Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 09:52, дипломная работа
Қазақстан Республикасы – ТМД аумағында мұнай өндіру бойынша екінші орын (Ресейден кейін), газ өндіру бойынша үшінші орын (Ресей мен Түркменстаннан кейін) алатын мұнай державасы.
Мұнайды өндірудің өсімін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оны алу процестерінің техникалық және технологиялық барысын жетілдіру қажет.
Мұндайда мұнай өндірісін дамыту үрдістерінің негізгілерінің бірі елімізде қоры қомақты болып табылатын аномальды қаситтері бар ауыр мұнайды өндіруді ұлғайту болып табылады.
Қазақстан Республикасы – ТМД аумағында мұнай өндіру бойынша екінші орын (Ресейден кейін), газ өндіру бойынша үшінші орын (Ресей мен Түркменстаннан кейін) алатын мұнай державасы.
Мұнайды өндірудің өсімін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оны алу процестерінің техникалық және технологиялық барысын жетілдіру қажет.
Мұндайда
мұнай өндірісін дамыту үрдістерінің
негізгілерінің бірі елімізде қоры қомақты
болып табылатын аномальды
Мұнай – жер астынан табыртын сұйық отын, оның құрамына көмірсутегі - СН, күкірт – S, азот – N2 кіреді. Соғыс жылдарына дейін ауыл шаруашылығын өркендету үшін мұнай саласын кеңейту және қайта өңдеу жұмыстары жүргізіле бастады. Мұнай айдау станциясы дегеніміз – мұнай және мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдауға арналған инженерлік құрылыс. Мұнай айдау станциялары көлемдеріне қарай екі топқа бөлінеді.
I-ші бас мұнай айдау станциясы
II-ші аралық мұнай айдау станциясы
Оперативтік принциптері
бойынша мұнай айдау
Дипломдық жобаның мақсаты: Шолаққорған мұнай айдау станциясын қайта жарақтандырудың талаптарын, жарықтандыруға қажетті негізгі жабдықтарды түрлерін пайдалануды үйретеді.
І. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1Физика географиялық жағдайы
Оңтүстік
– Қазақстан Облысы Қазақстанның Оңтүстігінде,
шамамен Тұран ойпатының шығысымен Тянь
– Шань тауының батыс бөлігінде орналасқан.Аумақтың
үлкен бөлігі жазық дала, Қызылқұмның
дөңес тізбекті топырағы, Шардара шөл
даласы (оңтүстік батыс, Сырдарияның сол
жағалауы), және Мойынқұм (солтүстікте,
Шудың сол жағалауы) алып жатыр. Солтүстік
бөлігінде Бетпақ – Дала шөлі, оңтүстік
шетінде – Мырзашөл.Облыстың орталық
бөлігін Қаратау жотасы (қ.Бессаз – 2176
м.), оңтүстік – шығысын – Алатау Таласскасының
батысының шеті ғана,Қаржантау жоталары
(биіктігі – 2824м дейін ) және Угам (ең биік
нүктесі – Сайрам шыңы – 4238м ) иемденіп
жатыр.
Ең үлкен ірі өзендер – ол Сырдария (Келес,
Құрықкелес, Арыс, Бұғын т.б.тармағы) облыстың
оңтүстігі мен солтүстік – батыс аумағынан
ағып өтеді, және Шу өзені (өзеннің төменгі
ағысы), солтүстікте ағып, Мойынқұм топырағынан
жоғаоып кетеді. Облыс алаңы 117,3 мың шаршы
км немесе республиканың 4,3 % аймағы, Солтүстік
пен Оңтүстік өлескінің арлығы тікелей
600 км қамтиды.Облыс тез континентальды
климат аймағында орналасқан.Құнарлы
жері, күн сәулесі тұрақты түсетін кең
– байтақ өлкенің осы өңірі әр түрлі ауыл
– шаруашылық бағытын, біріншіден – жер
шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуға
өте қолайлы аймақ. Егін, мақта, күріш және
жүзім бақшалары жоғары дәрежеде мол өнім
береді. Облыстың табиғи байлығы минералды
– шикізат ресурстары және полиметалл
рудасының табылған ошағы.(Қаратаудың
оңтүстік батысында Кентау қаласының
маңы, Ащысай, Байжансай, Мерғалысай және
т.б.ошақтар).Оңтүстік Қазақстан облысы
: солтүстікте Қарағандымен, шығыста Жамбыл
облысымен және батыста Қызылорда облысымен,
оңтүстікте Өзбекстан мемлекетімен шектелген.Халық
саны – 1978,3 мың адамды құрайды.Оңтүстік
Қазақстан Облысы әкімшілік бірлігі ретінде
1932 жылы құрылды.Аумақтың көп бөлігі тегіс
жазық жер және 117,3мың шаршы км құрайды.Аумақтың
солтүстік және батыс бөлігі – кең байтақ
жазық ұлан дала, оңтүстік – шығысы Талас,
Алатау, Ұғам, Қаржантау таулы жоталарымен
көтерілген. (биік нүктесі – Сайрам шыңы,
4338м).Облыстың ең ірі өзендері – Сырдария
және Шу. Облыс көлеміндегі жер қойнауы
– сұрғылт түсті, кейбірі тұзды сор жер.Жер
бетінде өсетін өсімдік әлемі сан түрлі,
оның ішінде жусанды дақылды өсімдіктер,
құмды шөлейтті жерлерде – сексеуіл, өзен
маңында – қамысты батпақты және тоғайлы
ормандар, тау бөкперінде – арша жайылымдары,
жабайы алмалар, таулы аймақтарда – жайылымдар
алады. Қысы жылы, жайлы (10 С – қа дейін),
ал жазғы ауа – райы өте ыстық(+ 35 С – қа
дейін)Вегетациялық кезең – 230 – 320 күндерді
қамтиды.Орташа есеппен жауын – шашын
мөлшері жылына 100 – 450 мм дейін, ал биік
таулы аймақтарда 800 мм дейін жетеді. Қарағанды
облысы Еуразияныңнағызорталығындаорна
Табиғи мәліметі.Облыс
Қазақстанның орталығын, ең көрнекі –
Сарыарқа жерін алып жатыр, геоморфологиялық
қатынасы жағынан өзіндік және бір қалыпты
емес, ал табиғаты жағынан күштік өтерілген.
Рельеф өзендер алқабымен, құрғақ жерлерден,
жерасты суларының көтерілуінен күрделенген.
Облыстың климаты күрт өзгеретін, тез
континентальды. Жаз маусымы ыстық және
өте құрғақ, ал қыста аз қар жауғаны мен
боранды және ызғарлы суық желді. Көктем
айлары тек сәуір айында түскенде қарағанды
жері тіріліп әсемденіп жасыл шөптерге,
түрлі түсті ашық қызғалдақтарға оранады.
Жазғы қапырық күндері облыста ауа температурасы
+37 С – қа дейін көтеріледі. Күн сәулесінің
қатты түсуі жасыл шөптерді және кең байтақ
даланы сары түске енгізеді. Мұндайдан
бұтақ ағаштарының көлеңкесі және арасында
жауған қысқа жауын – шашын құтқарады.
Облыс – жануарлар әлеміне бай және алуан
түрлі. Оңтүстігімен оңтүстік – батысында
жасыл шөптер кілемше жайқалғандай, көптеген
киік отарларын қызықтырып тартады. Оларды
– алтын киікдеп те атайды. Киік – мамонттың
қазіргі түрі, Сарыарқаның ең ежелгі фаунасының
өкілдері. Олардың тәтті еттері Франция.
Италия, Англия мемлекеттерінің мейрамханаларында
таңдаулы тағам болып есептелінеді. Ал
киіктің мүйізі емдік қасиетімен ерекшелінеді.
Ол мүйізді тибет және қытай медициналарында
қолданған. Осы киік мүйізінен алынған
сығындыда тынышталдыратын өзіндік қасиеті
бар.Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері
100 – ден 300 мм. Жауын – шашынның көп бөлігі
қыста жауады. Ең суық ай – қаңтар. Аяз
– 40 С – қа дейін жетеді.
1.2 Литологиялық стратиграфиялық қимасы
1989 жылы жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде Шығыс Ақшабұлак алаңында 2188 м тереңдікке дейін метоморфтанған мезозойға дейінгі фундамент таужыныстары және юра мен бор-палеоген шөгінділері кешені ашылған.
Шөгінді кешен юралық рифогенді, сонымен бірге бор-палеоген, тектоникалық режимде қалыптасумен ерекшеленетін плиоцен-төрттік ярустарына жіктеледі.
(Pr) фундаменті тау жыныстары қалыңдығы 40 метрден (33 ұңғы) 95 метрге (2 ұңғы) дейін болып келеді, Шолоққорған аумағанда барлық ұңғыларда ашылған және хлорит-серицитті сазды тақтатастармен, протерезойға жататын гнейстермен берілген.
Фундаменттің жарықшақты таужыныстары төбесі бөлігінде мору қабығы пайда болуына байланысты бұзылған, фильтрациялық қасиеті төмен екінші ретті коллекторлар болып табылады.
Фундаменттің беткі жағыPZ тіректік шағылу горизонты болып табылады.
Юра жүйесі (J) екі ритмді кешенге жіктеледі: орта(досжан мен қарағансай свиталары) және жоғары (кұмкөл және ақшабұлақ свиталары).
Орта юра (J2).Досжан свитасы (J1-2ds) шөгінділері Шолоққорған кенорнында 5, 1К, 2К және 4К ұңғыларымен ашылып, гравийлы жалпы қалыңдығы 15 метр болатын сұр құмтастармен берілген.
Қарағансай свитасы (J2kr) қарасұр аргиллит тәріздес саздардан тұрады. Осы қарағансай свитасы төбесіымен IV тіректік шағылу горизонты сәйкестендірілген.
Жоғары юра шөгінділері (J3) осы ауданда 5 және 8 ұңғыларда ашылған, жекелеген жайылумен қарағансай свитасы шөгінділері үстінде орналасқан, ал күмбездік бөлігінде фундаменттік таужыныстары үстінде орналысқан.
Құмкөл свитасы (J3km) Шолоққорған алаңында үш свита жігіне бөлінген: төмен, орта, жоғары.
Төменгі свита жігі (J3km1) қарасұр сазды алеролиттерден және саздардан тұрады, ал астында қалыңдығы 43 метр болатын сұр, қарасұр құмтастан құралған.
Орта свита жігі (J3km2) екі горизонтқа бөлінеді: жоғарғы және төменгі.
Төменгі горизонт (J3km21) астынғы жағында гравелитке қарай ауысатын нашар цементтелген құмтастармен берілген де, Ю-III өнімді горизонты болып табылады. Қарасұр саздар қабатынан құралған орта бөлігінің қалыңдығы 7 метрден толық кірігуге дейін өзгереді.
Төбе бөлігі карбонатты цементті құмтастардан құралған, бұл құмтастар құмтасты ізбестастарға ауысады. Горизонттың жалпы қалыңдығы 12метрден 62 метр аралығында. Кенорын бойынша ол барлық жерінде таралмаған, көтеріңкі жерлерде кіріге отырып 8 ұңғы аймағында байқалмайды.
Жоғарғы (J3km22) горизонты сазды алевролит араласқан қара сұр саздардан құралған, жалпы қалыңдығы 41 метрден 78 метрге дейін және Ю-III горизонтының үстінде сұйыққа тосқауыл болып тұр. Оның төбе бөлігімен шағылу горизонты ОГ IIIа стратиграфиялы сәйкестенеді.
Жоғарғы свита жігі (J3km3) ұсық, орта түйірлі нашар цементтелген және бос болып келетін кварц далашпатты құмтастар мен қара сұр саздар мен сазды алевролиттердің кезектесіп келуімен құралған.
Төбе бөлігінде Ю-I горизоты айқындалған, ал табанында Ю-II горизонты белгіленген. Алаңда свита жігінің орта бөлігінде тұрақты құмтас қабаты байқалады. Свита жігінің жалпы қалыңдығы 87ден 95 метрге дейін болып келеді.
Ақшабұлақ свитасы (J3а) екі свитаға жігіне жіктеледі: жоғары және төменгі.
Төменгі
ақшабұлақ свита жігі негізінен
жасылдау сұр саздармен және сазды
алеролиттермен берілген. Жоғарғы ақшабұлақ
свитасы шұбар түсті саздармен
және сазды алевролиттермен
Ақшабұлақ свитасының Шолоққорған аумағындаға қалыңдығы 116 метрден 153 метр аралығында ауытқиды.
Бор жүйесі (K) кенорын шегінде жоғарғы және төменгі бөлімдермен берілген.
Төменгі бөлім (K1). Бордың төменгі және жоғарғы бөлімдерінің шөгінділері үш свитаға бөлінеді: дауылдық, қарашатаулық, қызылқиялық. Дауылдық свита (K1nc1dl) төменгі және жоғарғы свитажігіне бөлінген.
Төменгі подсвита өз кезегінде екі горизонтқа: төменгі (арысқұм) және жоғарғы деп бөлінеді.
Арысқұм горизонты (K1nc1ar) Шолоққорған алаңында екі жікгоризонтымен берілген. Төменгі қабат жыныстары астында гравелит қатпары жатқан қоңыр және сұр құмдармен құралған, ал жоғарғы қабат алевриттілеу әлсіз карбонатты саздармен құралған.
Арысқұм горизонтының жалпы қалыңдығы кенорын бойынша 122-151 метр аралығында. Осы горизонттың төбесіне тіректік шағылу горизонты IIar жатқызылған.
Төменгі жіксвитаның жоғарғы горизонты (K1nc12) алериттілеу қабатшалары бар қызыл түсті саздармен құралған. Жоғары юра мен арысқұмның мұнайлы горизонттары үстіндегі аймақтық сұйық тұйықтағыш болып табылады. Горизонт қалыңдығы 138метрден 158 метр аралығында.
Жоғары (K1nc2) жіксвитасы үш пачкамен берілген.
Төменгі
пачка сазды алевролит және саздар
араласқан қызыл қоңыр-қоңыр
Орта пачкада қоңыр алевролиттер мен саздар саны жөнінен өзгермелі және қалыңдық бойында нашар цементтелген құмтастармен аралас келеді.
Жоғарғы пачка карбонатты цементті сұр құмтастар мен сазды алевролиттер мен саздардың араласып келуімен орындалған. Свитаның қалыңдығы 343метрден 366 метрге дейінгі аралықта ауытқиды.
Қарашатау свитасы (K1a-al2) қара сұр құмдармен, төменгі бөлігінде қара сұр саз қабатшалары бар гравелиттермен берілген. Свита қалыңдығы 232-263 метр аралығында.
Қызылқия свитасы (K1-2al3-s) шұбар түсті сазды алевролиттермен, орта және жоғары жағында құм горизонттары аралас саздармен берілген. Свита қалыңдығы 243-284 метр аралығында.
Жоғарғы бөлім(K2t-sn).. жоғарғы бор шөгінділері теңіздік сұртүсті және құрлықтық шұбартүсті негізіне құмтасты тау жыныстарымен берілген, алевролит пен саздар аз кездеседі. Бөлім қалыңдығы 361метрден 418 метрге дейін.
Палеоген (P) шөгінділері жоғарғы бордың жайылмалы беткі жағында орналасқан, теңіздік сұртүсті саздармен, мергелдер және құмтастар горизонттарынан тұрады. Шолоққорғанта олигоцен шөгінділері жоқ. Сұр түсті шөгінділер қалыңдығы 163 метрден 196 метрге дейін.
Плиоцен-төрттік (N2-Q) шөгінділері саздармен, сусыма құмдармен және төрттік дәуірдәң эолды құмдарымен берілген, қалыңдығы 30-70 метр аралығында.
Шолоққорған алаңы Арысқұм еңісті ойпатына жататын Ақшабұлақ грабен синклиналінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Тұран плитасының солтүстігіндегі Оңтүстік Торғай ойпатының оңтүстік бөлігін көрсетеді.
Шолоққорған көтерілімі Орталық Ақшабұлақтан солтүстік шығысқа қарай орналасып, одан юра кешенінен фундамент бетінен ерлікпен және жарықтармен бөлініп тұр.
2001-2002 жылдары
Ақшабұлақта 3Д
3D сейсмика мәліметтері
негізінде 33 ұңғының нақты орналасқан
жері жобадағыға қарағанда
Берілген жұмыста Ю-III өнімді горизонттың құрылымдық негізі ретінде 3D сейсмикасы материалдарын іздеу ұңғылары(2, 8, 5) және жаңадан бұрғыланған (33) ұңғылардан алынған ақпараттарды есепке ала отырып қайта интерпретациялау бойынша орындалған құрылымдық сызбалар қабалданған.
Қайтадан интерпретациялау материалдары бойынша қарастырылып отырған алаңнық құрылымдық картасы 2003 жылда жасалған интерпретация нәтижелеріне қарағанда жарықты бұзылулар геомериясын дәлдеу жағынан онша көп өзгерістерге ұшыраған жоқ. Құрылым негізіне екі жарықты бұзылумен F1 и F2, күрделенген, олар сәйкеснше солтүстіктен оңтүстікке және солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа бағытталып созылған. F2 бұзылу құрылымды I және II деген екі блокқа бөліп жатыр.
Ю-III өнімді горизонттың төбесіы бойымен жүргізілген құрылымдық картасында Шолоққорған көтерілімі құрылымдық жағынан субкеңдікті созылған брахиантиклиналь болып келеді, құрылым екі күмбезбен күрделенген.
Бірінші күмбез бірінші блокта орналасқан, субкеңістікті созылған, батыс бөлігінде субмеридианды бағыттағы амплитудасы 60 метр тектоникалық бұзылумен (F1) шектелген.
-1910 мизогипс шегінде күмбез өлшемі 1,25 * 1,0 км және амплитудасы 20 метр шамасында. Шығысына қарай кішкене еңістік арқылы, 33 ұңғы төңірегінде субмеридиалды созылған екінші күмбез айқындалады, батысында күмбез амплитудасы 30 метрдей болатын F2 тектоникалық бұзылумен күрделенген. -1910 метрлік тұйық изогипсте көтерілім өлшемі 2,25 * 1,0 км және амплитудасы 35 метрге дейін.
F1 бұзылу – негізгі тектоникалық бұзылу, ол бүкіл юра-бор қимасы бойында байқалады. Бұзылу амплитудасы қима бойында төменне жоғары қарай жоғалу тенденциясына ие. F2 бұзылу тек Ю-III горизонтында байқалады. Жарықтық бұзылулар F1 мен F2 құрылымның бірінші блогындағы Ю-III өнімді горизонты кеніштерінің тектоникалық экраны болып табылады.
Информация о работе Жобаның негізі бойынша – Шолақ–Қорған БМАС қарастырылды