Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 21:57, курсовая работа

Краткое описание

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат». Бұл - біздің қазіргі уақыттағы нарықтық экономика жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстанда жаңа мемлекеттің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау жұмыстары атқарылуда.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі................................................................................5
Мемлекеттік қызмет ұғымы және түрлері.................................................5
Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі...............................................28
2. Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..........................................38
2.1 Мемлекеттік саясат ұғымы және мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат..............................................................................................38
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясаттың жаңа модулі......................................................................................62
Қорытынды..........................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................82

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат111.doc

— 513.50 Кб (Скачать файл)

4) мемлекеттік қызметке  кірген кезде салық қызметі  органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті;

5) арнайы тексеруден  өтуі тиіс;

Мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

Кадрлармен жұмыс істеудің бір түрі болып - оларды орналастыру.  Орналастыру  - бұл әркімге оның мамандығына және біліктілігіне, жеке бас ерекшеліктеріне және ұжымдық мүдделеріне сәйкес, өз уақытында  адамдарды анағұрлым білікті немесе жауапты лауазымға пайдалану үшін қалыптасқан мүмкіндіктерін ескере отырып орын беру.

Мемлекеттік органдарда  лауазымға орналасудың  төрт ұйымдық - құқықтық тәсілі жалпыға мәлім:

1) қабылдау;

2) тағайындау;

3) сайлау;

4) конкурс.   

 Осылардың әрқайсысы  еңбек шартын  жасасумен байланыстырылатын  әкімшілік актіні шығарумен  аяқталатын өзіндік процедураны білдіреді.

Қабылдау - мемлекеттік қызметке  тұлғаны алған кезде  жинақтайтын тәсілдердің  бірі. Мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі қызметке қабылдау тәртібінде  алынады.

Тағайындау - бұл мемлекеттік органдардың жеке құрамын  жинақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі. Тағайындау тәртібінде мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімдерінің  жетекшілерінің,  олардың орынбасарлары және басқа да лауазымды тұлғалар лауазымға алынады. Тағайындау  бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асырылады: тиісті орган немесе лауазымды  тұлға  дербес түрде  (ҚР Президентінің  ҚР Мемлекеттік хатшысын тағайындауы); ұсыну бойынша  (Президенттің ұсынысы бойынша Сенат - Жоғарғы Соттың Төрағасын, ҚР  Жоғарғы Сотының коллегиялар төрағасын және судьяларын); келісім беру бойынша (Парламенттің келісімі бойынша  Президент Премьер-Министрді тағайындайды).

Сайлау  - мемлекеттің, тұрғындардың белгілі бір саны бойынша немесе қандайда болмасын органның  тапсырмасы бойынша құзырлықты жүзеге асыруға нақты бір тұлғаларды уәкілетті ету. ҚР заңнамасы бойынша Президент,  барлық деңгейдегі депутаттар сайлануға  жатады. Сайланушылық өзінің артынан көп құқықтық салдарларға әкеледі: саланған тұлғаны бақылау құқығы;  оның есебін тыңдау, жұмысын бағалау.  Сайлаудың өзіне тән процедурасы болады: талқылау, дауыс беру, дауыстарды санау және т.б. Сайлау белгілі бір уақытқа ғана есептеледі, осы мерзім өткеннен кейін  осы лауазымға қайтадан сайлау жүргізіледі.

Конкурс - лауазымға орналасудың дербес, ерекше тәсілі. Сайлауға ұқсас болып келеді. Конкурстың мәні - барлық қатысушылар үшін тең жағдайда жарысу тәртібінде  бос лауазымға орналасу.  Конкурс  үшінші санаттан жетінші санатқа  дейінгі  лауазымдарға орналасуға  мүмкіндік береді.  Ол құжаттардың  конкурсы түрінде жүргізіледі.  Арнайы құрылған  конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды  білімі туралы,  мемлекеттік қызметті өткеру немесе өзге де қызметтерді атқару туралы құжаттардың, сонымен қатар  тестілеу  нәтижелерінің, ұсыныстардың негізінде бағалайды. Конкурстық комиссияның  шешімі  азаматпен контракт жасасу үшін немесе осындай контракт жасасудан бас тарту негізі болып табылады.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымына жинақтаудың қандайда болмасын  тәсілін таңдау  қызмет түріне, қызметкердің санатына, сондай-ақ нақты лауазымдық өкілеттіліктерге байланысты болады.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке  кіруі  тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында  белгіленген  басқа да  реттерде, тәртіп пен жағдайларда  жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әкімшілік  лауазымға алғаш рет қабылданған  немесе жоғарғы санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданған азамат үшін 3 айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін. Егер сынақ мерзімі өтіп, мемлекеттік  әкімшілік қызметкер мемлекеттік  қызметті жалғастыра берсе, ол снақтан өткен болып саналады  және сынақ мерзімі  мемлекеттік қызмет стажына есептеледі ("ҚР Мемлекеттік қызмет туралы" заңының 15 бабы).

Мемлекеттік әкімшілік  қызметкерлер олардың кәсіби даярлығы, құқықтық мәдениеті, азаматтармен жұмыс  істеу қабілеттілігі деңгейін анықтау  үшін кемінде 3 жылда 1 рет  аттестациядан өтеді.  Оны жүргізу тәртібі мен талаптарын уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді. Аттестациядан жоғарғы,  1 және 2 санаттағы  мемлекеттік лауазымдағы  мемлекеттік қызметкерлер өтпейді.

Жұмысында жетістіктерге  жеткені үшін, бастамашылдығы үшін, өзінің кәсіби деңгейін үгемі көтеретін  мемлекеттік қызметкерді қызмет бабы бойынша  ктермелеу жоғарғы лауазымға ауыстыру немесе одан да жоғары  біліктілік  класын беру арқылы жүзеге асырылады;

Жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен қатар күні бұрын болжанбаған жұмыс күні үшін  өтем ақы  төлеу кепілі мен тәртібі және мемлекеттік қызметкерді  демалыс  және мереке  күндері  қызметке келуге  міндеттеу ҚР  еңбек заңнамасына сәйкес  белгіленеді.

Мемлекеттік қызметте болудың шекті жас мөлшері 60  жас белгіленген. Кәсіби біліктілік деңгейі жоғары және денсаулық  жағдайы сай тұлғалардың  мемлекеттік қызметте болу  мерзімі  ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзім 5 жылдан аспауы тиіс.

Мемлекеттік қызметкердің еңбегіне төленетін ақы қызметтік  міндеттерін сөзсіз  және тиянақты атқаруы үшін жеткілікті  материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарды білікті және тәжірибелі  кадрлармен жасақтауға жәрдемдесуге, олардың  адал да бастамашыл еңбегін ынталандыруға тиіс.

Мемлекеттік қызметкерлердің  еңбек ақысын  төлеудің бірыңғай  жүйесін Үкімет әзірлейді және Премьер - министр ҚР Президентіне бекітуге береді; Олардың жалақысы  бюджет қаражаты есебінен не болмаса Ұлттық банк  қаржысынан төленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің  жалақысы мен оларға төленетін  басқа да төлемдер ҚР заңдарында белгіленген тәртіпте индекстелуге  тиіс.

Мемлекеттік қызметкерге  сауықтыру үшін 2 лауазымдық айлық  ақысы мөлшерінде  жәрдемақы  төленіп, ұзақтығы отыз күнтізбелік күнге ақы төленетін жыл сайынғы  демалыс беріледі.   

 Өткізілген аттестация  мемлекеттік қызметкерді  ынталандыру  негізі болып табылуы мүмкін.  Оны  3 топқа бөлуге болады:

1) моральдық (алғыстар, ҚР мемлекеттік наградалары, кезекті біліктілік класын  мерзімінен бұрын беру);

2) материалдық (ақшалай  сыйақылар, құнды сыйлықтар);

3) ұйымдық (қызмет бабы  бойынша көтермелеу).

Мемлекеттік қызметкердің жауаптылығы (ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" заңының 28 бабы). Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек  тәртібін бұзғаны үшін, сондай ақ  осы Заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді  сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметкерге  мынадай тәртіптік жазалар қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке сәйкес  еместігі  туралы ескерту;

5) атқаратын қызметінен  босату:

Мемлекеттік қызметкерлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда ҚР заңдарында  белгіленген тәртіпте тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылыққа тартылады.

Мемлекеттік қызметкердің  мемлекеттік қызметі  тоқтатылады.

Мемлекеттік саяси қызметкердің  отставкаға шығуы және қызметтен бостылуы:

1) оның жазбаша  арызы негізінде жүзеге асырылады;

2) оның отставкасын  қабылдау  немесе одан бас тартылу  туралы шешім  жазбаша арыз берілген күннен бастап  1 ай мерзімде  қабылданады. Саяси қызметші отставкадан бас тартылған  жағдайда  қызметтік  өкілеттілігін атқаруды  жалғастыруы тиіс және ҚР заңдарында көзделген тәртіппен қызметтен босауға құқығы бар. Лауазымдық  өкілеттілігін өрескел бұзу, мемлекеттік қызметте  болуға лайықсыз  қылықтар жасау мемлекеттік саяси қызметкрдің отставкаға  шығуы үшін негіз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшін негіз болады. Оларды қызметтен босату негіздері мен тәртібін ҚР Президенті белгілейді (ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңның 26 бабы).

Мемлекеттік әкімшілік  қызметкерлердің мемлекеттік қызметінің тоқтатуының негіздері:

1) өз тілегі бойынша  жұмыстан босату туралы  арыз беруі;

2) зейнеткерлік  жасқа толуы;

3) келісім - шарт мерзімінің  бітуі не болмаса ҚР заңдарында  көзделген   негіздер бойынша келісім-шарт бұзылуы;

4) өз табысы мен  мүлкі туралы көрінеу жалған  мәлімет беруі;

5) заңда белгіленген  міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;

6) меншік құқығымен  тиесілі мүлікті  сенім білдірілген басқаруға бермеуі;

7) ҚР азаматтығын жоғалтуы;

8) сыбайлас жемқорлықпен  айалысуы;

9) мемлекеттік  әкімшілік лауазымды конкурстан тыс атқаруы;

10) аттестациядан өткендегі  көрсеткен теріс нәтижелері.

Атқарушы биліктің  басты міндеті - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.  Бұл міндет  әртүрлі басқару  нысандарында  жүзеге асырылады.

Басқарудың  әкімшілік - құқықтық нысаны – бұл атқарушы органның (лауазымды тұлғасының) өз құзырлығы шегінде жүзеге асырылатын және нақты салдарлар  тудыратын, оның әрекетінің сырттай  көрсетілген   әрекеті.

Мемлекеттік  басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының мынадай түрлері болады:

1) әрекетінің  сипатына қарай:

     а) құқықтық;

б) құқықтық емес;

2) мақсаттылығына  байланысты:

а) ішкі - ішкі ұйымдастыру  мәселелерін шешуге қолданылады;

б) сыртқы - органның міндеттері мен функцияларын орындау мақсатында қолданылады;

3) көрсетілу  әдісіне қарай:

а) ауызша және жазбаша;

б) конклюдентті.

Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған  классификациясы оны құқықтық  және құқықтық емес деп бөлу.

Құқықтық нысандар нақты айқындалған құқықтық салдарларға әкеледі, ал құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық нысандарына мыналар жатады:

1) нормативті-құқықтық  актілерді дайындау және қабылдау (құқық шығармашылық деп те атауға болады);

2) жеке нормативті актілерді шығару (немесе құқық қолданушылық);

3) әкімшілік-құқықтық  шарттар жасасу;

4) әкімшілік  - іс жүргізушілік әрекеттер жасау;

5) заңды мәні  бар өзге де әрекеттерді жасау.

Нормативті-құқықтық актілерді дайындау және шығару - бұл  атқарушы билік органдарына заңнамамен ұйғарылған  және тек заңдардың  көмегімен ғана бұқаралық мүдделерді қамтамасыз ету мүмкін болмағанда әкімшілік норма шығармашылыққа мұқтажыдығымен байланыстырылған, заңдарды  орындау үшін арналған атқарушы биліктің қызметінің негізгі түрі. Тек осы құқықтық нысандарда ғана өкітемік өкілеттіліктер  айқын көрініс табады. Мысалы, Президенттің заңды күші бар жарлық немесе өкімдер шығаруы, ҚР Үкіметінің қаулылар  мен өкімдер шығаруы.

Жеке құқықтық (әкімшілік) актілерді шығару - бұл  көп жағдайда құқық қолданушылық болып табылады, яғни құқық нормасын адрестік қолдану бойынша қызмет, мысалы, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардға айыппұл санкцияларын салу;

Әкімшілік келісімшарт  жасасу - бұл тараптарының біреуіне мемлекеттік - өкімді  өкілеттіліктер берілетін  келісімшарт, мысалы, контракт жасасу.

Әкімшілік - іс жүргізшілік әрекеттерді жасау - бұл қызмет нақты заңды  істерді шешумен байланысты қызмет және іс жүргізушілік нормаларымен толықтай реттелеген. Оның мынадай негізгі белгілі бар:

1) бұл қызметте өктемдік өкілеттіліктер  жүзеге асырылады. Тиісті  қатынастарға азаматтарда, ұйымдарда қатысады, бірақ бұл қатынастарда басымдылықт бұқаралық  билік органдарына беріледі, мысалы, тіркей, пресс - конференция ұйымдастыру, дауыс беруді ұйымдастыру және т.б.

2) іс жүргізушілік  қызметтің нәтижесі  заңды істерді шешу, мысалы, заңды мәні бар құжаттарды қабылдау, азаматтылық беру, санкция қолдану және т.б.

3) іс жүргізушілік  қызмет іс жүргізушілік нормалармен  реттеледі; бұл нормаларда  процеске қатысушылар,  олардың құқықтары мен міндеттері, іс - әрекеттерді істеу тәртібі мен  мерзімдері анықталады,  құжаттарды, шағымдарды рәсімдеу ережелері, шешімді орындау анықталады.

Заңды мәні бар  өзге де іс - әрекеттерді жасау - қандайда болмасын құқықтық салдарларды  туғызатындығын білдіреді. Атқарушы органдар  (немесе олардың лауазымды тұлғалары) әртүрлі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге және басқару қатынастарының өзге де қатысушыларына нақты  іс-әрекеттерді  істеуге, белгіленген жағдайларда міндетті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға, көлік құралдарын жүргізу  құқығына, қару - жарақ алу, сақтау және пайдалану құқығына, аң немесе балық аулау құқығына және т.б.  куәлік сияқты  ресми құжаттарды беру. Осындай әрекеттердің және олардың  салдарларының заңды мәні бар екендігі сөзсіз, бірақ олар  аралық көрініс табады. Арнайы құқықтар беру  қабылданып қойған құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.

 

1.2 Мемлекттік кызметкерлердің міндеттері

Қазақстандық  мемлекеттік қызметтің маңызды  принциптерінің бірі мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады. 

Осы принципке сәйкес мемлекеттік  қызметші біріншіден, Қазақстан Республикасының  Конституциясымен кепілдік берілетін  құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға қамтамасыз етіледі, сондай-ақ еш бір кемсітушіліксіз өзге кепілдіктерге: еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, әлеуметтік және құқықтық қорғалуына құқылы.

Информация о работе Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат