Лекция по "Географии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция

Краткое описание

Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"

Вложенные файлы: 1 файл

Геоэкология және т.қорғау.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

Қазақстан аумағында Шығыс Еуропа жазығында мыналар орналасқан: Каспий маңы ойпаты, Жайық алды үстірті және Жалпы Сырт қыраты. Кездесетін ландшафт типтері-далалық, шөлейттік, шөлдік.

Негізгі геоэкологиялық мәселелер Каспий теңізі деңгейінің тербелуіне, климаттың құрғап келе жатқандығына, топырақ эрозиясының белсенділігіне байланысты. Осы аймаққа орографиялық тосқауылдың жоқтығынан ауа жолдарымен трансшекаралық батыс тасымал әсер етеді.

1. Еділ-Сырт құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу).

Жалпы Сырт қыратты жазығы Үлкен және Кіші өзен және Жайық өзендері алаптарын бөліп тұрады. Оның үлкен бөлігі Заволжье (Ресей) провинциясына жатады, Қазақстанда оның оңтүстік-батыс шеті ғана жатыр. Көптеген жыралар мен сайлар тілгілеген жонды жазық Каспий маңы ойпатына (100-190 м.), яғни оңтүстікке биік жар жасап құлайды. Пермь, триас, бор әктасынан, құмтасы мен мергелінен тұрады.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы - 14Ә-15ӘС, шілденің орташа температурасы +22Ә+23ӘС, жауын шашын мөлшері 350-400 мм/жыл.

Бетегелі-ақселеулі даласымен оңтүстік қаратопырақ пен күңгіртқызғылт топырақтар дамыған.

Табиги ресурстары мен экономикасы.

Табиғи құрылыс материалдары, жер  өңдеу, мал шаруашылығы.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - даланың сақталып қалған үлескілерінде өсімдіктердің тұйықталуы, жер асты суларының бұлақ көздері ретінде жер бетіне жиі шығуы;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - тілімделген жер бедеріне байланысты су эрозиясының елеулі белсенділігі.

Қазіргі экологиялық жагдайы - қанағаттанарлық. Осында және әрі қарай табиғи ортаның экологиялық бұзылу деңгейінің критериі келтірілген (1- кестені қараңыз).

Экологиялық қауіп факторлары - жер өңдеу нәтижесінде топырақтың қарашіріктен арылуы мен эрозиясы, Ресей Поволжьесінің өнеркәсіп тораптарына жақындығы (қышқыл жаңбырдың жауу ықтималдығы).

Экологиялық шиеленісу аймақтары - жоқ.

Қорықтық объектілер:

а) қазір бар - жоқ;

ә) ұсынылатын - табиғат ескерткіші - эндемикалық өсімдігі бар Ичка бор жоны (абсолютті биіктігі 259 м).

Фауна мен фаунаның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • құстар - дала қыраны, ителгі;
  • өсімдіктер - қатты жапырақ келлерия туысы, ауыспалы қау туысы, Мейер шытырмақ, сылдыршөп туысы.

2. Орал-Елек құрғақ-дала (шаруашылық жер өңдеу-урбоөнеркәсіптік) провинциясы

Жайық алды үстіртінің батыс бөлігін, Жайық және Елек өзендері аралығын алып жатыр. Денудациялық тау жұрнақтары мен тығыз жыралы- сайлы желісі (тереңдігі 20-50 м.) бар жонды жазықтар шығыстан батысқа және оңтүстік-батысқа (теңіз деңгейінен 250-420 м. абс.), Каспий маңы ойпатына қарай еңіс. Жайық алды шеткі иіні шегінде жатыр. Төрттік элювиальды-делювиальды саздақпен басылған жоғарғы бордың құмтастары, сазы, мергелдері басым. Тұзды күмбездер мен денудациялық тау жұрнақтары кездеседі.

ә

Климаты: қаңтардың орташа температурасы -14-16 С, шілденің орташа температурасы +23ӘС, жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм.

Негізгі өзендері - Елек,Үлкен Қобда, Утва, т.б. Жайық өзені алабына жатады. Бұл өзендер аралас қоректенетін өзендер, максимальдық ағын көктемгі су тасуы кезінде болады.

Шымды-астық тұқымдастар және жусанды-шымды астық тұқымдасты (жусанды-бетегелі-ақселеулі) даласымен, күнгірт-қызғылт, жиі құрамы сазды сортаңды топырақтар басым. Көп бөлігінде ол жыртылған.

Табиги ресурстары мен экономикасы: табиғи газ (Қарашығанақ газоконденсатты кен орны), фосфориттер кен орындары. Табиғи жайылымдар, жыртуға қолайлы жерлер.

Қарашығанақ газоконденсат кен  орны игерілген. !рі Ақтөбе өнеркәсіп ауданы (ферроқорытпалар зауыты). Алға қаласындағы химиялық комбинат.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - шымды-астық тұқымдасты өсімдіктің болуы, орографиялық тосқауылдың жоқтығы және ауа массаларының еркін қозғалысы, өзендердегі биік су тасуы, топырақ құрылымының беріктігі;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - шөптесін өсімдіктің сиректігі, су эрозиясын күшейтетін жер бедеріндегі биіктегі айырманың үлкендігі.

Қазіргі экологиялық жагдайы - шиеленіскен.

Экологиялық шиеленісу көздері:

1.Ақтөбе өнеркәсіп торабы. Шиеленіскен экологиялық жағдай. Негізгі ластаушылар: қара металлургия, электроэнергетика өнеркәсібі. 2000 ж - Қазақстан қалалары ішінде атмосфералық ауасының ластану деңгейінен (АЛИ5 - 9,5) 5-ші орында. Шектік рауалы шоғырлануы орташа концентрациясы бойынша азот қостотығы - 1,3, формальдегид - 4,3 есе артық. Ауа күкірттің қостотығы мен, көміртегі тотығы, шаңмен ластанған.

Елек суының сапасы 5 класқа жатады, судың ластану индексі (СЛИ) - 4,62, фенолдармен ластанған (5 ШРШ).

    1. Қарашығанақ газоконденсат кен орны. Жайық, Утва және Елек өзендері аралығында орналасқан. Конденсат жылына 4 млн.т. жуық, табиғи газ 4 млрд.м (1999 ж.) өндіріледі.

Атмосфераға метан, күкірттің қостотығы тасталады. Топырақ пен өсімдіктің көмірсутегілермен ластануы.

    1. Елек өзені. Жайық өзені алабындағы ең лас өзен. 2000 ж. СЛИ = 4,99. Су сапасы 5 класс (ластанған). ШРШ артуы: бор (20,3 ШРШ), алты валентті хром (15,2 ШРШ), фенолдар (4 ШРШ), нитраттар (2,3 ШРШ). Ластанудың негізгі көзі - хромит кеніштері, Ақтобе, Алға қалаларының өнеркәсіп орындары.
    2. Жайық өзені. Орынбор өнеркәсіп торабы мен Оңтүстік Орал (Ресей) өнеркәсіп орындарының ақаба суларымен трансшекаралық ластану. Негізгі ластаушылар: химия, мұнай өндіру өнеркәсібі. Су 2 класты таза, СЛИ = 0,7 - 0,8. ШРШ артуы: нитраттар (1,5), мұнай өнімдері (1 ШРШ).
    3. Орал урбоөнеркәсіптік кешен. Орал қаласын қамтиды. Экологиялық шиеленісу деңгейі - қанағаттанарлық атмосфераның ластану индексі (АЛИ5) (1996 ж.): азот пен күкірттің қостотығы, көміртегі тотығы, күкіртті сутегі, шаң. Атмосфералық ауаны негізгі ластаушылар: электроэнергетика, көлік жасау өндіріс орындары, автокөлік.

Қорықтық нысандар:

а) қазір бар - Кирсанов зоологиялық қорықшасы. Жайық өзінінің аңғарындағы (Кирсанов селосы) жайылма ормандары, шалғындар мен батпақтар. Қазақстандағы өзен құндызының жалғыз табиғи тіршілік аймағы.

ә) ұсынылатын - Ортажайық ұлттық паркі - Жайық өзені аңғарындағы (Орал қаласынан шығыста) жайылма ормандар, сирек өсімдігі бар бор жондар, түрлі фауна.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері:

  • сүтқоректілер - жұпар, орман сусары, еуропа қара күзені;
  • құстар - сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, балықшы тұйғын, дала қыраны, ителгі, ақбас тырна, сұр тырна, безгелдек, қалбағай, тарғақ, қарабас өгіз шағала;
  • балықтар - каспий миногасы;
  • өсімдіктер - шаттауық (қәдімғі орманжаңғақ туысы), май меруертгүл, ақ боз тұңғиық.

3. Еділ-Жайық шөлейт (мал шаруашылығы) провинциясы

Орыс платформасының Каспий маңы синеклизасына сәйкес келетін Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан (деңгейі 10-50 м.абс.). Бұрын Каспий теңізінің түбі болған тегіс жазық бордың, юраның, эоценнің сазынан, құмтасынан тұрады, олардың беті төрттік төменгі хвалынның сазымен, сазтасымен және құмымен жабылған. Ағынсыз ойыстар, өзендердің құрғақ арналары жиі кездеседі, Жайық өзенінің аңғары терең.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы - 12-14ӘС, шілденің орташа температурасы +23+24ӘС. Жауын-шашының жылдық мөлшері 300- 350 мм.

Өзендері: Үлкен және Кіші Өзендер жазда кеуіп қалады. Күшім тармағымен транзитті Жайық өзені. Шалқар, Аралсор, т.б. көлдер.

Сор мен шалғынды-қызғылт  топырақпен дақтанған сор-таңданған ашық- қызғылт топырақтар басым. Табиғи өсімдігі - астық тұқымдасты-жусанды, шымды-астық тұқымдасты кешендер, жусанды және сораңды шөлдер.

Табиги ресурстары мен экономикасы. Табиғи жайылымдар, су басатын шалғындар - Чижинские, Дюрин жайылмалды. Каспий маңы мұнай-газ провинциясы. Индер көлінде түрлі тұздарды өндіру.

Бөгендері: Күшім, Битик, Дөңгелек, Айдархан.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - жер бедері еңістігінің аздығы, су эрозиясының белсенділігі төмен;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - малды шектен тыс жаю және жайылымдар дигрессиясы, жел эрозиясы қаупі, еңістігі төмен жер бедері нәтижесінде топырақ пен ызаның тұздануы. Жайық өзені - Ресейден Каспий теңізіне келетін трансшекаралық ластаушыларды тасушы.

Қазіргі экологиялық жагдайы - қанағаттанарлық.

Экологиялық шиеленісу көздері.

Жайылымдық мал шаруашылығы, Жайық өзенімен лас-таушылардың транзитті тасылуы, жер бедері еңістігінің төмендігінен техногендік ластаушылардың аккумуляциялануы. Ластаушылардың батыстан «ауаң каналдарымен көшуі және қышқыл жаңбырдың түсу ықтималдығы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары:

1. Жайық өзені (Орал қаласы мен Индербор елді мекені аралығындағы үлескі). Жайық өзені аңғарындағы еменді-шегіршекті жайылмалық ормандар қорғауды қажет етеді. Орманды кесуге және браконьерлерге тыйым салу, қайталанбас биотоптарды сақтау. Су сапасы 2 кластық (таза), СЛИ 0,7-0,8. ШРШ артуы - нитрат (1-1,5), мұнай өнімдері (1,15).

Қоръщтъщ нысандар:

а) қазіргі бар:

  • Бұдары зоологиялық қорықшасы. Жайық және Күшім өзендері аралығы (Бударино селосы), жайылмалық талды-теректі ормандар, ескі арналық көлдер, батпақтары бар. Елік, түлкі, ондатра, суда жүзетін құстардың мекенін қорғау;
  • Жалтыр көл зоологиялық қорықшасы. Жайық өзенінің оң тармағы Күшімның төменгі ағысындағы жайылмалды. Қабан мен суда жүзетін құстарды қорғау.

ә) ұсынылатын:

  • Орда қорығы - Нарын құмдарының далалық және шөлейт экожүйелерін 1890-1900 жылдарда дөңді құмдарды бекіту үшін отырғызылған қарағайлы орманды қорғау;
  • Қамыс-Самара көлдері - Үлкен және Кіші Өзендердің төменгі ағысындағы Нарын құмдар шегіндегі көлдік-шалғынды экожүйелерді қорғауға арналған ландшафттық қорықша;
  • Шыжы жайылмалды - 1-ші, 2-ші, 3-ші Шыжы өзендерінің төменгі ағысындағы су басатын шалғындар мен шалғынды-батпақты биотоптарды сақтауға арналған ботаникалық қорықша.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • сүтқоректілер - орман сусары;
  • құстар - дала қыраны, ителгі, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, үкі, қалбағай, мәрмәр шүрегей, ақбас үйрек, сұңқылдақ аққу, аққұйрықты субүркіт;
  • балықтар - каспий миногасы, ақбалық;
  • өсімдіктер - комаров жоңышқа туысы.

4. Жайық алды шөлейт (мал шаруашылығы-мұнай өндіру) провинциясы

Жайық алды үстіртін және оған сәйкес Орал алды шеткі иінді алып жатыр, Каспий маңы ойпаты және Мұғалжар тауларымен шекаралас, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай еңіс. Кескінделген қыратты эрозиялы-денудациялы жазық (теніз деңгейінен 100-300 м.), бөлек-бөлек орналасқан үстірт тәрізді қыраттары (Ширкала, Ақтолағай, т.б.) бар. Палеогеннің құм-тасты-сазды дақтары бар жоғарғы бордың бор және мергель жыныстарынан құрылған. Жер бетіне шығып жатқан мезозой және пермь шөгінділерімен сипатталатын көптеген тұз күмбездері бар. Төрттік шөгінділер - элювиальды және делювиальды қиыршық тасты-сазтасты құрылымдар.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы - 12-14ӘС, шілденің орташа температурасы +23+24Ә, жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 180-280 мм.

Өзендері - Жем, Ойыл, Сағыз және басқа майда арналар жазда кеуіп қалады, айқын көктемгі су тасуымен (ағынының 80%-ы) сипатталады.

Ашық-қызғылт, қоңыр топырақтар мен сортаңдар басым. Шымды-астық тұқымдасты дала мен жусанды-сораңды шөлдер дамыған.

Табиги ресурстары мен экономикасы

Көктемде-күзде пайдаланылатын жайылымдар. Ақтөбе мұнайлы-газды аудан, Жем өзені алабындағы бір қатар кен орындарынан мұнай өндіру. !рі қалалардың жоқтығы, қоныстану тығыздығының төмендігі.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - сазды жамылғысының болуы, өзендердегі көктемгі су тасуы, топырақ және өсімдік жамылғысының аз бұзылғандығы, қоныстану тығыздығының төмендігі;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - жер бедерінің эрозиялық кескінделуі, су эрозиясы, тұзды-күмбезді тектоника және жер бетіне тұзды су мен газдардың шығу ықтималдығы, өсімдіктің сиректігі, тұзды топырақ, сумен құмды массивтердегі жел эрозиясы.

Қазіргі экологиялық жагдайы

Мұнай өндірудің топырақтың ластануына және биота жағ-дайына қауіпті әсері, ыза жолдардың ретсіз салынуы. Малды шектен тыс жаю нәтижесіндегі жайылымдар дигрессиясы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары.

  1. Шұбарқұдық - мұнай өндіру аймағы. Жаңажол кен орнынан мұнай өндіру және құю процесінде қоршаған ортаның экологиялық бузылуы, топырақтың мазуттануы. Атырау-Қандағаш темір жолына жанасқан аймақтың шөлденуі.
  2. Тайсойған - әскери сынақ аймағы. Ойыл өзенінің төменгі ағысындағы Тайсойған құмдары бірнеше жылдар бойы Капустин Яр (Ресей) әскери сынақ полигоны қызметі зонасында болды. Мұнай кені, мұнай өндіру. Ластануы туралы деректер жоқ.
  3. Шырқалы чинктік аймақ. Үстірттің солтүстік Чинкіне жанасып жатқан аймақта сынақ полигоны болған. Радиоэкологиялық жағдайы туралы мәліметтер жоқ.
  4. Жем өзені. Өзен аңғарына мұнай өнеркәсібі жақын ор-наласқан. Өзен жағалауында малды шектен тыс жаю, жайылма шалғыны мен бұталары қорғауды қажет етеді. Мұнай өнеркәсібі өнімдерімен өзен суының ластануы, ШРШ-дан 6-7 есе артық.

Қорықтық нысандар:

а) қазір бар - жоқ;

ә) ұсынылатын - Шырқалы ландшафттық қорықша. Шөлдік үгілу нәтижесінде қалыптасқан жер бедерінің экзотикалық пішіндері эндемикалық бор флорасы бар тау жұрнақты Шырқалы бор қыраты.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • сүтқоректілер - алып көртышқан;
  • құстар - дала қыраны, қарақұс, ақбас тырна, дуадақ, тарғақ;
  • өсімдіктер - бор сиякөк туысы, бор риян туысы.
  1. Каспий маңы шөл (мал шаруашылығы-мұнай өндіру) провинциясы.

Информация о работе Лекция по "Географии"