Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 21:57, курсовая работа
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат». Бұл - біздің қазіргі уақыттағы нарықтық экономика жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстанда жаңа мемлекеттің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау жұмыстары атқарылуда.
Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі................................................................................5
Мемлекеттік қызмет ұғымы және түрлері.................................................5
Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі...............................................28
2. Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..........................................38
2.1 Мемлекеттік саясат ұғымы және мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..............................................................................................38
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясаттың жаңа модулі......................................................................................62
Қорытынды..........................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................82
Осы кезеңдегі мемлекеттік қызмет ұғымының негізгі белгілері мен ерекшеліктері осында.
Тағы мына мәселеге тоқталып кетуге болады: Батыс елдерінің заңнамалары мемлекеттік қызмет туралы мәселені көп жағдайларда Қазақстан заң шығарушылары басшылыққа алатын қағидаттардан өзгеше негіздемелерде шешеді. Мәселен, АҚШ – та мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың реттелуіне бюджеттік қаржыдан ақы алатын кез келген қызметкер жатады; оларды «азаматтық» және «үкіметтік» қызметшілерге бөлу қаралған. Ұлыбританияда барлық шенеуніктер, сондай – ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ғылыми және ғылыми – техникалық мекемелерде істейтін адамдар да мемлекеттік «азаматтық» қызмет атқарады. Францияда мемлекеттік қызмет шенеуніктерінің, сондай – ақ өзге де мемлекеттік қызметшілердің жариялық басқарушылық қызметі болып табылады. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып ең алдымен жариялы билікті иеленуші ретінде мемлекеттің барлық қызметшілері танылады. Германияда да шенеуніктер мемлекеттік қызметшілер болып танылады. Оларға өзге мемлекеттік қызметшілер де, мысалы, көмекші – техникалық функцияларды орындайтындар жатады. Әкімшілік қызметкерлер тобын білдіретін шенеуніктермен және шенеуніктер болып табылмайтын азаматтық қызметшілер арасында шек қойылады.
Қазақстан
заңнамасы мемлекеттік
Жалпы мемлекеттік қызметтің принциптері ҚР – сы Конституциясының Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар деп бекіткен нормаға негізделеді. Олар мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен нақты жүзеге асырудың аса маңызды заңдылықтарын белгілейді.
1.Заңдылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР – сы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деген ҚР – сы Конституциясының 4 – б. 2- т. нормасына негізделеді.
2.Қазақстан патриотизм принципі, (гректің patriotes – отандас, patris – отан дегені) – мемлекеттік қызметінің өз Отанын, халық сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш – ждігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
3.Мемлекеттік биліктің заң шығарушысы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі. Бұл республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемлік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс – қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конституцияның 3 – бабының 4 – тармағына негізделген.
4.Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі, бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді. Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамның ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқтыратын іс – әрекеттері үшін барлық мемлекеттік қызметшілердің «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
5.Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатуға тең құқығы принципі. Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылданған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды.
6.Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі. ҚР – сы Конституциясының 24-б ның 1-т-да бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді.
7.Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі. Мемлекеттік лауазымның бос орнына (ваканцияға) кандидатты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігін көрсеткенге беріледі.
8.Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі. ҚР –сы Конституциясының 24–бының 2 – т-да бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді.
9.Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік принципі. Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарында атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынады.
10.Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі. Мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.
11.Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелері оның ырзашылығы мен және келісуімен шешулерін болжайды. Жариялылықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қол жетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдар бірде – бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.
12.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі. Олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы: олардың еңбегінің беделін көтеруді айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.
13.Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 23 – бабында қаралған.
14.Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
15.Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын , арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды, т. б. болжайды.
Мемлекеттік лауазым заңмен, мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі ретінде айқындалған.
Лауазым деп қызмет орны түсініледі, ол оған орналасқан адамның құқықтық мәртебесін айқындайды. Бұл оның лауазымдық (қызметтік) міндеттерінің көлемі, оның лауазымдық (қызметтік) құқықтары, оның өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау үшін жауаптылығының шегі, сондай – ақ осы адамға қойылатын мамандық және біліктілік талаптар. Шын мәнінде, лауазым мұндай ұғымында тиісті мемлекеттік органның, сондай – ақ Конституцияға және басқа заң актілеріне сәйкес құрылатын өзге мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі тиісті адамның орындайтын жұмысының мазмұнын айқындауға қызмет етеді.
Мұндай «өзге» мемлекеттік органдарға, мысалы, Қазақстанның Ұлттық Банкі, ҚР – ның Прокуратурасы, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің аппараты және т.б. жатады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды тағайындау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді.
Саяси лауазымдарға:
Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметті өткеру – бұл ұзаққа созылатын процесс, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейін атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрініс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік – құқықтық мәртебесі жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірінен – бірі өздерінің туғызатын құқықтық салдарының сипатымен айырылады.
Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың, құрметті атақтар берудің және қызмет өткерудің өзге де мәселелерінің тәртібін белгілейді.
Құқықтық актілердің екінші түрі – бұл заңдық айғақтар түрлерінің бірі, яғни нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке – дара актілер.
«Мемлекеттік
қызмет туралы» заң бойынша
Мемлекеттік
қызметшілердің қызметін
1 ) жеңілдіктер
2 ) көтермелеу шаралары
Жеңілдіктер әр түрлі болады және әдетте, мемлдекеттік қызметшілердің тиісті санаттарына қарай тағайындалады.
Көтермелеудің жалпы шаралары еңбек туралы заңдармен, мемлекеттік қызметшілердің нақтылы санаттарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін қарайтын құқықтық актілермен тағайындалады.
Көтермелеумен қатар заңнамалар, қажет болған кезде, мемлекеттік қызметшілердің заңдық жауаптылығын қарайды, атап айтқанда: тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық. Жауаптылық мемлекеттік қызметшілерге олардың кінәлі түрде құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни заң жүзінде құқыққа қарсы ретінде танылған құқықтар мен іс – әрекеттер үшін заңдарда қаралған қандай да болмасын сазай мен жаза шараларынан көрініс табады. Жалпы мәлім, құқық бұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Тәртіптік
жауаптылық – бұл қылмыстық тәртіппен
қудаланбайтын мемлекеттік
Заңдық
жауаптылықтың бұл түрін
Мемлекеттік қызметшінің теріс қылық жасауы жаза қолдану үшін негіз болып табылады. Тәртіптік жаза – бұл қызметшілердің теріс қылық жасағаны үшін лауазымдық өкілеттігіне сәйкес тиісті құқығы бар тұлға әдетте мемлекеттік органның басшысы) қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы. Тәртіптік жазалардың түрлері: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын қызметінен босату болып табылады.
Информация о работе Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат