Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Ardana медицина саласындағы маркетинг.docx

— 1.01 Мб (Скачать файл)

жоғары оңалту технологияларын енгізу;

науқастарды емдеу хаттамаларын және медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу және қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының қызметіне енгізу; 

науқастардың тіркелімін құру және енгізу;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдары жұмысының медициналық көмек сапасын көрсететін мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру;

5) медициналық  қызметтің әр түрлерін дамыту:

- сот-медициналық  сараптаманы жетілдіру:

жүргізілетін сот-медициналық сараптамалар сапасын арттыру;  

сот-медициналық сараптаманы жүргізудің барлық кезеңдерінде  оның қолжетімділігін, тиімділігін, сабақтастығын арттыру;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

медициналық сараптаманың материалдық-техникалық базасын жетілдіру;  

бірыңғай ақпараттық жүйе құра отырып сот-медициналық қызметтердің сапасын басқарудың тиімді жүйесін енгізу; 

сот-медициналық сараптаманың (оның ішінде геномдық және спектрлік зерттеулердің) қазіргі заманғы әдістерін және сот медицинасының халықаралық стандарттарын енгізу;

сот-медициналық қызметкерлерінің құқықтарын кеңейту және жауапкершілігін күшейту, материалдық ынталандыруды енгізу;

прокуратура, ішкі істер, қорғаныс, ТЖ органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен ведомоствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;     

 Астана  қаласында Сот медицинасы орталығының  ғимаратын салу;

- қан қызметін  жетілдіру:

қан өнімдерінің сапасын басқару жүйесін дамыту;

республикалық референс-зертхана ашу;

қан мен оның компоненттерін ерікті түрде өтеусіз тапсыруды дамыту;

тұрақты донорларды тарту жүйесін дамыту;

материалдық-техникалық  қамтамасыз етуді жетілдіру;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

қан препараттарын өндіретін зауыт салу.

- зертханалық  қызметті жетілдіру:

зертханалық қызметті орталықтандыру және экспресс диагностиканы дамыту арқылы оңтайландыру; 

зертханалық зерттеулер сапасын басқару жүйесін дамыту;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен және реактивтермен жарақтандыру;

зертханалық қызмет жұмысының мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру және енгізу. 

2. Денсаулық  сақтау саласында басқару жүйесін  және менеджментті жетілдіру

Тұтас алғанда, денсаулық сақтауды басқару органдарының атқарушы функцияларын, олардың бөлігін медициналық қызметтерді мемлекеттік өнім берушілердің дербестігін көтере отырып мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарға кезең-кезеңмен бере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы жалғасатын болады. Бір уақытта кейбір функцияны: мемлекет кепілдік берген медициналық көмекті қаржыландыруды, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, денсаулық сақтау саласында бақылауды  орталықтандыру қамтамасыз етілетін болады.

Кәсіби менеджерлер институтын және қазіргі заманғы басқару технологияларын қоса алғанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың транспаренттік нысандарын кезең-кезеңмен енгізу жалғасады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерін міндетті түрде оқытуды қамтитын, денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы және тиімді әдістемелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Саланың экономикалық тиімділігін бағалау жүйесін құру мақсатында практикаға енгізу үшін қазіргі заманғы халықаралық әдіснамалық тәсілдердің негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы жағдайына зерделеу және талдау жүргізіледі.

Денсаулық сақтаудың, мемлекеттік және жеке инвесторлардың арасындағы тәуекелді бөлудің, өзара тәжірибе алмасу негізінде, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы технологияларды енгізудің тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту үшін жеке компанияларды мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға тарту және жекеменшік секторды дамыту жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, объектілерді, жабдықтарды жалға және жеке компанияларға сенімгерлік басқаруға беру  кеңінен пайдаланылатын болады. Әкімшілік кедергілер жойылады, корпоративтік медициналық ұйымдар мен қызметтерге қолдау көрсетіліп, ынталандырылады.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің ашықтығын көтеру үшін корпоративтік басқарудың элементтерін енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жалғастырылады. Саланың  адами әлеуетін басқаруды жетілдіру мақсатында Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді, халыққа психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету үшін медициналық білімі жоқ мамандарды жүйелі түрде тарту басталды.

Кадрларды бекіту үшін, әсіресе ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында, денсаулық сақтау мамандарын даярлауға, оның ішінде жеке инвестициялар мен демеуші қаражатын тарту жолымен келісімдердің негізінде жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасы жалғастырылады.

Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жетілдіріледі. Бірақ, материалдық факторлармен қатар, құрметтеудің, өзін-өзі құрметтеудің және қадірлеудің үлкен уәжді рөл атқаратындығына байланысты, қоғамда медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделін өсіруге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Осылайша, Бағдарламаның шеңберінде мыналар жоспарланып отыр:    

1) стратегиялық  жоспарлаудың, басқарудың, бюджеттеудің  халықаралық стандарттары мен  қағидаттарын енгізу;

тәуекелді болжау, бағалау және басқару жүйесін енгізу;

басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу;

медициналық ұйымдарға корпоративтік басқару қағидаттарын, оның ішінде оларға байқау кеңестерін енгізу арқылы енгізу;  

денсаулық сақтау жүйесі қызметін экономикалық тұрғыдан талдау әдістемесін енгізу (саланың тиімділігін бағалау жүйесін құру);

денсаулық сақтау менеджерлері институтын енгізу;

басқарушылық шешімдерді қабылдаудың сапасын үздіксіз арттыру  қағидаттарын енгізуге негізделген бақылау жүйесіне (CQI -PDCA) өту;

2) басқарудың  ресурс үнемдеуші технологияларын  әзірлеу және енгізу:

аурухананы басқару саласындағы технологиялар трансферті;

төсек қорын оңтайландыру, БМСК қызметін одан әрі  дамыту үшін ресурстарды қайта бөлу;

амбулаториялық-емханалық деңгейде стационарды алмастыратын диагностикалық технологияларды енгізу есебінен және кезең-кезеңмен қалпына келтіру емін ұйымдастыру есебінен (патронаж қызметі, емдеуді аяқтау және медициналық оңалту жүйесі) стационардағы төсек жұмысының қарқынын арттыру; 

стационарлық көмек көрсететін медицина ұйымдары жұмысының  негізгі көрсеткіштерін (төсек айналымы, ауруханада болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;

денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық жабдықтардың мониторингі, жабдықтардың техникалық жай-күйінің және оны тиімді пайдаланудың мониторингі жүйесін, оның ішінде қымбат тұратын жабдықтарды пайдалануды есептеу жүйесін жетілдіру;

жеткізуді басқару жүйесін енгізу;

есепке алынатын ақпараттың толық және өзекті болуын тексеру үшін есепке алу-есеп беру құжаттамасының үлгілерін қайта қарау, есептіліктің қайталануын болдырмау;

медициналық қызметтерді статистикалық есепке алудың және дербестендірілген есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжат айналымын азайту;

медициналық ақпаратты енгізу жүйесін оңтайландыру (бастапқы мәліметтерді енгізу уақытын қысқарту, шаблондарды енгізу, білім беру тренингтерін қамтамасыз ету).

3) денсаулық  сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігін  арттыру:

- денсаулық  сақтау ұйымдарының автономиялығын  және дербестігін арттыру:

медициналық ұйымдарды акционерлік қоғамдар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға кезең-кезеңмен ауыстыруды жалғастыру, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу;

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына басқарушылық шешімдер қабылдауда барынша дербестік беру;

денсаулық сақтау субъектілері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ұтымды ажырату;

денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының  арсында өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу;

науқасты қараудың барлық кезеңінде сабақтастықты (медициналық қызмет көрсетудің кезеңділігі) қамтамасыз ету;

- жекеменшік  секторды дамытуды ынталандыру:

денсаулық сақтау саласында жекеменшік секторды дамыту үшін тиісті нормативтік және әдіснамалық базаны жоспарлы түрде жетілдіру;

артық әкімшілік кедергілерді жою;

ТМККК көрсетуге мүдделі бағдарланған корпоративтік медициналық желілер мен ұйымдарды қолдау мен дамытудың, аурулардың профилактикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың және халықтың саламатты өмір салтын нығайтудың тетіктерін әзірлеу және енгізу, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауға медициналық қызметтерді ұсынушы жекеменшік өнім берушілерді тарту бойынша шаралар қабылдау;

негізгі құралдарды (ғимараттар, жабдықтар) сенімгерлік басқаруға және жекеменшік медицина ұйымдарына ұзақ мерзімді жалға беруді қамтитын денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасын кезең-кезеңмен іске асыру;

- денсаулық  сақтау ұйымдарында кадр саясатын  жетілдіру:

денсаулық сақтау жүйесінің кадр әлеуетін дамытуды жоспарлауды және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру тетіктерін қамтитын Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу; 

денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасын кеңейту;  

денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруға экономикалық білімі бар менеджерлерді тарту және оларды денсаулық сақтаудағы менеджментке оқыту жөніндегі нормативтік базаны қамтамасыз ету және құру;

медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;

медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін және кәсібінің беделін, оның ішінде дәрігерлердің кәсіби қызметін қолдау және жарыққа шығаруда бұқаралық ақпараттық науқандар жолымен арттыру;

кәсіби бедел мен кәсіби бәсеке институттарын дамытуды қоса алғанда, дәрігерлерді кәсіби дамытудың республикалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;

медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлестіктерінің (кәсіби ҮЕҰ) рөлін арттыру және қолдау;

медицина қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакет жасауды қамтитын оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;

карантиндік және аса қауіпті инфекциялар таралу қаупі болғанда медицина қызметкерлері үшін профилактикалық іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу;

- денсаулық  сақтау саласында ақпараттандыруды  дамыту:

денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін одан әрі жетілдіру және енгізу;

ДБАЖ-да клиникалық алгоритмдер, хаттамалар және басқа да стандарттарды іске асыру.

Сонымен бірге мынадай мәселелер қаралатын болады:

әлеуметтік мәні бар аурулардың тіркелімдерін қалыптастыру;

шалғай ауылдық елді мекендер үшін инфрақұрылымды, коммуникация мен бағдарламалық шешімдерді құру, аудандық орталықтан шалғай жерлердегі ауылдық медицина қызметкерлерінің ақпараттық денсаулық сақтау ресурсына  қолжетімділігін қамтамасыз ету;

жедел жәрдем бригадаларын GPS-навигациясы бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру, жедел медициналық жәрдем бригадаларының денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстарына  қолжетімділігін қамтамасыз ету;

қан қызметінің ақпараттық жүйесін құру;

ұлттық телемедицина желісін кеңейту.

3. Денсаулық  сақтауды қаржыландыруды жетілдіру.

Қаржыландыруды жетілдіру мақсатында өңірлер арасында ТМККК шеңберінде БМСК-қа шығыстардың айырмасын кезең-кезеңмен азайта отырып, денсаулық сақтауға шығыстар ұлғаятын болады, сондай-ақ БМСК-та қосымша құрамдауыштармен тариф және ішінара қор ұстау енгізіледі.

ТМККК-ны жетілдіру оны нақтылау және оңтайландыру (объективті өлшемдер негізінде) және БМСК көлемдерін ұлғайту жағына қарай қаржыландыруды медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында қайта бөлу және мамандандырылған көмектік көлемін оңтайландыру жолымен іске асырылады. Сонымен қатар ТМККК шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік заттардың тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту жоспарланып отыр.

Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы