Лекция по "Географии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция

Краткое описание

Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"

Вложенные файлы: 1 файл

Геоэкология және т.қорғау.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

т^ • • •

Биологиялық алуан түрлілікті сақтау

Геожүйеде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің саны - оның табиғат жағдайының маңызды көрсеткіші, қоршаған ортаның экологиялық орнықсыдану деңгейін сипаттайды.

Флораның биотүрлілігі. Қазақстанның өсімдік жамылғысы 128 тұқымдасқа бірігетін жоғарғы өсімдіктердің 6000-нан астам түрінен тұрады. Оның 14%-ы эндемиктер. Флористикалық алуан түрлілік деңгейі бірқалыпты емес Қазақстан жазықтарында шөл және дала зоналары флорасының алуан түрлілігі мен ерекшелігі батыстан шығысқа қарай өзгереді. Қазақстанның оңтүстігінде, тауларда өсімдіктердің алуан түрлілігінің деңгейі солтүстік- шығыстан (Алтай) оңтүстік-батысқа (Батыс Тянь-Шань) қарай артады.

Қазақстанның Қызыл кітабына (1981 ж.) жоғарғы өсімдіктердің 279 түрі енгізілген, ал оның жаңа басылымына 400 сирек кездесетін өсімдік түрін енгізу ұсынылып отыр.

Фаунаның биоалуантүрлілігі. Қазақстанның жануарлар әлеміне омыртқалылардың 835 түрі кіреді, оның 178 түрі сүт қоректілер. Тұяқтылардың 12 түрінің ішінде - киік, бұғы, елік, тау ешкісі, тоқал бұғы, марал - кәсіби аңшылық нысандары. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің жоғалу қаупі төнген 140 түрі мен түр тармағы енген.

Қазақстанда тіршілік ететін 500 түрлі құстардың 140 түрі аңшылық кәсіптік түрге жатады. Маңызды топ болып суда жүзетін жабайы құстар (қаздар, үйректер, қасқалдақтар) есептеледі. Қазақстан су айдындарында 7-8 млн. құс ұялайды, тағы 8-10 млн. құс көктемгі - күзгі миграция кезінде ұшып өтеді.

Жоғалу қаупі құстардың 15 түріне төніп тұр; бұйра бірқазан, сары құтан, қалбағай, қарабай, қоқиқаз, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, аққұйрықты субүркіт, алтай ұлары, безгелдек, жорға дуадақ, қарабас өгіз шағала, үкі. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың ішінде ең сирек кездесетіндері орталық азиялық (сібірлік) бақа мен сұркесел /19/.

Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің күрт азаюы, олардың тіршілік ортасының түбегейлі өзгеруімен бірге халықтың табиғатты қорғау заңдарын сақтамауына да байланысты.

 

Тақырып. Ландшафтарды қорғау. Антропогендік ландшафтар - географиялық ғылымының қазіргі бағыты. Ф.Н. мильков бойынша антропогендік ландшафтардың жіктелуі. Эксплуатациялық (мәдени) және

 ландшафтар. Бұзылған ландшафтарды  жақсарту шаралар.

Ландшафтарды қорғау.

Ландшафттардың экологиялық қасиеттері

Қазақстанның түрлі аймақтарының экологиялық проблемалары көп жағдайда осы табиғи ландшафттардың қасиеттіріне байланысты. Еске сала кетейік географиялық ландшафттар дегеніміз А.Б. Исаченконың анықтамасы бойынша - құрамына жанасып жатқан локальды геожүйелердің арнайы жиынтығын біріктіретін, зоналық және азоналық белгілері бірдей, генетикалық тұрғыдан бірыңғай аумақ /11, 111-б/. Ландшафттардың маңызды қасиеті - орнықтылығы, яғни антропогендік әсерге өзінің ресурстық және орта қалыптастырғыш қызметтері мен қасиеттерін сақтай отырып қарсы тұру қабілеті.

Ландшафттар ішіндегі табиғи құрамбөліктердің өзара тығыз байланысының салдарынан, олардың әрқайсысы антропогенез өтетін арнайы экологиялық орта болып саналады. Бір аумақта түрлі ландшафттардың кездесуі - осы аумақтын ландшафттық экологиялық (геоэкологиялық) жағдайының алуан түрлілігінің себепшісі.

Ландшафттардың экологиялық қасиеттері табиғатты қорғаудың ландшафттық ұстанымы негізінде есептелуі қажет. Бұл ұстаным бойынша ландшафттағы өзара байланысты табиғи құрамбөліктері және белгілі ландшафттар мен оның классификациялық түрлерінде болатын техногендік факторлар кешенді түрде бағаланады.

Қазақстан ландшафттары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жазықты аймақтарда ландшафттардың 4 типі, 10 тип тармағы, 485 түрі белгілі /20/.

Қазақстан аумағында 4 табиғи зона және 9 зона тармағы бар. Олардың барлығын типтер мен тип тармақтарына біріктіруге болады. Сонымен қатар таулы аймақтарда ландшафттардың биіктік белдеулігі байқалады. Ол 3-5 биіктік белдеулік спектірінен тұрады.

Қазақстанның табиғат зоналары мен зона тармақтарының геоэкологиялық ерекшеліктерін қарастырайық /12/:

1. Орманды дала зонасы (ландшафттардың орманды далалық типі). Қазақстанның солтүстігінде Батыс-Сібір ойпатында орын алған. Бұл жерде сұр орманды топырақта қайыңды және қайыңды қарағайлы орман үлескілері мен сілтісізденген қаратопырақтағы астық тұқымдасты әр түрлі шоптесінді далалық үлескілер бірге кездеседі. Жауын-шашынның жылдық жиынтығы 320-350 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,63-0,77 (бұл коэффициент жауын- шашынның жылдық мөлшері мен буланудың жылдық мөлшерінің қатынасын көрсетеді).

Табиғи факторлары: а) экологиялық  шиеленісуді тежейтін - жазықтық жер бедері, өзен және көлдер желісінің тығыздығы, орманды алқаптың басымдылығы; ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін-климаттың шұғыл континенттігі, жиі болатын қатты желдер мен шаңды дауылдар, өзен ағысының мезгілдер бойынша тең еместігі.

1а. Зона тармағы (ландшафттардың тип тармағы) - шалғынды қаратопырақты, сұр ормандық топырақты және сілтісізденген қаратопырақты орташа ылғалды орманды дала. Ылғалдану коэфициенті - 0,77-0,63. Қолайсыз табиғи факторлар: топырақтың батпақтануы, ормансыздануы, топырақтың қарашіріктен арылуы.

1ә. Зона тармағы (ландшафттардың тип тармағы) - сілті-сізденген қаратопырақты, сұр ормандық топырақты, шалғынды қаратопырақты, шоқ орманды, орманды дала. Ылғалдану коэф-фициенті 0,77-0,63. Қолайсыз табиғи факторлар: жел эрозиясы мен топырақтың қарашіріктен арылуы.

2. Дала зонасы (ландшафттардың далалық типі). Каспий маңы ойпатының, Қазақ ұсақ шоқылығының солтүстік бөлігін, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігін алып жатыр. Кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар мен қүңгіртқызғылт топырақтағы әр түрлі шоптесінді-ақселеулі және бетегелі-ақселеулі өсімдігі бар. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-330 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,27-0,58.

Табиғи факторлар: а) экологиялық шиеленісуді күшейтуші - климаттың шұғыл континенттігі мен құрғақтығы, қатты желдер мен шаңды дауылдар, механикалық құрамы жеңіл топырақтардағы жел эрозиясы, өзен желісінің сиректігі, өзен ағынының жыл мезгілдері бойынша тең еместігі, топырақтың локалдық тұздануы; ә) экологиялық шиеленісуді тежеуші - өзен желісінің барлығы, далалық шөптесін өсімдіктер үлескілерінің сақталуы, су эрозиясының орын алуына қолайсыз жазықтық жер бедерінің басымдылығы.

2а. Зона тармағы - кәдімгі қаратопырақ пен шалғынды қара топырақтағы бай әр түрлі шоптесінді-ақселеулі орташа құрғақ дала (ландшафттың орташа-құрғақ-далалық тип тармағы). Жауын-шашынның жылдық мөлшері 280-310 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,58 - 0,48. Топырақтың жел эрозиясы мен қарашіріктен арылуы орын алады.

2ә. Зона тармағы - оңтүстік қаратопырағымен әр түрлі шоптесінді ақселеулі құрғақ дала (ландшафттардың құрғақ дала тип тармағы). Жауын- шашынның жылдық мөлшері 260-290мм. Ылғалдану коэффициенті 0,50.- 0,40. Жел эрозиясы мен топырақтың қарашіріксізденуі орын алады.

2б. Зона тармағы - күңгірт қызғылт топырақтағы әр түрлі шоптесінді бетегелі-ақселеулі өсімдікті орташа құрғақ дала (ландшафттардың орташа құрғақ тип тармағы). Жауын шашынның жылдық мөлшері 240-270 мм.

Ылғалдану коэффициенті 0,33-0,42. Топырақтың ұшырылуы мен қарашіріксізденуі.

2в. Зона тармағы-қызғылт топырақтағы ксерофитті - әр түрлі шоптесінді-бетегелі ақселеулі өсімдікті құрғақ дала (ландшафттардың құрғақ дала тип тармағы). Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220-250 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,35-0,27. Қолайсыз процесстер: көктемгі аңызақтар, ағынның төмендігі, жыртылатын топырақтың қарашіріксізденуі, кейбір жерде - топырақтың тұздану процесі мен жайылымдық дигрессия.

  1. Шөлейт зона (ландшафттардың шөлейттік типі) Каспий маңы ойпатының бір бөлігін, Тұран ойпатының және Қазақ ұсақ шоқылығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Ашық қызғылт топырақта ақселеулі-жусанды өсімдік басым. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 180-230 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,28 - 0,20.

Табиғи факторлары: а) экологиялық  шиеленісуді күшейтуші-климаттың шұғыл континенттігі мен құрғақтығы, жиі болатын қатты желдері, аңызақтар, өзен ағынының төмендігі мен күрт өзгеруі, топырақтың жел және су эрозиясы мен тұздануы, жайылымдық дигрессия; ә) экологиялық шиеленісуді тежейтін - жыртуға жарамды топырақтың жоқтығы, жауын-шашынның аз мөлшері су эрозиясына қолайсыз жағдай туғызады.

  1. Шөл зонасы (ландшафттардың шөлдік типі). Тұран ойпаты жазықтарын, Қазақ ұсақ шоқылығының оңтүстігін алып жатыр. Қоңыр, сұр- қоңыр топырақтар мен сортаң, сорлар, тақырларда жусанды-сораңды өсімдік басым. Шөлдің негізгі эдафитті типтері; сазды, құмды, тасты, сорлы. Жауын шашынның жылдық мөлшері 80-190 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,26.

Табиғи факторлар: а) экологиялық  шиеленісуді күшейтетін шөлдену, климаттың шұғыл континенттігі мен өте құрғақтығы, қатты желдер, аңызақтар, жиі болатын құрғақшылық. Жергілікті өзендердің болмауы, транзитті су нысандарының суының аздығы, өзен ағысының күрт өзгеруі. Топырақтың күшті тұздылығы, оның жұқалылығымен кейбір жерде (құмда) тіптен болмауы, дефляция; ә) экологиялық шиеленісуді тежейтін - су эрозиясының жоқтығы, қоныстану тығыздығының төмендігі.

4а. Зона тармағы - қоңыр топырағында сораңды-жусанды өсімдіктер өскен солтүстік шөлдер (ландшафттардың солтүстік шөлді тип тармағы). Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 -190 мм. Ылғалдану коэфициенті 0,22 - 0,14. Қолайсыз табиғи факторлар: климаттың құрғақтығы, сусыздығы, топырақ дефляциясы және жайылымдық өсімдіктердің дигрессиясы, табиғи - антропогендік шөлдену.

4ә. Зона тармағы - сұр қоңыр топырағында эфемерлі-жусанды-сораңды өсімдіктер өскен орта шөлдер (ландшафттардың орташа шөлдік тип тармағы). Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-170 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,16-0,08. Экологиялық шиеленісуді анықтайтын факторлар: шөлдену, жел эрозиясы, топырақтың тұздылығы мен сортаңдануы.

4б. Зона тармағы - сұр-қоңыр, тақырлық топырақтардағы эфемерлі- сораңды өсімдіктерімен оңтүстік шөлдер (ландшафттардың оңтүстік шөлдік тип тармағы). Жауын-шашынның жылдық мөлшері 80-150 мм. Ылғалдану коэффициенті < 0,1.

Экологиялық шиеленісуді күшейтетін табиғи факторлар: тау бөктерінің тілімденген жер бедері, су (ирригациялық) эрозиясы, топырақтың тұздануы, құмдағы дефляция.

Таулы аймақтардың биіктік белдеулері.

389 га. жерді немесе Қазақстан аумағының 13,5%-ын алып жатыр. Биіктік белдеулері спектрі тау жүйесінің географиялық орны мен абсолюттік биіктігіне байланысты. Мысалы, Солтүстік Тянь-Шанда ол мынадай:

    1. Боз топырақ мен ашық қызғылт топырақтары бидай тұқымдастар- жусанды-эфемерлі өсімдіктерімен тау етегіндегі және тау бөктеріндегі шөлді-далалық белдеу. Таулардың төменгі ярусын (900-1000 м. абс.) алып жатыр. Қолайсыз табиғи процестер: су және жел эрозиясы, суғармалы жер өңдеу кезінде топырақтың қайта тұздануы.
    2. Таулы боз топырақ, таулы күңгірт-қызғылт және таулы кәдімгі қаратопырақтарымен аласа таулы далалық белдік (1000 -1700 м. абс.). Қолайсыз табиғи факторлар: ойлы-қырлы жер бедері, су эрозиясы, жылжымалар, опырылымдар.
    3. Таулы сілтісізденген қаратопырақтағы, таулы күрең, таулы сұр орманды топырақтағы астық тұқымдастар - әр түрлі шоптесінді шалғындарымен, жапырақты және шыршалы ормандарымен орташа таулы шалғынды-орманды белдік (1700-2600 м.). Қолайсыз экологиялық факторлар: ойлы-қырлы жер бедері, белсенді сел процестері, су эрозиясы, жылжымалар, опырылымдар.
    4. Таулы-шалғынды субальпілік және альпілік биік таулы шалғынды- далалық топырақтағы әр түрлі шоптесінді-астық тұқымдасты және шалғынды-далалық өсімдікті биік таулы субальпілік шалғынды белдем (2600 - 3800 м.). Қолайсыз табиғи факторлар: ойлы-қырлы жер бедері, беткейлердің тіктігі, биік тауларға жетудің қиындығы, жол салу және басқа да шаруашылық қызметке байланысты туындайтын эрозиялық және гравитациялық процестер.
    5. Мәңгі қар (нивальдық) белдеуі (3800 метрден жоғары). Қолайсыз табиғи процестер мұздықтар абляциясына байланысты. Мореналық, бөгесінді көлдердің пайда болып, осы көлдер бұзылғанда селдер қалыптасуы мүмкін.

Жоғарыда аталған Қазақстан  табиғатының экологиялық қасиеттерінің әдетте көп түрі біріге отырып орын алады. Табиғи экологиялық факторларды оқып білудің негізгі мақсаты - геожүйенің экологиялық бұзылуының теріс процестерін болжау, алдын алу және оны болғызбау мақсатымен оларды жанжақты ескеру.

Қоршаған ортаның экологиялық орнықсыздануы деп тұр-ғындардың денсаулығы мен тіршілік жағдайының өзгеруіне, табиғи ресурстардың азаюына не жоғалуына, геологиялық жүйелердің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиеттерінің төмендеуіне әкелетін өзгерістерді айтады. Оның себебі табиғи да, антропогендік те факторлар болуы мүмкін.

Түйіндей келе айта кету керек, Қазақстан ландшафттарының экологиялық қасиеттерін шаруашылықта табиғи ортаны оңтайландыру мен табиғатты қорғау мәселелерін шешу үшін міндетті түрде ескеру қажет.

3 модуль. Табиғи ортаның негізгі үрдісі (процестері) және табиғи кешендерге антропогендік әсері.

Тақырып. Табиғи аймақтарды қорғау. Дүние жүзінің табиғи аймақтарды қорғау. Табиғи - қорық фонды. ТАҚ жіктеліу және категориялары. қорықтың ұйымдастыру және кеңістік құрылысы, мақсаты, анықтамасы. ҚР қорықтарды баяндау.

т-1 • • • •

Геоэкологиялық аудандаудың әдістемелік негіздері

Геоэкологияның (ландшафттық экологияның) маңызды мәселесі - адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара байланысының кеңістіктік-уақыттық заңдылықтарын танып білу. Осы мақсатта тек адамды қоршаған табиғи орта (табиғи геожүйелер) ғана емес, сонымен бірге адам қызметінен өзгерген (табиғи-антропогендік геожүйе) орта да ғылыми тұрғыдан зерттеледі. Геоэкологияның ғылыми пән ретіндегі мақсаты - түрлі деңгейдегі табиғи және табиғи антропогендік геожүйелердегі адам тіршілігінің экологиялық жағдайын зерттеп, бағалау.

Табиғи-антропогендік ландшафттардағы  экологиялық жағдай түрлі факторларға байланысты: табиғи жағдай мен геожүйенің техногенезге орнықтылық дәрежесіне, қоршаған ортаға адам әсерінің сипаты мен күшіне, тұрғындардың техногенез әсеріне реакциясына (оның ішінде тұрғындар тығыздығына), т.б. Геожүйенің адам тіршілігі ортасы ретінде оның қасиеттерін анықтайтын аталған факторлар географиялық қабық кеңістігінде біркелкі таралмаған. Антропогенездің орын алуы мен геожүйенің табиғат жағдайлары ерекшеліктерінің, табиғи кешендердің құрылымының тығыз байланысы байқалады.

Басқа жағынан қарасақ, ландшафттардың экологиялық қасиеттерін қалпына келтіруге бағытталған шаралардың тиімділігі аймақтың экологиялық бұзылуға ұшыраған табиғат жағдайларына тікелей байланысты.

Осы жағдайлар экологиялық проблемаларды  кеңістіктік- аумақтық тұрғыдан, яғни геоэкологиялық аудандау негізінде зерттеу керектігінің айғағы. Осы мақсатта экологиялық проблеманы зерттеудің географиялық әдісінің ұстанымдық мәселелері толық пайдаланылады: кешенділік (табиғи және техникалық жүйелерді бірге қарастыру) және аумақтық (олардың кеңістікте орналасуы).

Информация о работе Лекция по "Географии"