Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 21:57, курсовая работа

Краткое описание

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат». Бұл - біздің қазіргі уақыттағы нарықтық экономика жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстанда жаңа мемлекеттің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау жұмыстары атқарылуда.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі................................................................................5
Мемлекеттік қызмет ұғымы және түрлері.................................................5
Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі...............................................28
2. Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..........................................38
2.1 Мемлекеттік саясат ұғымы және мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..............................................................................................38
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясаттың жаңа модулі......................................................................................62
Қорытынды..........................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................82

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат111.doc

— 513.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................2

1. Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі................................................................................5

    1. Мемлекеттік қызмет ұғымы және түрлері.................................................5
    2. Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі...............................................28

2.   Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..........................................38

2.1 Мемлекеттік  саясат ұғымы және мемлекеттік  қызметтегі мемлекеттік саясат..............................................................................................38

2.2 Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясаттың жаңа модулі......................................................................................62

Қорытынды..........................................................................................................79

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................82

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Менің дипломдық  жұмысымның тақырыбы - «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат». Бұл - біздің қазіргі уақыттағы нарықтық экономика жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстанда жаңа мемлекеттің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау жұмыстары атқарылуда.

«Қазақстан  дамуының жаңа белесіндегі «Қазақстан-2050» стратегиясында» біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың және мемлекеттік қызметті және кадрлық саясатты қайта құрудың 30 маңызды бағыттары анықталды. Аталмыш маңызды тарихи құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны корпусын жаңартуға арналған дәйекті бағам, біліктілігі дәрежесіне орай талаптар орнату, іріктеу, дәуірлес кезеңде кадрларды мемлекеттік аппарат қажеттілігін және болашағын есепке ала отырып оқыту сияқты бағыттарға басымдылық белгіленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері  және мемлекеттік қызметкерлердің  міндеттері

1.1. Мемлекетік  қызмет ұғымы

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктің  міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктерді  атқару бойынша ресми қызметі. 
 ҚР  мемлекеттік қызмет  екі деңгейде жүзеге  асырылады: республикалық және жергілікті. ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес «мемлекеттік қызмет»  - бұл  мемлекеттік қызметкерлердің  мемлекеттік органдардағы  мемлекеттік биліктің  міндеттері мен функцияларын  іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін  атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде  мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада  қарастырылады. 
 Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы  түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың  жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын  жұмыс, ал шектеулі мағынасында - бұл  мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік  органдардың қызметкерлерінің  мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес  түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді.  Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен  белгіленген  лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. 
 Мемлекеттік лауазымды жүзеге  асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік  - бұл заңда белгіленген құқықтары мен  міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер  өз қызметін  жүзеге  асыратын  мемлекеттік органдардың алдында  қойған мақсат-міндеттерге  жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік  лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды  тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің  міндеттерін жүзеге асыратын немесе  мемлекеттік органдарда  ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам. 
 Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері: 
1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі; 
2) әкімшілік, еңбек, азаматтық,  қаржы  және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі; 
3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлермен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады; 
4) олардың қызметінің мәні -  мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іс жүзінде жүзеге асыру. 

  Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын  қоғамға пайдалы қызметті  жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған  адамдардың  ұжымынан тұрады. Мемлекеттік  немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам  оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын  нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның  қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі, көбінесе  онда істеп жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының  құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның  жетекшілерінің, орынбасарларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің)  әрекеттерінде  іске асады. Сондықтан  мемлекеттік басқару  органдарында  жұмыс істейтін  адамдар мемлекеттік  қызметкерлер болып табылады, ал олардың атқаратын қызметі  мемлекеттік қызмет деп аталады. 
 Мемлекеттік қызметкердің  күнделікті қызметі  адамның еңбек етуінің  ерекше  түрі  болып табылады. 
 Қызметкердің  еңбек етуінің жұмысшының еңбек етуінен ажырататын бірқатар ерекшеліктері болады: 
1) мемлекеттік қызметкердің  еңбек ету процесіндегі әрекеттері  нақты бір  құқықтық салдарларды туғызады, соған байланысты  қызметкерлердің  қызметінің негізгі  жақтары  құқық нормаларымен реттеледі, ал жұмысшының  еңбек ету процесіндегі әрекеттері  ешқандай  заңды салдарларға әкелмейді; 
2) қызметкердің еңбек ету сипаты оның мемлекеттік басқару аппаратындағы  алатын лауазымына байланысты  анықталады, нақты  құқықтық мәртебесі болады,  ал мамандығы бойынша  жұмыс істейтін жұмысшының еңбегі  тек өндіріс құралдарын дұрыс пайдалану  білімін ғана қажет етеді; 
3) мемлекеттік қызметкердің еңбегі  нормаланбаған, ал еңбегі - уақыт бойынша есептелетін болса, ал жұмысшының еңбегі қатаң нормаланған, және  еңбек ақысының төлемі  жұмысының мөлшері мен сапасына байланысты болады; 
4) кез келген  мемлекеттік қызметкер  мемлекеттік аппаратта  қатаң анықталған ұйымдық-құқықтық тәсіл  арқылы  лауазымға ие болады, ал жұмысшы - тек   келісімшарт негізінде ғана орналасады.

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан  Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады.

«Мемлекеттік  қызмет туралы» заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдарымен реттеледі.

Жалпы, мемлекеттік қызмет: бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік – шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік (ұйымдастыру, басқару), әлеуметтік – мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналды.

Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік органдардағы емес, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардағы да ( басшылар, инженер – техникалық қызметкерлер), сондай – ақ мемлекеттік мекемелердегі де (мектептер, мәдени – ағарту және медицина мекемелері, т.б.) жұмыс деп түсінілді. Егер нақты бір адам мемлекет құрған лауазымға орналасқан болса, ол мемлекеттік қызметшілер қатарына жататын болды.

Сонымен бірге қандай да болмасын бір қызметкерді  мемлекеттік қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбек ақы төлеудің көзі болды: мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қызметті соншалықты кең ұғынумен қатар  оны тар мағынада да түсінуге де болады. Соған сәйкес мемлекеттік  қызмет болып қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдардың қызметі танылады. Мемлекеттік басқару аясына орай мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік -  басқару   қызметін атқаратын қызметкерлердің, яғни атқарушы өкім етушілік (мемлекеттік – басқарушылық) сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналады.

Әкімшілік – басқарушы адамдар тобын  құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың  жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығы нормаларының реттейтін объектісі болды.

1995 жылға  дейін жағдай осылай болды. 1995 жылы 26 – желтоқсанда Қазақстан  Республикасы Президентінің «Мемлекеттік  қызмет туралы» заң күші бар  жарлығы шықты – бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 жылғы 23 – шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.

Аталған заң бойынша    мемлекеттік қызметші   — мемлекеттік қызметшілердің   мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік – қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік – мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы  жұмыс, тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру  функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай қызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды.

Сондықтан, мемлекеттік қызмет қазіргі кезде  шенеуніктердің (төрелердің) қызметіне тіреледі.

1999 жылғы  23-шілдедегі «Мемлекеттік қызмет  туралы» заңда былай

делінген:

а)  мемлекеттік қызмет кәсіби  негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып табылады;

б) мемлекеттік  қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұйымдарда да құрады. (мысалы, кәсіпорындардың, мекемелердің лауазымдары). Сондықтан, мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты;

в) мемлекеттік  қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік  лауазымдардың ерекше санатына орналасудан  табады – заңда оларды мемлекеттік  органның   құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады;

г) мемлекеттік  қызмет нақты мемлекеттік   лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі;

д) мемлекеттік  қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға  орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды;

ж) мемлекеттік  қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік  лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік  бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді  болжайды. Кезінде ол жалақы деп  аталатын. Бұл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай  тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл ретте мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшалай ақы алады.  Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.

Информация о работе Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат