Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Ardana медицина саласындағы маркетинг.docx

— 1.01 Мб (Скачать файл)

медициналық емшаралардан өту кезінде пациенттердің сәулелік жүктемелерін бақылау жүйесін енгізу. 

 

3) өнімнің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  ол мыналарды көздейді:

халықаралық талаптарға сәйкес өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың халықаралық стандарттарын енгізу;

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертханалық қызметті дамыту, оның ішінде:

- ДСҰ талаптарына  сай келетін тамақ өнімдерінің  қауіпсіздігін бақылау жөніндегі  мамандандырылған зертханалар құру;

- елімізде  сатылатын темекі бұйымдарының  қауіпсіздігін токсикологиялық  бақылау бойынша жабдықтармен  республикалық санитариялық-эпидемиологиялық  қызмет жанындағы зертханаларды жарақтандыру;

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгізу. 

3. Санитариялық-эпидемиологиялық  қызметтің инновациялық бағыттылығын  дамыту үшін:

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндіруді кеңейту және жаңғырту;

санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазіргі заманғы технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

мыналарды:

- зертханалық  зерттеулер стандарттарын халықаралық  талаптарға сәйкес әзірлеуді;

- санитариялық-эпидемиологиялық  сараптама саласындағы зертханаларды  халықаралық аккредиттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;

- санитариялық-эпидемиологиялық  қызмет зертханаларының жұмысына  сапаны сырттай бағалау жүйесін  енгізуді көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық  сараптаманың инновациялық әдістерін  енгізу жоспарлануда.

 

5.4. Бірыңғай ұлттық денсаулық  сақтау жүйесінде

медициналық көмекті ұйымдастыруды,

басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру  

 

Мақсаты: медициналық көмек көрсетудің тиімді және қолжетімді жүйесін құру.         

 Негізгі  міндеттері:

1) әлеуметтік  бағдарланған БМСК-ның басым дамуына  негізделген денсаулық сақтаудың  тиімді жүйесін қалыптастыру;

2) денсаулық  сақтау саласында басқару және  менеджмент жүйесін жетілдіру;

3) денсаулық  сақтау саласын  қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

4) медициналық көмектің жоғары сапалы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету.                                        

Нәтижелер көрсеткіштері:

стационарлық көмекті тұтыну деңгейін 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1328 күнге дейін, 2015 жылға қарай 1172 төсек-күнге дейін  
(2009 ж. – 1522,6) төмендету.

бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14%-ға дейін,  
2015 жылға қарай 16%-ға дейін (2009 ж. – 0%) ұлғайту.

өңірлердің деңгейінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған халықты 2013 жылға қарай 5000 адамға дейін, 2015 жылға қарай  
6000 адамға дейін  (2009 ж. – 814 адам) ұлғайту.             

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

1. Әлеуметтік  бағдарланған БМСК-ның басым дамуына  негізделген денсаулық сақтаудың  тиімді жүйесін қалыптастыру  жөніндегі шаралар мынадай бағыттарға  шоғырландырылатын болады:

1) БМСК-ны  жетілдіру:

Денсаулық сақтаудың жаңа сапалы даму деңгейіне көтерілуіне қызмет көрсету технологиясын, ең алдымен БМСК қызметін түбегейлі өзгерту жолымен ғана қол жеткізу мүмкін. БМСК-ның қолжетімділігін, тиімділігін, сапасын арттыру және дамыту мақсатында жалпы дәрігерлік практика базасында БМСК-ны көрсетудің ұтымды нысандарын және әдістерін әзірлеу мен енгізуді қоса алғанда, кешенді жетілдіру жоспарлануда. Әлеуметтік жұмыс институтын енгізу жолымен медициналық-әлеуметтік бағыттылықты дамыту көзделуде.

Көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейту және профилактикалық бағыттылығын ынталандыру, қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ БМСК медицина қызметкерлерінің уәждемесін арттыру үшін ішінара қор иелену және БМСК тарифіне қосымша құрамдауыш енгізу жоспарлануда.

Функциялық міндеттерін бөлуге және қаржыландыру үлгісіне негізделген емхананың ұйымдық құрылымын үш бөлімшеге бөлу жолымен қайта қарау көзделіп отыр.

Бірінші бөлімше: құрамына дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті, сынақ кабинеті (акушер), емдеу кабинеті, егу кабинеті, қақырық жинау және химизатор кабинеті, дені сау балалардың кабинеті, профилактика және СӨС кабинеттері, сондай-ақ учаскелік терапевтер, педиатрлар және жалпы практика дәрігерлерінің кабинеті кіретін отбасылық денсаулық орталығы. Сонымен қатар осы бөлімшеде әлеуметтік қызметкер мен психологтан тұратын әлеуметтік-психологиялық қызметтің, сондай-ақ денсаулықты нығайту орталығы мен жастардың денсаулық орталығының  болуы көзделген. Бірінші бөлімшені қаржыландыру тариф және олардың қызметі нәтижелерінің бағасы ескеріле отырып тарифке қосымша құрамдауыш бойынша жоспарланған.        

Екінші бөлімше: тіркеу орнынан, ақпараттық бюродан, статистика және талдау кабинетінен, күндізгі стационардан, функциялық диагностика кабинетінен, физиотерапиялық кабинеттерден, клиникалық-биохимиялық зертханалардан, ультрадыбыстық диагностикадан, рентген-флюорографиялық кабинеттен, эндоскопия кабинетінен  тұратын қосалқы-диагностикалық бөлімше. Қаржыландыру – көрсетілген медициналық қызметтердің саны бойынша.         

 Үшінші  бөлімше: бейінді мамандардан (хирург, көз дәрігері, лор-дәрігер, және басқалардан) тұратын консультациялық-диагностикалық бөлімше. Қаржыландыру – медициналық қызметтерге амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша.          

 Сонымен  қатар пилоттық жобалар ретінде  өңірлердің дайындық шамасы бойынша  жекелеген заңды тұлға ретінде  жұмыс істеп тұрған орталықтардың  базасында төрт дербес отбасылық  орталық құру көзделуде. Осы пилоттық  жоспарды жарақтандыру республикалық  бюджет қаражатының есебінен, жұмыс  істеуі – қосымша құрамдауышы  бар БМСК-ке арналған тариф  бойынша жоспарланып отыр.

БҰДСЖ-ны одан әрі дамыту шеңберінде медициналық көмекке тең қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.

Осылайша, Бағдарлама шеңберінде БМСК-ны дамыту үшін мыналар жоспарланған:

БМСК-ның және мамандандырылған көмектің функцияларын, өкілеттіктерін және қаржыландырылуын дәл анықтап айыру жөніндегі нормативтік құжаттарды қайта қарау; 

амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен медициналық қызметтерді ұсынатын басқа да өнім берушілердің арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша нормативтік базаны әзірлеуді және арнайы оқытылған кадрларды даярлауды қоса алғанда, ішінара қор иелену моделін және қызметінің нәтижелерін бағалау ескеріле отырып тарифке қосымша құрамдауыш енгізу;

медицина қызметкерлерінің уәждемелерін көтеру тетіктерін жетілдіру;

дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің  сандық арақатынасын  оңтайлы деңгейге дейін жеткізіп, дәрігер өкілеттігінің бір бөлігін мейірбикелерге беру;

жағымды кәсіби имидж жасау және медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналдың рөлі мен әлеуетін күшейту;

әлеуметтік қызметкерлер институтын ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесіне енгізу;

БМСК дәрігерлерінің жалпы санынан «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша дәрігерлер санын, оның ішінде қайта даярлау есебінен көбейту;

дәлелді медицина қағидаттары негізінде БМСК көрсету стандарттары мен хаттамаларын жетілдіру;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

БМСК көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;

амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру;

бастапқы буын дәрігерлерін, мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес даярлау;

белсенді патронаж қызметін жетілдіру, оның ішінде қажетті аспаптармен және жабдықтармен жарақтандыру;

БМСК ұйымдары қызметінің тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу (бекітілген тұрғындар арасында дені сау адамдардың үлесі, ерте кезеңде анықталған аурулардың ара салмағы, емдеуге жатқызу деңгейі, арнаулы мамандарға қаралу  деңгейі, жедел медициналық жәрдемге қаралу деңгейі);        

 ауылдық  денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық  базасын  нығайтуды          ауылдың медицина қызметкерлерінің уәждемелерін (тұрғын үй беру, бір жолғы жәрдемақы төлеу) одан әрі арттыруды, жетуге жолы қиын ауылдық жерлер үшін ұтқыр медициналық бригадалар құруды қосқанда, ауылда БМСК көрсету жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру.

2) жедел медициналық  жәрдемді жетілдіру:

жедел медициналық жәрдемнің диспетчерлік қызметтерінің жұмысын   жетілдіру;

негізсіз шақырулар мен пациенттерді қайта жолдау санын азайту бойынша жаңа тетіктерді әзірлеу және енгізу;

жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмыс істеу нормативтерін қайта қарау;

парамедиктер институтын енгізу;

дайындалған медицина кадрларымен, оның ішінде парамедиктермен жедел медициналық жәрдем қызметін толықтыру;

патология түріне, науқас жағдайының ауырлығына қарай науқастарды стационарға  жеткізу бағдарларын оңтайландыру;

әртүрлі патология түрлері бар науқастарды емдеуге жатқызуға дейінгі қарау хаттамаларын енгізу;

жедел жәрдемнің материалдық-техникалық базасын нығайту;

пациенттерді іріктеудің ұтымды жүйесін (triage) енгізу;

медициналық жәрдем сапасын басқару (CQI) жүйесін енгізу;

жедел медициналық жәрдем жұмысының мақсатты көрсеткіштерін енгізу (шақыруға келген уақыты, стационарға тасымалдап жеткізу уақыты, емдеуге жатқызуға  дейінгі өлім-жітім);

науқастарды авиациялық тасымалдауды, оның ішінде қашық жерлерге  тасымалдауды дамыту;

республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары болғанда шұғыл медициналық жәрдем көрсету және құтқару жұмыстарының жүйесін дамыту;

алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жедел жәрдем және санитариялық авиация қызметтері, ТЖ, полиция, жол полициясы, өрт сөндіру қызметтері персоналының және көлік жүргізушілердің іс-қимылдарын үйлестіру.

3) мамандандырылған  медициналық көмекті дамыту:

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру;

мамандандырылған бөлімшелері бар көп бейінді ауруханаларды, оның ішінде аурухана секторын қайта құрылымдау есебінен дамыту;

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде ЖММК көрсететін медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде ЖММК көрсететін ұйымдардың қызметіне дәлелді медицина негізінде клиникалық хаттамалар мен медициналық көмек стандарттарын әзірлеу және енгізу;

жоғары технологиялық көмектің, оның ішінде шұғыл жағдайлар кезіндегі көмектің жаңа түрлерін дамыту және енгізу; жоғары технологияларды жергілікті деңгейге беру және енгізу;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

стационарды алмастыратын технологияларды енгізу есебінен стационарлық төсек жұмысының тиімділігін (қарқындылық) арттыру;

стационарды алмастыратын диагностикалық және емдік технологиялар жүйесін жетілдіру және кеңейту;

медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі мен сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, пациенттерді емдеуге жатқызу өлшемдерін дәл айқындау;

стационардағы науқастардың тіркелімін жасау және енгізу;

телемедицина арқылы қашықтықтан консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді дамыту;

стационарлық және консультациялық-диагностикалық көмек,  оның ішінде ЖММК көрсететін ұйымдардың жұмыс сапасының мақсатты көрсеткіштері жүйесін жетілдіру;

пациенттерді диагностикалау мен емдеу жөнінде шетелдік клиникалармен өзара әріптестік қарым-қатынастарды нығайту;

4) кезең-кезеңмен  қалпына келтіріп емдеу, медициналық  оңалту және паллиативті көмек  жүйесін жетілдіру:

қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының желісін құру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған стационарлар және санаторийлік-курорттық ұйымдардың бір бөлігін қайта бейіндеу есебінен құру; 

қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек көрсететін күндізгі стационарлар және үйдегі стационарлар желісін кеңейту;

кезең-кезеңмен қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту және  паллиативті көмек көрсету ұйымдарының штат нормативтерін қайта қарау;

медицина қызметкерлерін паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу;  

қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарын білікті кадрлармен толықтыру;

Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы