Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.

Вложенные файлы: 1 файл

Работа.doc

— 608.00 Кб (Скачать файл)

Ю.Солопанов пен В.Шмелев критерий ретінде жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, олардың әрқайсысының себебі мен мақсатын, кінә формасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, сондай-ақ айыпкердің жеке басы туралы мәліметтерді алуды ұсынады [44; 31-32].

В.И.Малыхин, А.С.Горелик, М.Становский, В.Попрастар басқаша  позицияны ұстанады. Олар негізгі  жазаға тек бір ғана емес, бірнеше  қосымша жазаны қосуға болады деп есептейді [45; 7-9], [46; 36-47], [47; 146-157], [48; 14-15].

А.Л.Цветиновичтің пікірі бойынша В.П.Малковтың позициясы  қате, өйткені:

- біріншіден, заң тіпті бір қылмыс үшін екі қосымша жаза қолдануға мүмкіндік береді;

- екіншіден, жауаптылықтың болмай қоймайтындығы қағидасы сотталушының әрбір жасалған қылмыс үшін жауаптылықты сезінуін талап етеді.

Біздіңше, мұндай түсініктеме  барынша дұрыс болып табылады.

Теорияда кең тараған  қателік жиынтық бойынша тек  ҚК Ерекше бөлімінің баптары санкцияларында белгіленген, аталған қылмысқа қатысты жауаптылықты қарастыратын қосымша жазалар тағайындалуы мүмкін деген тұжырым болып табылады.

Бұл ретте  В.Попрастың позициясы басқаларға қарағанда жан-жақты негізделген  сыңайлы. Ол тек заң баптарының санкцияларында қарастырылған ғана емес, қарастырылмаған қосымша жазалар да қосылуы мүмкін деп тұжырымдайды. Бұл орайда мұндай мәміле барлық жағдайларда мүмкін еместігі жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының түсініктемесі бар. Онда соттардың назары айыппұл, мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза ҚК сотталушы айыпты болып танылған бабының санкциясы диспозициясы қосымша жаза ретінде қарастыратын жағдайда ғана тағайындалатындығына аударылады. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру ретіндегі қосымша жазалар ҚК Ерекше бөлімінің қылмыс дәрежеленіп отырған бабында жаза ретінде қарастырылмаса тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда үкімнің қорытынды бөліміндегі қосымша жаза тағайындау туралы шешімінде тиісінше ҚК 41 және 50-баптарына сілтеме жасалынуға тиіс. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттаған кезде үкім шығарумен бір мезгілде сот ҚК 50-бабының 2-бөлігі негізінде Қазақстан Республикасының Президентіне сотталушыны мемлекеттік наградалардан немесе Қазақстан Республикасы Президенті берген құрметті, әскери немесе арнаулы атақтардан, біліктілік шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы мәселені талқыға салады.

Қылмыстық іс жүргізу  заңнамаларындағы өзгерістерге байланысты кассациялық немесе қадағалау сатысындағы  соттардың егер ол үкіммен тағайындалмаса, оның ішінде қылмысты заңның оны міндетті түрде қолданылуын көздейтін  бабына дәрежелеу кезінде қосымша  жаза тағайындауға хақысы жоқ.

Тәжірибеде негізгі  жазаны сіңіру қосымша жазаны да міндетті түрде сіңіруге әкеліп соға ма, жоқ  па – осы жөніндегі мәселе жиі алдан шығып жатады. Біздің ойымызша, барлық жағдайларда сіңіріле беруі мүмкін емес. Үкімнің мақсаттарына байланысты соңғысын жиынтық бойынша тағайындалудан басқа жазалармен қосуға болады. Бұл ретте бұрынырақта айтылғандарға қарама-қайшылық жоқ, біз сөз етіп отырған қосымша жаза негізгі жазамен заңдық байланысты жоғалтпайды. Тек оны жиынтық жазада пайдалану тәсілі өзгереді. Жиынтықты бөлу кезінде жеке қосымша жаза өзара байланысты негізгі жазамен орындалады. Мұндай ұстаным М.Становский мен В.Попрастың зерттеулерінде байқалады. Олар «қосымша түпкілікті жазаны анықтау қағидасы негізгі түпкілікті жазаны анықтау қағидасына тәуелді емес» және «қосымша жазалар негізгі жазаларға қатысты қандай қағида қолданылғанына қарамастан қосылуы немесе сіңірілуі мүмкін».

Айтылғандардың астарында  қосымша жазаларды негізгі жазаларға  қосуға мүмкіндік беретін ҚР ҚК 61-бабы 2-бөлігінің ережесі еріксіз таң қалдырады. Шындығында негізгі жаза қосымша жазаны сіңіре немесе оған қосыла алмайды, оның өзіндік дербес мәртебесі бар. Бұл есепке Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кепілдемелері негізделген. Соған сәйкес ҚК 61-6.2-бөлігінде көрсетілген жазалар дербес орындалуға тиіс. Бұл жөнінде заңның қосымша жазаны негізгі жазаға қосу турасындағы тиісті бабында да айта кеткен орынды болатын еді.

Бірнеше қылмыс жасаған  кезде немесе бірнеше үкім бойынша  жаза тағайындаған кезде жазаның  жеңілірек қатаң түрі ауырырақ жаза түріне айналуға тиіс деп есептейтін В.Попрастың позициясы айрықша назар аударуға тұрарлық болғанмен, тіпті де дұрыс емес. Анығында, бұл ұстанымда жазаны ауыстырып жіберудің қаупі көрініс береді.

Қосымша жазалар туралы мәселе бойынша қорытынды жасай отырып, мыналарды атап өтеміз:

  1. Жекелеген қосымша жазалар да жекелеген негізгі жазалар тұрғысындағы ережелер бойынша тағайындалады.
  2. Қосымша жазалар негізгі жазалармен қосылмайды, жеке тағайындалады және жеке орындалады. Қосу қосылу тәсілі болып табылмайды және факультативтік тәуелділікті білдіреді. Қосылған қосымша жазаны сотталушы негізгі жазадан бөлек өтейді, дегенмен онымен өзінің заңдық байланысы бойынша берік сабақтас.
  3. Түпкілікті қосымша жаза үш кезеңде анықталады. Әуелгіде әрбір қылмыс үшін қосымша жаза жеке тағайындалады да негізгіге қосылады, содан кейін барып қорытынды жиынтық жаза анықталады, ақыр аяғында соңғысы қорытынды негізгі жазаға қосылады.
  4. Жиынтық қосымша жаза тағайындаған кезде үш тәсілдің бірі қолданылады – жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру, оларды ішінара немесе толық қосу не жеке-жеке орындау.

5) Жиынтық қосымша  жаза тағайындау тәсілін таңдау  негізгі жазаларды қосу тәсіліне тәуелді емес.

Айтылғандарға қоса кету керек, қосылу нәтижесінде қосымша  жазалар бір-біріне сіңіріле немесе бір-біріне қосыла отырып, берік сабақтасып, бір жүйеге айналады, сонымен бірге өзгеріссіз қалады және жеке орындалады, дегенмен бұл ретте олардың барлығын сот жиынтық жаза тағайындау кезінде есепке алады және бұл үкім мәтінінде анық айшықталуға тиіс.

Келтірілген деректер мен  дәйектердің негізінде ҚР ҚК 58-бап, 5-бөлігін төмендегідей редакцияда беруді ұсынамыз:

6) Қосымша жазалар жиынтықты құрайтын жекелеген қылмыстар үшін тағайындалуы және негізгі жазаға қосылуы мүмкін. Жиынтық бойынша түпкілікті қосымша жаза жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру, ішінара немесе толық қосу не жеке орындау тәсілдерімен анықталады. Түпкілікті қосымша жаза түпкілікті негізгі жазаға қосылады және жеке өтеледі. Бұл ретте түпкілікті қосымша жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімі мен мөлшерінен аспауы керек.

Айтылған пікірлердің, келтірілген дерек-дәйектердің негізінде  Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 58-бабын мынадай редакцияда түзуді ұсынамыз:

58-бап. Қылмыстардың  жиынтығы бойынша жаза тағайындау

1 Қылмыстардың жиынтығы кезінде жаза екі кезеңмен 
тағайындалады – әуеліде әрбір қылмыс үшін жеке, содан соң барлық жиынтық бойынша дербес. Түпкілікті жаза жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру, барлық жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен тағайындалады.

2   Түпкілікті жазаны анықтаудың тәсілін таңдау кезінде сот жиынтықтағы әрбір қылмыстың орны мен рөліне, адамның жаңа қылмыс жасауына итермелеген мән-жайларға, бірнеше қылмыс жасауға алдын ала ойластырылған ниет-пиғылының, қылмыстардың көптігі факторының барлығын көрсететін және басқа мән-жайларға назар аудара отырып, қылмыстық жауаптылықты күшейтудің қажеттігін анықтайды. Егер барлық жиынтық қылмыстар үшін жаза түрлері мен көлемі бірдей болса, оларды бір-біріне сіңіруге жаза қылмыстық кодекстің тиісті баптары санкцияларының ең жоғары мөлшерінен аспай тағайындалған жағдайда ғана жол беріледі.

3 Түпкілікті жиынтық жазаның мерзімі мен мөлшері мынадай шектен аспауы керек:

а) егер қылмыстардың барлығы кішігірім ауырлықтағы 
қылмыстар болып табылса, аса ауыр қылмыс үшін белгіленген ең жоғары мерзім немесе мөлшерден;

ә) егер жиынтықтағы қылмыстардың ең болмағанда біреуі орташа ауырлықтағы  немесе ауыр қылмыс болып табылса, жиырма жыл бас бостандығынан айырудан;

б) егер жиынтықтағы қылмыстардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыс болып табылса жиырма бес жыл бас бостандығынан айырудан.

4 Егер бір немесе жиынтықты құрайтын бірнеше қылмыс үшін өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалған болса, бұл жаза жиынтықтағы басқа қылмыстар үшін тағайындалған неғұрлым жеңіл жазалардың барлығын өзіне сіңіріп алады.

5 Қосымша жазалар жиынтықты құрайтын жекелеген қылмыстар үшін тағайындалуы мүмкін және негізгі жазаға қосылады. Жиынтық бойынша түпкілікті қосымша жаза неғұрлым жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру, ішінара немесе толық қосу не жеке орындау жолдарымен анықталады. Түпкілікті қосымша жаза түпкілікті негізгі жазаға қосылады және жеке өтеледі. Бұл орайда түпкілікті қосымша жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек.

6  Егер сотталған адамның ісі бойынша сот үкім шығарғаннан кейін оның бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасаған басқа бір қылмысқа айыпты екені анықталса, жаза нақ сол ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бірінші үкімі бойынша өтелген жаза толықтай түпкілікті жазалау мерзіміне есептеледі.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың тәжірибесі

Қазақстан Республикасында Қылмыстық Кодекстің 58-бабына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәжірибесі келесідей көрініске ие.

Мысалға, Павлодар облыстық сотының ҚР ҚК 96-б. 2-б. «н» тарм. бойынша сотталушы Никифоров Иван Ивановичке қатысты 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №2а-71-07 үкімінде ҚР ҚК 58-бабының 4-бөлімі бойынша ішінара қосу жолы арқылы қылмыстардың жиынтығы бойынша 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Шымкент қалалық сотының ҚР ҚК 337-б. 3-тарм., 164-б. 2-б., 170-б. 2-тарм. бойынша сотталушы Байсалбаев Ғ.Е. қатысты 2004 жылғы 29 наурызындағы № 1-170 үкімінде ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлімі бойынша толық қосу жолымен 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Маңғыстау облыстық сотының ҚР ҚК 96-б. 2-б. «б,н»-тарм., 361-б. 3-б бойынша сотталушы Атлуханов Рафиа Расимовичке қатысты 2003 жылғы 23 сәуірдегі үкімінде ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлімі бойынша ішінара қосу жолымен 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Маңғыстау облыстық сотының ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлімінің «в, ж, з, к»-тармақтары бойынша сотталушы Даулетов Кайрат Темировичке қатысты 2003 жылғы 11 наурыздағы үкімінде ҚР ҚК 58-бабының 6-бөліміне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматы облыстық сотының  ҚР ҚК 124-б., 175-б. 2-б. «в»-тарм., 96-бабы 2-бөлңмінің «а,в,д,к,н» тармақтары бойынша сотталушы Боцманов Вячеслав Михайловичке қатысты 2003 жылғы 23 қаңтардағы үкімінде ҚР ҚК 58-бабының 4-бөліміне сәйкес ішінара қосу арқылы 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Ақтөбе аудандық сотының  ҚР ҚК 103-б. 2-б. «ж» тарм., 120-бабы 1-б., 96-б. 2-б. «к» тарм., сотталушы Кударкулов Койшкул Жановичке қатысты 2002 жылғы 18 желтоқсандағы №1-40 үкімінде:

ҚР ҚК 103-б. 2-б. «ж»-тарм. бойынша – 5 жыл бас бостандығынан айыру

ҚР ҚК 120-бабы 1-б. бойынша – 3 жыл бас бостандығынан айыру

ҚР ҚК 96-б. 2-б. «к»-тарм. бойынша – 14 жыл бас бостандығынан айыру

ҚР ҚК175-б. 1-б. бойынша – 2 жыл бас бостандығынан айыру

ҚР ҚК 58-бабының 4-бөліміне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы 15 жыл бас бостандығынан айыру және жазаны қатаң режимді түзету колониясында өтеу тағайындалды.

Астана қаласының сотының  ҚР ҚК 24-бабы 3-б., 96-бабы 2-б. «з» тарм., 179-бабы 2-б. «г» тарм. бойынша сотталушы Орынбек Ержан Ташетулына қатысты 2002 жылғы 1 қарашадағы үкімінде:

ҚР ҚК 24-бабы 3-б., 96-бабы 2-б. «з» тарм. бойынша – 11 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу.

ҚР ҚК 179-бабы 2-б. «г» тарм. бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру.

ҚР ҚК 58-бабының 4-бөліміне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы 13 бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Жамбыл облыстың сотының 2002 жылғы 29 қазандағы ҚР ҚК 96-бабы 2-б. «в» тарм., 175-бабы 2-б. «б,в» тарм., 255-бабы 3-б. «б» тарм. бойынша сотталушы Номировский Станислав Иосифовичке қатысты үкімінде:

ҚР ҚК 96-бабы 2-б. «в» тарм. бойынша  – 14 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеусіз.

ҚР ҚК 175-бабы 2-б. «б,в» тарм. бойынша – 3 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеусіз.

ҚР ҚК 255-бабы 3-б. «б» тарм. бойынша - 6 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеусіз.

ҚР ҚК 58-бабының 4-бөліміне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы Номировский Станислав Иосифовичке мүлкін тәркілеусіз 15 жыл бас бостандығынан айыру және жазасы тағайындалды.

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ. ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

3.1 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың түсінігі мен маңызы

 

 

Қылмыс үшін жаза тағайындау мәселесі – шын мәнінде күрделі, маңызы зор және терең зерттеуді қажет ететін мәселе. Ол қылмыстық құқықтың әр түрлі тақырыптарымен тығыз байланыста болатын құқықтық институттармен ұштасады, түрлі құқықтық категориялар мен түсініктерді қолданады. Оны зерттеу жазаны қолдану проблематикасы тұрығысынан маңызды болып отыр.

Тақырыптың тәжірибелік  мәні, ең алдымен, бұл салада ғылыми зерттеулер мен ізденушіліктердің  жеткіліксіздігі және олардың ескіруімен,  тіпті белгілі бір деңгейде  шектелуімен түсіндіріледі [49; 57].

Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары