Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа
Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.
М.Д.Шаргородский жазаның кінә нысандарына байланысты мақсаттарын ажыратады: а) кінәнің қасақана нысанында жаза мақсаты – субьектте тежеуіш қалыптастырып, мінез-құлқындағы оның қылмыс жасауға икемділігіне қарсы тұра алатын жаңа детерминанттарды пайда ету; б) қылмыстық менмендікте – тежеуіш үрдісінің әрі қарай қалыптасуына көмектесу, жаңа рефлекстерді пайда ету; в) қылмыстық немқұрайдылықта – субьекттің назарын күшейтуге ықпал ету [27].
В.К.Дуюнов пен А.Л.Цветинович негізгі және қосымша жазалардың мақсаттарын да ажыратады: негізгі жазалар жазаның жалпы негізгі деп танылатын мақсаттарын атқарады, ал қосымша жазалар олардың атқарылуын аяқтайды, яғни негізгі жазалар кінәліні түзеу үшін қажет болса, қосымша жазалар оны қайта тәрбиелеуді аяқтау үшін қажет [28].
Бірқатар кеңес ғалымдары (мысалы, И.И.Карпец, В.К.Дуюнов, А.Л.Цветинович) жаза мақсаттары қатарында күнәні көрсетеді. Олардың көзқарастары рынды сынға алынған болатын, себебі күнә жазаның мақсаты емес, ол-жазаның ажырамас қасиеттерінің бірі.
Кеңес ғалымдары жазаға мақсат ретінде сотталушыны қайта тәрбиеледі қоюға қарсы шыққан болатын. Мысалы, қылмыстық кодекстің теориялық моделін құрастырушылардың ойынша, қылмыстық құқықтағы құралдармен қайта тәрбиелеу мақсатына қол жеткізуге болмайды. Қылмыстық құқықтың негізгі әдістері болып мәжбүрлеу және сендіру табылады, ал мәжбүрлеу олардың бастысы саналады. Әлеуметтік және психологиялық зерттеулер көрсеткеніндей, қажет мінез-құлыққа ынталандыруда жазалауға қарағанда марапаттаудың маңыздылығы әлдеқайда жоғары. Демек, қайта тәрбиелеу сияқты игі мақсатқа мәжбүрлеу, әсіресе, қылмыстық жазалау арқылы қол жеткізуге болмайды.
Жаза мақсаттары қатарында сотталушыны түзеуді де бекіткен заң шығарушының позициясын қолдай отыра, кеңес ғалымдары түзеу мен оның жіктерін әрқалай анықтаған. Мысалы, И.С.Ной түзеу деп адам жаңа қылмысты заң алдында қорыққандығынан емес,оны бұл өзінің жаңа дүниетанымы мен наным-сенімдеріне қайшы келетіндігіне бола жасамайтындай моральдық түзелуін айтады [22]. Оған қарағанда М.Д. Шаргородский қылмыскердің жаңадан қылмыстарды қандай ниетке бола жасамайтындығын – оның сенім-нанымына бола ма әлде қайта жазалуынан қорыққандығынан ба – маңызды деп есептемеген [27]. П.Пономарев түзеу деп сотталушының оның қоғам үшін қауіпсіз болдыруымен қатар, оны қоғамның пайдалы мүшесіне де айналдыратын дүниетанымын айтарлықтай терең корректировкалауды айтады [29].
Авторлардың басым көпшілігі моральдық және заңдық түзеуді ажыратуды ұсынады. Моральдық түзеуге қылмыскерде зиянды қоғамға қарсы көзқарастар мен дағдыларды жою, оның санасына игі қасиеттерді енгізу тән, ал заңдық түзеу – бұл сотталушының жаңа қылмыс жасамауы. Жазаға сотталушыны тек заңдық түзеу мақсатын ғана қою керек.
И.И.Карпец арнайы алдын алу мақсатын қамтамасыз етудің екі тәсілін ажыратады: а) қылмыскерді қылмыс жасауының физикалық мүмкіндіктерінен айыру; б) қылмыскерге психологиялық ықпал ету. Егер жазаға арнайы (жеке) алдын алу мақсатын қоюдың дәйектілігі дау тудырмаса, жалпы алдын алу мақсатына қол жеткізу мүмкіндігі біршама күмән туғызады [30; 18].
Қылмыстық құқық теориясында да, заңда да жалпы алдын алу деп қылмыстық заң мен оны қолданудың адамның қылмыстық құқықтан туатын ұстандырушы ықпалдың көрінісі болып табылатын заң шеңберіндегі мінез-құлқын қамтамсыз етуге қабілеттілігін айтады. Өзінің ішкі мінездемесіне қарай жалпы алдын алу адам санасына мемлекеттік құқықтық сипаттағы шаралар жүйесі көрсететін айрықша психологиялық-тәрбиелік ықпал болып табылады. Аталған шаралар жүйесіне мыналар кіреді: а) қылмыстың заң күші; б) қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуші мемлекеттік органдардың қызметі; в) қылмыстық заңның ықпалы.
Жазаның жалпы алдын алушы күшінің түрлері: а) жаза үрейлендіру эффектіне ие бола алады, яғни жазаның жалпы алдын алушы ықпалының негізін одан қорқу құрайды; б) жаза моральдық тыйымдарды күшейте алады; в) ол әдеттегі заң шеңберіндегі мінез-құлыққа ынталандыра алады. Соңғы екеуі – бұл қылмыстық заң мен оны қолдану тәжірибесінің өнегелі тыйымдарды күшейту мен қылмыстық құқықтық конформизмді бекіту арқылы қылмыс жасаудан ұстандыруға, яғни қылмыстық заң талаптарын ол заң талабы болғандығының өзінен-ақ ерікті түрде ұстандыра алуына қабілеттілігі.
Жалпы алдын алу мәселесін
зерттеген ғалымдардың
Әрбір кезеңде, әртүрлі елдерде қылмысты қылмыстық жазадан қорқуына байланысты жасамайтын адамдардың үлес салмағын анықтауға тырысқан. Мысалы, өткен ғасырдың 20 жылдары М.М.Исаевтің жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бойынша мұндай адамдардың үлес салмағы 20 пайызды құраған. Өткен ғасырдың 60 жылдарында жүргізілген дәл осындай зерттеулердің нәтижелері бойынша мұндай адамдардың үлес салмағы Чехияда 19 пайызды құраған, Польшада жазадан қорқуына байланысты ұрлық істемейтіндердің үлес салмағы 20 пайызды құраған. 80-ші жылдары Кеңес Одағында 500 азаматтан әлеуметтік сауалнама алынған, олардың 17 пайызы қылмыс жасауынан жазадан қорқу ұстандыратындығын айтқан. Демек, «иллюзиялы» алдын алу ықпалы қылмыс жасаудан мыңдаған адамдарды ұстандыра отырып иллюзорлы емес нәтижелер береді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жазаның тиімділігі деп «жазаны қолдану мен атқару барысында оның мақсаттарына барынша қол жеткізуді» айтады.
Әдебиеттерде жазаның жалпы алдын алушы және жеке алдын алушы ықпалының тиімділігінің жіктерін ажыратады. Жазаның жалпы алдын алушы ықпалының тиімділігінің жігі ретінде ұқсас қылмыстар үшін ұқсас жаза шараларын бекітіп, қолданудың алдыңғы кезеңдердегі тәжірибесі, бекітілген жазаны жұртшылықтың бағалауы танылады. Жазаның жеке алдын алу ықпалының тиімділігінің жігі болып қылмысты жазасын өтеу кезеңінде жасауын сипаттайтын көрсеткіштер, жазасын өтеген соң кемінде үшін ішіндегі рецедивтік қылмыстылықтың динамикасының көрсеткіштері табылады.
Жазаның тиімділігінің бірден бір обьективтік жігі – бұл рецидивтік қылмыстылықтың деңгейінің төмен болуы. Мұнда бүкіл сотталғандар арасындағы рецидивтілік пайызын емес, қылмыстардың жеке санаттары бойынша, сотталғандардың жеке санаттары бойынша, бас бостандығынан айыру орындары бойынша рецидив пайызын ескеру керек; жалпы жазаның тиімділігін емес, оның жеке түрлерінің тиімділігін зерттеу керек.
ІІ ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидалары
Қылмыстық құқық теориясында жаза тағайындаудың жалпы негіздері, қағидалары мен ережелерін анықтауда бірізділік жоқ. Қарастырылып отырған мәселелер барысында аталмыш терминологиялар төмендегідей тәртіппен түзіледі.
Жалпы негіздер – мән-мағынасы бойынша «барлығынан шамалыдан» дегенді білдіретін жалпылама ұғым. Ол өз құрамында қайсыбір қарастырылып отырған құбылыстың барлық негізгі белгілерін (өзіндік ерекшеліктерін) қамтуды мүлде мақсат тұтпайды. Оның міндеті – зерттеліп отырған проблеманың (тақырыптың, мәселенің) барынша айқын сипаттарын ашып көрсету. Қылмыстық кодекстің құрылымы заң шығарушының қылмыстық құқықтық реттеу пәніне деген қарым-қатынасын оңтайлы және жан-жақты түсінікті түрде келтіруге орай құрылуы себепті заңда жаза тағайындаудың нақтылы қағидалары мен ережелері емес, нақ осы жалпы негіздер айшықталған. Мұның алғашқы мәмілелері ғылыми зерттеулерге негізделген ғылыми талдау объектілері болып табылады, олар өз кезегінде іс жүзінде қолдану үшін теориялық база құрайды.
Қағидалар мен ережелер – біркелкі емес қылмыстық құқықтық категориялар. Олар бірлесе отырып жаза тағайындаудың жалпы негіздерін құрайтын басты ұғымдар болып табылады. Қағидалар аталған процестің негізінде жатқан және оның мән-маңызын ашып көрсететін жетекші идеяларды, концепцияларды білдіреді, ал ережелерді заңда баптың қылмыстық құқықтық санкцияларын жасалған қылмысқа және айыпкердің жеке басына қатысты салыстыру мен қолданудың қажеттілігі, тәртібі және процедурасы құрайды.
Жаза қолданудың қағидалары мен ережелері амал-тәсілдермен қатар қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың механизмінде (жүйесінде) ерекше мән-маңызға ие. Бұл ретте жаза қағидалары мен жаз тағайындаудың қағидаларының ара-жігін ашып ала білген жөн, өйткені бірінші жағдайда қағидалар қылмыстық жауаптылық түрінің мәнін анықтайтын ережелерді қамтыса, екінші жағдайда оны жүзеге асырудың мазмұнын, сипатын айшықтайды.
Жаза тағайындау қағидаларына қылмыстық құқықтық мағынада жалпы құқықтардан (заңдылық, негізділік, т.б.) басқа, мәселен, мынадай қағидаларды жатқызуға болады.
Барынша жауаптылық қағидасы. Ол сотталушыға заңда көзделген мерзімнен жоғары немесе басқа түрде не мөлшерде жаза тағайындалуы мүмкін емес дегенді білдіреді. Заңда белгіленгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау тек ҚР ҚҚ 55-бабында көзделген ерекше ережелер бойынша жүзеге асырылады. Жазадан толық, ішінара немесе шартты түрде босату, жазаны өтеусіз шартты түрде соттау арнаулы ережелердің негізінде анықталады.
Аталған қағида жалпылама болып табылады және сонымен қатар қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауға орай келеді. ҚР ҚҚ 58-бабында қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айырудың ең жоғары мөлшері белгіленген – 25 жыл, яғни жекелеген қылмыс үшін тағайындалатын жазадан (20 жыл) әлдеқайда көп. ҚР ҚҚ 60-бабында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ең жоғары мөлшері белгіленген – 30 жыл.
Жазаның басқа түрлері
бойынша олардың ең шекті мөлшерлері
Қылмыстық кодекстің Жалпы
Осыған орай қылмыстық
жауаптылықтың шекті
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде белгіленген жаза тағайындау ережелерімен көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындау».
Өкінішке орай, заң шығарушы бір жағынан өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалардың жиынтығын қолданудың, екінші жағынан кез келген өзге жаза түрін қолданудың мүмкіндігі мәселесі бойынша әлі күнге бір жақты пікірге келе қойған жоқ. Мәселен, өмір бойы бас бостандығынан айыруды және нақтылы мерзімге бас бостандығынан айыруды сіңірген кезде жаза мөлшерін қандай жүлгемен анықтауға болады? Егер бас бостандығынан айыру түріндегі жиынтық жазаның ең жоғары мөлшерін 25 жыл деп белгілеген ҚР ҚК 58-бабының үдесінен шыға отырып, ал өмір бойы бас бостандығынан айыруды жазаның бір түрі ретінде қарастырсақ, қылмыстардың жиынтығы бойынша ортақ түпкілікті жаза тағайындау кезінде 25 жылмен шектелу керек болады. Бұл жағдайда екіұдайлық орын алады – өмір бойы бас бостандығынан айырумен жазаланған жекеленген қылмыс өз жиынтығына аталған іс-әрекетті де енгізетін қылмыстардың көптігінен қауіпті болып шығады. Егер жазаның бұл түрін белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырудан бөлек, дербес қарастыратын Ресей заңының (РФ ҚК 44 және 57-баптары) тұрғысынан келер болсақ, жағдай одан сайын қиындайды- қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны анықтау тәсілін таңдау мүмкін болмай қалады. ҚР ҚК 58-б 1 және 4-бөліктеріне сәйкес, қылмыс аса ауыр болуына байланысты сіңіруге жол берілмейді. Тек адамның бір өмір кезеңімен және қандай да болмасын оның құрамдас бір бөлігімен шектелген тұтас бір мерзімді толық немесе ішінара қосуға болмайтындығы себепті қосу да мүмкін емес. Бұл жағдайда біз тағы да сол бұрынғы нәтижеге келеміз – бас бостандығынан айырудың мерзімі 25 жылмен шектелген.
Өлім жазасын бас бостандығынан айырумен қосу талабы түпті тұрпайы көрінеді. Ал мұндай жағдайлар сот тәжірибесінде жүзеге асырылып жатуы әбден мүмкін. Бұрын бірнеше рет сотты болған, ҚР ҚК 96-бабы 2-өлімі «а» тармақшасы бойынша (екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру) өлім жазасына және ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлімі «б» тармақшасы бойынша (есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатында әлденеше рет заңсыз иемденіп алу) 10 жыл бас бостандығынан айыруға сотталған кәнігі қанышерді, сондай-ақ нақ осы қылмыс үшін ҚР ҚК 96-бабы «а» тармағы бойынша өлім жазасына кесілген оның сыбайласын қатар қойып, елестетіп көріңіз. Енді осы ыңғайда екіншісінен әлдеқайда қауіпті бірінші сотталушыға қылмыстардың жиынтығы бойынша өлім жазасы түрінде жаза тағайындауға бола ма деген проблеманы шешуге тырысып көрелік. Өлім тжазасын, тіпті ішінара болсын, бас бостандығынан айырумен қосуға бола ма? Біздің ойымызша, бұған бір ғана жауап болуы мүмкін – жоқ, тіпті егер ішінара қосуды толық қосу мен сіңірудің белгісі ретінде қарастырар болса да. «Неғұрлым жеңіл жазаның бір бөлігін солғұрлым қатаң жаза сіңіріп алады, ал қалған бөлігі оған қосылады» деген сияқты сыңаржақ пайым, сыпайлап айтқанда, тіпті де көңілге қонбайды. Бұл ретте басы артық «бір бөлік» қалып қояды, ал оны бөлінбейтін «монстр» – өлім жазасына қосу қажет болады. Өлім жазасы бас бостандығынан айыруды сіңіріп алады деген тұжырым барынша дұрыс болар еді, бірақ бұл арада заңда жасалған тікелей тыйым алдан шығады. Нәтижесінде түзелмейтін рецидивист-зорлықшыға тағы да бірқатар ауыр қылмыстар жасаса да «артықтығы» жоқ сияқты жағдай орын алады, өйткені олар үшін өлім жазасы тағайындалмайды, тек 25 жылға бас бостандығынан айырумен шектеледі. Ал басқа, неғұрлым қауіпсіз және тәртіп тезге көнеді дейтін қылмыскер қылмыстық қудалаудың ең сұрапыл түріне тап келеді.
Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары