Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Ardana медицина саласындағы маркетинг.docx

— 1.01 Мб (Скачать файл)

3) дәрілік  заттардың, медициналық мақсаттағы  бұйымдардың және медициналық  техниканың айналысы саласында  сапаны бақылау жүйесін жетілдіру. 

Нәтижелер көрсеткіштері:

бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алудың көлемдерін 2013 жылға қарай 70%-ға дейін,   
2015 жылға қарай 80%-ға дейін  (2009 ж. – 0%) жеткізу;

ауылдық елді мекендерде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды беруді жүзеге асыратын объектілердің санын 2013 жылға қарай 3200-ға дейін,  
2015 жылға  қарай 3300-ға дейін (2009 ж. – 3000) ұлғайту.        

 Қол жеткізу  жолдары 

1. Халықты  сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз  ету жүйесін жетілдіру мыналарды  көздейді:

амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жетілдіру және бекітілген бағалар бойынша ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды босатуды жүзеге асыратын дәріханалық ұйымдар санын көбейту арқылы пациенттерге дәріхананы және дәрілік затты таңдау құқығын беру;

формулярлық жүйені дамыту және пациенттер мен медицина қызметкерлерін ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы арқылы объективті және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету жолымен ұтымды фармокотерапия (дәрілік заттарды тиімді тағайындау және пайдалану) қағидаттарын енгізу;

ауылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, оның ішінде БМСК ұйымдары мен жылжымалы дәріхана пункттері арқылы ауыл тұрғындарына (дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдарда) дәрілік көмектің жеке қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз ету;

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясы жүйесін жетілдіру. 

2. Денсаулық  сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы  медициналық техникамен жарақтандыру  және олардың сервистік қызмет  көрсету жүйесін қалыптастыру  мақсатында мыналар жоспарлануда:

заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық техниканы жеткізудің лизингілік схемаларын пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу;

медициналық техниканың, оның ішінде қымбат бағалы жабдықтардың кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету келісімшарттары жүйесін енгізу. 

3. Дәрілік  заттардың, медициналық мақсаттағы  бұйымдардың және медициналық  техниканың айналысы саласында  сапаны бақылау жүйесін жетілдіру  үшін:          

1) дәрілік  заттардың, медициналық мақсаттағы  бұйымдардың және медициналық  техниканың айналысы саласындағы  нормативтік құқықтық актілерді  үйлестіру, рұқсат беретін құжаттарды  өзара тану, дәрілік заттардың  сапасын кеден одағы аясында  инспекциялау мен бақылаудың  ықпалдастырылған жүйесін құру;        

2) дәрілік  заттардың сапасын мемлекеттік  бақылау жүйесін:

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК зертханаларын (оның ішінде аумақтық) қазіргі заманғы зертханалық технологиямен  материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру және қызметкерлерді оқыту;

аккредиттеу туралы ережені және зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүйесін әзірлеу;

Еуропа фармакопея дәрілік заттар сапасын бақылау (OMCL) жөніндегі ресми зертханалардың еуропалық желісіне кіру үшін дайындық іс-шараларын жүргізу;

фармацевтикалық инспекциялардың (PIC/S) халықаралық ынтымақтастық жүйесіне кіру үшін мемлекеттік және сараптау органының мамандарын оқыту;        

 контрафактілік  және жалған өнімдердің өндірісі  мен таралуына қарсы  
іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізу:

медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін жалған дәрілік заттарды анықтауға арналған  экспресс зертханалармен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру жоспарлануда. 

 

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері  

 

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2011 – 2013 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:

қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық стратегиясын әзірлеу;

халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;

Іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін бағалаудың  нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу;

денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде кеден одағы мен ДСҰ-ның талаптарына сәйкес оны үйлестіру;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру;

денсаулық сақтау жүйесіне әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу әдістемесін әзірлеу;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін әзірлеу;

БҰДЖ-ды одан әрі жетілдіру;

денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту тетіктерін әзірлеу;

медицина ғылымын басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясын жетілдіру;

дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.

Екінші кезеңде (2014 – 2015 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:

Бағдарламаның бірінші кезеңінде әзірленген стратегиялар мен әдістемелерді енгізу;

негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттарды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамаларын және әдістемелерін енгізу;

өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатер факторларын төмендету жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның, жұмыс берушілердің және азаматтардың ведомствоаралық және сектораралық тиімді  өзара іс-қимылын іске асыру;

жеке және қоғамдық денсаулықты нығайтуға және сақтауға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігін енгізу;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру және стандарттарды қазіргі заманғы  халықаралық талаптарға (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) сәйкес келтіру;

ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтердің тізбесін кеңейту;

БМСК-ның әлеуметтік бағдарланған моделін құру;

денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландырудың медициналық қызметтің сапасына бағдарланған жүйесін енгізу;

денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;

медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту;

медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен уәждемесін көтеру;

дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық техникамен жарақтандыру және оларға сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;

халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісін дамыту. 

 

7. Қажетті ресурстар 

 

Бағдарламаны іске асыруға 2011 – 2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.

Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн. теңгені, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен (жергілікті бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттерді қоса алғанда) 356 596,8 млн. теңгені, жергілікті бюджет қаражатынан 2 762,1 млн. теңгені құрайды.

2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны  қаржыландыру көлемі Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  тиісті қаржы жылдарына арналған  республикалық және жергілікті  бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын  болады. 

Қосымша 2

 

Сауалнама

 

Мақсаты: Алматы қаласындағы ақылы қызмет көрсететін медициналық мекемелердің сапасын анықтау

  1. Аты-жөніңіз:________________________________________________________
  2. Жасыңыз: 1) 25-ке дейін 2) 26-45  3) 46-60  4) 60-тан жоғары
  3. Әлеуметтік статусыңыз:
    1. Зейнеткер
    1. Жұмыс істеймін
    2. Студент
    3. Жұмыссыз
    4. Басқа__________
  1. E-mail: _________________________
  1. Жалпы Алматы қаласындағы ақылы медициналық қызмет көрсету сапасы Сізді қанағаттандырады ма?
    1. Иә
    1. Қанағаттанарлық
    2. Жоқ
  1. Егер қанағаттандырмаса, неліктен?
    1. Қабылдаудың ұйымдастырылуы
    2. Медициналық көмектің ұйымдастырылуы
    3. Медбикелердің қызмет көрсетуі
    4. Медмекеменің жұмыс істеу режимі
    5. Мамандардың жеткіліксіздігі
    6. Қажетті құрал-жабдықтың жоқтығы
    7. Заманауи жаңа құрал-жабдықтың жоқтығы
    8. Медперсоналдың тұтынушыларға қарым-қатынасы
    9.     Басқа себеп____________________________________
  1. Сізді ақылы медқызмет көрсету бағасы қанағаттандыра ма?
    1. Иә
    2. Қанағаттанарлық
    3. Жоқ
  1. Ақылы медициналық қызмет түрлерінің қайсысымен қолданып көрдіңіз?
    1. Диагностикалық
    2. Емделу
    3. Сауықтандыру
    4. Тіс емдеу
    5. Акушерлік
    6. Косметологиялық
    7. Қолданбаймын
  1. Неліктен ақылы медициналық қызметпен қолдандыңыз?
    1. Мемлекеттік медициналық мекемелердің қызметімен қанағаттанбағандықтан
    2. Мемлекеттік мекемелердегі қажетті қызметті ұзақ күткендіктен
    3. Бұл қызмет тек ақылы медмекемелерде бар болғандықтан
    4. Басқа себеп___________________________________________
  1. Ақылы қызметке қалай төледіңіз?
    1. Ресми түрде квитанция арқылы
    2. Ресми түрде емес, дәрігерлерге
  1. Медперсоналдың ауруларға деген қарым-қатынасын қалай бағалайсыз?
    1. Жақсы
    2. Қанағаттанарлық
    3. Қанағаттанбаймын
  1. Медмекемеде дәрі-дәрмектерді өз ақшаңызға сатып аласыз ба?
    1. Иә
    2. Жоқ
  1. Дәрі-дәрмектерді сатып алу себебіңіз:
    1. Дәрігердің нұсқауы бойынша
    2. Өз қалауым бойынша
    3. Туыстар, достардың кеңесімен
  1. Сіз өз өміріңізді сақтандырдыңыз ба?
    1. Иә
    2. Жоқ
  1. Медмекеменің стационарындағы тамақтандыру сапасын қалай бағалайсыз?
    1. Жақсы
    2. Орташа
    3. Нашар
  1. Санитарлық жағдайын қалай бағалайсыз:
    1. Жақсы
    2. Орташа
    3. Нашар
  1. Медициналық қызмет көрсетуге шағым бергеніңіз болды ма?
    1. Иә
    2. Жоқ
  1. Шағым бойынша медмекеме тарапынан шаралар қолданылды ма?
    1. Иә
    2. Жоқ
    3. Шағым жасамадым
  1. Өзіңіздің денсаулық жағдайыңызды қалай бағалайсыз?
    1. Саумын (жылына 3 реттен кем ауырамын)
    2. Кейде (жылына 3 реттен көп ауырамын)
    3. Хроникалық ауруым бар (хронические заболевания)
  1. Ақылы қызмет көрсететін медмекемелердің көмегіне жиі жүгінесіз бе (жылына)?
    1. 1 рет
    2. 2 рет
    3. 3 және одан көп

Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы