Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:39, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................7
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны.................................7
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері....................18
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары......................26
Сілтемелер........................................................................................................39
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі...............................42
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері......42
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары.............................51
Сілтемелер
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау.doc

— 440.00 Кб (Скачать файл)

1936 ж. Қазақ КАСР Қазақ КСРО  деп қайта құрылды. Қазақстан  халқы оны автономиялы республикадан  Одақты республикаға айналдыру  туралы орталықтың ұсынысын шаттана  қарсы алды.

XX ғ. аяғы жаңа халықаралық  және геосаяси ахуалды паш  етті. КСРО ыдырағаннан кейін  15 жаңа мемлекеттің пайда болуы,  олардың халықаралық қоғамдастықтың  толық құқықты мүшелері ретінде  көз түру үрдісі олардың арасындағы  мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы заманға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мүның ұстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттер —  Қазақстан Республикасы мен Ресей  Федерациясының тең құқықты әріптестік қатынастарының дүниеге келіп, дамуы  қазақ-орыс өзара қатынастарының көп ғасырлық бүкіл барысының өзіндік бір синтезіне айналды /22/.

Екі жақты Қазақстан—Ресей 1991 жылдан бергі эволюциясын негізгі екі  кезеңге бөліп қарауға болады, ол 1991 жылдың желтоқсанынан (КСРО-ның  ыдырауын біржолата айқындап берген ТМД жариялануы) 1995 жылдың аяғына дейінгі кезең. Екінші кезең 1995—2001 жылдары Ресей Федерациясының Орталық Азия мен Қазақстан Республикасына "қайта оралу" кезеңі.

Т.Мансұровтың пікірінше, Қазақстан—Ресей  қатынастары өрбуінің бірінші кезеңінде  төмендегідей негізгі үш белесін бөліп көрсетуге болады:

— екі елдің мемлекетаралық қатынастарының құқықтық негіздерін айқындау (1991 жылғы  желтоқсан — 1992 жылғы мамыр);

— мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық үлгілерін  іздестіру (1992 жылғы мамырдан 1994 жылғы наурыз);

— Қазақстан мен Ресейдің экономикалық және басқа салалардағы (1994 жылғы  наурыз — 1995 жыл) бірігуінің кеңейіп  тереңдеуі /23/.

Қазақстанның жаңа мемлекеттілігі туралы, оның басым мақсаттарды дұрыс  айқындауда ел басының Қазақстан  халқына Жолдауында былай делінген:

"Өзіміздің басым саясаттарымызды  дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға  талдау жасап, осы жолмен жүру  үстінде ерік-жігер мен төзімділік  таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты  селделестерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз... Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттомен, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда — Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.

Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.

Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді  айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын  күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.

Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты  болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға  қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды тандап алу мүмкіндігіміз де бар".

Қазақстан мен Ресейдің арасындағы 1991-1995 ж.ж. қарым-қатынастар осы принциптер негізінде өрбіді. Қазақстан-Ресей  қатынастары ең алдымен 148 млн. ресейліктер және 17 млн. қазақстандықтар.

КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік құндылықтар өзінің маңызын жоғалта  бастады. Ресей өзінің ұлттық мүддесін анықтай алмады. Елдің саяси өміріндегі өзгерістер жаңа демократиялық институттарды  қалыптастыруды талап етті. Ол өз тарапынан құқықтық мемлекетті құру, саяси коррупцияга тосқауыл қою, авториторизмге жол бермеу сияқты күрделі үрдістерді қажет етті.

Ресей сарапшьшарының пікірінше, Б.Ельцин тұсындағы РФ СІМ рөлінің төмендеуінің бірнеше себептері бар. Олардың  ішінде атап айтатын болсақ: біріншіден, КСРО ыдырағаннан кейін СІМ жаңа жүйеге икемделе алмауы; екіншіден, сыртқы саясатта "үстемдік" үшін әр түрлі мекемелердің өзара бақталастығы: Ресейдің А.Козырев тұсындағы біржақты, АҚШ қатынастарды сыртқы саясаттың негізгі бағыты деп қарастырылып, барлық мәселелер Ресей-АҚШ қатынастарының тұрғысынан зерттелді, төртіншіден, Б.Н.Ельциннің жеке түлға ретіндегі, оның саяси стилінің әсері /24/.

Ресей Федерациясының сыртқы саясатының жаңа кезеңі үкімет басына В.В.Путиннің келуімен байланысты. 2000 жылдың 28 маусымында В.В.Путин "РФ сыртқы саясатының концепциясын" бекітті. Бұл концепцияда РФ-ның XXІ ғасырдағы жаңа басым бағыттары анықталды. Концепция бес бөлімнен тұрады. Онда жалпы ереже, РФ және қазіргі әлем, ғаламдық мәселелерді шешудегі РФ басым бағыттары, аймақтық басымдықтар және РФ-ның сыртқы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру туралы баптар көрсетілген.

В.В.Путиннің келуімен Ресей сарапшылары  РФ-ның сыртқы саясатында концептуалды негіздердің пайда болуы, жүйелілік  пен байсалдылық және ұлттық мүдделер жүзеге асырылады деп күтуде. В.Путиннің сыртқы саясатын сараптайтын болсақ, бұл үміттердің орындалуын көруге болады.

В.В.Путиннің өзіндік сыртқы саясат жүргізетіндігі ол саясаттың Ельцинизм  түбірінен бөлек болатындыгы  алғашқы айлардан анық көрінді.

В.Путин өзінің сыртқы саясатын азиялық  азимутты айқындаудан бастады. Қытай, Солтүстік Корея, Жапонияға және Индияға сапарлары соған айқын  дәлел бола алады. Қысқа уақыттың ішінде.

В.Путин "Шанхай бестігі" мәселесінде, Ирак пен АТР саяси басымдылықтарды айқындап үлгерді. Оның Куба мен Канадаға сапарлары және ЕО "тікелей сөйлесуі" әлемдік деңгейде жаңа тұлғаның пайда болғандығын айқын көрсетті.

XXІ ғасырға аяқ басқан уақытта Путин Ресей төңірегінде қалыптасқан жағдайды қайта қарауға, Ресейдің халықаралық беделінің өсуіне көп еңбек сіңіріп үлгерді деп атай аламыз.

XXІ ғасыр әлемдік саясатта жаңа күрделі үрдістерді туғызғаны белгілі. Біздің ойымызша Ресей сыртқы саясаты өтпелі кезеңде тұр. Бүгінде халықаралық қатынастардың дамуы, ғаламдық үрдістер, американдық моноцентризм бағытының күшеюі тенденцияларымен анықталуда.

"Таймс" газетінің анықтамасы /25/ бойынша, Ресей XXІ ғасырда әлемдік экономикалық 0,6% мөлшерде өтеді деп көрсетті. Ресей бюджеті АҚІП-ң кейбір штаттарының мөлшерінен төмен. Ресейді 180 миллиард доллар қарызы бар, оның 70-кеңестік қарыз.

Ресейдің жаңа сыртқы саясаты, саяси  концепциясы сондай-ақ, оның геосаяси және географиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етуде. Ресейдің 12 млн.шаршы  км. бөлігі Азия құрылығында орналасқанын ұмытпаған жөн.

Ресей сияқты алпауыт мемлекетке сыртқы саяси көпжақтылық және әртектілік тән. Ресей бүгінде БҰҰ реформалауға, оның беделін көтеруге ат салыстыруда. Көптеген Ресей сарапшьшары БҰҰ  қауіпсіздік Кеңесінің құрамын  кеңейту деген пікірді айтуда.

XXІ гасырдағы Ресейдің сыртқы саясаты жаңа үрдістерді сараптай келе бүгінде оның ТМД бағыты ресми түрде басым бағыт болып отырғанын айтқымыз келеді. Ресей СІМ И.Иванов "сыртқы саяси негізгі бағыт ТМД" және "біз ТМД нығайтамыз" деп атап көрсетті.

Ресей мен Қазақстан Достастық мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету бағытын дәйекті ұстап келеді. "Бұл саясат бір екі деңгейде іске асырылады: біріншіден, екі жақты негізге сүйенген байланыстар дамыса, екіншіден, ТМД-ны оған кіретін елдердің экономикалық және басқа салалардағы ықпалдастығының дәрменсізділігін арттыру жөніндегі ауқымды міндеттерді шеше алатындай тегеурінді ұйымға айналдыру жолындағы белсенділік төмендемейді".

Ресей сыртқы саясатындағы жаңа үрдіс, оның халықаралық қауымдастықтағы  орнын анықтайтын ұлттық мүдде болып отыр. 1995 жылы Е.М.Примаков СІМ болып тағайындалған кезден бастап, ол сыртқы саясаттағы басым бағыттарды анықтаудан бастады. "Кең көлемде Ресейдің мемлекеттік-ұлттық мүдделерін белсенді сыртқы саясат арқылы қорғау" болуы тиіс деп мәлімделген болатын. 1996-1998 ж.ж. Ресей сыртқы саясаты өзгерістерінің әлемдік қауымдастық үшін де маңызы болды. Себебі сыртқы саясатты болжау серіктесті қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндік берді.

Ресей зерттеушілері А.Талкин және Ю.Красин: "Ұлттық мүдде — белгілі социо-мәдениетке тән ортақ мүдделерді анықтау, оны қорғау тарихи субъекті ретінде өз орнын табу деген сөз",- деп атап көрсетті.

 

1.3. Орта Азиядагы  жана  саяси  конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай  қатынастары

 

XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап  Орта Азия халықаралық саяси экономикалық үрдістерге белсенді араласа бастады. Кеңестер Одағының бұрынғы республикалары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан өз жолын тандап, халықаралық қатынастардың субъектісіне және әлемдік саясаттың объектісіне айналды. Геосаяси үрдістер тұрғысынан Орта Азиялық мемлекеттердің аймақтық дамуын шешім қабылдау механизмінің ерекшеліктерін, функцияларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Орта Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастыққа енуі өзіндік ерекшеліктермен сипатталды. Бұл мемлекеттерге қысқа уақыт мерзім ішінде нарықтық экономикаға бейімделіп, мемлекет аралық қатынастарды, аймақтық интеграция мәселелерін шешуге тура келді.

ТМД республикаларындағы жүзеге асырылып жатқан нарықтық экономикаға көшу жоспарлары туралы жапон профессоры Хироно өз пікірін былай деп білдірді. "Нарыққа қысқа мерзім ішінде көшуге болады деп санау да қате-бұрынғы Одақ республикалары үшін кемінде 10-15 жыл керек... Оған көшуді қиындықсыз және өз күшімен жүзеге асыруға болады деп санау қате — көшу кезінде орасан зор қиындықтар ұшырасады және оларды жеңуі үшін сырттан зор, жаппай көмек — азық-түлік, материалдық және инвестициялық көмек көрсетілуі қажет... Басқаруға келмейтін қоғам да нарыққа көшеді деп санау аңғалдық - оған көшу үшін саяси тұрақтылық қажет, жекеше сектордың мұрындық болуы және еңбек тәртібі, қоғам мен нарыққа беттеген жолдағы үйлесімділік, үкіметтің жекеше секторымен ынтымақтастығы керек.

Бірақ, бұрынғы Одақта табиғи ресурстар, ұлтжандылық, білікті жұмыс күші бар және айтарлықтай көп мерзімді нарыққа көшудің болуы ықтимал" .

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерде экономикалық реформалаудың қиындықтары қоғам  өмірінің саяси  саласын түбегейлі  өзгертуден де туындап жатты, ол саладағы үрдістер қарқынды, кей жағдайда мүлдем берекесіздік пен қаулы текетіреске дейін алып барды. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бьшай деп атап көрсетті: "Адамдар өмірі мен қызметі жағдайларының ұдайы жақсарып отыруын қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде дамыған экономика жасау үшін шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне көшу қажеттігіне қазір күмәнданатын адам аз". Бүкіл мәселе мынада: "Өндірістің көп құлдырауына және тұрмыс деңгейінің нақты төмендеуіңе қалай көшеміз? Экономикалық саясаттың осынау басты міндеті әзірге, біздің ойымызша, қанағаттанғысыз шешімде". Біз бастап кешіп отырған терең экономикалық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі мынадай: "Нарыққа көшудің бұрынғы КСРО-да 70-жыл ішінде қалыптасқан халық шаруашылығы мен басқару әдістері жүйесін қайта құрудың әу басында елдің ерекшеліктері мен тарихи  дәстүрлерін, сондай-ақ, оның экономикасын таяу болашақта өзгертудің стратегиясын ескеретін ғылыми негізделген тұжырымдамасы дайындалған жоқ "/26/.

Орта Азия республикаларының тәуелсіздік  алуы мемлекет аралық қатынастардың  дамуында да жаңа стратегиялық үрдістерді анықтауды талап етті. Сондай үрдістердің бірегейлі аймақтық ынтымақтастық пен интеграция болып отыр. Бұл үрдістер әлемдік дамудың да негізгі басты тенденцияларына айналуда. Бүгінгі күні әлемде алуан түрлі ғаламдық және аймақтық экономикалық, саяси, әскери құрылымдар бар.

Олардың  қатарында  (ЕС,   НАФТА,   МЕРКОСУР,   ЭСКАТО, АСЕАН/АЗСТ, ЭПТ, ОЭСР, АТЭК, СНИ т.б.).

Орталық Азияда ортақ мәселелерді  келісіп шешу үрдісі бар. Орталық  Азия қазақ, қырғыз, тәжік, түркмен, өзбек  т.б. халықтардың тарихи отаны. Мәселен, Ферғана өңірінде атам-заманнан бері қырғыздар мен өзбектер бірлесіп шаруашылық жүргізіп келгені белгілі. Орта Азиядағы ортақ су қойнауларын пайдалану бұл өңірде отырықшы өркениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Аймақтық ортақтық-сол аймақта өмір сүретін ұлттардың мүдделерінің ортақтығының кепілділігі. Ал бұл кепілдік өзара достық қатынастардың дамуын, экономикалық байланыстардың дамуын қамтамасыз етеді. Тарихтан белгілі Орталық Азиядағы халықтар өзіне тән мәдениетті қалыптастырады. Ал Самарқант, Бұхара, Хива, Үргенші, Отырар, Тараз, Түркістан, Әулие-Ата және т.б. қалалар ертеден ірі сауда, мәдени, ғылыми орталықтар болған. Сондай-ақ, Орталық Азияның тиімді геосаяси жағдайы Шығыс пен Батыс өркениетінің өзара араласып дамуына мүмкіндік береді. "Халықтарымыздың өткенін оқып үйрену- қазіргі кезді, жақсырақ түсінуге, тіпті болашақ шымылдығын түре түсуте көмектеседі. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихына жүгінгенде, оның ежелгі дәстүрлері бар екенін атап өту керек. Бір жарым мың жылдай бүрын түркілер өзінің бірінші ұлы мемлекетін — түрік қағанатын құрды. Еуразияның көптеген мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан да оның мұрагерлеріне айналды. Орасан зор қашықтықтарға көшіп қана жүріп, Азияның көшпенділері тұтас континенттердің этностық және мемлекеттік бейнесін талай рет өзгертті. Көшпенді және жартылай көшпенді түркі тайпалары қазіргі көптеген халықтардың, ең алдымен түркі халықтарының қалыптасуын бастап берді. Олардың орналасу аймағы Якутиядан Жерорта теңізіне дейінгі орасан зор кеңістікті алып жатыр"/27/.

Орта Азия өзінің геосаяси орналасуы, ортақ шекара, көлік және коммуникация, жол байланыстары және табиғи ресурстары жағынан өнеркәсіптің дамуына, ортақ  кәсіп орындар, агроөнеркәсіптің дамуына  қолайлы. Орта Азия мемлекеттерінде  тау кен өнеркәсібі түсті - қара металлургия, мұнай-газ өнеркәсібі, электр энергиясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған аймақ.

Дегенменде, ортақ ұқсастықтарға, ортақ тарихи, мәдени дәстүрге қарамастан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында елеулі айырмашылықтар бар. Саясаттанушы С.Пірімбетов бұндай айырмашылықтардың негізгілерін атап көрсете келіп Қазақстанға байланысты былай дейді: "Қазақстан территориясы жағынан басқа республикаларға қарағанда үлкен, бай шикізат көздері және өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы неғұрлым дамыған республика. Сонымен бірге Қазақстан халықтық этникалық құрамы жағынан әр келкілігімен ерекшеленеді.

Информация о работе Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау