Лекция по "Географии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция

Краткое описание

Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"

Вложенные файлы: 1 файл

Геоэкология және т.қорғау.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

Техногенездің экологиялық мәселелері. Техногенез терминінің түсінігі. Барлық көптүрлі антропогендік әсерлерді 3 үлкен сыныпқа жіктеу - эмиссиялық әсерлер, фондық - параметрлік әсерлер және ландшафттық - деструкциялық. И.В.Комардың ресурстық оралым (цикл) концепциясы (тұжырымы).

Орография мен жер бедерінің экологиялық салдары

Қазақстанның үлкен бөлігін жазықтар мен ойпаттар алып жатыр. Батысы мен оңтүстігінде Каспий маңы және Тұран ойпаттары (Қарақия ойысы - 132 м абс.) бар. Орталық бөлігінде Қазақ ұсақ шоқылығы (абс. биіктігі 1559 м.) мен Бетпақдала (теңіз деңгейінен 300-350 м. абс.) орналасқан. Солтүстікте Қазақстан аумағына Батыс Сібір ойпатының (100- 150 м.) оңтүстік шеті еніп жатыр. Республиканың шығыс және оңтүстік- шығыс бөлігін Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы таулары, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань жоталары (Хан-Тәңірі шыңы, 6995 м. абс.) алып жатыр.

Орографиялық ерекшеліктері Қазақстанның қоршаған ор-тасының кейбір маңызды экологиялық қасиеттерін сипаттайды.

Орография антропогендік техногендік  өнімдерді көшіретін және жинақтайтын жағдайдың болуын не болмауын анықтайды. Ағынсыз тұйық алаптардың болуы, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсер ететін эндогендік және экзогендік процестердің орын алу дәрежесі орографиялық суретке байланысты.

Тұйық, ағынсыз өзен алаптары, яғни көптеген өзендердің соңғы эрозия базистері кең тараған. Атап айтқанда: Каспий және Арал теңіздері, Балқаш көлі, Шу, Сарысу, Нұра, т.б. өзен алаптары. Осы су көздеріне құйылатын өнеркәсіптік тастандылар осы ағынсыз тұйық алаптарға жинақталып, Қазақстаннан ешқайда шығарылмайды.

Жер бедеріне байланысты Қазақстан аумағын мынадай аймақтарға бөлуге болады: ластаушыларды шығаратын (таулы аудандар), транзиттік (Ертіс, Есіл өзендерінің орта ағысы), лас-таушыларды жинақтайтын (Арал және Каспий теңіздері, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның ағынсыз алаптары).

Жер бедерінің басқа экологиялық салдары:

  • таулардың Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында болуы климаттық тосқауыл туғызады. Желді бет-кейлерінде атмосфералық жауын-шашын жинақталады да, соның нәтижесінде тауларда тасқынды өзен ағындары, сел, қоршаған ортаның орнықсыздануынан экзогенді т.б. табиғи процестер туындайды;
  • денудациялық жазықтар мен үстірттердің, ұсақ шоқылардың орын алуы Қазақстанда жердің бұзылуына әкелетін су эрозиялық процестеріне әсер етеді;
  • ойпатты аккумулятивті жазықтардың кең таралуы (аумақтын 30%-ы) - Қазақстанның жыртылған және эолды жер бедерінің қалыптасқан бөлігіндегі жел эрозиясы процестерінің туындау факторы;
  • таулардың болуы эндогенді, гравитациялық және т.б. экологиялық қауіптілік факторларын сипаттайтын процестерді анықтайды;
  • денудациялық жазықтар, үстірт және ұсақ шоқы техногенез процесінде су эрозиясының себепшісі болады;
  • теңіздік, аллювиальды, көлдік-аллювиальді тегі бар ак-кумулятивті құмды-құмайт жазықтар кең тарала отырып, табиғи-антропогендік шөлдену процесінің дамуына әсер етеді;
  • эолды жазықтар мен құмды шөлдердің кең аудандары дефляциялық процестердің, шаңның Қазақстанның барлық аумағында таралуы мен жиналуына, сусыма құмдар ауданының кеңеюіне мүмкіндік жасайды.

2 модуль. Табиғи ресурстарды қорғау

Геологиялық құрылысының экологиялық салдары

Қазақстан жер бедерінің түрлілігі оның геологиялық құрылысының күрделілігіне байланысты. Ірі платформалық құры-лымдар бар: Орыс платформасы (Каспий маңы ойпаты), Тұран плитасы (Тұран ойпаты), Батыс Сібір плитасы (Батыс Сібір ойпаты), т.б. Геологиялық құрылымына байланысты Қазақстан аумағы 4 қатпарлану кезеңінен өтті: палеозойға дейінгі, каледон, герцин және альпі. Оларға жасы және литологиялық құрамы әр түрлі тау жыныстары сәйкес келеді: кембрийге дейінгі, палеозой, мезозой сланецтері (тақта тастары), әктасы және гранитінен бастап үштік және төрттік саз бен құмға дейін /7/.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына геологиялық құрылымның әсері түрліше. Геожүйелердің экологиялық жағдайына әсер ететін негізгі факторлар: тау жыныстарының литологиясы, оның қалыңдығы, техногендік әсерге орнықтылық дәрежесі, тау жыныстарының кеуектіліғі және борпылдақтығы техногенді тастандыларды тасу және аккумуляциялау процесінде үлкен роль атқарады.

Жасы мен литологиялық құрамы әр түрлі тау жыныстарындағы түрлі пайдалы қазба кендерінің экологиялық маңызы зор. Бұл тау жыныстары пайдалы қазбаны өндіргенде көбіне жер бетіне шығарылады. Осы жағдайда ландшафттың табиғи геохимиялық фоны өзгереді, түрлі геохимиялық аномалиялар қалыптасады.

Пайдалы қазбалардың өндірілуі және болашағы жер бедерін бұзатындықтан, топырақ пен өсімдікті жоятындықтан, су тартылатындықтан және табиғи орта ластанатындықтан экологиялық шиеленісу көзі болып отыр /8/.

Адамның кез келген шаруашылық әрекеті жобаланып, іске асырыларда геожүйелердің геологиялық құрылысы ескерілуі қажет. Бұл жағдайда мынаны еске сақтау керек:

  • техногендік әсерге ең төзімді Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тауларын, Қазақ ұсақ шоқылағын және Мұғалжарды құрайтын интрузивті тау жыныстары;
  • экологиялық орнықты категорияға әктас пен басқа да палеозойға дейінгі және палеозойдың шөгінді жыныстары жатады. Олар: Алтай, Тянь- Шань таулары мен Қазақ ұсақ шоқылығын құрайды;
  • антропогенез процесінде су және жел эрозиясының әсеріне мезозой мен палеоген-неогеннің сазды жыныстары орнықсыз (Торғай ойысы, Аралдың солтүстік маңы);
  • антропогендік әсерге теңіздік, делювиальды, көлдік, көлдік- аллювиальдық, делювиальды-пролювиальды текті төрттік саздақты- құмдақты жыныстар да орнықты емес. Олардың жалпыланып таралған жерлерінде (Каспий маңы ойпаты, Торғай ойысы, Батыс Сібір ойпаты) табиғи-антропогендік шөлдену, әсіресе жел эрозиясы процестері кең орын алуда;
  • техногенез процестеріне эолды құмды жыныстары тараған аймақтар (Қызылқұм, Каспий маңы ойпаты, Арал маңы, Балқаштың оңтүстік маңы) мүлдем төзімсіз. Бұл жерлерде экологиялық бұзылудың қуатты факторы - дефляция.

Тақырып. Атмосфераның қорғауы. Атмосфералық ауа терминың анықтамасы. Атмосфераның ластануының көздері. Өздік тазалау атмосфераның касиетті. Атмосфералық ауаның ластаныдан қорғау шаралар. Гигиеналық нормативтер - ШРШ. ШҚШ, ШБЭН. Нормативтерді сақтау бақылау әдістері.

Қазақстан экологиялық жағдайының климаттық шарттары

Қоршаған орта жағдайына климат үлкен әсерін тигізеді. Атмосфералық ауаның түрлі табиғи және антропогендік факторлар әсерінен ластануының экологиялық маңызы зор. Климат - жер беті, жер асты суларына, өсімдік, топыраққа және табиғи-антропогендік ландшафттарға күшті әсерін тигізетін маңызды экологиялық фактор.

Қоршаған ортаның экологиялық бұзылуының көптеген процестерін климат не күшейтеді, не тежейді.

Қазақстан климатының маңызды экологиялық салдары мынадай:

  • жыл мезгілдерінің температуралық айырмасының алшақтығының үлкендігінен және атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің аздығынан көрінетін климаттың континенттілігі мен құрғақтығы;
  • Қазақстанда ауаның жылдық орта температурасының 100 жылда +2ӘС көтерілуі және 2050 жылға болжамдар бойынша атмосфералық жауын- шашынның жылдық мөлшерінің 20 %-ға кемуінен көруге болатын климат құрғақтығының екпіндеп өсуі;
  • атмосфералық құрғақшылық пен шаңды дауылдардың жиілікпен қайталануы. Ол Қазақстан шөлдерінде бір жылда 90 күнге жетеді;
  • Солтүстік Қазақстанның далалық ауылшаруашылық аймақтарында дефляцияға және топырақтың қарашіріктен арылуына әкелетін күшті желдердің жиі қайталануы;
  • ауа массаларының циркуляциясының ерекшелігі. Ол қыста және жазда антициклондық тәртіптің басымдылығынан көрінеді. Бұл тәртіп Қазақстанның үлкен бөлігінде атмосфераның ластануына және ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың (Алматы, Өскемен қалалары т.б.) ауа алаптарының ластануына оң әсерін тигізеді;
  • атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің барлық жерде аздығы мен оның уақытшалығы атмосфераның өздігінен тазаруына, ластанған топырақтың, өзендер мен су қоймаларының жауын-шашынмен шайылуына кедергі жасайды;
  • атмосфералық жауын-шашын дефициті су нысандарын өздігінен тазару үшін маңызды өзен ағыны мен жер беті суларының гидрологиялық тәртібіне кері әсер етеді.

Геожүйелердің экологиялық жағдайына климат әсерінің түрлілігі осы аталғандармен бітпейді.

Тақырып. Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану.

«Гидросфера терминың анықтамасы. Жер үсті және жер асты сулар. Су пайдалану. Су қоймалардың ластаушы түрлері мен көздері. Су қоймалардың өздік тазалану касиеті. Су қорғау шаралар.

Жер беті және жер асты суларының экологиялық ролі

Қазақстанда ұзындығы 10 км-ден асатын 7 мыңнан астам өзендер, 34,5 мыңнан астам көлдер, ауданы 1677 км2, құрамындағы су көлемі 64 км3 болатын 2724 мұздықтар бар /4/. Жер беті және жер асты суларының жалпы қоры 450 км , оның ішінде 101 км (өзен суларының) шаруашылық қызметіне пайдаланылады.

Жер асты суларының бекітілген қоры 15,8 км3, оның 2,6 км3 пайдаланылады /8/.

Қазақстанның жер беті су ресурстары толық дерлік игерілген. Республиканың су шаруашылық мәселелерін жер беті суларын үнемдеп пайдаланып, жер асты су ресурстарын игеру арқылы ғана шешуге болады.

Жер беті және жер асты суларының Қазақстан геожүйелеріне экологиялық әсері жан-жақты. Ол өзен желілерінің тығыздығынан, су нысандарының гидрологиялық және гидрохимиялық тәртіптерінен көрінеді. Өзендердің қоректену көзі, су тәртібі, жылдық ағынның өзгергіштігі, т.б. сияқты экологиялық факторлардың маңызы зор.

Осы факторлардың кейбіреулерін ғана қарастырумен шектелейік. Атап айтқанда:

  • өзен желілерінің Қазақстанның үлкен, жазық бөлігінде бірқалыпты таралмауы техногенез өнімдерінің геохимиялық миграциясына зиянын тигізеді;
  • Тянь-Шань, Алтай, Жетісу Алатауы тау жүйелеріндегі өзен желілерінің тығыздығы мен мол сулылығы осында орналасқан өнеркәсіп аймақтарынан табиғи су мен топырақты ластаушы заттардың басқа аймақтарға көшуіне себепші;
  • Республика аумағында гидрологиялық тәртібі Қазақстандық типтес өзендердің басым болуы (80%) су нысандарының өздігінен тазаруының маңызды факторы. Айқын байқалатын көктемгі су тасуы өзеннің ластаушы заттардан шайылуына көмегін тигізсе, қайырлаудың төмендігі (кейде кеуіп қалуы) техногенез өнімдерін жинақтауға әсер етеді;
  • Тянь-Шань тауларындағы тянь-шань типті өзендер ұзаққа созылатын көктемгі-жазғы су тасуы мен тасқынымен және төмен қайырлануымен сипатталады. Осындай гидрологиялық тәртіп су нысандарының техногенез өнімдерінен өздігінен тазаруына әсер етеді;
  • Алтай типтес өзендер созылмалы көктемгі су тасуымен, жазғы-күзгі жоғарғы ағынмен ерекшеленеді. Олар су нысандарының өздігінен тазаруына және шаруашылықта пайдалануға қолайлы;
  • 70-тен аса артезиан алаптарының болуы Қазақстанның бірқатар аридті аймақтарының экономикалық дамуына мүмкіндік береді. Дегенмен жер асты суларының минералдылығынын көбінесе жоғары дәрежеде болуы экологиялық жағдайды шиеленістіретін экологиялық фактор болып табылады.

Су деңгейінің өзгеруі, өзендердің максимальды және ми-нимальды өтімі, т.б. да қоршаған ортаның экологиялық жағдайларына әсер ететін факторлар гидрологиялық тәртіппен тығыз байланысты.

Тақырып. Топырақ және жер ресурстарды қорғау. Планетаның жер фондының жағдайын талдау. Жер ресурстарды негізгі пайдалану формалары. Қазақстан республиканың жер фондының құрылысы. Топырақ эрозиясы және онымен күресу. Пестициттердің альтернативасы биоәдістер, оларды пайдалану. Жерлерді қорғау, жер кадастыры.

Топырақтардың экологиялық қасиеттері

К.Ш. Фаизов пен М.Е. Белгібаев деректері  бойынша /28/ Қазақстан аумағында бір-бірінен физикалық-химиялық қасиеттерімен және құнарлылық дәрежесімен ерекшеленетін топырақтың 700-ден астам түрі кездеседі. Қазақстан аумағының ауданы 272.5 млн га, оның 235 млн. гектарын топырақтар алып жатыр, ал қалған 37 млн. гектары теңіздер, көлдер айдындары мен мұздықтар үлесіне тиеді.

Қазақстан жазықтарының топырақтары 201 млн. га, ал таулы аудандар топырақтары 34 млн. гектарды алып жатыр.

Қаратопырақ үлесіне 27,5 млн га., қызғылт топырақ үлесіне 90,5 млн. га., қоңыр және сұр-қоңыр қоңыр топырақ үлесіне 119,4 млн.га. тиеді.

Республика аумағында егін шаруашылығына  жарамсыз немесе жарамдылығы төмен топырақ кең дамыған. Мысалы, құмды массивтер 27 млн.га., тұзды топырақтар - сортаң мен сорлар 20 млн.га. жерді алып жатыр.

Қазақстанның топырақ жамылғысының айырықша эколо-гиялық қасиеті оның кешенділігі, яғни шағын ауданда топырақтың көп түрінің кезектесіп кездесуі. Топырақтардың кешенділігі климаттың құрғақшылығына, жер бедерінің біркелкі болмауына, геологиялық құрылысы мен топырақ қалыптастырушы жыныстардың ала-құлалығына байланысты. Бұл жағдай өз кезегінде Қазақстан ландшафтарының өсімдік жамылғысы ерекшеліктерін және жерді ауылшаруашылық мақсатта қолдануды анықтайды.

Қазақстан топырақтарының жарамсыз экологиялық қасиеттері мыналар: кешенділігі, эрозияға бейімділігі, тұздылығы, табиғи құнарлылығының төмендігі. Бұған себеп табиғи факторлар (табиғи шөлдену процесі), оның ішінде құмдақты-саздақты механикалық құрамымен бірге шаруашылыққа тиімсіз пайдаланылуы. Топырақты өңдеудің агротехникалық ережелерін сақтамау жел және су эрозиясының белсенділігінің артуына, топырақтың ескіріп, құнарлылығын жоғалтуына, соның салдарынан жыртылатын топырақтың қарашірік қабаты таусылады. Республикадағы топырақтың жел эрозиясына (дефляция) 45 млн.га жерде, ал су эрозиясы 19 млн.га жерде дамыған. Солтүстік Қазақстанның 11 млн. га бұрынғы тың жерінде топырақ құнарлылығын жоғалтуы байқалады.

Тақырып. Өсімдік және жануар әлімді қорғау. Планетаның биологиялық ресурстары. Адамзатқа және тірі организмдерге өсімдік ресурстарының маңызы. өсімдіктердің биоөнімділігін жоғарлату үшін биотехнологиялық зерттеулерді пайдалану. Орманың маңызы, олардың жіктеліу. Жануар әлемінің ресурстары. Биоресурстарды қорғау шаралар.

Информация о работе Лекция по "Географии"