Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.

Вложенные файлы: 1 файл

Работа.doc

— 608.00 Кб (Скачать файл)

Осыған байланысты қолданыстағы заңдылықтарға өзгерістер енгізу қажет  деп білеміз – ҚР ҚК 58-бабы 4-бөлігін мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтыру керек.

«Бұл ретте  қылмыстардың бірі үшін өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру  түрінде жаза тағайындалған жағдай есепке алынбайды. Мұндай жағдайда түпкілікті жаза қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен белгіленеді».

Кәмелетке толмағандар  үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша  жазаның шекті мөлшері туралы мәселе де назар аударады. ҚР ҚК 79-бабы 7-бөлігі олар үшін бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімін белгілейді – 10 жыл немесе ауырлататын мән-жайлар кезінде кісі өлтіргені үшін 12 жыл. ҚР Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезінде заңдылықты сақтауы туралы» Қаулысында соттардың кәмелеттік жаста қылмыс жасаған адамдарға тек ҚР ҚК 79-бабында белгіленген жаза түрлері, мерзімі және мөлшері қолданылуы мүмкін деген қағиданы әр кез назарда ұстауы қажеттігі атап көрсетілген. Осыдан келіп, ҚР ҚК 58-бабының талаптары олар үшін жоғарыда аталған мөлшерлермен шектеледі (жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі ережесі). Бұл ережелер ерекше жағдайларда ҚР ҚК 87-бабы негізінде 18 бен 20 жас аралығында қылмыс жасаған адамдарға да қолданылады.

Барынша жауаптылық қағидасы қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгіленген кезде сот жиынтыққа енетін, ол жөнінде неғұрлым қатаң жаза көзделген әрекет үшін неғұрлым жеңіл жаза тағайындай алмайды дегенді білдіреді. ҚР ҚК 55-бабының ережесі (белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау) жиынтық жазаға жүрмейді. Олар тек жекелеген қылмыстар үшін ғана қолданылады.

Аяқталмаған қылмыстардың (қылмысқа дайындалу және оқталу) жиынтығы туралы іс те ерекше мән-маңызға ие. Бұл жағдайда қылмыстық жауаптылықтың ең төменгі мөлшері ҚР ҚК 56-бабы бойынша анықталады да, аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысымен (дайындалғаны үшін) немесе төрттен үш бөлігімен (оқталғаны үшін) шектеледі.

Жазаның қылмыстың  және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне және сипатына қатыстылығы қағидасы. Жазаның түрі, шарасы, оны өтеудің шарты мен тәртібі, сондай-ақ жазадан босату немесе шартты түрде соттау негізгі қылмыс дәрежесіне және іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігіне тікелей тәуелді болып келеді.Сонымен қатар, сот, жаза тағайындай отырып, сотталушының жеке басының ерекшеліктерін, оның бұрынғы соттылығын, топтасып жасалған қылмыстарға қатысудағы рөлі мен дәрежесін, жасалған іс-әрекетке деген көзқарасын, шын жүректен опық жеуін, келтірілген зиянның орнын толтыруға талпынысын, қылмыс жасағанға дейігі және кейінгі мінез-құлқын және т.б. ескереді. Аталған барлық факторлар қылмыс құрамын немесе айыпкердің жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды дәрежелейтін белгілер ретінде есепке алынады.

Өкінішке орай, заңның ешбір жерінде қылмыс пен айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігі ұғымының, олардың сипаты мен дәрежесінің нақтылы мазмұны ашылып көрсетілмеген. Құқықтық ілім мен тәжірибе аталған дәрежелерді барлық реттерде бір тұрғыда және жеткілікті деңгейде ашып қарастырмайды. Тек соңғы уақыттарда ғана бұл ыңғайда салыстырмалы түрде біршама нақтыланған кепілдемелер пайда болды. Мәселен, Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының 1996 жылғы 25 қазандағы №8 «РФ Жоғарғы сотының 1986 жылғы 14 сәуірдегі № 1 «Ресей Федерациясы соттарының бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану тәжірибесі туралы» [32;50] қаулысын соттардың орындау барысы туралы» қаулысында бұл мәселеге байланысты, қылмыстың қоғамдық қауіптілігін оның өзіндік сапалық ерекшелігі, қылмыстық қол сұғу обьектісінің сипаты және құндылығы, кінәнің формасы және оны қылмыстың қандай бір дәрежесіне жатқызуға тәуелді болып келетін қылмыстық жазаланушы іс-әрекеттің бір түрі ретіндегі оның қауіптілігінің сапалық сипаты деп ұғына отырып, анықтама берілген.

Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі  жәрежесі деп бір үлгідегі, ұқсас  қылмыстардың сандық сипаттамасы ұғынылады.

Қылмыстық құқық теориясында  қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі ұғымының мазмұны әр қилы ашылады. Мәселен, А.Н.Панченко әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі сипатын қол сұғушылық обьектісі, ал дәрежесін – осы обьектіге келтірілген нақтылы зиян ретінде анықтайды [33; 133]. С.В. Бородин қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты оны басқа қылмыстармен қатар анықтайды, ал дәрежесі – қылмыстық кодестің белгілі бір бабымен көзделген ұқсас әрекеттер арасындағы қауіптілігін айырып тануға мүмкіндік береді деп атап көрсетеді [34; 160]. Бұл ретте сипат қылмыстың обьектісі мен субьектілік жағына, ал дәреже – қылмыс құрамының обьективтік жағына тәуелді болып келеді. Н.П.Новоселов бұл ойды одан әрі дамытады, жалпы алғанда қылмыстың және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін жауапкершілік дәрежесіне ықпал ететін мән-жайлар ретінде дұрыс пайымдай отырып, сонымен қатар, әрекеттің қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі қылмыс құрамының субьектісі және субьективтік жағымен сипатталмайды деген пікірді алдыға тартады. Бұл элементтер, оның ойынша, тек айыпкердің өз жеке басының қоғамдық қауіптілігін анықтайды [35; 377].

Бұл орайда Қазақстан  Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Соттардың жаза тағайындау кезінде заңдылықтарды сақтауы  туралы» №1 қаулысы да нақтылы  жөн-жоба ұсынбаған. Онда жаза тағайындау кезінде сот ескеруге тиіс мән-жайларды жүйесіз тізбектей бергеннен басқа ештеңе жоқ, қылмыстық қоғамдық қауіптілік сипатын анықтайтын факторлар тіпті де аталмаған. Қаулыда сот ескеруге тиіс мән-жайлар қатарында мыналар атап көрсетілген: қылмыстың ауырлығы дәрежесі, рецидивтің болуы және оның түрі, қылмыстың аяқталу сатысы, адамдар тобының, ұйымдасқан топтың не қылмыстық қауымдастықтың құрамында қылмыс жасау кезіндегі сотталушының қатысу дәрежесі, қылмыс мақсатына жету барысындағы оның әрекетінің маңызы және оның келтірілген немесе мүмкін боларлық зиянның сипаты мен көлеміне ықпалы, қылмыстардың жиынтығы орын алды ма, нақ сол қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға негіз бар ма, сотталушының жынысы мен жас шамасы, сыбайласқан қылмыстарға қатысы, қылмысты бұрын сотты болған, түзелу жолына түскісі келмейтін адамның жасауы, жауаптылықты және жазаны жеңілдететін және ауырлататын және басқада мән-жайлардың болуы.

Біздің ойымызша, қылмыстың  және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігі – біріншіден, заң шығарушы мен соттың қылмыстық-жазаланушы құқыққа қарсы әрекетке және оны жасаған субьектіге қарым-қатысын сипаттайтын бағалаушы категория. Ол екі көрсеткішпен – сипаттамамен және дәрежемен айшықталады, олардың әрқайсысы қылмыс пен айыпкерді әр тұрғыдан бағалайды. Сипаттама әрекет пен жеке адамның өзіндік ерекшеліктері мазмұнын сапалық анықтаушы, ал дәреже – сандық анықтаушы болып табылады. Қылмысты сипаттайтын бір мән-жай (қылмыс құрамының дәрежелеуші және факультативтік белгілері, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар) әр тұрғыдан, түрлі көзқараспен қарастырылуы мүмкін. Мәселен, бұрын сотты болған адамның қылмыс жасауының қылмыстың қайталануына, ықпал етудің бұрын қолданылған шараларының тиімсіздігіне және қылмыстардың көптігі ретіндегі оның барынша маңызды дәрежесіне байланысты қоғамдық қауіптілігі өте жоғары болып келеді. Аса қатыгездік қылмыс құрамын дәрежелеуші белгі және сондай-ақ жауаптылықты ауырлататын мән-жай да болып табылады. Ол қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты жөнінде де (қаттылық, екіжүзділік, аяусыздық және т.б.) және дәрежесі турасында да (жай қылмысқа қарағанда барынша ауыр) куәлікке жүреді.

Екіншіден, қоғамдық қауіптілік – салыстырмалы категория. Ол түрлі қылмыстарды салыстыру үшін қолданылады (түрі, дәрежесі, ауырлық дәрежесі, зардаптары, қылмыс құрамы формалары және т.б. бойынша). Айыпкердің жеке басы туралы да осыны айтуға болады (жас шамасы, жынысы, соттылығы, жасалған іс-әрекетке қатысы, қылмысқа дейінгі және кейінгі мінез-құлқы және т.б.).

Қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі қылмыстық іс бойынша маңызы бар барлық мән-жайлардың жиынтығы бойынша анықталады және өзара байланысты, кешенді түрде бағалануы тиіс. Олар айрықша маңызға ие және сот оларды:

  1. қылмыстарды дәрежелеу кезінде;
  2. қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы мәселені шешкен кезде;
  3. жаза тағайындау кезінде;
  4. жазаны орындауға байланысты мәселелерді шешкен кезде (жазадан шартты түрде-мерзімінен бұрын босату, соттаудың шартты шарасын алып тастау, жазаның орындалуын кейінге қалдыруды алып тастау және т.б.) ескереді.

Қылмыстық кодекстің  Ерекше және Жалпы бөлімі баптарының өзара байланысы және өзара негізділігі  қағидасы. Ерекше бөлімнің бабы бойынша кез келген жаза тағайындай отырып сот міндетті түрде қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміне еріксіз көңіл аударады, өйткені біріншісі екіншісінің заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктеріне негізделіп жүйелеген. Мәселен, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалғаннан кейін, сот режим түрін анықтаған кезде ҚР ҚК 10-бабында белгіленген қылмыстарды санаттауға назар аударды [6].

Бұл қағида қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде де жүзеге асырылады. Жиынтықты құрайтын жекелеген қылмыс үшін жаза қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі қылмыстық-құқықтық санкциясының негізінде белгіленеді, ол өз кезегінде ҚК Жалпы бөлімнің ережелеріне сүйенеді. Түпкілікті жиынтық жаза ҚР ҚК 58-бабының ережелері бойынша тағайындалады. Жаза тағайындаудың жекелеген жағдайларын шешу кезінде құқықтық нормалар арасындағы қарама-қайшылықтардан келіп туатын қателіктерге ұрынып қалмас үшін қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміне үнемі көңіл бөлініп отырады.

Теорияда және тәжірибеде бір қылмыстық  іс-әрекет бір мезгілде ҚР Ерекше бөлімінің  бірнеше бабымен қамтылатын қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігі жағдайы  қарастырылады. Мұндай жағдай мақсатты (идеалды) жиынтықпен ұқсас, мақсатты жиынтық жағдайында бір әрекет түрлі қылмыстардың белгілерін қамтиды. Тек бәсекелестік жағдайында тек бір норманың ғана «өмір сүру қабілеті» болады, ал мақсатты жиынтық жағдайында барлық қылмыстар өздерінің құқықтық маңызын сақтайды және қылмыстық жазаланушы болып қалады. Бейнелеп айтқанда, нормалардың бәсекелестігі «матрешканы» еске салады: өзінен маңызы төмендерді сіңіріп ала отырып, өзінің нақтылығын әлсіретеді. Ең үлкен «матрешка» арнаулы норма болып табылады. Бұл дегеніңіз, жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі барысында соңғысына басым сипат беріледі деген сөз. Арнаулы нормалардың бәсекелестігі кезінде барынша жеке сипатқа ие не неғұрлым жеңіл жауаптылықты көздейтін норманың артықшылығы сақталады.

Қылмыстардың дәрежеленуі мәселесін реттеуші нормалардың бәсекелестігін және оның жаза тағайындау  ережелерін қарастыратын түрін айыра білу керек. Соңғы жағдайда нормалардың бәсекелестігі өте сирек ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығы кезіндегі нормалардың бәсекелестігін төмендегі мысалмен ашып көрсетуге болады. Сотталушы жазаның ең жоғары мерзіміне – қасақана қылмыс үшін екі жыл бас бостандығын айыруға және абайсызда жасалған қылмыс үшін бес жыл бас бостандығынан айыруға сотталған. Жиынтық бойынша жазаның түпкілікті мөлшері бұл жағдайда бес жылға бас бостандығынан айырудан аспауы керек (екі қылмыс та ауырлығы кішігірім қылмысқа жатады). ҚР ҚК 52-бабы 2-бөлігінің екінші сөйлемінде белгіленген бұл тыйым жекелеген жазаларды қосу ережесін қолдану мүмкіндігіне жол беретін оның бірінші сөйлеміне қарсы келеді. Мұндай бәсекелестік жағдайында барынша адами тұрғыдағы мәмілеге басымдық беріледі.

Жазалардың жиынтығы бойынша жазаны бір үкіммен тағайындау және барлық қылмыстар бірінші сотталғанға  дейін жасалған жағдайда бірнеше  үкіммен анықтаудың өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Бірінші жағдайда жиынтық жаза, жекелеген жаза сияқты, қылмыстық іс бойынша анықталған барлық мән-жайларға негізделеді. Олар кешенді түрде және өзара байланысты қарастырылады. Екінші жағдайда мұндай мүмкіндік тек артынша сотталған ретте көрініс табады. Кейініректе анықталған бірқатар факторлар бастапқы жазаға ықпал етпейді (айыпкер белгісіз болған, өзгерген, жаңа мән-жайлар пайда болады). Сондықтан сот жаңа жаза тағайындай отырып, оларды жасалған іс-әрекетті және айыпкердің жеке басын бағалауға өзгерістер енгізуге ықпал ету дәрежесін ескеруге тиіс. Егер мұндай ықпалдың дәрежесі мейлінше жоғары және жаңа істі қарау кезінде ескеру мүмкін болмаса, сот оны қосымша тергеу жүргізуге қайтарып беруге не бастапқы істі қайта қарағанға дейін іс жүргізуді тоқтата тұруға тиіс. Мәселен, бұрынырақты сотты болмаған адам бірінен соң бірін екі қылмыс – ұрлық және тонау жасаған, олар үшін кері ретпен, түрлі үкіммен сотталған. Осы ретте, бірінші үкімде бірнеше мәртеліктің дәрежелеуші белгісі ескерілмеген. Әлбетте, сотталушының іс-әрекетінде бұрын белгісіз болған және сот ескермеген дәрежелеуші белгілердің болуы айыптау көлеміне және қылмыстық жауаптылық шарасына барынша ықпал етеді, сондықтан міндетті түрде үкімдерді алып тастауға алып келеді.

Немесе мынадай жағдай. Жоғары соттың пленумы өзінің қаулысында «Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау туралы мәселені талқылау кезінде соттар оларға тек ҚК 79-бабында белгіленген қылмыстық жаза түрлері ғана қолданылуы мүмкін екендігін әрдайым назарда ұстауы керек және олардың мерзімі мен мөлшері аталған бапта белгіленген шектерден аспауы тиіс. Сондай-ақ ҚК 81 бабында белгіленген мән-жайларды қосымша ескеру керек және кәмелетке толмаған сотталушының жеке басы және істің мән-жайын ескере отырып, әрбір нақтылы жағдайда оған ҚК 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет» – деп атап көрсетілген [36].

Бұл түсініктемелер, дегенмен, пайда болуы мүмкін барлық мәселелерді қамтымайды. Айталық, мәселен, жас шамасына байланысты бірнеше қылмыс жасауға айыпты адамға жеңілдік жасау жағдайы заңдық тұрғыдан алып қарағанда проблемалық болып табылады. Кәмелетке жасы толмау, бәсенеден белгілі, қылмыстық жауаптылықтың және жаза тағайындау тәртібінің арнаулы режимін белгілейтін ерекше мән-жай болып табылады. Бұл үшін заң шығарушы қылмыстық кодексте тұтастай бір тарау қарастырады – «VI. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы». Дегенмен заңда жиынтық бойынша дәрежеленетін қылмыс субьектілерінің түрлі жас шамасына қатысты нақтылы ештеңе айталмаған. Бірақ тәжирибеде бір адамның қылмыстарды түрлі жас шамасында – кәмелетке толмағанға дейін және толғаннан кейін жасайтын жағдайлары кездесіп қалады. Егер әрбір жеке алып қарастырылған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде заңды қолдануға қатысты күдік-күмән болмаса, олардың жиынтығы бойынша жауаптылықтың түпкілікті шарасын белгілеу кезінде өз-өзінен мынадай сұрақ пайда болады: сотталушының бірінші қылмыс жасаған сәтке кәмелетке толмағанның ескеру қажет пе, жоқ па? Бұл жөнінде барлық жиынтықты айыпкер санасының дамуы тұрғысынан бағалау дұрыс сияқты: егер есейіп, ақыл тоқтатарлық жас та да қоғамдық қауіпті құқыққа қарсы әрекеттер жасаудан танбаса, онда мұндай мінез-құлыққа мемлекеттің де көзқарасы біржақты болуға тиіс – жауаптылық дәрежесінің өсуі тұрғысында шара қолдануы керек. Бұл дегеніңіз, «жас шамасы тұрғысынан түрлі оқшантайлы қылмыс субъектілеріне» жиынтық бойынша түпкілікті жаза тағайындалған кезде соттар ересек сотталуылар үшін қолданылатын ережелерді басшылыққа алуға тиіс.

Соған қарамастан, заңда  белгіленген нормаларды өз бетінше  қолдануға мүмкіндік беретін  бұлдыр мәмлелерді де кездеседі. ҚР ҚК 78-бабының тұжырымы бойынша кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. ҚР ҚК 79-б. 7-бөлігі олар үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның шекті белгілейді [6] – 10 жыл және ауырлататын мән-жайларды кісі өлтіргені үшін 12 жыл. Норма диспозицияларының мұндай жалпыламалығы жағдайында түрлі жас шамасы кезендерінде жасалған қылмыстардың жиынтығын анықтаған кезде жауаптылық мөлшерін шектеу мүмкіндігі туралы мәселе пайда болуы мүмкін.

Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары