Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 21:57, курсовая работа

Краткое описание

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат». Бұл - біздің қазіргі уақыттағы нарықтық экономика жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстанда жаңа мемлекеттің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау жұмыстары атқарылуда.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі................................................................................5
Мемлекеттік қызмет ұғымы және түрлері.................................................5
Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі...............................................28
2. Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..........................................38
2.1 Мемлекеттік саясат ұғымы және мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..............................................................................................38
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясаттың жаңа модулі......................................................................................62
Қорытынды..........................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................82

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат111.doc

— 513.50 Кб (Скачать файл)

Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілер имиджінің төмендеуіне әкеледі. Себебі, олардың барлық жұмысы - халықтың назарында жүр, жұртшылық кімдердің жұмысқа білек сыбанып кіріскенін, кімдердің қызметке селқостық танытқанын көруде. 

Өзге  де тәртіпке қатысты мысалдар баршылық. Таяуда ғаламтор желісі мен бұқаралық ақпарат құралдарында Шарбақты ауданының бұрынғы әкімі С.Смағұловқа қатысты жарияланымдар шықты. 

Мәселенің мәнісі неде? Аудандағы кәсіпкер М.Барсуковский әлемдік желі арқылы Шарбақты ауданының  әкімі туралы атышулы бейнематериал  таратып, әкімге қылмыстық топ құрды деп кінә тақты. Аталмыш бейнематериалда айтылатындай, аудан прокуроры, полиция бастығы, әкім көмекшілері мен басқа да лауазымды тұлғалар бір басқосуда болған көрінеді. Бұл жайт Бас прокуратураның, Президент әкімшілігі мен басқа да құрылымдардың назарына бірден ілінді.

С.Смағұлов қызметінен босату туралы өтініш беріп, жұмысынан кетті. Ауданның бұрынғы  әкімі кінәлі ме, әлде кәсіпкер оған негізсіз айып тақты ма?  Қазірде бұл мәселемен тергеу органдары айналысуда. Менің ойымша, аудан әкімінің кінәсі - саяси жетекші ретінде даудың алдын алуға тырыспағанында. Басшының міндеті кез келген қиын мәселеге жедел түрде көңіл аудару болып табылады. 

Алайда, бұл жайт барлық басшылардың өз қызметтерінен  айырылып қалудан қорқып, шағымданушы  әлдекімдердің айтқанына еріп кетудің мысалы емес. Кез келген даулы мәселені шешуде тек заңға ғана жүгіну, арыз беруші адамды тұлға ретінде қабылдап, ортақ мәмілеге келу – білікті басшыны сипаттайтын қасиеттер. Бұл өз имиджіңді жақсарту ғана емес, тұрғындардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімінің артуына үлес қосар жұмыс болып табылады. Жуырда «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген Әлихан Бәйменовтың «Басты өлшем – кәсібилілік пен нәтижелілік» атты мақаласы көңілімнен шықты. Мұнда мемлекеттік аппараттағы арнайы өкілетті адамның барлық қызметкерлермен әңгімелесуі кезінде мүмкін болатын кикілжіңдердің «ошақтарын» айқындайтын американдық тәжірибе баяндалған. Біздің жағдайымызда аталмыш жүк саяси қызметші - аудан әкіміне артылуы қажет. 

Адами капиталды басқару өнері кез келгеннің қолынан келе бермейді. Бұл үшін арнайы білім қажет. Менің ойымша, аталған мақсатқа республикамыздағы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі дайындаған және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттік қызметтің жаңа Тұжырымдамасы арқылы жетуге болады. Осыған сәйкес, бүгінде заңнамаға енгізілетін өзгертулер дайындалуда.  

Онда  көптеген жаңашылдықтар бар: үш тұғырлы  мақсат төңірегінде бірігу. Біріншіден, мемлекеттік органдар жүйесіндегі  тиімді кадрлық саясат пен адам капиталын басқару мәселелері. Екіншіден,  мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу. Үшіншіден, мемлекеттік қызметтің этикалық нормалары мен жағымды имиджін сақтау.

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджі өз бетімен қалыптасатын дүние емес.  Менің ойымша, ең бастысы, бұл – адамгершілік, белгілі бір азаматтың мәселесін түсіне білу, құқықтық заңнамаларды меңгеру және тәжірибені дамытуға тырысу. Қолында билігі бар адамдардың адамгершілігі туралы мысалдар келтірейін.

2010 жылдың  сәуірінде өңірдің мемлекеттік  қызметшілер құрамы Алматы облысы  Қызылағаш ауылындағы табиғат  апатынан зардап шеккен азаматтарды  қолдау қорына көмек көрсетті. Ал 2011 жылдың мамырында Батыс  Қазақстан облысының тұрғындарына  көмек қолын ұсынды. 

Павлодар  қаласындағы мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері  жыл сайын Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің  бұрынғы ректоры Ерлан Арынның  жеке қаражатынан төленіп ұйымдастырылатын тегін қойылымдарға барады. Бұл игі үрдіс жалғасын табар деген үміт бар.

Павлодар  ауданының әкімі Төлеген Бастенов жұбайымен жылына бірнеше рет  аталған ауданның жетім балаларына сыйлықтар табыстап, дастарқан жайып  отырады. Қайырымдылық шаралары жыл сайын үздіксіз өткізіліп тұрады. Бұл  өз-өзін жарнамалау үшін жасалған іс емес.

Жоғарыда  атап өткендерім, үлгі аларлық істер  емес пе?

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі жергілікті басқармасының бастығы ретінде  жұмыс барысында көптеген адамдардың тағдырымен танысуға тура келеді. Мәселелер сан алуан: мемлекеттік органдар жетекшілері мен қарапайым азаматтардың проблемаларын шешуде тиісті шешім қабылдау керек. Ал дұрыс қабылданған шешімдер әділдікке деген сенімнің зор болуына әсер етеді. Тәртіптік кеңес мүшелері белгілі бір мәселеге нүкте қоймас бұрын ойымызды саралап, талқылайды. Содан кейін ғана соңғы шешімімізді қабылдайды. 2010 жылы сегіз тәртіптік іс тоқтатылды, сол арқылы мемлекеттік   қызметшілерді айыптаулардан қорғап қалынды. Өткен жылғы көрсеткіш – шешімін тапқан 35 іс.

Осы мысалдарды атап өтілуінің өзіндік себебі бар. Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілерге халық алдындағы басты міндеттерін әділ әрі шынайы орындауларын түсіндіру.

Мемлекеттік қызметтің тиімділігі жоғары корпусын қалыптастыру мәселелері әрдайым  Елбасымыздың басты назарында. Осы орайда мемлекеттік  аппарат қызметін жетілдіру мақсатында жыл сайын шешімдер қабылданады.  

Әлихан Бәйменовтің  «Басты өлшем – кәсібилілік пен  нәтижелілік» атты мақаласына тоқталсақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы мақалада «Жемқорлыққа апарар жол - қарапайым азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының бұзылуы. Сондықтан, әкімшілік этиканың сақталуын қадағалайтын бақылау жүйесі маңызды алдын алу ролін атқарады» деп атап өтті. Аталған жарияланымда автор осы саладағы мәселелер төңірегінде айтып, мақсат-міндеттерді бағдарлады. Сонымен қатар, ведомство мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасын жасау жөніндегі тапсырманы орындайтынын баса айтты.

Осы тұжырымдамаға орай тұрғындардың мемлекеттік қызметке сенімділігін арттыру бойынша 2012-2015 жылдарға арналған облыстық бағдарлама жасалды. Құжат «Мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету» деп аталады. Тұжырымдамада мемлекеттік қызметшінің имиджін арттыру мәселесін шешудің нақты жолдарын ұсынылды. Бұл мақсатқа сөзбен емес, әр мемлекеттік  органмен және шенеунікпен әдістемелік жұмыстар жүргізу арқылы жету қажет. 

Мысалы, мемлекеттік қызметшінің қызметтік  іс-қимылы, этикалық іс-әрекеті, зияткерлік және жұмыс тәжірибесі талаптарын орындау, әріптестерінің  баға беруі, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарының жиілігі, сондай-ақ азаматтар тарапынан айтылған пікірлер бақылауға алынады. Бұл – облыстағы қалалар мен аудандардың жалпы саны бес мыңдай әкімшілік қызметшілері үшін маңызды емтихан. Жуырда басқарма жанынан тәжірибелі журналистердің қатысуымен қоғамдық кеңес құрдық. Олардың көмегімен  мемлекеттік мекемелер жұмысы тәжірибесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз әрі тиімді қарым-қатынас орнату жетілдіріле түспек. 

Осындай «имидждік» саясат жылдам әрі тиімді сипатта болуы керек. Оның басты  мақсаты – қоғамды мемлекеттік  органдар және үздік мемлекеттік  қызметшілердің жұмысы жөнінде жүйелі ақпараттандыру. Әрине, ең алдымен мамандардың  кәсіби, рухани-адамгершілік және іскерлік қасиеттерін қалыптастыруға баса назар аударылады. Бұл – жұмыстардың барлығы іске асып, барлық қойылған мақсаттарға жетуге болатынына кәміл сену керек.

Мемлекеттік қызметшіні патриот ретінде, адам психологиясын  терең меңгерген, әр азаматтың және мемлекеттің мүддесін қорғауға дайын маман ретінде тәрбиелеу –  әр мемлекеттік орган жетекшісі жұмысының түпкі мәні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік  саясат

2.1 Мемлекеттік саясат ұғымы және мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат

«Саясат» ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағына. 
 Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді:    Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты. 
Еуропалық қоғамдастықтың дамуы мен саяси ойларының отаны болған ежелгі гректерде саясат мемлекет пен қоғам істерін басқаруды білдірді. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әр түрлі дәреже мен кәсіптер), өзара әрекет алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың сақталу кажеттілігі мемлекет пен саясатты, мемлекет пен қоғам істерін басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды басқару ретінде анықталынады. Осыған байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгігректік полистің (қала-мемлекеттер) саяси өмірінің және осы полистің азаматтары — ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы саяси іс-әрекеттерінің, барлық негізгі аспектілері қарастырылған. 
 Екіншіден, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және мемлекеттік кұрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді. Сондықтан, азаматтардың  мемлекеттің қалыптасуы мен қызмет атқару процесінде осы билікті өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатында қолдануы саясаттың, саяси іс-әрекеттің ядросы болып табылады. Демек саясаттың ықпалды, белсенді бастапқы элементі — саясатта тек өз мүддесін ғана емес, сонымен қатар өзінің жасампаздық потенциалы мен еркін жүзеге асырушы субъекті. Саясатта өз қажеттіліктері мен мүдделері бар нақты өмір сүріп отырған адамдар өздерінің іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Яғни, саясаттың белгілі бір субъектілігін айтуға болады, өйткені ол адам әрекетінің нәтижесі. Саясаттың күрделілігі мен қайшылығы — оның ашықтығы мен екіжүзділігі, моральдығы мен биморальдығы, адамгершілігі мен қатыгездігі, күші, мақсаттылығы мен әлсіздігі, шарасыздығы — осынау сипаттардың бәрі саясат субъектісі ретіндегі адамға тән және барлық адамдар қоғамдастығының әлеуметтік-мәдени даму деңгейін көрсетеді. 
 Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекет  пен саяси катынастардың баска да субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әр түрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық үйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған барлық құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан, олар да саяси шынайылықтың, саясаттың элементтері болып табылады. 
 Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тарапынан биліктің саясаты мен іс-әрекетіне өзгерістер енгізу мақсатында оған қысым жасау өнерін және қажетті жағдайда билікті алмастыруды білдіреді. 
 Шынайы саяси тәжірибе айлакерлік, ептілік, өз мақсатын жасыра білу, моральдық релятивизм, өз әрекетін қажетінше ақтай алу секілді белгілі бір моральдық аспектілерді де қамтиды және түптеп келгенде осының бәрі "саясат" ұғымына енеді. Саясаттың бұл аспектілері адамдар санасында "Саясат лас тірлік" деген формуладан көрініс табады. 
 Қорыта айтқанда, саясат адамдардың мінез — құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік — саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс-әрекетін де қамтиды. 
 Саясат субъектілері болып мыналар табылады: 
1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы оның әрекетіне дербестік береді. 
2.Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне айналады. 
3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың мәнді аспектісі. 
4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады. 
 Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да саясат — көп түрлі субъектілер әлемі. 
 Саясаттың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, М. Вебер былай деп жазады: "...саясат ұғымы кең мағыналы және дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды". Бұл фразадағы "...дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды" деген соңғы сөйлемге аса назар аударар болсақ, М. Вебердің пікірі бойынша саясаттың мәні дербес басшылық, дербес басқару дегенге саяды. Осы «дербестік» саясат субъектісіне тән ерекшелік, себебі субъект өз саясатын өзі жасақтайды және оны жүзеге асыру мақсатында басшылық жасайды. 
 Саясаттың өзіне тән басты ерекшелігі — оның субъектілігі және оның субъектіге тәуелділігі мен онымен анықталынуы. Субъектілік — саясаттың шынайы факторы. Ол саяси процестер мен жағдайларға көпварианттылық, субъективті өзіндік сипат береді, олардың субъектінің жасампаздық әлеуетіне, оған тән ерік-жігерлік қасиетке, әлеуметтік белсенділігіне және әлеуметтік жауапкершілік дәрежесіне тәуелділігін сипаттайды. Сондықтан, субъектілік әлеуметтік оқиғалардың, әлеуметтік уақыттың тарихи аралығының, жеке әрекеттердің, өмірлік мағынаға ие шешімдердің, олардың қорытындыларын, нәтижелерін және т.б белгілеуде қолданылады. 
Саясаттың маңызды екінші компоненті адамзаттың саяси тәжірибесі болып табылады. Өркениеттің дамуымен саяси сахна едәуір кеңейіп, саяси тенденциялар көп бейнелі болып, рөлдер күрделене бастады. Осының нәтижесінде адамзат аса мол саяси тәжірибе жинақтады. Осы тәжірибе өзінің барлық құрылымдық элементтерімен бірге адамзаттың саяси мәдениетінде, ұрпақтан-ұрпақка мұраға беріліп отыратын, бір елден екінші елге таралатын саяси партиялар, идеяларда, акцияларда, әрекеттерде жинақталып қорытылған және көрініс тапқан. Саяси тәжірибенің кристаллизациялануы саясаттың барлық негізгі компоненттерінің пайда болуына және дамуына алып келді. 
Біз жоғарыда саясаттың басты, әрекетшіл компоненті оны жасаушы субъектінің мәнін қарастырдық. Дегенмен, субъект оған интериориязациялау (лат. interior — ішкі), яғни адамзаттың тарихи қалыптасқан саяси тәжірибесі, оны игеру, оның элементтерін қазіргі ұрпақтардың, казіргі әлеуметтік топтардың саяси тәжірибелерінің мәселелеріне сәйкес жаңашаландыру, тәжірибені олардың саяси іс-әрекетіне қажетті психикалық қабылдау, саяси приоритет, дағды элементіне айналдыру негізінде ғана айналады. Саяси тәжірибені игеру мен пайдаланудың негізгі мәселесі — оның уақыт пен кеңістіктегі субъектіден субъектіге берілуі. Саяси идеяларды, теорияларды, көзқарастарды, принциптерді құратын, тәжірибені сөздер, ұғымдар мен терминдер көмегімен адамзат санасына сіңіретін саяси ой саяси тәжірибенің трансляциялық формасы. Саяси идеялар саяси ойдың орталық элементтері болып табылады. 
 Саяси идея — шоғырланған (концентрацияланған) саяси ой. Ол, сонымен қатар практикада базалық саяси элемент ретінде іске асуыменде мәнді. Идея ұғымнан жоғары, өйткені идеяда ұғым нақтылықпен бірлікте көрініс табады деп Гегель жайдан-жай айтпаса керек. Міне, осы саяси нақтылықпен байланыс саяси идеяны саяси тәжірибенің шығармашылық элементі ететіндіктен саяси ойды саясаттың шығармашылық элементі деп есептеуге болады. Саяси идеяның саясат субъектілерінің өте кажетті мүдделерімен байланысы, сондай-ақ осы процесте идеяларды саяси іске асыру және реттеу процесі саяси идеяға күш, өміршеңдік, динамика береді. 
Саяси идеяларды жүйелі түрде жасақтау саяси практиканың концептуалды негізін анықтауға мүмкіндік беретін, стратегиялық мақсатын анықтайтын, стратегияның тактикасын түйістіретін, бағындыратын саяси теориялар есебінен жүргізіледі. Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат субъектілері ретіндегі адамдар санасын жандандырады және жеткілікті деңгейде олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпал етуші саяси көзқарастарының мәнді компоненттері ретінде көрінеді. Карл Маркс айтқандай: "...теория бұқараны билеп ала салысымен-ақ, материалдық күшке айналады". 
 Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат құрылымы мен саяси практиканың рационалды аспектілері болып саналады. Бұл рационалды аспект ғылыми білімдер жүйесі түрінде танылып көрінуі мүмкін. Осы білімдер негізінде бүкіл саясатты, оның барлық құрылымдық элементтерін, саясат субъектілерінің саяси мәдениетін көтеруде, олардың саяси жүріс-тұрысына саналы түрде ықпал етуде, қызмет атқарып отырған саяси мәдениетті демократияландыруда, демократияны кең көлемде институциаландыруды іске асыруда, институттардың, формалардың, жүріс- тұрыс акцияларының идеалды моделдерін анықтауда ұтымды пайдалануға болады және оларды саяси сфераға енгізу негізінде саясатты және оның құрылымдық элементтерін жетілдіре түсуге болады. 
 Алайда, саясаттың, саяси практиканың "ахилл өкшесі" тәрізді осал тұстары да бар. Ол субъектілік. Бұл субъектілік ешқандай рационалды өлшемге сыймайды, ол саясат пен саяси практикаға субъектілік даралық пен ситуативтілік беретін қайталанбас сәтке ие. Сондықтан саясат өнер деп те есептелінеді. Өйткені саясат — жасампаздық сферасы, онда тек білім ғана емес, сонымен бірге қиял, субъектінің интуициясы, оның өз бетінше шешім қабылдай алу қабілеті, еркі, субъектінің батылдығы, төтенше жағдайларға кіре білу ептілігі және одан шыға білу қабілеті іске асады. Міне, осының бәрі саяси іс-әрекетті шығармашылық процеске, өнерге айналдырады. 
 Саясаттың құрылымдық элементтеріне бүкіл мемлекеттік аппарат пен оның ұйымдарының формалары, әрекет ету әдістері мен оған пайдаланатын күш-құралдар кіреді. Аппарат басқару ісін кәсіби тұрғыда жүргізуі қажет. Баскару аппаратының маңызды мәселелері — басқару объектісін, оның жағдайын, даму тенденцияларын білу. Бұл билік шешімдерін жоғары басқарушылық нәтижесіне жеткізу үшін кажет.

Мемлекеттік саясаттың  басты ұстанымы - мемлекеттік құндылықтар  негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (Мемлекеттік байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы бәрiне бiрдей жауаптылық болмайынша ел ішінде дұрыс түсiнiстiк болмайды.

Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей ортақ территория, бір ғана азаматтық, жалпыға бірдей жоғары билік, жалпыға бірдей құқық  жүйесі мен жалпыға бірдей бір ғана мемлекеттік тіл негізінде дамитын болады.

Қазақ халқы  қашанда қазақ жерінде өмір сүріп  жатқан орыс, украин, өзбек, қырғыз, түрікмен, неміс, әзірбайжан, ұйғыр, татар, тәжік, қарақалпақ, шешен және басқа да этностық топтардың тіліне, дініне, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрметпен және төзімділікпен қараған. Бүгінгі күні де өз елінде басым көпшілікке айналған қазақ ұлты елдегі этносаралық және дінаралық бірлікті сақтауды өзінің басты міндеті санайды. Мемлекет пен оның негізі болып табылатын қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің қамтамасыз етілуінің кепілі болып табылады. Қазақ жерінде тұрып жатқан этностық топтар мемлекеттің және біртұтас азаматтық қауымдастықтың бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттің басты міндеті азаматтарға мемлекеттік тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре отырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуына қажеттілік тудыру.

Осы ұстанымдарды іске асыру мақсатында алдағы жылдары  мемлекет:

  1. мемлекеттік саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және білім беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешенді түрде жүзеге асыруды;
  2. нәсіліне, этникалық тобына, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етуді;
  3. мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіруге, біртұтас мемлекет пен қоғамды жікке бөлуге, этносаралық және діни алауыздықты, өшпенділік пен араздықты өршітуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл қоюды;
  4. мемлекет пен қоғамның ақпараттық тәуелсіздігіне қол жеткізуді, еліміздің өзіндік ақпараттық-мәдени кеңістігін құруды, өзге елдердің еліміздегі қоғамдық пікірді қалыптастыруына жол бермеуді;
  5. еліміздің басқа да түрік мемлекеттерімен бірдей болашақта латын әліпбиіне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргізіп, осыған қажетті дайындықтарды жасауды;
  6. этностық немесе діни ерекшеліктерге негізделген саяси партиялардың ел тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және діни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды;
  7. Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз әрi заңсыз өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi құжаттарды қабылдауды;
  8. Қазақстан Республикасы шет мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, қазақ тілін, мәдениетін, мемлекеттік дәстүрлерін сақтау мен дамытудағы істеріне қолдау көрсетуді қолға алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттік мемлекетті сақтау және нығайту.

  1. Осы мақсатта: барша азаматтарды қазақ ұлтының маңына топтастыру, тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің баянды болуын қамтамасыз ету;
  2. қазақ ұлтының тарихи жадын, тілін, ділін сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзіндік мемлекеттік-мәдени ерекшелігін қалыптастыру және әлемге паш ету;
  3. елімізде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тілі мен мәдениетінің дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, оған деген сенімін арттыру қажет.

Бұл үшін мемлекет пен қоғам өздерінің ерік-жігерін  төмендегі негізгі міндеттерді атқару үшін жұмылдыруы керек:

  1. Қазақстан Республикасы қоғамының негізгі мемлекеттік құндылықтарын қалыптастыру және дамыту;
  2. қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізіп, оны барша Қазақстан азаматтарын біріктіретін факторға айналдыру;
  3. этносаралық және дінаралық саладағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді және пәрменді қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру.

Саяси - құқықтық салада:

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік, дербес, құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен ел ретінде саяси және құқықтық салаларда өзінің мемлекеттік саясатының мынадай негізгі бағыттарын жүзеге асырады:
  2. еліміздің барлық азаматтары мойындаған, негізінде өздерінің ортақ қазақ мемлекеттігіне қатыстылығын терең сезінетін мемлекеттік құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
  3. ел азаматтарының тарихи жадын және мемлекеттік, мемлекетшілдік санасын қалыптастыру үшін «тарихи ақтаңдақтарға», әсіресе Ресей отарлауы, 1920-1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргіндер мен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін зорлап депортациялау, ұлт-азаттық қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне саяси және заңдық баға беру, ортақ тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы мемлекеттік мұражайлар мен ескерткіштер ашу;
  4. Қазақстанда мемлекеттік құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан, рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрменділікпен жүргізу;
  5. мемлекетіміздің негізін қалаған, ұлтымыздың тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен  тарихи тұлғалардың аттарын мәңгілік қалдыру бағытында мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткіштер мен атауларды өзгерту;
  6. мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлт бірлігін қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен бүкілхалықтық күрес жүргізу;
  7. елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет басшысына тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру;
  8. елдегі этносаралық қатынастарды реттейтін заңнамаларды осы тұжырымдамаға сәйкестендіру;
  9. елді мекендер мен жердің тарихи атауларын қайтару жұмысының тиянақты жүргізілуі үшін ономастика салаларында кешенді республикалық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, оны мемлекеттің мемлекеттік мүддесі тұрғысынан республикалық деңгейде шешу;
  10. қоғамдағы демократиялық <span class="dash041e_0431_0

Информация о работе Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат