Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция
Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"
Ормансыз, шөлді-далалы экожүйенің басымдылығына байланысты Қазақстанның Жер биосферасының биомассалық ғаламдық теңдестігінде алатын ролі үлкен емес. Дегенмен қолданылуы шектеулі жыртуға келетін топырағы бар табиғи жайылымдардың кеңдігін адамзаттың стратегиялық резервті жер фондына жатқызуға болады. Қорықтар ауданы кең емес (Республика ауданының 0,3 пайызы).
Қазақстанның континенттік орнына байланысты оның аумағында антропогендік әсерге деген орнықтылығы төмен, техногенез әсеріне қарсылығы ең әлсіз - шөлді (45%) және таулы (Республика ауданының 20%) ландшафттар басым. Қазақстан аумағының 75%-ның қоршаған ортасы экологиялық бұзылуға бейім. Сонымен қатар Қазақстан аумағында халық сирек қоныстанған. Халық саны 17 млн. адамға жуық (2013 ж.), қоныстану тығыздығы 1 км жерге 5 адамға жақын, ал шөл мен таулардың 50%-ында
қоныстану тығыздығы 1 адам/км аспайды. Бұл жағдайды табиғи орта үшін экологиялық тұрғыдан қолайлы деп есептеу қажет.
Қазақстанның географиялық орнына байланысты қоршаған орта деструкциясының бірқатар ішкі және сыртқы факторлары әрдайым орын алып отырады. Экологиялық қауіптілік факторларына Қазақстанның үлкен бөлігінің Орталық Азияның Арал-Каспий тұйық алабында орналасуы жатады. Қазақстанның үлкен су айдындары - Каспий және Арал теңіздері, Балқаш көлі, т.б. - өзен ағындыларын, оның ішінде өнеркәсіптік және ауылшаруашылық ағындыларын жинақтайтын тұйық алаптарға жатады.
Қазақстанның Ертіс, Іле, Сырдария, Шу, Талас, Жайық, Тобыл секілді ірі өзендерінің бастауларын көрші шекаралас елдердің аумағынын алуы мен айтарлықтай дәрежеде ластанып келуі еліміздегі қоршаған ортаның экологиялық жағдайына елеулі әсер етеді және белгілі деңгейде экологиялық қауіп туғызады.
Солтүстік және батыс шекара бойында Поволжье, Оңтүстік Жайык, Батыс Сібір (Ресей) өнеркәсіп орталықтары Қазақстанға трансшекаралық ауа каналымен өнеркәсіптік ластаушы заттардың көшуіне әсер етеді.
Қазақстанда Арал теңізінің болуы, Семей ядролық сынақ полигонының және бірқатар әскери-сынақ нысандарының бол-ғандығы тек Қазақстанға ғана емес, Жер биосферасына әсер ететін экологиялық қауіпті фактор деуге болады. Олардың қатарына Қазақстанның ірі өнеркәсіп тораптары да жатады. Павлодар-Екібастұз, Қарағанды-Теміртау, Қаратау-Жамбыл, Маңғыстау, Кенді Алтай т.б. қоршаған ортаға техногендік әсерін тигізеді.
Сонымен, аумағының табиғи-экологиялық сипаттарын анықтайтын Қазақстан географиялық орнының маңызды ерек-шеліктері мынадай: айқын байқалатын континентті климаты; өзендерінің көпшілігінің ағынсыздығы; аумағының батыс және солтүстік ауа массаларының көшуіне ашықтығы; Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тауларының (Алтай, Тянь-Шань, Жетісу Алатауы) климаттық тосқауылдық ролі, бұл таулар өз беткейлерінде ылғалды жинақтайды, жергілікті өзен ағындысын қалыптастырады.
Қазақстанның экономикалық-географиялық орны жалпы алғанда тиімді емес, себебі Республиканың Дүние жүзілік мұхитқа тіке шығатын жолы жоқ.
Географиялық орны табиғи ресурстарды игеруге, эконо-микалық даму қарқынына, жаңа өндірістерді іске қосуға, сыртқы экономикалық байланыс құрылымына, адамды қоршаған орта жағдайына әсер етеді.
Географиялық кеңістікті экологиялық бағалау қажеттілігі экономикалық-географиялық орны деген ұғымды қалыптастырады. Геожүйенің экономикалық-географиялық орны деп, оның экономикалық маңызды қасиеттеріне және экваторға қарағандағы Жердегі орнын айтады.
Экономикалық-географиялық орны мына белгілерді қамтиды:
Қазақстанның экономикалық-географиялық орнының құрамдас бөліктеріне тереңірек тоқталайық.
3 тақырып. Адамның экологиялық тұрғыда жағдайларға бейімделуі. Экологиялық тұрақсызданған табиғи ортаның концепциясы, оның негізгі белгілері. Адамның толеранттылығын анықтаушы көрсеткіштері. А.И. Перельман бойынша техногендік ауытқулар. Биогеохимиялық эндемдер. Ластаушылардың кешенді әсерінен туындайтын аурулар.
Аймақтың Жер биосферасындағы экология қызметі аумақтардың биосфера тіршілігіндегі, оның ішінде атмосфераның газдық құрамындағы табиғи роліне байланысты. Қазақстан аумағында далалық және шөлдік экожүйелер басым. Жер атмосферасына оттегі беруші негізінен ормандар екенін ескерсек, Қазақстан өзінің 3,8% аумағын алып жатқан ормандарымен Жердегі оттегінің ғаламдық айналымында оны тұтынушы ғана болып табылады.
Басқа жағынан қарасақ сирек қоныстанған Қазақстанның 180 млн. га табиғи жайылымдары бос жер ресурстарының маңызды базасы болып табылады. Оның ішінде 61 млн. га жер жыртуға жарамды топырақ (оның 31 млн. гектары жыртылған). Бұл жерлер адамзаттың стратегиялық жер резерві /28/.
Қазақстанды Жер биосферасына экологиялық қауіп төндіруші аймақтарға да жатқызамыз. Республикада биосфераға ғаламдық әсер ететін қауіп көздері бар, атап айтқанда: суы тартылған Арал теңізі аймағы, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны, олардың қатарына Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады.
Жер биосферасы тіршілігіндегі Қазақстан аумағының қарама- қайшылықты ролі осындай.
4 тақырып. Геожүйелердің антропоорнылықтығы, қоршаған ортаның экологиялық сапасын бағалау көрсеткіштері және әдістері,.
Антропогендік ландшафтар - қазіргі замандық ландшафтардың бір бөлігі ретінде. Ландшафтардың орнылықтығы, оның қамтамасыз ету механиздері. Геожүйелердің антропоорнылықтығының көрсеткіштері. Геожүйелердің орнықтылығының жіктелуі. Табиғи ортаның экологиялық сапасын бағалау әдістері.
Табиғи ортаның антропогендік әсерге орнықтылығы ландшафттардың антропогенезге қарсы тұру қабілетімен анықталады.
Республика аумағының 45 %-ын шөлдер, 20 %-ын таулар алып жатқанын ескеріп, Қазақстан геожүйелерінің антропогенезге орнықтылығының әлсіздігін, қоршаған ортасының экологиялық бұзылу қаупінің үлкендігін айтуға болады. Таулы және шөлді геожүйелер экологиялық бұзылудан әрдайым қорғауды қажет етеді деп есептеледі. Қазақстанда барлығы 180 млн. га жер (барлық аумақтың 66 % -ы) шөлденуге шалдыққан.
Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және экономикалық нысандардың кеңістіктік орналасуы.
Қазақстан аумағының қоныстануы бірқалыпты емес. Республика аумағының 1/2 астам бөлігінде қоныстану тығыздығы 1 адам/км1-ден аспайды. Бұл қоршаған ортаның оңтайлы экологиялық жағдайын сақтау үшін қолайлы жағдай.
Екінші жағынан, Қазақстанның сирек қоныстануы және халқының аздығы оның еңбек әлеуетінің төмендігін, ұлттық жалпы өнімнің, экономикалық технологияның, Республикада қазіргі кездегі және болашақтағы экономикаға салынған инвестицияның төмендігін айқындайды.
Сонымен қатар Қазақстан аумағында ірі қалалар мен өнеркәсіп тораптарының орналасуының бірқалыпты емес екендігін айта кету керек. Бұл қоршаған ортаның қалалар мен өнеркәсіптік кен нысандарымен байланысты нүктелік ластану орын алады деген сөз. Бірақ, Республикада ертеде қалыптасқан аумақтық өндірістік кешендердің болуы бірқатар өнеркәсіптік аймақтарда қоршаған ортаның аудандық ластануы нақты қауіп туғызуда.
Қазақстан аумағын қоршаған ортаның экологиялық жағдайына көп түрлі теріс әсерін тигізетін ірі аумақтық-өндірістік кешендер мен өнеркәсіптік аудандарды атап айтайық. Олар:
Тұзды-шаң ұшатын үлкен табиғи аймақ - Арал теңізі аймағы.
Жоғарыда аталған және басқа да өнеркәсіптік аудандар, ірі қалалар Қазақстан геожүйелеріне экологиялық қауіп тудырушы болып табылады.
Экологиялық қауіптің сыртқы көздері.
Қазақстанның саяси географиялық орнының қоршаған ортаның экологиялық жағдайын анықтайтын негізгі белгілерін қарастырайық.
Қазақстан көршілері: Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан және Түрікменістан Республикалары.
Транспорттық магистральдар.
Радиоизотоптар
мемлекеттің осы су айдыны арқылы шекара жүргізу туралы өзінің көзқарасы бар. Каспийдің халықаралық статусы шешілмеген. Бұл не: теңіз бе, әлде көл ме? Егер Каспий теңіз болса, ол ешкімнің меншігі емес, мемлекеттік шекара жағадан 12 миль қашықтықта жүргізілуі қажет. Ал егер Каспий теңізі - көл болса, оны су түбінен жанасып жатқан егеменді мемлекеттерге бөлек бөліктерге (секторларға) бөлуге болады. Бұл жағдайда теңіз беті ешкімнің меншігі емес, сондықтан оны ортақ пайдаланады. Осы позицияны Қазақстан мен Ресей ұстанады. Каспий теңізі статусының шешілмеуі оның қайраңындағы ірі мұнай, газ кендерін игеру нәтижесінде ғаламдық экологиялық апатқа соқтыруы ықтимал;
г) Ластаушы заттардың табиғи және антропогендік таралу «каналдарың.
Антропогендік ластаушы заттардың негізгі көшетін каналдары - ауа массалары мен өзендер.
Қазақстанның географиялық орнының негізгі ерекшеліктері - Республиканың батыс және солтүстік шекарасының Еуропадан, Ресейден ластаушы заттарды (негізінен 8Ө2) тасушы ауа массалары үшін ашықтығы.
Көршілес елдерден Қазақстанға мына трансшекаралық өзендердің ластануы іске асады: Ертіс, Іле (ҚХР), Жайық, Тобыл (Ресей), Шу, Талас (Қырғызстан), Сырдария (Өзбекстан).
Қазақстан өз кезегінде ластаушы заттарды Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы Ресейге ағызады.
Республиканың географиялық орнына байланысты болатын экономикалық шиеленісу көріністері осындай.