Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа
Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.
Көптеген қылмыстар өз табиғаты бойынша латентті болып келеді, оларды анықтау үшін белгілі бір уақыт және күш-жігер жұмсау қажет. Осыған орай қылмыстарды ашуға байланысты қиындықтар да жиі кездеседі. Сондықтан да ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабы қылмыстық істер материалдарын бөлектеудің мүмкіндігін қарастырады. Бұл белгілі бір дәрежеде қылмыстылыққа қарсы күрестердің тиімділігінің артуына ықпал етеді. Дегенмен қылмыстық процесті бөлектеу қалай дегенде де соттық іс жүргізудің жан-жақтылығына, тұтастығына ісер етпеуі тиіс екендігін естен шығармау керек. Сондықтан да соттар бөлектеп қарастыру қылмыстық жауапкершілік мәселелерін дұрыс шешуге әсер ете ме, жоқ па – осыған үнемі назар аударуға тиіс.
Соттың сотталғанға дейін жасалған қылмыстар туралы қылмыстық істерді бөлектеп қарастыруы олардың әрқайсысы үшін, біріктіріп тақылау барысындағыдай ережемен жүзеге асырылады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде де осындай ереже қолданылады. Аталған мысалдардың сындағы бірден бір айырмашылық сотталушы тағайындалған жазаның біршама бөлігін өтеген болып келетіндігінде көрініс табады. Бұл жағадайда заң жиынтық жазаның ақтық мерзіміне соттың бірінші үкімі бойынша өтелген жазаны қосып есептеуді алдыға тартады.
Осы ретте ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 6-бөлігінің өтелген жазаны «түпкілікті жазалауға» есептеу туралы соңғы сөйлемі сәтсіз болып шыққан деп пайымдаймыз. Соңғы үкімде жауапкершілік шарасы жазаның мерзімінде емес, көлемінде, мәселен айыппұл көрініс табуы мүмкін. Осыған байланысты ҚР қылмыстық кодекстің аталған бабына төмендегідей мазмұндағы шамалы түзету енгізуді ұсынамыз: «Бұл жағдайда бірінші үкім бойынша өтелген жаза толықтай түпкілікті жазалау мерзіміне есептеледі».
Қылмыс субъектісінің қылмыс құрамы құрылымын барынша өзгеріске түсіріп және оған ерекше сипат беріп, нәтижесінде бір-біріне жанасатын құрамдарды сәйкестендірмейтін қылмыстық-құқықтық ерекшеліктері де жиынтықтарды құрауға тікелей ықпал етеді.
Бір сөзбен:
Осыдан келіп қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ерекшеліктерін анықтайтын негізігі ережелер шығады.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде басты назарда мынадай мәселе болады деп ойлаймыз – жиынтық ретінде анықталатын қылмыстардың көптігі қылмыстық жауаптылықты, сосын сәйкес, жазаны күшейтуді талап ете ме? Бұл ретте іс-әрекеттің және оны жасаған адамның криминогендік сипатын барынша төмендететін көптік факторы пайда бола ма? Бұл сауалдарға оң жауап берген жағдайда аталған факторларды есепке алатын механизм ойлап табу керек болады. Ал теріс жауап берген ретте жиынтықты құраушы жекелеген қылмыстарға қатысты бірқатар жайттарды анықтау қажет болады – оларды және олар бойынша жауаптылықты бөлектеу қажет пе әлде негізгі әрекетті таңдап, соған орай барлық жиынтық үшін ортақ болып келетін жазаны анықтаумен шек-телсе бола ма.
Біздің қазақстандық қылмыстық кодекс жиынтықты құрайтын қылмыс үшін түпкілікті жазаны анықтаудың екі тәсілін қарастырады: жаза жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгіленеді.
Бірінші тәсіл бұрынырақтан бар дәстүрлі және тәжірибеде жиі қолданып келген тәсіл болатын. Ол жазаның неғұрлым жеңілірек болып табылатын бір түрі немесе көлемі жазаның басқа, неғұрлым қатаң түрімен ысырылып, басқаша айтқанда соған «жұтылып» кететіндігінен көрініс табады. Сонымен қатар, неғұрлым қатаң жазаға сіңіріліп, сөйтіп өзіндік дербес маңызынан айырыла отырып, неғұрлым жеңіл жаза мүлдем жоғалып кетпейді, өзінің құқықтық ерекшеліктерін айырылмайды, ал сіңіру тәсілі әрбір жеке қылмыс үшін жауапкершілікті шектеуден бас тартуды білдірмейді. Бірен-саран жазалар мемлекеттің әлеуметтік қауіпті қылмыстың жекелей алғанда әрқайсысына қатысын айшықтай отырып, жасалған іс-әрекетке қатысты анықталған болып қалып келеді.
Мәселен, жиынтықтың бөлінуі жағдайында, жиынтыққа енетін және соның салдарынан үлкен жауаптылық тудырған әрекеттердің бірі қылмыстық болып табылмайтын болып қалса (қылмыссыздандырылады, айыпталушы қадағалау тәртібімен ақталады, т.б.), басқа қылмыс үшін тағайындалған, бұрынырақта сіңірілген жаза қолданылады. Қашанда мынадай қағиданы ұстану керек – әрбір қылмыстық әрекет үкім шығарылған сәтке өзінің құқықтық бағасын алуға тиіс және оған қатысты қылмыстық жауаптылық арнайы атап көрсетілуге тиіс.
Жиынтық бойынша түпкілікті жаза тағайындау тәсілі ретіндегі сіңіру орташа тағы қылмыстарға, яғни заң бойынша қасақана әрекет үшін екі жылдан артық емес және абайсызда жасалғаны үшін бес жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстарға қолданылады. Егер жиынтыққа басқа дәрежедегі қылмыстар кіретін болса, жазаларды сіңіру қолданылмайды.
Қазіргі уақытта жазаларды қосу тәсілі барынша кең тараған болып табылады. Ол жиынтықтарды құраушы қылмыстар үшін тағайындалған екі немесе одан да көп жазаларды толық немесе жартылай қосудан көрініс табады. Бұл тәсіл қылмыстардың кез келген дәрежесін, онша ауыр емес және аса ауыр дәрежедегі қылмыстарды жинақтау барысында қолданылады. Бұл ретте заң шығарушы әр түрлі формалар бойынша қосуды жасанды түрде шектеп отыр.
Онша ауыр емес қылмыстарды құрайтын жиынтықтың қарапайым түрінде қосу сіңірумен тең дәрежеде қолданылады. Бұл ретте түпкілікті жаза аса ауыр қылмыс үшін көзделген жаза мерзімі және көлемдерімен шектеледі.
Орташа ауырлықтағы әрекеттерді, ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды қамтитын жиынтықтың ауыр түрі кезінде бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза мерзімі 20 жылдан аспауы керек.
Егер қылмыстардың арнайы жиынтығында 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы, не өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген болса, бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза 25 жылдан аспауы керек.
Қылмыстардың аталған кез келген дәрежесі бойынша жазаларды қосудың екі түрі бірдей – ішінара және толық қосу қолданылады.
Толық қосу қылмыстық жауаптылықтың жалпы көлемін сақтаумен сипатталатын бірнеше дербес жазаларды толықтай біріктірумен айқындалады: ол қарапайым арифметикалық әрекетпен түсінідіріледі – қосылған жазалардың әрқайсысы дербес сапалық белгісін және сандық көрсеткіштерін сақтайды. Оның қорытынды нәтижесі түпкілікті жазаның көлемін оны құраушы элементтердің өсуіне сәйкес өсірумен айшықталады. Жиынтық жазалардың көлемін тепе-тең дәрежеде өсіру дегеніміз әрбір жеке қылмыс үшін жаза неғұрлым қатаң болса, қоғамдық қауіпті әрекеттердің барлық жиынтығы үшін жауапкершілігі солғұрлым жоғары болатындығын білдіреді. Тағайындалған жазаларды қосу кезінде олардың орындалуының тәртібі ешқандай маңызға ие емес, өйткені жазаларды өтеу барысында оның түпкілікті нәтижесі есепке алынады.
Ішінара қосу бірнеше дербес жазаларды шартты түрде біріктіруден көрініс табады, бұл ретте жалпы нәтиже олардың жиынтығы элементтерінің (компоненттерінің) толық емес қосындысы есебінен құралады.
Қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау, оларды қолдану критерийлері тәсілдерінің терминологиясы проблемасын дұрыс шешу үшін «сіңіру», «ішінара қосу», «толықтай қосу» ұғымдарының заңдық сипаты туралы нақтылы түсінік болуы шарт. Олар белгілі бір ұқсастығы болса да, дегенмен дербес ұғымдар болып табылады. Бұл ретте қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындау екі емес, үш тәсілмен – жазаны сіңіру ішінара қосу және толық қосу және дәл осы берілген тәртіппен қолданылады.
Сіңіру неғұрлым жеңіл жаза үшін тағайындалған жазаның неғұрлым ауыр жазаға толықтай бағынуымен айшықталады. Ол қылмыстық жауаптылықты күшейту қажет болмайтын және неғұрлым маңызды қылмыс үшін бір жаза сот төрелігі міндеттерін (сотталушыны түзеу, жаңа қылмыстардың алдын алу, т.б.) шешу үшін жеткілікті болатын жағдайда қолданылады.
Сіңіру сотталушының,
қылмыстық жауапкершілігін
Жазаларды толық қосу жиынтықты құраушы қылмыстар қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі, айыпкердің жасалған іс-әрекеттерге қатысы бойынша шамамен тең мәртебеге ие жағдайларда қолданылады. Олардың ешқайсысы ерекшеленбейді және екіншісін ығыстырмайды, басқаша айтқанда ауырлық дәрежесі басым сипаттағы қылмыс жоқ, сол ретте қылмыстық жауаптылықты арттыру талап етіледі.
Жазаларды ішінара қосу жиынтыққа кіретін қылмыстардың бірі неғұрлым қауіпсіз сипатқа ие болса, «екі» («үш» жаза және т.б.) жаза қолданудың қажеттілігі болмаған жағдайларда пайдаланылады.
Тағайындалған жазаларды ішінара қосқан жағдайда төмендегідей мәселелер орын алады. Жиынтыққа кіретін қылмыстардың бірі неғұрлым қауіпті ретінде ерекшеленеді, ал оған тағайындалған жаза негізгі, анықтаушы болып алынады. Басқа барлық қылмыстар бойынша, бірен-саран ретінде, олардың ауырлық дәрежесін және айыпкердің жеке басын есепке ала отырып тиісті жазалар тағайындалады. Олар сотталушының қылмыстық жауаптылығын арттырушы факультативтік реттеуші рөлінде болады. Сот негізгі жазаға сүйене отырып және көптеген қылмыстарды жасауға байланысты жауаптылықты арттыруға ықпал ететін факторларды анықтай отырып, жауаптылықты арттыру дәрежесін белгілейді. Одан әрі сот қосарлас жазадан қылмыстық жауаптылық дәрежесін арттыруға сәйкес келетін бөлігін ерекшелеп, оны негізгі жазамен біріктіреді. Жазаның қалған бөлігі өзіндік маңызын жояды және соған сіңіріледі.
Қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындауды анықтау тәсілдерін мұндай түсіндіру жағдайында жазаларды ішінара қосу проблемасы өз-өзінен түрлі пікір қайшылықтарын тудырады. Ішінара қосу бір есептен толық қосу және тағайындалған жазаларды сіңіруді көрсетеді.
Бірқатар авторлар, оның ішінде Д.М.Молчанов, соңғы уақытта қылмыстық кодекстен қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың мұндай тәсілін (сіңіру) апып тастау жөнінде ашық пікір білдіріп жүр. Оның ойынша: «Онша ауыр емес қылмыстармен адамдар күнделікті өмірде жиі қақтығысады... Судьялардың онша ауыр емес бірнеше қылмыстар жасау жағдайын бағалауда санкция шеңберінде шектеу сіңіру қағидасының үстемдік етуіне әкеп соғады». Осыдан келіп ол, біздің ойымызша, күмәнділеу тұжырым жасайды – «онша ауыр емес қылмыстарға қатысты сіңіру қағидасының үстемдік етуі жазасыз қалу сияқты түсінік қалыптастырады». Одан әрі ол «қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың шегін тек баптың неғұрлым ауыр жаза көздейтін ең жоғары шегімен шектеп қана қоймай, керісінше үш жыл бас бостандығынан айыруды белгілеуді» ұсынады [39; 31]. Біздіңше, мұндай бір жақты, тар мағынадағы тұжырым жиынтыққа енетін бір қылмыс қоғамдық қауіптілігі жөнінен екіншісінен барынша басым болып, соған сай соттың қылмыстық жауаптылықты қосымша күшейтудің қажеттілігі жоқ мән-жайлардың болуы мүмкіндігін танудан бас тартуды білдіреді. Жазаларды бір-біріне сіңіру тәсілін қолдану соттың жұмысын жеңілдету үшін емес, қылмыстық процесті мейлінше адами қарым-қатынастарға жақындастыру және қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу үшін қажет.
Өкінішке орай, Д.М.Молчановтың көзқарасын қуаттайтын ғалымдар да бар. Мәселен, З.А.Николаева да жазаларды бір-біріне сіңіруден бас тарту керек деп есептейді, өйткені бұл қағида, оның ойынша, жауаптылықтың болмай қоймайтындығы қағидасына қайшы келеді [40; 22-30].
А.В.Ушаков жазаларды сіңіру ережесі жауаптылықтың болмай қоймайтындығы және жазаны бөлектеу қағидаларын әлсіретеді, өйткені мұнда жаза тек қылмыстардың бірі үшін ғана тағайындалады деп тұжырымдайды [41; 80].
В.П.Малков жазаларды сіңіру қағидасын кеңінен қолдану сотталушы мен сот процесіне қатысып отырғандарға жиынтыққа енетін жекелеген қылмыстар үшін жазасыздық сипатындағы пікір қалыптастыратынын алдыға тартады. Оның пікірінше, жазаның болмай қоймайтындығы мәселесін шешуге толық немесе ішінара сіңіру қағидалары барынша жауап береді. Неғұрлым жеңіл жазаны солғұрлым ауыр жазаға сіңіру кезінде, сіңірілген жаза тағайындалған басқа қылмыстар тіпті де жазалаусыз қалады [18; 245].
Бұл мәселеге қатысты А.С.Горелик пен В.И.Малыхиннің позициясы екі ұшты болып келеді. Олар бұл қағиданы қолдануға болады, бірақ оны жалпы ереженің бір ерекшелігі ретінде қарастыру керек, өйткені одан бүтіндей бас тартуға болмайды деп есептейді [38; 88].
С.Г.Келина мен В.Н.Кудрявцев сіңіру қағидасынан бүтіндей бас тартып, тек жазаларды қосу қағидасын пайдалануды ұсынады [42; 131].
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау теориясында толғақты, күрделі мәселелердің бірі жиынтық жазаны анықтауда кез келген тәсілді таңдау негізінде жатқан түйін болып табылады.
Бұл ретте қылмыстық
құқық ғылымында бірнеше
Мәселен, В.Попрас сіңіру:
1) қылмыстық мінез-құлықтың бір фактісі ғана нақтылы идеалдық жиынтық жағдайында;
2) қылмыстардың бірі басқаларына қарағанда барынша қауіпті, соған сай ол үшін барынша қатаң жаза тағайындалған жағдайда;
3) қылмыстың бірі қасақана, ал екіншісі абайсызда жасалған жағдайда;
4) жазалар жиынтығы пен қайталанушылықты ұштастыру кезінде қолдану керек деп есептейді.
Сіңіру, оның пікірі бойынша, қылмыстардың өзара қауіптілік дәрежесі бойынша айтарлықтай айырмашылығы болмаса, және де егер олардың барлығы ауыр болса, не керісінше қауіптілік деңгейі төмен болса ғана қажет. Қылмыстар өзара ортақ желімен байланысты болса, онда қылмыстық мінез-құлық ортақ мақсатты құрайды және айыпкердің теріс мінез-құлықтарының тұрақтылығын білдіреді. Жазаларды бір-біріне сіңіру немесе қосу тәсілін таңдау барысында басты мәселе деп В.Попрас қылмыстардың сипатының ара қатынасы емес, олардың ауырлық дәрежесінің ара қатынасын атайды [43;22-26].
Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары