Лекция по "Географии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция

Краткое описание

Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"

Вложенные файлы: 1 файл

Геоэкология және т.қорғау.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

Каспий маңы синеклизасына сәйкес Каспий маңы ойпатын алып жатыр.

Кристалл фундаменттің тереңдігімен (шамамен 20 км) сипатталады. Оның үстінде төменгі пермь мен неогеннің әктасты-сазды тау жыныстары жатыр. Тұзды күмбездер (гипс пен тас тұздан) осыларға байланысты. Бетінде Каспий теңізінің трансгрессиялық шөгінділері - құмтасты, сазды теңіздік, аллювиальды-теңіздік, эолды шөгінділер бар. Теңіздік жазық жер бедері тегіс, елеусіз ғана еңістігі бар: 0-ден - 26,6 м. дейін, солтүстікте 100 метрге көтеріледі. Үлкен бөлігін Нарын құмдары және басқа құм массивтері алып жатыр.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы - 6 - 12ӘС, шілденің орташа температурасы +25+26ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 140-180 мм.

Жайық өзенінің төменгі ағысын, атырауын, жазда кеуіп қалатын Ойыл, Жем, Сағыз өзендерін қамтиды. Жазда сорлар да жоғалады.

Топырағы қоңыр, жер бедерінің ағынсыз ойыстарында сортаңдар мен сорлар көп. Сирек жусанды-сораңды, құмдарда астық тұқымдасты - әр түрлі шөптесінді-бұталы өсімдіктер басым.

Табиги ресурстары мен экономикасы.

!рі Каспий маңы мұнайлы-газды провинцияда орналасқан. Мұнай мен газдың қоры зерттелуде (Каспий қайраңында өте терең бұрғылау жүріп жатыр). Жұмыс істеп жатқан ірі мұнай өндіру орындары - Теңіз, Прорва, Доссор, Бозащы және басқалар, барлығы 20-дан артық кен орындары.

Жайық атырауында - балық аулау, балық өсіру. Малды шектен тыс жаю нәтижесінде жұтаған көктемгі-күзгі жайылымдар басым.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - Каспий трансгрессиясы жер асты суларының деңгейін көтереді, бұл топырақ дефляциясы қаупін кемітеді. Нарын құмдары өсімдікпен жақсы бекітілген;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - 1978 жылдан бері созылып келе жатқан Каспий теңізі трансгрессиясы (денгейінің 2,5 м көтерілу), 30-50 км қашықтыққа дейінгі құрлықтың эпизодтық сумен басылуына әкелетін көтерілу толқындары, тұзды күмбездердегі карст қызметі, малды шектен тыс жаю нәтижесінде құм мен құмдақтың дефляцияға бейімділігі, топырақтың қайта тұздануға бейімділігі.

Қазіргі экологиялық жаздайы.

Провинция табиғи ортасының ластану деңгейі - қауіпті. Ең қауіптісі - Каспий теңізі деңгейінің циклдық өзгеруі, тартылу-көтерілу толқындарының қызметі, жұмыс істеп тұрған мұнай өндіріс орындарының қоршаған ортаны ластауы және олардың су астында қалу қаупі (Прорва, Жаңаталап), Каспий теңізі акваториясындағы мұнай және зерттеу ұңғымаларының су астында қалуы. Экологиялық жағдайды шиеленістіретін факторларға жұмыс істейтін және жобадағы мұнай және газ құбырлары да жатады. Ыза жолдардың ретсіздігі, мұнай өнімдеріне арналған жердегі «қоймаларң, мұнай өндіргенде кен орындарында табиғи газды факелдеп жағу да қолайсыздықтар туғызады.

Малды шектен тыс жаю нәтижесінде жайылымдық өсімдіктер дигрессиясы. Қазақстанның аридті аймақтарының ішінде шөлдену көрсеткіштері ең жоғарысы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары.

    1. Теңіз мұнай-газ кен орны. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында Құлсары және Қаратон елді мекендер аралығында орналасқан. 1979 ж. ашылды, мұнай карбонның әктастарында 4-5 км тереңдікте жатыр. «Теңіз-шевройлң БО жылына 10 млн. т. мұнай өндіреді. Атмосфераға 42% күкірт қостотығын, 9% азот қостотығын, 8% көмірсутегілерді, 41% көміртегі тотығын тастайды. Теңіз деңгейінің көтерілуінен жұмысшы және зерттеу мұнай ұңғымаларының су астында қалу нәтижесінде Каспий теңізінің ластануы мен биотүрліліктің төмендеу қаупі бар.
    2. Нарын - құмдары. Киіктердің қыстауға жиналатын орны. Көп уақыт бұл жерде Капустин Яр әскери сынақ полигонының бөлігі орналасты, ракеталар ұшырылып оның сатылары құлаған жер. Радиоактивтік, химиялық, басқа ластанулары туралы мәлімет жоқ.
    3. Азғыр полигоны («Галитң алаңы) Қақ сорының оңтүстігінде орналасқан. 1966-1979 ж. аралығында 165 метрден 1500 метрге дейінгі тереңдікте 17 жер асты ядролық жарылысы жасалды. Жарылыстар мақсаты - тұзды шөгінділерде (Үлкен Азғыр тұзды күмбезді массив) мұнай, газ, радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған кеңістіктерді жасау технологиясын тексеру. Бір қатар кеңістіктер тұзды ерітіндімен толтырылған, атмосфераға радиоактивті газдардың бөлінуі орын алған. Топы-рақ пен өсімдіктерде локалды түрде цезий-137, стронций-90, кездескен сәйкесінше ШРШ 137 және 150 есе артық.
    4. Жайық өзені атырауы. Жайық өзенін Атырау қаласының өнеркәсіптік және коммуналды-тұрмыстық ағын сулары ластайды. Су сапасы таза, СЛИ - 0,77, ШРШ нитриттар мен хром бойынша 2,2 есе артық.
    5. Атырау урбоөнеркәсіптік ауданы. Атырау қаласын қамтиды. Экологиялық шиеленісу деңгейі - шиеленіскен. 1999ж. АЛИ - 2,3. Атмосфераны негізгі ластаушылар: СО, N0 шаң (1,3 ШРШ), аммиак, еритін сульфаттар. Жайық өзенінің СЛИ - 0,76, нитриттер (1,2 ШРШ), мұнай өнімдері (1 ШРШ). Ластау көздері мұнай өндіру өнеркәсібі, қала инфрақұрылымы.
    6. Бозашы түбегі. Мұнай өндіру аймағы. Мұнайдың төгілуі, ызаның мазутталуы, ыза жолдардың ретсіздігі, Каспий теңізінің тартылу-толысу толқындары мен жағалауды су басу себебінен ластануы.
    7. Каспий теңізінің солтүстік қайраңдық зонасы. Каспий теңізінің қорықтық зонасын қамтиды. 1999 ж. Каспий теңізі қайраңының Қазақстандық бөлігінің мұнай-газ қорын анықтау мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы рұқсатымен 1,8-10 м. тереңдікте терең зерттеу бұрғылау жұмыстары басталды.
    8. Мақат-Доссор мұнай өндіру орындары. Қазақстанның ескі мұнай кәсіпшілігі солтүстік-шығыс Каспий маңының сортаңды-құмды жазықтарында орналасқан. Мұнай төгілу нәтижесінде ыза мен топырақ 10 м тереңдікке дейін мазутталған. Мұнай өндіру кезінде серіктес су тасталады. Мазутталған аумақты тазарту мәселесі.

Қорықтық нысандар:

а) қазіргі бар -

  • Каспий теңізінің солтүстігіндегі Волга мен Жайық өзендері атыраулары арасындағы қорықтық зона 1977 ж. Каспий теңізінің балық қорын сақтау және қалпына келтіру мақсатымен анықталды. Волга мен Жайық атырауларының бөлігін де қамтиды. Каспий теңізі қайраңындағы мұнай іздеу бұрғылау жұмыстарына байланысты қорықтық тәртіптің бұзылу (жойылу) қаупі бар;
  • Новин қорықшасы - Еділ атырауына жанасып жатқан Каспий теңізі жағалауы;

ә) ұсынылатын - Доссор ландшафт қорықшасы - сортаңды ойыстар мен сорлары бар «бэр дөңдерің (көне, теңіздік көмілген құм төбелер) жер бедерін сақтау.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • құстар - дала қыраны, қарақұс, бүйра бірқазан, сары құтан, кіші аққұтан, қалбағай, қарабай, қоқиқаз, сұнқылдақ-аққу, мәрмәр шүрегей, аққұйырықты субүркіт, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық;
  • балықтар - каспий албырты, ақбалық, каспий миногасы, еділ майшабағы, күтім;
  • бауырымен жорғалаушылар - сарыбауыр қарашұбар жылан.

Б. Орал таулы елі

Үлкен таулы аймақ меридианды бағытта Солтүстік Мұзды Мұхит жағалауларынан Арал теңізіне дейін созылып жатыр. Геологиялық құрылысы шұбарлығымен сипатталады, яғни түрлі уақыттың литогендік құрылысы және генезисі түрлі тау жыныстары меридиандық бағытта белдеулер құрайды.

Қазақстан аумағында Оңтүстік Оралдың Мұғалжар деп аталатын бөлігі орналасқан.

6. Мұғалжар таулы дала (мал шаруашылығы-кен өндіру) провинциясы

Оралдың оңтүстік шеті - таулы қырат Орал алды, Торғай үстірттері мен Арал теңізі аралығында жатыр. Меридиандық бағытта созылған екі таулы бұйраттан тұрады, олар тауаралық ойыспен бөлінген (абс. биіктігі 500-600 м).

Магнитогорск синклинориі мен  Орал-Тобыл антиклинориіне сәйкес аласа таулардың геологиялық құрылысы күрделі. Таулар архей мен төменгі палеозойдың гнейстерінен, кварциттерінен, кристалл сланецтерден және силурий мен девонның эффузивінен тұрады, көптеген интрузиялар жарған.

Негізгі өзендері - Ырғыз, Жем, Ор салаларымен.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы - 16-17ӘС, шілденің орташа температурасы +21+24ӘС, жауын-шашын мөлшері 25-350 мм/жыл.

Мұғалжар таулары  орографиялық тосқауыл ретінде климат қалыптасуына әсер етеді. Ұштасып жатқан Орал алды және Торғай үстіртінің жазықтарына қарағанда жаздағы ауа температуралары 1-2ӘС-қа төмен, ал жауын-шашынның жылдық мөлшері 20-30 мм-ге артық.

Мұғалжарға тән ерекшелік-шөлейт зонаға аласа таулы құрғақ дала ландшафттарының сұғына енуі. Бетегелі - ақселеулі және жусанды-сораңды құрғақ даласымен таулы қызғылт, қиыршық тасты топырақтар басым. Жер бедері мен геологиялық құрылысының шұбарлығы салдарынан топырақ және өсімдік жамылғысы кешенді. Шатқалдарда - қайыңды-көк теректі сирек орман.

Табиги ресурстары мен экономикасы.

Минералды-шикізат ресурстары - полиметалдар, таскөмір, фосфориттер (Шилісай кен орны). Хромитті кендер өндіріледі (Дон кен байыту комбинаты). Табиғи жем-шөп алқаптары - көктемгі-күзгі жайылымдар мен шөп шабатын алқаптар. Провинцияның үлкен бөлігінде ландшафттар аз өзгерген.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - аумақтың барлығында эрозияға орнықты тасты тау жыныстарының таралуы, жер өңдеуге қолайсыз, кіші өзендер көп;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - жер бедерінің мықты тілімденуі, түрлі минералды-шикізат ресурстары, таулардың тосқауылдық климаттық ролі.

Қазіргі экологиялық жаздайы.

Провинцияның экологиялық шиеленісу деңгейі - қолайлы. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына үлкен Дөң қауіп төндіретін Дөң хромит кеніштерінің (Хромтау қаласы) карьерлері мен үйінділері, Елек өзенінің өнеркәсіптік ағындармен ластануы, Шилісай фосфорит кен орындарының аршыма тау жыныстары.

Тау беткейлерінде - малды шектен тыс жаю нәтижесінде жайылымдық өсімдіктердің дигрессиясы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары

1. Хромтау тау-кен өнеркәсібі. Ірі Дөң хромитті кенішіндегі экологиялық бұзылу (хром тотығы 65 %-ға дейін) жер беті суларының және топырақтың хром және басқа да ауыр металдардың қоспаларымен ластануы. Негізгі ластаушылар: шаң, хромды қоспалар 710 млн. т. жуық, аршыма тау жыныстары мен қалдықсақтауыш шламдары (1999 ж.) жиналған. Осында ірі Кемпірсай никель кен орны бар. Бұзылған жерлер - карьерлерді, аршыма тау жыныстары үйінділерін рекультивациялау проблемасы.

Қорықтық нысандар:

а) қазіргі бар - жоқ;

ә) ұсынылатын - Жаманшы метеорит кратері (астропроблема, диаметрі 5,5 км.) ландшафттық қорықша. Ырғыз, Жем, Ор өзендерінің жоғарғы ағыстарында Мұғалжардың орта бөлігін қамтитын геологиялық минералдық қорықшасы құру.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • құстар - дала қыраны, бүркіт, сұр тырна, ақбас тырна, тарғақ;
  • өсімдіктер - комаров жоңышқа туысы, мұғалжар юринея туысы.

7. Орал сырты дала (жер өңдеу) провинциясы

Орал сырты үстіртінде Қостанай облысы аумағында ор-наласқан. Салыстырмалы биіктігі 300-400 м көне абразиялы- денудациялы жазық. Оңтүстік Оралдың тау бөктері. Палеозойдың кварциттерінен, сланецтерінен, гранитті интрузиямен жарылған эффузивтерден тұрады да лесстік саздармен жабылған. Төбелі-жонды жер бедері Тобыл алабына жататын Тоғызақ, Аят, Сынтасты, Желқуар өзендерімен кескінделген.

Климаты: Орал орографиялық тосқауылына  байланысты құрғақ, қаңтардың орташа температурасы - 17ӘС, шілденің орташа температурасы +20ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-350 мм.

Әр түрлі шөптесінді - қызыл селеулі - ақ селеулі даласымен оңтүстік қаратопырақтары басым. Олар өзен аңғарлары мен сайлардың беткейлерінде ғана сақталған. Орал тауы бөктерінде көктеректі-қайыңды орман үлескілері бар.

Табиғат ресурстары мен экономикасы.

Асбестің ірі кен орны (Жітіқара қаласы) және комбинаты, алтынның бір қатар кен орны бар. Құнарлы топырақ, табиғи жем-шөп алқабы. Табиғи даланың үлкен бөлігі (80%-ға дейін) жыртылған. Сынтасты өзеніндегі Желқуар бөгені.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - денудацияға төзімді тасты тау жыныстары басым;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - жер бедерінің елеулі тілімденуі, жердің басым бөлігінің жыртылуы мен топырақтың құнарсыздануы, минералды - шикізат ресурстары.

Қазіргі экологиялық жаздайы.

Экологиялық шиеленісу деңгейі - қолайлы. Үлкен экологиялық қауіпті асбест кендерінің өндіру карьерлері мен Жітіқара асбест комбинатының аршыма тау жыныстары үйінділері туғызады.

Экологиялық шиеленісу аймақтары

1. Жітіқара тау-кен өнеркәсіптік аймақ. Жітіқара қаласын және ірі асбест кенішін («Қостанай асбестң АҚ) қамтиды. Өндіру ашық әдіспен іске асырылады. Карьер (тереңдігі 150 м), бос тау жыныстар үйінділері. Атмосфера шаңмен, көміртегінің, азоттың, күкірттің қос тотығымен қатты ластанған (1998 ж. 1600 т. артық). Бұзылған жерлер рекультивацияны қажет етеді.

Қоръщтъщ нысандар:

а) қазіргі бар - Михайлов ботаникалық қорықшасы, Орал жотасының жыралы-сайлы бөктеріндегі қайыңды-көктеректі, қарағайлы ормандарды қамтиды. Бұғы, елік, қарағайлы орман мен суда жүзетін құстар биотоптарын қорғау;

ә) ұсынылатын - жоқ.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • сүтқоректілер - жұпар;
  • құстар - сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, сұр тырна;
  • өсімдіктер - жабысқақ қандағаш туысы.

В. Батыс Сібір жазығы елі

Батыс Сібір плитасында орналасқан. Меридиан бағытымен ұзаққа созылып жатқандықтан және жазықтық жер бедеріне байланысты белдеулік зоналылық айқын байқалады.

Қазақстан аумағына орманды дала және дала зоналары енеді. Алты географиялық провинцияны қамтиды.

8. Есіл орманды дала (шаруашылық жер өңдеу) провинциясы

Қазақстанның қиыр солтүстігінде жатыр, Көкшетау қыратына ұштасады. Батыс Сібір плитасының оңтүстік шетіне сәйкес, мезозой-кайнозой саздарынан тұрады. Көлдік және көлдік аллювиальді саз бен саз тастармен жабылған. Жер бедері тегіс жазықты-ойықты және қолатты-жалды. Солтүстікке және солтүстік-шығысқа еңіс. Салыстырмалы биіктігі 130-200 м.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы -19ӘС, шілденің орташа температурасы +18 С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400 мм. Негізгі өзені Есіл - аралас қоректенетін өзендер типіне жатады. Су тасуының биіктігі мен қайырлау деңгейінің төмендігімен сипатталады. Жер бедерінің тегістігіне байланысты суффозионды тұщы көлдер көп. Олардың пішіні домалақ, көлденең қимасы табақша тәрізді.

Информация о работе Лекция по "Географии"