Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:39, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................7
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны.................................7
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері....................18
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары......................26
Сілтемелер........................................................................................................39
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі...............................42
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері......42
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары.............................51
Сілтемелер
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау.doc

— 440.00 Кб (Скачать файл)

Қырғызстан — географиялық жағдайына  сәйкес салыстырмалы түрде кіші мемлекет, экономикалық бөлшектенумен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде аудандардың әлеуметтік айырмашьшығымен ерекшеленеді.

Тәжікстан — негізінен таулы  мемлекет, оның 93% тау, 7% далалы аймақтар. Мемлекеттің негізгі өнеркәсіп  орындары, ірі қалалар осы 7% жерде  шоғырланған. Табиғаты бай өлке.

Түркіменстан - өзіндік даму жолын  тандап отырған мемлекет. Мемлекеттік, саяси және экономикалық дамуда, Түркіменстан "бейтараптылық", "ашық есік" саясатын ұстанып отыр. Өзбекстан болса, этникалық біркелкі,- халық саны тығыз орналасқан ірі мемлекет. Негізгі өнеркісібі мақта өндіру. Мақта өндіруден дүние жүзінде екінші орында. Өзбекстанда бай табиғи газ, көмір, мұнай, гидроэнергетика ресурстары, алтын т.б. шикізат қорлары шоғырланған" /28/.

1993 жылдан бастап, Түркімендерде  су, газ, электр энергиясын пайдалану  тегін. 1995 жыдцан бастап тұзды  тегін пайдаланады.

С.Пірімбетовтың пікірінше, Ортақ  экономикалық кеңістікті құру үшін және Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын қамтамасыз ету үшін төмендегідей жағдайларды жүзеге асыру  керек.

• Қаржы және еңбек ресурстарының  кедергісіз айналымын қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру керек

•  Көлік және коммуникация жүйесінде  ортақ саясат жүргізу;

• Мемлекеттер арасында еркін сауда, еркін баға жүйесін еңгізу, тауар  айналымына байланысты кедергілерді жою;

• Өнеркәсіп субъектілерінің арасында тікелей экономикалық байланыстарды  орнату және өндірістік кооперацияны дамыту;

• Өзара инвестиция саясатында тең  экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету және ел экономикасына шет  ел инвестициясын алу жүйесінде  өзара тиімді келісімдерге келу;

• Жеңілдетілген кедендік тәртіп орнату, сондай-ақ, кедендік заңдарды реттеу және салық жинау саясатын төмендету;

• Манеторлық одақ қалыптастыру, ұлттық валюталардың еркін айналымын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру .

Сонымен, Орталық Азиядагы (1991 жылдан кейінгі) экономикалық интеграцияның даму эволюциясын қарастыратын болсақ, бұл үрдістің дамуы біркелкі болмағаны белгілі. Орта Азиядағы экономикалық интеграция үрдісінде 1993ж. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 1994—2000ж.ж. арналған экономикалық интеграцияны терендетуге арналған келісімді атап өтуге болады. Сондай-ақ, 1994ж. Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) үштік одаққа қол қойылды (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан): 1994 ж. Орта Азиялық ынтымақтастық пен даму банкі құрылды.

Әрине, Орта Азиядағы экономикалық, интеграциялық үрдістерді ТМД шеңберінде де қарастыру керек. Ынтымақтастық дамуын құқықтық негіздерсіз қарастыру мүмкін емес.

1997 жылғы мәліметтерге сәйкес  ТМД шеңберіндегі өндірістік, әлеуметтік  гуманитарлық салада, ұжымдық қауіпсіздік саласында 1300 астам келісімдерге қол қойылған .

ТМД үшін Достастықтағы бейбітшілік  пен тұрақтылықты қамтамасыз ету  туралы Мемарандумның маңызы ерекше. Бұл мемарандумға 1995 жылы 10 ақпанда  Алматыда 12 мемлекет басшылары қол  қойды /29/.

Біздің ойымызша, Орталық Азиядағы аймақтық интеграция экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі бірден-бір дұрыс жол. Сонымен бірге экономикалық интеграцияны ТМД көлемінде де терендету қажет деп есептейміз. ТМД көлеміндегі және Орта Азиядағы аймақтық интеграцияның тарихи, географиялық, мәдени және ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып дамуына толық мүмкіндіктер бар.

Бүгінде аймақтық интеграцияның дамуының бірнеше кезеңдері анықталып  отыр:

— ортақ нарықтың қалыптасуы және өндірістік кооперация;

— ұлттық заңдардың жақындасуы және ортақ экономикалық саясат жүргізу үшін жаңа құрылымдардың құрылуы;

— ортақ экономикалық және қаржы  кеңістігін құру, соның нәтижесінде  еркін тауар айналымын, еркін  капитал жұмыс күші нарығын қалыптастыру. Достық және өзара тиімділік  принциптері негізінде ортақ бюджеттік, салық, баға, кедендік және валюта саясатын жүргізу.

Жалпы Орта Азиядағы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бұл  мемлекеттердің дағдарыстан шығып, біркелкі тұрақты даму жолында екендігін  көрсетіп отыр.

ТМД шеңберіндегі және Орталық Азиядағы экономикалық және саяси интеграцияңың болашағы туралы сарапшылар әр түрлі пікірлер айтуда. Біздің ойымызша қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ертеңгі күннің объективті қажеттілігін ескеретін үлгі ретінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру идеясы болса керек.

ЕАО құру жобасының кіріспесінде былай  делінген: "Дүниежүзілік практика көрсетіп отырғандай, өтпелі қоғамдар тек ұжымдасқан күш-жігер арқылы ғана ойдағыдай  жаңғырту ісін жүзеге асыра алады. Сонымен бірге, біз кейбір ТМД елдерінің осы міндетті жеке-дара шешпекші болған-әрекеттері бұрынғысынша сәтсіз болып келе жатқанын көріп отырмыз. Жаңа жағдайдағы экономикалық интеграцияны іске асырганға дейін солай болып қала бермекші. Елдердің арасындағы нарықтық  экономиканың дамуы, саяси процестердің демократизациянуы деңгейінің айырмашылықтарын ескере отырып, біз қосымша бірігу құрылымын ТМД қызметімен үйлесетін Еуразиялық Одақ қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл орайда бірігудің көпнұсқалығы, ТМД мемлекеттерінің дамуы қарқынының әрқилылығы, әрекеттілігі мен әр векторлығы еске алынады. Бұл ТМД-да жаңа экономикалық тәртіп қалыптастырудың өте-мөте қажеттілігі туралы айтуға негіз болады. Әлеуметтік экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің бәріндегі дерлік көпұлтты халықтардың көз алдыңда өтіп жатыр. Осының салдарынан этностық қатынастар ширығып, ол мемлкеттердің өз ішіндегі шиеленіске ғана емес, кейде тіпті мемлекетаралық жанжалдарға соқтырып жүр.

Мұндай жағдай ТМД институтының беделін түсіреді. Демек бірлескен күш-жігер арқылы әртүрлі жанжалдарды тежеу.

...Экономикалық бірігу мәселелерін  шешу жеткілікті мөлшердегі құзыреті  бар саяси институттар құруға  мәжбүр етеді. Олар мемлекеттердің  экономикалық, саяси, құқықтық, экологиялық,  мәдени, ғылыми салалардағы қарым-қатынасын реттеу міндетін атқару тиісті" .

Сонымен, ЕАО құру жоспары кеңестік кеңістіктегі өмір сүретін халықтардың  тілегіне сай деп есептеуге болады.

Өзімізге белгілі ЕАО туралы идеяны Н.Ә.Назарбаев алғаш рет  Ресей Федерациясына ресми сапар барысында, 1994 жылы 29 наурызда М.В.Ломоносов атындағы ММУ оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесу кезінде, Мәскеу Ресей астанасының әскери топтары мен шығармашылық интеллегенциясының өкілдерімен кездесу кезінде, сондай-ақ жетекші ресей газеттерінің бас редакторларымен және телекомпанияларының басшыларымен болған "дөңгелек стол" басындағы мәжілісте айтты.

Бүгінде бұл идея саясаткерлер мен  ғалымдардың арасында ғана емес, Қазақстанның, Ресейдің және ТМД басқа да елдерінің  халық жұртшылығының ортасында кеңінен мәлім болуда.

Еуразиялық одақ құрудың негізгі- қағидаларына келетін болсақ, ол мынадай  басты үш қағидаға сүйенеді:

— экономиканы, қорғаныс ісін және сыртқы саясатты басқа руды үйлестірудің ұлттық деңгейден жоғары ортақ органдарды құру;

— біртұтас экономикальіқ кеңістік;

— ортақ қорғаныс кешені;

Бүгінгі ЕАО идеясының кейбір қағидалары алайда ТМД және Орталық Азиядағы соңғы жылдардағы саяси, геосаяси өзгерістерге байланысты бұл идеяның жүзеге асуына объективті және субъективті кедергілер бар.

Қазақстан және Қытай Халық  Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастық, шекаралас мемлекеттердің халықаралық  ынтымақтастығының ең негізгі бағыты болып табылады. Әскери ынтымақтастық  аймақтағы немесе әлемдегі халықаралық  қауіпсіздікті күшейте алады, әскери қақтығысқа әкелетін түрлі факторларға жол ашады. Сондықтан, мемлекеттер осы салаға көп көңіл бөледі. "Әр бір мемлекет өз қауіпсіздігін күшейтуге көп көңіл бөледі, оның мақсаты басқа тәуелсіз мемлекеттердің арасында өз дербестігін сақтап қалу" .                         

Соның ішінде, Қазақстан  мен Қытай арасындағы әскери ынтымақтастық  туралы айтқан кезде "Әскери сипаттағы  іс-әрекет сенімсіздігін жоюға бағытталған  біріккен қызметін айтылуы тиіс".

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығында, сонымен қатар, бір мәселе жатыр. Ол Қытай мемлекетінің ядролық мәртебесіне ие болуы, ал Қазақстанның ядросыз мемлекет болып табылуы. Бірақ, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шартына мүше болып табылады, ол бастама мүше мемлекетке қауіп төнсе, барлық мемлекет - мүшелеріне қауіп деп есептейді.

1992ж. "Ядролық қару-жарақты  таратпау келісім-шартына" қол  қойғаннан кейін, Қазақстан барлық  ядролық мемлекеттерінен ұлттық  қауіпсіздігіне кепілдік алды. Бұл  келісім- шарттық Ратификацияны  және басқа өзара келісім-шарттарға қол қоюға (СНВ-1 келісім-шарты және, Лиссабон хаттамасы) Қазақстанның үш мәселеге байланысты келісім жасағаннан кейін өтті-ядролық мемлекеттердің шабуыл жасамау кепілдіктері, ядролық бөлшектердегі байытылған уранның қайтарылуы және батыс мемлекеттерімен экономикалық интеграциясымен қатар еңген инвестицияларың тарту /30/.

1995 жылы Қытай Қазақстанның  ядролық қарудан бас тартуына  байланысты  Республика тәуелсіздігіне, саяси дербестігі мен территориялық  тұтастығына қауіпсіздік кепілдігін  береді.

Қазақстан - Қытай қатынастарыңдағы ҚХР төрағасы Цзян-Цзэминнің 1996 жылы 4-6 шілдедегі Алматыға тұңғыш ресми сапарында Қытай Қазақстанның ЯҚТК ( ДНЯО ) қосылуын қолдады. Ал 1993 жылы Н. Назарбаевтың Пекинге сапарында Қытай позициясын  былай жариялаған болатын: "ҚХР ядросы мемлекеттерге қатысты" күш көрсету қауіпін қолданбайды.

Қытайдағы ядролық қару теқ өзін-өзі қорғауға бағытталған.

Қытай мақсаты - ядролық қаруға жаппай тиым салу немесе жою .

Осыған қарағанда Қазақстан  мен Қытай позициялары ядролық  қаруға байланысты сәйкес келіп отыр.

Пекиндегі Цзян Цзэмин мен  Назарбаевтың келіссөздерінде былай  айтылған болатын:" Жыл сайын АҚШ-та әскери салаға 350 миллиард доллар, Жапонияда-30 миллиард доллар, ал Қытайда 7 миллиард доллар жаратылады" .

Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы, Қазақстандық ғалым Ж.Ш.Аманжоловтың көзқарасымен де келіспеуге болмайды. Оның ойы бойынша,"қауіпсіздікке берілген міндеттемелер заңды емес, тек қол қойған мемлекеттерге жүктейді"/31/. Осыған қарағанда, Қытаймен қатынастарды Қазақстан екі жақты немесе көпжақты сипаттағы халықаралық келісім- шартқа қол қою керек. Бұндай келісім - шарт Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде болуы мүмкін.

Қазіргі кезде, Қазақстан  мен Қытайдың әскери ынтымақтастығы әскери салада сенімді күшейту қағидасына сүйенеді. Әскери салада сенімді тек қана ұжымдық формада ғана емес, екі жақты түрде де нығайтуда.

Жемісті әскери ынтымақтастықтың негізі ҚР мен ҚХР арасындағы достық қатынастар туралы Біріккен Декларациясында (1993ж. 18 қазан) салынды. Бұл құжатта  алғаш рет әскери ынтымақтастықты дамыту, екі елдің әскери ведомстволары арасында байланыстарды нығайту, әскери салада сенім мен ынтымақтастықты күшейту мақсатында алмасу өткізу айтылды. Декларацияда тараптар барлық дауларды бейбіт түрде шешуге келісті. Тараптар бір-біріне қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан бас тартады /32/.

Қазақстан мен Қытай  арасында әскери салада ынтымақтастықты  дамытудағы тағы бір мәселе бар. Ынтымақтастықтың тағы бір құқықтық негізі - ҚР-ның  Қорғаныс Министрлігі мен ҚХР-ның Қорганыс Министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум болып табылады (Пекин. 1995 ж. 11қыркүйек). Осы құжат негізінде (1996 жылы 5 шілде күні) Қазақстан мен Қытай арасында "Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды. Келісім бойынша, тараптар өздерінің зандарына сәйкес және халықаралық құқық қағидаларына сәйкес, тәуелдік пен екі жақты пайда негізінде әскери- техникалық ынтымақтастықтың дамуына ат салысу және қорғаныс өнеркәсібінің қаруланған өндірістері арасында экономиканың және ғылыми-техниканың ынтымақтастығын дамытуға келісті .

Әскери ынтымақтастық  бағыттары: әскери техника, қарулану (әдейі  мүлік) өндірістерін, жаяу әскердің саймандары мен бөлшектерін, өскери-теңіз, әскери-ауа, ауа қорғаныс пен радиотехника әскерлерінің бөлшек пен саймандарын қою; біріккен ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар өткізу және тәжірибелі түрде арнайы мүлікті бірігіп өндіру; әскери-техникалық салада мамандар мен қорғаныс-ғылыми зерттеумен айналысатын мамандармен алмасу; ғылыми-техникалық ақпарат пен құжаттамамен алмасу; арнайы мүлікке ремонт жасау; модернизациялау және т.б.

Ынтымақтастық барысында  туындайтын барлық сұрақтар ұйыммен  өкілеттелген тараптармен (Қазақстандық тарапынан - ҚР экономика министрлігі, ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі бойынша комитеті; Қытай тарапынан - ҚХАӘ (НОАК) бас штабы мен Қорғаныс ғылыми-техника және ҚХР қорғаныс өнеркәсібі бойынша комитет) келіссөздер арқылы шешіледі. Ынтымақтастық барысында пайда болған   нәтижелер, мәліметтер   мен   ақпараттар   үшінші   жаққа тараптардың келісімісіз берілмейді.

Қытаймен қатынастарды қауіпсіздікке байланысты жағымды  деп бағалауға болады. Бұл ҚХР  әскери қуатының өсуіне байланысты гипотезалық  қауіптерге қарамастан. Бұны Қазақстан мен Қытайдың әскери доктриналарының тек қорғаныс сипатта болатындығымен дәлелдеуге болады.

Мемлекеттің шекараларының  қауіпсіздігі - мемлекеттің қауіпсіздігі екені бәріне мәлім. Қазіргі кезде, Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара мәселесі жеке тақырып. Қазақстан мен Қытайда шекараға байланысты халықаралық құқықтық қағидалар ұстануда.

Қазақстан-Қытай шекарасы бұрынғы кеңес-қытай, немесе Ресей  империясынан Кеңес одағына өткен  шекара бөлігі болып табылады. Осы  территорияда 15 г. қазақтар қазақ хандығын құрады /33/.

1862 жылы Жәуешекте Пекин  келісім шартына сәйкес батыс  шекараны демаркациялау туралы келіссөздер болды. Ал, 1881 жылы 12 ақпанда Санкт-Петербург келісімі Зайсан мен Қара Ертіс өзендері бойындағы шекара сызығын түзетуін қарастырды. Сөйтіп, 1882-1884 жж. аралығында шекара демаркациясы өтті.

Информация о работе Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау