Лекция по "Географии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция

Краткое описание

Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"

Вложенные файлы: 1 файл

Геоэкология және т.қорғау.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

Табиғи өсімдігі - көктеректі-қайыңды ормандар («шоқ ор-мандарң) жер бедерінің еңіс жерлерінде орналасқан (40%-ға дейін жерді алып жатыр). Топырағы - сұр және шақаттар. Шоқ ормандар арасындағы су айрықтарда астық тұқымдаспен - әр түрлі шөптесінді даласымен қара топырақ пен шалғынды далалы сортаңдар (толық жыртылған).

Табиги ресурстары мен экономикасы.

Құрылыс саздары мен құмдары, жыртуға  қолайлы жерлер, сирек қайыңды-көктеректі және қарағайлы ормандар. Есіл өзеніндегі Сергеев бөгені (сыйымдылығы 695 млн м ) 200-ге жуық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді (Есіл топтық су торабы салынған).

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - биіктіктер айырмасы аз, жазық жер бедері салдарынан эрозиялық желінің нашарлауы;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - кәрізденуді қиындататын тегіс жер бедері және эрозияның нашар кескіленуі жердің батпақтануына әкеледі.

Қазіргі экологиялық жаздайы.

Экологиялық шиеленісу деңгейі - қанағаттанарлық. Негізгі экологиялық бұзылулар: топырақ құнарлылығының белсенді түрде төмендеуі. Ормандарды кесу нәтижесінде олардың азаюы. Есіл өзенінің ластануы. Ауыз судың (тұщы су) тапшылығы. Шағын көлдердің жоғалуы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары

1. Петропавл урбоөнеркәсіптік аймақ. Өнеркәсіптік инфроструктурасымен Петропавл қаласының және Есіл өзенінің төменгі ағысын (Қазақстан аумағындағы) қамтиды. Экологиялық жағдай деңгейі - шиеленіскен. Атмосфераның ластану көздері: энергетика, машина жасау, темір жол, көлік транспорты. АЛИ - 4,3. Көміртегі тотығы (1 ШРШ), азоттың қостотығы (1,3 ШРШ), фенол (1,7 ШРШ), азот тотығы, шаң (2000 жыл) басым. Есіл өзенінің Петропавл қаласының ағын суларымен біршама ластануы СЛИ - 0,71, суы 2 -ші класты, таза. Қазақстаннан Ресейге лас сулардың тасылу мемлекетаралық проблемасы. ШРШ артуы - жалпы темір (1,8), сульфаттар (1,1 есе).

Қорықтық нысандар:

а) қазіргі бар -

  • Мамлют зоологиялық қорықшасы: Батыс Сібір ойпатының оңтүстігіндегі орманды далалы жазықтары, қарағайлы және қайыңды көктеректі ормандары, ойыстарда батпақтар мен көлдері бар;
  • Согров зоологиялық қорықшасы: Батыс Сібір ойпатының оңтүстігіне тән Есіл өзенінің төменгі ағысындағы қайыңды-көктеректі батпақты ормандарды қамтиды;

ә) ұсынылатын -

  • Борки ботаникалық қорықшасы: Қостанай жазығы шека-расындағы қайыңды-қарағайлы ормандар мен шоқ орманды орманды дала;
  • Қамысты кең сай қорықшасы: Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі мұздық су ағысының көне қолаты, қайыңды-көктеректі және қарағайлы ормандарымен, көптеген көлдерімен сипатталады.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • сүтқоректілер - орман сусары;
  • құстар - қызылжемсаулы қарашақаз, ақбас үйрек, сұр тырна, тарғақ.

9. Тобыл маңы дала (шаруашылық жер өңдеу - кен өндіру) провинциясы

Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысында орналасқан Тобыл мен Есіл өзендерінің аралығында Қостанай тегіс төбелі жазығымен (деңгейі 170-230 м. абс.) сәйкес келеді. Өзен аңғарының тереңдігі 50-70 м. Палеозой фундаментінің терең жарылулары бар. Оларға бай магнититті темір рудалары кен орындары сәйкес келеді. Жер бедері олигоцен, неоцен және плиоценнің құмтасты-саздақты шөгінділерінен құралған пластты денудациялық- аккумулятивті жазықтар мен лессті саздақтардан тұратын көне көлдік жазықтар.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы -18 -19 С, шілденің орташа температурасы +19,5+20,5 С. Жауын-шашын мөлшері 280-330 мм.

Гидрографиялық желісі Тобыл өзені алабына жатады: Үй, Тоғызақ, Аят, Обаған қар суымен қоректенетін өзендер, ағын максимумы көктемде айқын байқалады (90%-ға дейін). Кеуіп қалатын шағын көлдер көп. Ірі көлі - Құсмұрын.

Кәдімгі қаратопырақ, оңтүстік қара топырағы басым, сортаңды- шалғынды далалық кешендер көп. Әр түрлі шөптерге бай ақселеулі даланың табиғи ландшафттары сақталмаған, жыртылған. Көне аллювиальді жазықтарда қарағайлы орман (Аман Қарағай және Ара Қарағай алқаптары) сақталған.

Табиги ресурстары мен экономикасы.

Жұмыс істейтін магнетитті темір кен орындары: Соколов, Сарыбай, Қашар, Лисаковск, Аят т.б. (құрамында 36-47% темір бар). Қазақстанның негізгі астық алқабы.

Тобыл өзеніндегі бөгендер: Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - жер бедерінің аз тілімденуі, саз тасты-саздақты топырақ құрушы тау жыныстарының басымдығы, табиғи ормандар - қайыңды-көктеректі шоқ ормандар;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - өзен суын тұр-мыстық. өнеркәсіптік мақсатта жаппай пайдалану нәтижесінде ауыз судың жетіспеушілігі. Өзен ағыны тәртібінің бір келкі еместігі, өзендер мен көлдердің су деңгейінің өзгеріп тұруы, су эрозиясы мен топырақтың құнарсыздануы, Тобыл өзенінің ағынын басқару.

Қазіргі экологиялық жаздайы.

Табиғи ортасының экологиялық шиеленісу деңгейі - шие-леніскен. Жұмыс істейтін Соколов-Сарыбай кен байыту бірлестігі, Қашар тау-кен өндіріс орны, Лисаковск өнеркәсіптік зонасы. Қостанай қаласының өнеркәсіптік торабы.

Негізгі экологиялық бұзылулар: Темір  кеніштердің өндіретін терең карьерлер мен бос тау жыныстарының үлкен үйінділері. Үйінділер бетінің дефляциясы, шаң көшу және оның салдарынан Тобыл өзені мен бөген суларының ластануы. Топырақтың қарашіріктен арылуы, жел эрозиясы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары:

1. Рудный тау-кен өнеркәсіптік аймағы. Соколов-Сарыбай темір кен орнында орналасқан. Рудный қаласымен оған ұштасып жатқан ашық әдіспен өндіретін карьерлерді - Соколов (тереңдігі 550 метрге дейін) және Сарыбай (тереңдігі 330 м), аршыма тау жыныстарының үлкен үйінділерін, буландырғыш - әуіттерді қамтиды. Экологиялық жағдайының деңгейі - алмағайыл! Атмосфераға жылына 50 мың т дейін шаң, күкірт тотығы тасталады (1998 ж. 28 мың т). Негізгі проблемасы - бұзылған жерлер рекультивациясы.

    1. Қашар кен өндіру аймағы. Экологиялық жағдайы деңгейі - шиеленіскен. Темір кен орны. Ірі карьер (тереңдігі 220 м), жыртуға қолайлы жерде бос тау жыныстары үйінділері. Жер рекультивацияны қажет етеді.
    2. Лисаковск тау-кен өнеркәсіптік аймағы. Лисаковск қа-ласымен Лисаковск темір кен орындарын қамтиды. Лисаковск КБК (ГОК), боксит кен басқармасы өндіріс орындарында ашық әдіспен өндіру. Жердің карьерлі - үйінділі типі, атмосфералық ауаның шаңмен ластануы, Тобыл өзеніндегі Қаратомар бөгенінің ластану қаупі.
    3. Қостанай урбоөнеркәсіптік аймағы. Дамыған энергетикасы, химия, жеңіл, тамақ өнеркәсібі бар Қостанай қаласы жатады. Атмосфераның күкірт тотығы, көміртегі тотығы, азот қос тотығы, шаң, аммиакпен ластануы жылына 2800 т асады (1998 ж.). АЛИ - 3,9.
    4. Тобыл өзеніндегі Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді бөгендері Тобыл маңы қалалары мен өнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етеді. Өзен мен бөгендердің Рудный, Лисаковск және Қостанай қалаларының кен өндіру өнеркәсібінің апаттық ақаба суларымен ластану қаупі жоғары. Тобыл өзенінің суы 2-ші класты, таза. СЛИ - 0,54 (2000 ж.).

Қорықтық нысандар:

а) қазір бар - жоқ;

ә) ұсынылатын -

  • Аман Қарағай ландшафттық қорықшасы. Құсмұрын көлінің оңтүстік- батысындағы бетегелі-ақселеулі құрғақ дала типті зона тармағында жатқан аралдық қарағайлы орман;
  • Ара Қарағай ландшафттық қорықшасы. Тобыл маңының орманды дала ландшафттарына тән қарағайлы орман мен көк теректі-қайыңды шоқ ормандар.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • сүтқоректілер - жұпар;
  • құстар - ақбас үйрек, сұр тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ;
  • өсімдіктер - қырғыз қайыңы.

10. Шағыл-Ертіс дала (шаруашылық жер өңдеу) провинциясы

Есіл мен Ертіс өзендерінің аралығында Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Тегіс жазықтар (теніз деңгейінен 140-200 м) мезозой-кайнозойдың шөгінді жыныстарынан қалыңдығы 800-1000 метр құралған. Көлдік-деффляциялық қазан шұңқырлар кең тараған.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы -18-19 С, шілденің орташа температурасы +19+20ӘС. Жауын-шашынның мөлшері 230-320 мм.

Оңтүстік қара топырақта құрғақтығы орташа дала дамыған.

Негізгі су артериясы - Ертіс өзені. Көлдері - Шағалалы теңіз, Теке, Селетітеңіз т.б.

Табиги ресурстары мен экономикасы

Бұрынғы тың даланың орнында ауылшаруашылық (жыртылған) жерлер. Құнарлы қаратопырақты табиғи жайылымдар.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін жазық жер бедері, су эрозиясының нашар дамуы, көлдердің көптігі;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - құмдақты топы-рақтардағы жел эрозиясы. Малдың шектен тыс жайылу салдарынан жайылымдардың жұтауы.

Қазіргі экологиялық жагдайы

Қанағаттанарлық. Жер өңдеу ережелерін сақтамай, оны ұзақ уақыт пайдалану  нәтижесінде топырақтың құнарсыздануы. Жайылымдар дигрессиясы мен топырақ эрозиясын фитомелиорация көмегімен болдырмау қажетітілігі. Экологиялық шиеленісу аймақтары - жоқ.

Қорықтық нысандар:

а) қазіргі бар - жоқ;

ә) ұсынылатын - ландшафттық қорықша - Қызылқақ, Се-летітеңіз көлдері. Сортаңды топырақтағы бетегелі-ақселеулі дала фрагментері бар тұзды көлдер, суда жүзетін құстардың ұя салатын және түлейтін орны.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері:

- құстар - сұнқылдақ аққу, алакөз сүңгуір, ақбас үйрек, бүркіт, сұр тырна, дуадақ, тарғақ.

11. Ертіс маңы құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу-урбоөнеркәсіптік) провинциясы

Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-шығысындағы көлемді тегіс төбелі жазық, Ертіс өзені қиып өтеді. Салыстырмалы биіктігі 110-200 м. Ертіс маңы синеклизасында дамыған кайназойдың шөгінді жыныстарынан (неогеннің саздарынан) құрылған. Бетінен Ертістің төрт терассалық жайылмаларына жататын құмтасты және аллювиальді, құмтасты-қиыршық тасты шөгінділерімен жабылған.

Көне аллювиальді тегіс төбелі жазықтар құм төбелі-қырқалы құмдармен және тұзды көлдері бар дефляциялық қазан шұңқырлармен күрделенген.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы -18ӘС, шілденің орташа температурасы +21+22ӘС. Жауын-шашын мөлшері 220-270 мм.

Ертіс - транзитті өзен, провинцияда ешқандай сала қоспайды. Жергілікті Өлеңті, Шідерті және Селеті арналары ағынсыз көлдерге құяды.

Сортаңды-шалғынды-далалы кешенді күңгірт-қызғылт, қызғылт топырақтар басым. Табиғи жағдайда құмтасты - әр түрлі шөптесін өсімдіктер - қызыл селеулі дала болған (толық жыртылған).

Табиги ресурстарымен экономикасы.

Павлодар және Ақсу қалаларын қамтитын Павлодар-Екібастұз өнеркәсіптік ауданы: алюминий, ферроқорытпалар, мұнай өңдеу зауыттары, Екібастұз қоңыр көмір алабы мен оның шегінде орналасқан қауіпті ЖЭО- тары.

Тәлімі жер өңдеу, мал шаруашылығы. Ертіс-Қарағанды каналы - Қарағанды-Теміртау өнеркәсіптік ауданын сумен қамтамасыз ету көзі.

Экологиялық табиғи факторлары:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - Ертіс өзені коллектор, сонымен бірге ластаушыларды таситын транзитті канал, бедерлі жазық жер;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - механикалық құрамы жеңіл топырақтар дефляцияға бейім, Ертіс өзенінің Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік транзиттік ағын суларымен ластануы.

Қазіргі экологиялық жагдайы - қанағаттанарлық. Ауа мен судың ластануы Палодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында ШРШ-дан артық. Экологиялық шиеленісу көзі - Павлодар-Екібастұз өнеркәсіптік ауданы: ластаушыларды тастау, аккумуляция және транзит ауданы Павлодар- Екібастұз өнеркәсіптік ауданының өндіріс орындары мен қалалардың өнеркәсіптік-тұрмыстық ақаба суларының Ертіс өзеніне тасталуы. Ауа алабын Екібастұздың қуатты ЖЭО ластайды, бос тау жыныстары мен шлактар үйінділері ауа алабы мен топырақты ластайды.

Экологиялық шиеленісу аймақтары

  1. Екібастұз кен өндіру - энергетикалық кешені. Екібастұз қаласымен аттас қоңыр көмір алабын қамтиды. Көмір қималары («Богатырьң қимасы) карьерлер, аршыма тау жыныстарының үйінділері. Ауаның шаң, N02,00, 802 ластануы ШРШ артық. АЛИ5 - 0,9 (1999 ж.). Экологиялық шиеленісу деңгейі - қауіпті. Бұзылған жерлер рекультивацияны қажет етеді. Екібастұз БАЭО (басты аудандық электр орталыңғы) құбырларынан тасталған шаң шығысқа 150 км қашықтыққа тарайды.
  2. Павлодар урбоөнеркәсіптік аймақ. Мұнай өңдеу, химия зауыттары, энергетикалық өндіріс орындары бар өнеркәсіптік кешені бар Павлодар қаласын қамтиды. Экологиялық шиелені-су деңгейі - шиеленіскен. Атмосфера шаң, С0, N0Н28, фенол, хлорлы сутегімен ластанған. АЛИ5 - 2,2 (1999 ж.), Ертіс өнеркәсіптік-тұрмыстық ақаба сулармен ластанған.
  3. Ақсу урбоөнеркәсіптік аймағы. Ақсу (бұрынғы Ермаков) ферроқорытпалар зауыты. Атмосфераның күкірт және көміртегі тотығымен, шаңмен ластануы.
  4. Семей өнеркәсіптік аймағы. Цемент, тамақ өнеркәсібі бар Семей қаласын қамтиды. Экологиялық шиеленісу деңгейі - шиеленіскен. АЛИ5 - 3,5. Атмосфералық ауа фенол, азот қос тотығы, көміртегі мен азот тотықтары, шаңмен (1,3 ШРШ) ластанған. Қала ішінде Ертіс өзенінің өнеркәсіптік-тұрмыстық ақаба сулармен ластану қаупі жоғары.
  5. Ертіс өзені аңғары. Су сапасы 3-ші класты, ластануы орташа. Суды жергілікті (Павлодар, Семей қалалары) және трансшекаралық (Кенді Алтай өндіріс орындары) ластау көздері ластайды. Ертіс өзенінің жоғарғы бөлігінде СЭС каскадын салу және өзеннің жылдық ағынының 60%-ын басқару салдарынан табиғи гидрологиялық тәртібі (көктемгі су тасудың тоқтауы) өзгеру нәтижесінде Ертіс аңғарындағы жайылма террасалық шалғынды кешендердің шөлденуі.

Информация о работе Лекция по "Географии"