Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:25, контрольная работа
Возникает необходимость более глубокого изучения методологической базы имиджеалогии, её влияния на проектирование одежды корпоративного стиля, которая должна иметь высокий уровень соответствия потребителю в лице конкретной личности и фирмы в целом. Создается новое направление в формировании ассортимента.
Под руководством автора выполнено маркетинговое исследование, по результатам которого можно сделать вывод о том, что спрос регионального потенциального потребителя в одежде делового, офисного стиля неудовлетворён. Возникает необходимость в проектировании таких изделий, которые будут удовлетворять потребителя и при этом учитывать региональные особенности: климат, менталитет, уровень экономического развития [
Қалтаның орналасу орының келесідей белгілейді: әдіпті тігіспен қарапайым рамкалы қалтаны өңдегенде қалтаның кесілу жерін – 4 сызықпен
екеуі көлденең екеуінің
арақашықтығында , дайын күйінде
екі еселенген рамкалардың
Қалтаны өңдеудегі тігімді дайындау тәртібінің техникалық шарттары сурет 4 көрсетілген, әдіптердің майысулары, сызықтары бойынша жатқызылған белгілері, алдыңғы бойға жартылай түйінді костюмды топтағы сыдырма кіргісіп тігу операциясымсен қалталарды жинау автоматты машинасында қосып тігуге болады.Екіге бір – біріне жатқызып салынған әдіптерді алдыңғы бойға инемен қадап, ұзын байы қиықтарын сәйкестендіру.Әдіптерді белгілері бойынша қосып тігу. Алдыңғы бойды тігім арасында әдіпті бұзып алмай қиғаш тігіске жеткізбей қырқу.Әдіпті қиыққа қарай қайырып үтіктеу.Кесінді арасындағы кішкентей үш бұрыштарды теріс бетіне аударып, әдіптін артқы және алдыңғы әдіптін басынан аяғына дейін қосып тігу керек.Сыдырма – түймелкіті қалта астына салу, жиегін көктеу.Алдыңғы бойдын теріс жағынан қалта қаптарын сыдырма - түймелігін ызбаларына қосып тігу, қалта қаптарын сырып тігу, қапшық қиығын торлау.
|
|
Сурет 1. Шалбар түймелігінің ызба «сыдырмасына» |
Сурет 2. Куртка рамкалы қалтасының өңделуінің өңделуінің құрылымдық схемасы құрылымдық схемасы. |
|
01- куртканың алдыңғы бойы; 02 – қалта әдібі; 03 – ызба «сыдырма»; 04 – қалтаның астыңғы қапшығы; 05 – қалтының үстінгі қапшығы. |
ӘОЖ 687.17:687.016.5
КӨШПЕНДІЛЕР СЫРТ КИІМДЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ
ЗАМАНМЕН ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ
Исабекова Л.С., Өмірбекова М.Ш., ф.ғ.к.
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы,
Е-mail: leila.22.87@mail.ru
Киімнің шығу
тарихы адам еңбегінің ерекшеліктеріне
қоғамдық жағдайы мен мәдениеттің
дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамның
материалдық және рухани құрамдас бөлігі
болып табылады. Адамдардың еңбегімен
жасалып, қажеттіліктерін
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ежелгі көшпенділер киімдерінен қалған мәдени мұра. Қола, темір, ерте темір кезеңдерінің өзінде ежелгі қоғамда өмір сүрген адамдар қазіргі заманда көрініс тапқан көптеген тон мен ішік түрлерінің құрылысы мен тігілу технологиясын жақсы меңгерген. Сырт киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап қана қоймай, адам денесіне сән беріп- эстетикалық қызмет атқарады. Қазақ халқының этнографиялық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Көшпенді қазақтар ішкі- сыртқы киімдерін жүріп- тұруға, көшіп- қонуға ыңғайлы, ауа- райының қолайсыз жағдайларын ескеріп, ықшамдап тіккен. Мұндай киімдерді киген халыққа қатты аяз немесе күннің ыстығы, қатты жел, құрғақшылық ешқандай қауіп төндірмеген. Себебі киімдер төзімді, ыңғайлы, қарапайым және әсем болған.
Көшпенділердің негізгі кәсібі аң аулау, мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан, дәстүрлі киімдерді тігуде төрт түлік малдың терілері мен жүндерінің ең асылдарынан басқа жабайы аңдардың да терілері қолданылған. Негізгі сыртқы киімдерге: шапан, күпі, тон, жақы, жарғақ, шидем, ішік, шекпен, кебенек, қырмызы, бүрме, сеңсең, қамқа, барша, оқалы, тай жақы тон, бас тон, көк тон, тағы басқаларын жатқызуға болады. Сырт киімдердің ішіндегі ең көп тараған көнеден жеткен киім түрі – тон болып саналады [2]. Ол түрлі жануарлардың, әсіресе малдың терісінен илеп тігілетін суықтан қорғап, жылылық сақтайтын сырт киім. Тонның ең әдемі, жылы, қымбат бағалысы қамқа тон. Оны бұрын хан, би, бай, мырза, ханша сияқты қоғамдағы беделді адамдар киген. Көсемдерге арналған бұл киімнің түрі құндыз, бұрғын, жанат, тағыда басқа бағалы аң терілерінің түгін сыртына қаратып, сыртын күдері және қытайдан әкелінген жібек маталарымен немесе жұқа былғарымен қапталған. Былғарының үстінен қайыс жіппен көктеп, алтын әшекей түймелермен, бастырмалармен қадап, қазіргі заманның киім сәнгерлерінен кем түспейтін өте сапалы эстетикалық талғаммен жасалған киімдер тіккен.
Сақ (скиф) кезеңдерінде
киімнің белгілі бір
Пазырақ қорғанынан табылған киімдерден ерекшелігі артқы бойында өңделген теріден фалда қондырылған. Бұл киім үлгісін ерлермен қатар, әйелдер мен балалар киген.
Қазіргі заманда киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ (скиф) дәуірінен бастау алады. Қазақтарға тән киім үлгілері орта ғасырдан бастап қалыптасып, б.з.б. VIII-Iғ.ғ. киген сақтардың (скиф) киімдерін кілем, түскиіздерден және көне ескерткіштерден көруге болады. Көсемдер мен ауқатты сақтар (скиф) киімдерін бағалы аң терісі мен жоғары сапалы маталардан көркемдеп, әшекейлеп соңғы үлгіде тіккен. Таулы Алтай обаларынан табылған киім үлгілерінен олардың әр түрлі болғанын байқауға болады. Олар алдыңғы Азиялықтардан қымбат бағалы маталар, қытайдан жібек маталар, ал үнді мұхитынан моншақтар, бисер мен бирюзаларды сатып алып отырған. Киім-кешектің тігілу жағынан сан түрлі болғанымен, оларға бейнеленген ою-өрнек мәнері сақ (скиф) тайпаларына ортақ болған.
Сібір, Орта Азиядан бастап Қара теңізге дейінгі сақтардың (скиф) киімдері өмір сүрген ортасына байланысты тігілді. Олар жыртқыш аңдар мен құндыз, тиіннің терілерінен тондар тікті. Ал, аяқ киімдерінің өкшесі мен тұмсығы былғарыдан жасалып, қонышы бұғы аң терісінен жасалған. Бұл аяқ киімдер қазірде Сібір азшылық халықтарында кездеседі. Өте жоғары мәнерде тігілген ерлердің сырт киімі Қатанды қорғанынан табылған. Салтанатты жиындар мен мейрамдарда ғана киетін шапан көркемделіп тігілген. Оның төртбұрышты элементтері құрақ әдісімен жалғанып тұтас өрнектің композициясын жасап тұр. Шапанның тысын жасыл түсті жібек матадан тігіп, қызыл былғары жолақтарын әдіптеп тіккен. Ал, жеңнің жиектерін және иық тұсына қалың былғарыдан құрақ әдісімен төртбұрышты элементтерден ою- өрнек тұтас тігілген. Шапанға үшбұрыш, доға жолақтар салынып, оның сыртынан алтынмен қапталған түймелерді тізбектеп қадаған. Шапанға тігілген геометриялық элементтер бір тұтас өрнек композициясын жасап, ерекше сән береді. Ал, II Пазырақ қорғанынан табылған бешпенттің іші құндыздан тігіліп, сырты жұқа былғарымен қапталған. Былғарының үстінен қайыс жіппен тігіп, көктеген. Шапанның сыртына бастырма тәсілімен былғарыдан ойылған бұғының басы салынған. Сондай-ақ, Батыс Европада сәнге айналған әйелдердің мантосы сақ (скиф) әйелдері б.з.б. киген. V Пазырақ қорғанынан табылған қолына оюланған ағаш ұстаған "құдай әйелдің" көйлегі, бас киімі сол сияқты құдайға сыйынған екі әйелдің үстіндегі сәнді көйлектер мен обада табылған манто, өрнектелген шұлықтар ежелгі сақ (скиф) мәнері екеніне көз жеткізуге болады [3].
Манто үш бөліктен құралып
тігілген. Әр бөлігінің тігістерінің
үстінен жіңішке былғары
Сақ (скиф) шеберлері сырт киімдерін ғана емес, шұлық, аяқ киімдеріне дейін көркемдеп тіккен. Кестелеу, ою- өрнек салу мәнерінде эстетикалық жағынан жоғары сапалы заттар жасау шеберлердің біліктілігін көрсетеді. Аңның қымбат терісінен тігілген ішіктерді алтыннан жасалған түймелермен сәндеген. Алтын түймелер қадалған тондар ұзаққа шыдап, тез тозбайды және өте сәнді көрінеді. Ішіктің сыртын жібек матамен тыстап, оның етегін құндыз, тиіннің терілерімен әдіптеп тіккен. Мұндай үлгідегі тонның үстін жөргемдеп тігіп (үстінен алып тігу) тастайды. Шапанның сыртқы матасы аң терілерінің отырып, созылып кетпеуі үшін жөргемдеу тігісі (үстінен алып тігу) бір қалыпты ұстайды. Осы киімдерге ерекше сән беру үшін алтын әшекейлер мен түймелер, сондай-ақ боялған былғарыдан стилизацияланған ою-өрнектер салынған.
Қазақ әйелдері киімдерді тігіп қана қоймай, оған лайық әшекейлерін де өздері жасаған. Кесте тігу, жиек жүргізу, оюлау, шілтір шалу, зерлеу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмыстарды әйелдер атқарған. Осыдан, кестелеу, ою кәсібін білікті меңгергендерін байқауға болады. Оның нұсқасы сақтардан (скиф) Европаға ауысқан деп айтуға болады.
Европада XVIII-XIX ғ.ғ. сырт киімдерде үлбірді ішіне қаратып, сырты матамен тысталып тігілген көшпенділерге тән киімдер кең тараса, XX ғ.ғ. бастап, ерлер мен әйел сырт киімдері үлбірге астар салып кие бастады. Манто атауы Европада XIX ғ.ғ. кең таралған. Басқа үлбірлі бұйымдардан (тоннан) ерекшелігі кең пішімді және түймеліктің болмауы. XX ғ. 30 ж. Ішіктер ұзартылып, белі белдікпен қыналған, жалпақ, биік жағалар, жең басы енді болып, бүкпелермен өңделген, мантолар сәнге айналады. 60 ж. Н- пішімді- кең пішімді, үлкен жағалы үлбірлі мантолар дайындалды. Артқы бойда белдікше (хлястик) өңделіп, иық сызығы дөңгеленіп, иық ені қалыпты болды. Бұйым ұзындығы тізе деңгейіне дейн қысқартылып, қолтық ойындысы биік, жағалары кішірейген болып келеді.
Сақ (скиф) тайпаларын б.з
XVIII ғасырдан бастап зерттей бастаған
Ресей, Европа ғалымдары оларды тұтастай
менталитеті бар өркениетті мемлекет
ретінде қарамай тек
Сақ (скиф) киім үлгілері мүлдем жоқ болып кеткен жоқ, Ресей, Европа сән үйлерінде, бүгінде оның кейбір түрлері өз өзектілігін жоғалтпай қолданылып келеді. Монтоның пальтодан ерекшелігі кең пішімді, етегі кең, түймеліксіз болуында. Қолтық ойындысы бел деңгейіне дейін түскен, жеңі кең, жағасы шалді, хамут, тік жағалы болуы мүмкін. Қазіргі замандағы дизайнерлер мантоның өзгертілген үлгісін ұсынуда. Олар манто ұзындығын болеро деңгейіне дейін қысқартып, кең жеңді, жағалы немесе жағасыз ұсынуда.
ӘДЕБИЕТ
1. Өмірбекова М.Ш. «Көшпенділер мәдениеті қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері» Монография. - Алматы, 2010 ж.
2. М.Ш. Өмірбекова «Сақ (скиф) тарихы мен мәдениеті» Алматы «Зият Пресс», 2004 ж.
3. «Қазақ халқының ұлттық киімдері» Алматы кітап 2007ж.
4. Жәнібеков Ө. «Қазақ киімі», Алматы "Өнер" 1996 ж.
5. «Қазақтың дәстүрлі киім- кешегі» (ғылыми каталог), Алматы «Өнер» 2009ж.
УДК 687.11: 004
САПР "CRAFIS" АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АРНАЙЫ КИІМІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫН ҚҰРАСТЫРУ
Рыскулова Б.Р., т.ғ.д., Байжанова Ж.Б., т.ғ.к., Чекакова А.О., Жолдасова М.Д.
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Қазіргі ауқытта тігін өңдірісінде САПР "CRAFIS" автоматтандырылғын бағдарламасы көп қолданылады. Бұл бағдарлама киім дайындап шығаратын шағын тігін фабрикаларына өте жоғары өнімділік әкеледі.
Жұмыстың негізгі мақсаты: сапалы және әдемі арнайы киімді дайындау болып есептелінеді.
Арнайы киімнің барлық материалы, бөлшектері және тігісі оның тағайындалуына байланысты қатал анықтау керек.
Тігін өндірісінің негізгі
талаптары тұтынушының
САПР "CRAFIS" - ол киімге қолданылатын мата шығының азайтады, модельдеу, конструкциялау, лекал градациясын анықталған ережелері бойынша, лекал жаймасын жасауды жылдамдатады. Компьютер мониторында киім моделін, толық лекал комплектісін, оның жаймысын көру және оларға өзгерістер еңгізу, өндіріс процессін жеңілдетеді.
САПР "CRAFIS" қолданағаннан кейін лекалдар жолақ құрылғышпен қажет еткенше созылады (плоттер), оларды сызбай-ақ лазерді пішілу құрылғысыммен кесуге болады.
Лекал жаймасындағы компьютер экранында оның эффективтілігі автоматты түрде есептелінеді. Бір жаймаға әртүрлі өлшемдегі бір бұйымға, немесе әр түрлі бұйымдарға бір неше рет дайындалуы мүмкін немесе бірнеше жайма бір бұйым дайындалуы мүмкін,сонымен бұйым дайындауға 10-15% уақыт үнемделеді.
САПР "CRAFIS"- арқасында төсемнің толық ені және ұзындығы қолданылады. Автоматты төсегіш әдістері автоматты пішіммен қатарлас (механикалық жане лазерлік) матаның 3-8% экономдайды. САПР "CRAFIS" арқасында автоматты лекал жаймасы мен стиль материалдарын тез анықтап және тапсырыс беруге мүмкіндік беруді туғызады.
САПР "CRAFIS" программалық қамтамасыз етуді жетілдірген десек болады, себебі онда 100 конструкция негіздері 10 конструкция әдістері арқылы қолданылады, программаға кіргізген олардың ішінде "Мюллер Ундзон", "отимас", " ЕМКО СЭВ". Бұл толық қонымдылықты алу үшін толығымен өлшемдерді және кострукциялық міндеттерді қолдануға әкеледі.
САПР "CRAFIS" жүйесі конструктордың артынан модельді жасау әдісін таңдау заңдылығын қалдырады: Модельге керекті негізгі базалық сызба дегитайзирге жүргізілеме немесе программада берілген конструкциялық әдістердегі негізгі сызбаға модель ерекшеліктері енгізіледі. Егер конструктор берілген модельді программадағы конструкторлық сызбалар негізімен дайындаса, онда еңбек өңімділігін жоғарлатады, себебі бұндай жағдайда модельдік конструкциясы толығымен автоматты түрде өлшем - бой градациялар бойынша өзгеріп отырады. Онда өлшем аралық өсінділерді енгізбей - ақ қоюға болады, ал модельдік конструкция әр бір жаңа модельге автоматты түрде өзгеріп отырады. Бұл әдістін нақтылығы жұмысты жеңілдетеді және жоғары өнімділік береді,барлық модельді ерекшеліктерін арнайы функцияға кіргізу арқылы негізгі базалық сызбаны керекті модель конструкциясына ауыстырамыз. "Crafis" конструкторды шектемейді, ол қажет болса бар әдісті нақты тұтынушы өндірістін сұранысына қарай өзгерте алады. Басты ерекшелік болып аналық базалық негіздегі бөлшектін параметтірлері анадан қызына мұрагер ретінде беріліп отырады. Барлық негізгі базадағы сызықтар,ерекшеліктер мұрагер ретінде беріледі, ол бағынышты бөлшектер жаға, жең, алдыңғы бой және тағы басқалары. Аналық бөлшекке өзгертулер енгізгенде барлық оған бағынышты бөлшектер автоматты түрде өзгереді.Ол комплект лекал жасап, негізгі сызбада өзгертулер енгізу, онда барлық комплект лекал автоматты түрде өзгереді.