Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 21:57, курсовая работа

Краткое описание

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат». Бұл - біздің қазіргі уақыттағы нарықтық экономика жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстанда жаңа мемлекеттің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау жұмыстары атқарылуда.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі................................................................................5
Мемлекеттік қызмет ұғымы және түрлері.................................................5
Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі...............................................28
2. Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..........................................38
2.1 Мемлекеттік саясат ұғымы және мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..............................................................................................38
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясаттың жаңа модулі......................................................................................62
Қорытынды..........................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................82

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат111.doc

— 513.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілер үшін  санаттар мен біліктілік  кластары белгіленген. Лауазымдық санаттарды  және әкімшілік  лауазымдарды  санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті  органның ұсынысы бойынша  ҚР Президенті бекітеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін 8 санат және 16 біліктілік кластары белгіленген.

Жоғарғы санатқа мына лауазымдар жатады:  Премьер - министр, Мемлекеттік хатшысы, Президенттің әкімшілігінің жетекшісі; Премьер - министрдің орынбасарлары;

Бірінші санатқа мына лауазымдар  жатады: Үкімет  аппаратының жетекшісі;   ҚР Президентіне  тікелей  бағынышты және есеп беретін  мемлекеттік органның  жетекшісі;  министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары, облыс әкімдері, республикалық маңызы бар қалалардың  және астананың әкімдерінің орынбасарлары; Орталық сайлау комиссияның  төрағысы;  Президент әкімшілігі мен Үкімет аппаратының  жетекшілерінің орынбасарлары;  ҚР Президентінің көмекшілері мен кеңесшілері;  Президент өкілдері; Парламент Палаталарының аппаратының жетекшілері;  Президенттің Әкімшілігінің  құрылымдық бөлімдерінің  жетекшілері;  үкіметтің құрамына кірмейтін  орталық атқару органдарының  жетекшілері;

Екінші  санатқа  мына лауазымдар жатады:  ҚР Президентіне  тікелей  бағынышты және есеп беретін  мемлекеттік органның  жетекшісінің орынбасарлары; министрлердің орынбасарлары, мемлекеттік комитеттердің төрағаларының орынбасарлары, облыс әкімдері, республикалық маңызы бар қалалардың  және астананың әкімдерінің орынбасарлары; Орталық сайлау комиссияның  төрағысының орынбасары, хатшысы және мүшелері;  Парламент Палаталарының аппаратының жетекшілерінің орынбасарлары;  Президенттің Әкімшілігінің  құрылымдық бөлімдерінің  жетекшілерінің орынбасарлары және  мемлекеттік инспекторлар; Үкімет өкілдері; Парламент Палаталары мен  Үкімет аппаратының құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері; Парламент Сенатының Төрағасы мен Мәжілісінің Төрағасының  көмекшілері мен кеңесшілері;  үкіметтің құрамына кірмейтін  орталық атқару органдарының  жетекшілерінің орынбасарлары; аудан және  облысқа бағынушы  қалалардың  әкімдері;

Үшінші  санатқа мыналар жатады: департаменттердің, агеттіктердің,  комитеттердің  жетекшілері; басқарма  басшылары; ҚР Президентіне  тікелей  бағынышты және есеп беретін  мемлекеттік органның  бірінші  жетекшілері, министрлер және  мемлекеттік комитет төрағалары, сонымен қатар Үкіметтің құрамына кірмейтін  өзге де орталық атқару органдарының  бірінші жетекшілері және Парламент Палаталарының  көмекшілері мен  кеңесшілері;

Төртінші  санатқа мыналар жатады: департаменттердің, агеттіктердің,  комитеттердің  жетекшілері; басқарма  басшыларының орынбасарлары; ҚР Президентіне  тікелей  бағынышты және есеп беретін  мемлекеттік органның  бірінші  жетекшілерінің, министрлердің және  мемлекеттік комитет төрағаларының, сонымен қатар Үкіметтің құрамына кірмейтін  өзге де орталық атқару органдарының  бөлім басшыларының орынбасарлары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының жергілікті атқару органдарының  басқарамаларының,  қызметтіктерінің  бөлім басшылары;

Бесінші санатқа мыналар жатқызылады: облысқа қарайтын аудандар мен қалалардың әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін  мемлекеттік органдардың бас және жетекші мамандары; министрліктердің,  мемлекеттік комитеттердің, сонымен қатар ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін өзге де орталық атқару органдарының бас жетекші мамандары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқару органдарының басқармаларының, бөлімдерінің, қызметтіктерінің басты жетекші мамандары; маслихат аппараттарының, облыстардың,  республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының  жергілікті атқару органдарының бас және жетекші мамандары;

Алтыншы санатқа мыналар жатқызылады:аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандық жергілікті атқару органдарының қызметкерлері, басқармалардың, бөлімдердің жетекшілері, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың  маслихаттарының  аппараттарының құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері; республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқару органдарының қызметкерлері, басқармаларының, бөлімдерінің, жергілікті атқару органдарының ауылдық, поселкалық, аудандық бағынышты қалалардың, облыстардың, републикалық маңызы бар қалалар мен астананың маслихаттардың аппараттарының мамандары;

Жетінші санатқа мыналар жатқызылады: аудандық, облысқа бағынышты қалалардың, қалалық аудандық жергілікті атқару органдарының, ауылдық, поселкалық, ауданға қарасты қалалық жергілікті атқару органдарының, олардың бөлімдерінің, аудандық, облыстық маңызы барқалалардың маслихат аппараттарының мамандары.

Мемлекеттік қызметкерлерге кәсіби даярлығына және олардың лауазымына біліктілік талаптарына байланысты кластар беріледі.

Жоғарғы, бірінші  және екінші санаттардағы мемлекеттік  қызметкерлерге біліктілік кластары лауазымына, кәсіби біліктілік деңгейіне және жұмыс  нәтижесіне байланысты беріледі. 3-7 санаттардағы мемлекеттік қызметкерлерге кезекті біліктілік кластары аттестация нәтижесі бойынша беріледі.

Мемлекеттік  қызметшілердің  әкімшілік – құқықтық  мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің  құқықтарының, міндеттерінің және  шектеулердің  жиынтығы.

"ҚР мемлекеттік  қызметі туралы" заңының 8 бабына  сәйкес мемлекеттік қызметкер  мынаған құқылы:

1) ҚР Конституциясында  және өзге де заңдарымен белгіленген  құқықтар мен бостандықтарды  пайдалануға;

2) өз өкілеттілігі  шегінде  мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауларын талап етуге;

3) белгіленген  тәртіпте  лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық  міндеттерді атқару үшін белгіленген  тәртіппен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттік  қызметшінің атқаратын лауазымына  сәйкес қызметтік өкілеттілік  міндеттері мен көлемін дәл  белгілеуді талап етуге;

6)  жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

7) өзі атқаратын  лауазымға  жұмыс сапасына, тәжірибесіне және  заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

8) тиісті бюджет  қаражаты есебінен қайта даярлануға  және біліктілігін арттыруға;

9) өзінің мемлекеттік  қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болғанда жеке түсініктеме беруге;

10) қызметі бойынша  жоғарылауға;

11) қызметшінің  пікірінше негізсіз айып тағылғанда  қызметтік тексеру жүргізілуін  талап етуге;

12) еңбегінің  қорғалуына, денсаулығынң сақталуына, қауіпсіз және жоғарғы өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

13) әлеуметтік  және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттік  қызметтен өз қалауы бойынша  босатылуға;

15) зейнетақымен  және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

16) жоғарғы мемлекеттік  органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру  бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметшінің  мынадай  негізгі міндеттері болады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

2) ҚР Президенті  бекіткен тәртіпте ант беруге;

3) азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды  мүдделерінің  сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар  қолдануға;

4) өзіне берілген  құқықтар шегінде және қызмет  міндеттеріне сәйкес өкілеттілігін  жүзеге асыруға;

5) мемлекеттік  және еңбек тәртібін сақтауға;

6) өзіне заңда  белгіленген шектеулерді қабылдауға;

7) басшылардың  бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарғы  органдар мен лауазымды адамдардың  өз өкілеттіліктері шегінде  шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

8) мемлекеттік  құпияларды және заңмен қорғалатын  өзге де құпияны сақтауға, соның  ішінде мемлекетті қызметті тоқтатқаннан кейін де  заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде  қолхат бере отырып сақтауға;

9) қызметтік  әдеп нормаларын сақтауға;

10) қызметтік  міндеттерін атқару кезінде алған,  азаматтардың жеке өмірін, ар - намысын және қадір -қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда,  мұндай ақпарат беруді  талап етпеуге;

11) мемлекеттік  меншіктің  сақталуын қамтамасыз етуге;

12) мемлекеттік қызметкердің  жеке мүдделері оның өкілеттілігінен  түйісетін немесе қайшы  келетін жағдайларда оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;

13) қызметтік  міндеттерін тиімді атқару үшін  өзінің кәсіби деңгейі мен  біліктілігін арттыруға міндетті.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты қойылатын шектеулер:

1) өкілді органдардың  депутаты және жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының мүшесі  болуға;

2) педагогтік, ғылыми  және өзге де шығармашылық  қызметті қоспағанда, басқа да  ақылы қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік  қызметпен айналысуға, соның ішінде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу ҚР заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) үшінші тұлғалардың  істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауыдағы мемлекеттік органдарда өкіл болуға;

5) өзінің қызметтік  іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз  ету құралдарын, басқа да мемлекеттік  мүлік пен қызметтік ақпаратты  қызметтік емес мақсатта пайдалануға;

6) ереуілдерді  қоса алғанда, мемлекеттік органдардың  қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі  келтіретін әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық  өкілеттілігін орындауға байланысты  азаматтар  мен заңды тұлғалар  көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.   

 Мемлекеттік  қызметкер белгіленген тәртіпке  және заңдарға сәйкес, қызметке  кіргеннен кейін бір ай ішінде  мемлекеттік қызметті өткеру  уақытына өзінің меншігіндегі  коммерциялық  ұйымдардың  жарғылық капиталындағы  үлесті және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүлікті жалға берген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті. Осы мүліктен, соның сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.      

 Мемлекеттік  қызметкер өзінің жақын туыстары  (ата - анасы, жұбайы, аға - інісі, апа -сіңілісі, балалары) немесе жекжаттары атқаратын қызметке тікелей бағынысты  лауазым атқаруына болмайды.

Мемлекеттік қызметті өткеру - бұл лауазымдық өкілеттіліктерін практикада жүзеге асыруда көрінетін, қызметкердің күнделікті  жұмысы және қызмет ету барысында  қызметкердің құқықтық мәртебесіндегі  өзгерістер.

Қызметкер лауазымға  кірген сәттен бастап  мемлекет белгілеген және кепіл болатын нақты құқықтар мен міндеттерді тасушы болып табылады. Құқықтар мен міндеттер қызметкер істейтін  органның міндеттерінен, функцияларынан және құзырлығынан туындайды.  

Мемлекеттік қызметті өткеру  элементтері:

1) мемлекеттік қызметке  кіру;

2) сынақ мерзімін белгілеу;

3) мемлекеттік қызметшілерді  аттестациялау;

4) қызметті ауыстыру;

5) қызметті атқару  кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;

6) мемлекеттік қызметшінің  жауаптылығы;

7) мемлекеттік қызметтің  тоқтатылуы.

«Жасақтау» ұғымы  мемлекеттік қызметкерлердің кадрларын  дайындауды, іріктеуді  және орналастыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызмет болғандықтан, онда орналасатын  азаматтар кәсіби даярланған болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің  білім деңгейі,  біліктілігі  мемлекеттік басқару аппаратындағы  нақты лауазымдардың талабына жауап беруі  тиіс.

Кадрларды дайындау - бұл  жауапты басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу үшін  арнайы оқыту,  біліктілік  деңгейін көтеру, кадралрдың резервін қалыптастыру.

Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту арнайы оқу орындарында,сондай-ақ  тікелей  мемлекеттік қызметкер істеп жүрген  мемлекеттік органның шегінде де өтуі мүмкін. 

Резервті қалыптастыру  кадрларды жаңарту процесінде  сабақтастықты, жалғастырушылықты, орын басушылықты қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады. Резервпен жұмыс  қызметтік перспектива қағидасына  сай келуі тиіс.

Іріктеу, ереже бойынша, басқару органдарын жаңа қызметкерлермен  толтыру. Мемлекеттік  қызметке кадраларды іріктеу  кезінде басшылыққа алынатын, практикада қалыптасқан және нормативті  бекітілген нақты талаптар болады.

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде мынадай талаптар қойылады:

1) ҚР азаматы болуы  қажет;

2) егер ҚР  заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше белгіленбесе, 18 жастан кем болмауға;

3) қажетті білімі, кәсіби  даярлығы және белгіленген біліктілік  талаптарына сәйкес болуы тиіс;

Информация о работе Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат