Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 21:57, курсовая работа

Краткое описание

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат». Бұл - біздің қазіргі уақыттағы нарықтық экономика жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстанда жаңа мемлекеттің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау жұмыстары атқарылуда.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі................................................................................5
Мемлекеттік қызмет ұғымы және түрлері.................................................5
Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі...............................................28
2. Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..........................................38
2.1 Мемлекеттік саясат ұғымы және мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..............................................................................................38
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясаттың жаңа модулі......................................................................................62
Қорытынды..........................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................82

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат111.doc

— 513.50 Кб (Скачать файл)

Екіншіден, мемлекеттік  қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етілінуіне арнайы нормалар 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңда» одан әрі дамытылып және мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін толық блок заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер нақтыланған.

Мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда белгіленген негізгі міндеттерінен туындайтын нақты міндеттері үлгі біліктілік талаптар негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекітетін қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметте тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін олардың негізсіз жұмыстан шығарылуын құқықтық қорғау заңмен қамтамасыз етілген. Онда, саяси қызметшінің ауысуы мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен қызметін тоқтату үшін негіз болып табылмайтыны туралы жазылған. Заңның басқа нормасымен мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жаңадан құрылған не басқа мемлекеттік органда өздерінің біліктілігіне сай жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл орайда мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге жұмыстан шығу жәрдемақы төлемі жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілерді  құқықтық қорғауын күшейту бөлігіндегі  Заңдағы жаңалықтар мына нормалар болып  табылады: мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетінің заңсыздығы үшін жауап береді. Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметші, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауаптылыққа тартылған кезінде олардың құқықтарының кепілділігі Заңмен белгіленген:

-         мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауапқа тартуға байланысты барлық материалдармен таныстырылуға міндетті;

-         жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның іс-әрекеті мен шешімдеріне уәкілетті орган белгіленген тәртіппен не сотқа шағым жасай алады.

Заңмен мемлекеттік  қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары көзделеді, заңдарда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік қызметшілер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі тегін беріледі.        

 Бұдан басқа,  қызметтік міндеттерін Заңмен  белгілеу мақсатында мемлекеттік  қызметшілердің мына құқықтары  қаралған:

-         басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

-         жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер бұдан  басқаларға құқылы:

-         өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және осы Заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

-         тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;

-         өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;

-         біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындалуы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;

-         қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

-         еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

-         әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

-         мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

-         зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

-         жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметші қоғам және халық өмірімен нақты  байланысты қамтамасыз ететін басқару  саласындағы саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды  қалыптастыруға қатысады.

Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, бұдан басқа:

-         азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

-         өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;

-         мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға;

-         өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

-         заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

-         басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

-         мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де, заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

-         қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

-         мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

-         мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өкілеттігінен түйісетін немесе қайшы келетін жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;

-         қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің осы белгіленген негізгі міндеттерінен  туындайтын нақты міндеттері үлгі біліктілік талаптар негізінде айқындалады  және тиісті мемлекеттік органдардың  басшылары бекітетін қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі.        

 Демек, бұл жаңа заңнама мемлекеттік қызметшілер мүддесін мемлекет мүмкіндіктерімен баламалы ескереді, әлеуметтік және құқықтық қорғау қамтамасыз етілуі мемлекеттік қызметші тұрақтылығы және кәсібилігінің арта түсуіне кепілдік болып табылады.

Және де мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде: 
 1)  Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарынын беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге; 
 2)  Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға;  
3)  азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге; 
 4)  Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге; 
 5)  сеніп тапсырылған мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға; 
 6)  жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолдануға, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға; 
 7)  сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға; 
 8) мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекетті болдырмауға; мемлекеттік қызметкердің жеке мүдделерін қозғайтын мәселелер жөнінде шешімдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметіне араласпауға; 
9) кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық  субъектілерінің мүдделерін сүйемелдеуге жол бермеуге; 
10) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге; 
11) қызметі жоғары немесе төмен тұрған не өзімен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелділіктегі адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға; 
12) мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметін пайдалану фактілеріне жол бермеуге; 
13) заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдік жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілік және шетелдік туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға; 
14) өзінің іске көзқарасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге; 
15) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға; 
16) кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; 
17) басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және дұрыс жолын кесуге; 
18) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

2. Азаматтармен  және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметкерлер:  
1) азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал  етуге;  
2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын, соның ішінде көлік, сервис және өзге де қызметтерді алу кезінде, баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, 
3) өзінің іс-әрекеттерімен және шешімдерімен қоғам тарапынан негізді сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға; 
4) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға; 
 5) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарым-қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез-келген өзге де жағдайларға қарамастан  адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 
6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

7) сыпайы және  әдепті болуы тиіс.

 3. Өзіне бағынышты қызметкерлері болатын мемлекеттік қызметкерлер:  
1) бағынышты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынышты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге және олардан қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс  тапсырмалар орындауды талап етпеуге;  

2) бағынышты  қызметкерлеріне қатысты негізсіз  айыптауларға, дөрекілік фактілеріне,  адамдық қадір-қасиетін кемсітуге,  жөнсіздікке жол бермеуге;  
3) бағынышты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиіс;

4) Мемлекеттік  орган қызметінің мәселелері  бойынша көпшілік алдында   оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары сөйлейді.

Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірталасты әдепті түрде жүргізуі тиіс.      
5. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің  мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол: 
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе; 
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпараттарды ашатын болса; 
3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруге тиіс емес. 
6. Мемлекеттік қызметкердің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, біреудің мүдделерін сүйемелдеуі жөнінде негізсіз көпшілік алдында айыптау болған жағдайда, ол тиісті түрде мұндай айыптауларды теріске шығаратын ақпаратты жариялауға тиіс. 
7. Мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды теріске шығару, соның ішінде сот арқылы теріске шығару шараларын қабылдауы керек. 
8. Мемлекеттік қызметкерлердің осы Кодексті сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады.

9. Осы көзделген  талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

10. Мемлекеттік  органның ұжымы оның басшысының  шешімі бойынша мемлекеттік қызметкердің осы Кодексті сақтамау фактісін қарап, қараудың  нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.

Шындығына келгенде мемлекеттік қызметші деген  кім және оның халық алдында қандай міндеттері бар? Оларды мемлекеттік қызметкерлер қалай орындап жүр? Жалпы айтқанда, бұл кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның мемлекеттік аппараты орналасқан іргетас болып табылады. Бүгінде әкімшілік қызметшілерден жоғары адамгершілік қасиеттермен қатар, кәсібилік міндеттерді де талап ету аса қажет. Олар бұл талаптарға сай ма? Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің құрамы сапасының өз деңгейінде болуы үшін нендей жұмыстар атқарылуда? 

Мемлекет  тарапынан әкімшілік органдардағы жұмыстың тиісті қалыпта жүргізілуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Қызметке орналасу барысында байқау ұйымдастыру, жас мамандарды ұжымда тәрбиелеу, қайта даярлау мен оқытудың аймақтық орталығында басқарудың жаңа модельдерін оқыту  - осының барлығы біздің мамандарымыздың кәсібилік қабілеттерін арттыруға бағытталған. 

Алайда, кейбір шенеуніктер мемлекеттік  қызметші әдебінен аттап, жалпыға бірдей адамгершілік құндылықтарды ескермейді. Осыдан түрлі құқық бұзушылыққа  жол беру пайда болады. Жағымсыз факторлар мемлекеттік қызметшілердің имиджіне нұқсан келтіріп, тұрғындардың билік органдарына деген сенімін төмендетеді. 

Мәселен, мемлекеттік қызметшілерге қатысты 2011 жылы құқық қорғау органдарымен 77 қылмыстық іс қозғалды. Олардың  арасында қарауындағы мүлікті ысырап ету (18 іс), алаяқтық (8), пара алу (15), пара беру (5), қызмет бабында жалған құжат жасау (24) секілді фактілер тіркелген. 

Соңғы кездері ауылдық округтер мен  елді мекендер әкімдерінің, спорт және денешынықтыру, білім беру мекемелерінің, әлеуметтік қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас қылмысқа жол беру оқиғалары жиілеп кетті.

Қазіргі шенеуніктің имиджіне кеңінен тоқталып өтсек. Өкінішке қарай, қуантарлық жайттар  көп емес.

Жуырда  өткен әлеуметтік сауалнаманың қорытындылары  мені қатты алаңдатуда. Анық болғандай, облыс тұрғындарының мемлекеттік қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі төменгі көрсеткіштердің саясында қалып отыр екен. Мысалы, облысымыздың тұрғындары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамту, құқық қорғау салаларының және атқарушы, өкілетті органдардың қызметтеріне көңілдері толмайтындарын айтады. Аталған салалардың мамандары өздеріне жүктелген талаптарды тиісінше орындамай, жұртшылық наразылығына ұшыраса, сонда олар кімдерге қызмет етіп жүр?   

Информация о работе Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат