Гросс түзеу мақсатына қосымша  тәрбиелеу мақсатын ажыратқан. Оның ойынша, қылмыскер есеймегендігінен, қосымша білім алуға мұқтаж, жақсылықты жеткілікті түсінбейтіндігінен оны тәрбиелеу (қайта өңдеу) қажет. Оның тәрбиелеуге байланысты уәждері білімі бар қылмыскерлердің де болатындығын ескермеген. Оның ойынша, түзеуші жаза нақты қылмыскердің ойдағыдай түзелуіне қол жеткізілгенше атқарылуы тиіс. Демек, жаза шегі заңда алдын ала анықтала алмайды. Әрине, мұндайда жаза атқарушы органдардың әкімшілігінің өрескелдігі орын алатыны анық.

Н.С.Таганцев моральдық және заңдық жағынан түзелуді ажыратуды ұсынған [26]. Мемлекет, оның ойынша, қылмыскерді заңдық түзеуді мақсат тұта алады, яғни адамда құқық талаптарына сай көңіл-күйді, құқыққа бағыныштылық сезімін дамыту. Сонымен бірге, осы адамның бұл бағыныштылығында өз-өзіне ішкі міндеттемесін, не болмаса оның іс-қимылдарына байланыстырылатын сыртқы міндеттемелерін ғана көретіндігі ешбір елеңдетілмейді. Мемлекет қылмыскердің моральдық жағынан қайта жаңғыратындығына арқау етпеуі керек, себебі мұндай қайта жаңғыру табысты, бірақ қол жеткізуге мүмкін болмайтын утопия болушы еді. Н.С.Таганцевтің ойынша, түзеу теориясы түзелмеген, сансыз рет рецидивистерге айналған қылмыскердің жазасының рационалдығын ақтай алмайды.

4) Қоғамдық қорғау теориясы. Теорияның негізін қалаушы – Ф.Лист. Ол мәжбүрлеу ретіндегі жазаның екі элементін ажыратады; а) қылмыскерде оны қылмыс жасаудан тартынуына жетіспеуші ниеттерін қоздыру арқылы тура емес аралық психикалық мәжбүрлеу; б) тура механикалық мәжбүрлеу – қылмыскерді физикалық залалсыздандыру. Ф.Листтің ойынша, жаза мақсаттары әрбір нақты қылмыскердің ерекшеліктеріне қарай отырып анықталуға тиіс.

5) Мақсатқа лайықтылық теориясы. Осы теорияның жақтаушысы бола тұра, Н.С.Таганцев жаза өзінің бүкіл сатыларында мақсатқа лайық, қылмыстың қоғамға келтірген зардабын жоятын және қоғамды қылмыскерден сақтандыруды қамтамасыз ететін болуы керек деп санаған: «жаза оның пайдалылығы үшін, басқаларға сабақ болу үшін қолданылады» [26].

Осы теорияның жақтаушысы Грольманның ойынша, жаза қолдану үшін қылмыстық істің қауіптілігінің болуы талап етіледі.

Өткен ғасырлар ғалымдары жазаның атқарылуын дұрыс ұйымдастырудың оның мақсаттарына жетудегі маңыздылығын түсіне білген: «жаза оны қолдана отырып мемлекеттің көздеген мақсаттарына қызмет ете алатындай ретте ұйымдастырылуына тиіс».

Жаза мақсаттары қылмыстық саясаттың  қағидатты бағытын көрсететіндіктен, мемлекетіміздің дамуының кеңестік кезеңінде жаза мақсаттары заңда арнайы бекітілген болатын.

Жаза мақсаттары мен оларға қол  жеткізу құралдары алғаш рет 1919 жылы қылмыстық құқық бойынша РСФСР жетекші бастамаларында анықталған болатын. Мысалы, Жетекші бастамалардың 8-бабында жаза міндеттері бекітілген: «қоғамдық тәртіпте қылмыс істеген немесе оны істеуге оқталған адамнан және осы адамның, сол сияқты басқалардың да болашақтағы мүмкін қылмыстарынан қорғау». Арнайы алдын алу мақсатына қол жеткізу құралы ретінде құжаттың 9-бабында «...оны (қылмыскерді) осы қоғамдық тәртіпке икемдеу, немесе, егер ол икемдеуге келмесе, онда оны оқшаулау және айрықша жағдайларда оны физикалық жою» делінген.

1922 жылы РСФСР Қылмыстық кодексі 8-бабында жазаның келесі мақсаттарын атайды: а) құқық бұзушы, сол сияқты қоғамның басқа да тұрақсыз мүшелері тарапынан жаңа құқық бұзушылықтардың жасалуының жалпы алдын алу; б) құқық бұзушыға еңбекпен түзеу ықпалын қолдана отырып, оны ортақ тұрмыс жағдайларына икемдеу; в) қылмыскерді жаңадан қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру.

1926 жылы РСФСР Қылмыстық кодексі әлеуметтік қорғау шараларының мақсаттары ретінде мыналарды таниды: а) қылмыстардың алдын алу; б) қоғамдық қауіпті элементтерді жаңа қылмыс жасау мүмкіндіктерінен айыру; в) сотталғандарға еңбекпен түзеу ықпалын қолдану.

Қарастырылған заң ережелерін талдау көрсеткеніндей, кеңестік биліктің алғашқы  жылдарынан бастап жазаның негізгі  мақсаты ретінде қылмыстардың алдын  алу мақсаттары дербес бекітілген.

1959 жылы Қазақ КСР Қылмыстық кодексі 20-бабында жазаның келесі мақсаттарын ажыратады: а) сотталғандарды түзеу және қайта тәрбиелеу; б) сотталғандардың, сол сияқты басқа да адамдардың жаңа  қылмыстар жасауының алдын алу.

Кеңес ғалымдарының жаза мақсаттары туралы танымдары батыс және орыс қылмыстық құқықтық әдебиеттеріндегі жазаның әр алуан теорияларына негізделген және басым көпшілігінде оларды қайта қарау туындысы болатын.

Н.Ф.Кузнецова жазаның таура, делдал және соңғы мақсаттарын ажыратады. Оның ойынша, жаза көздейтін тура мақсат - әлдеқашан қылмыс жасаған адамдардың жаңа қылмыс жасауының алдын алу, көптеген тұрақсыз азаматтар тарапынан қылмыстардың жаслуының алдын алу делдал мақсат, ал жазаның біржолата соңғы мақсаты – қылмыстылықты жою. Соңғы аталған мақсатына қатысты автор мынадай ескерту жасайды: «жаза қылмыстылыққа қарсы күрестің негізгі және басты құралы емес, демек, ол қылмыстылықты толығымен жоя алмайды, бірақ бұл процеске өзінің үлесін қосады» [21; 36].

М.Д.Шаргородский жаза мақсаттары қатарында  бұзылған құқықты (әділділікті) қайта қалпына келтіру мақсатын ерекше ажыратқан. Ол жазаның заңда бекітілген мақсаттарын бастапқы және негізгі түрлерге жіктеген. Бастапқы мақсаттар (түзеу және қайта тәрбиелеу), оның ойынша, негізгі мақсатқа (алдын алуға) қол жеткізу құралы болып табылады [27].

Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары