Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:39, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.
Кіріспе ..............................................................................................3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................7
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны.................................7
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері....................18
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары......................26
Сілтемелер........................................................................................................39
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі...............................42
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері......42
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары.............................51
Сілтемелер
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................
1915 жылы 30 мамырда "Хаттамасында" Харгос өзенін - Қазақстандағы Іле өзенінің бойы Ресей мен Қытай арасындағы аяқталған шекара ретінде белгіледі. Әрі қарай Қазақстан мен Қытай арасындағы 1700 км, Шекара басқа да келісім шарттармен белгіленді. 1993 жылы Декларацияда былай делінген: "Тараптар бұрын болған шекараға байланысты кеңес-қытай келісімдерімен келіседі және шешілмеген мәселелерді халықаралық құқық нормалары, тең кеңестер өзара түсінушілік арқылы шешеді" /34/.
1994 жылы 26 сәуірде ҚХР мемлекеттік кеңес төрағасы Ли Пэннің Алматыға сапарында "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге" қол қойды. Келісім 1995 жылы 11 қыркүйекте күшіне енді /35/.
1999 жылы 5 мамырда Қазақстан
Сөйтіп, қазіргі уақытта, Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық дамуына ешқандай бөгет жоқ деп айтылады. Шекара мәселесі екі жақты қатынастардың күн тәртібінен толықтай алынып тасталды. Бұл Қазақстан мен Қытай үшін тарихи оқиға болып табылады.
Шекара мәселесінің ішіне
Өзінің дамуында "Шанхай бестігі"
алғашында шекаралық
ҚР, РФ, ҚХР, Қырғызстан Республикаеы, Тәжікстан Республикасы мемлекеттерінің екі негізгі құжатқа "Шекара бойында әскери салада сенім қадамдарын нығайту туралы келісімге" Шанхайда (Шанхай келісімі) 1996 жылы 26 сәуірде қол қоюға ұсыныстан басталды және "Шекара бойындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге", 1997 ж. 24 сәуірде Мәскеуде (Мәскеу келісімі) қол қойылды. Келісімге байланысты Біріккен Бақылаушы Топ құрылады және осы топ келісімнің сәтті жүзеге асырылуын жүргізеді. Бес мемлекеттің келесі сатысы 1998ж. 3 шілдеде өтті. Кездесу барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтарды дамыту қажеттілігі туралы айтылды. Сөйтіп, ұйым біріккен қызметі тек қана шекара мәселесін шешуді қарастырған жоқ. 1999 ж.24-25 тамызда Бишкекте мемлекеттер басшыларының төртінші кездесуі өтеді. Онда Бишкек Декларациясы мен Қазақстан, Қытай және Қырғызстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісуі туралы келісімге қол қойды /37/.
Бес мемлекеттің бірігуінің дамуындағы тағы бір қадам сол жылдың желтоқсанында Бишкекте "Шанхай бестігінің" қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында ынтымақтастық салаларына мынадай өзекті мәселелер енгізілді: халықаралық терроризммен, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм, қару жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз миграциямен бірігіп күресу. Мемлекет қатысушылардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары арасында ынтымақтастық пен өзара әрекет ету туралы Бишкек меморандумына қол қойылды және оның негізінде "Бишкек тобы" құрылды /38/. "Шанхай бестігі" шеңберіндегі кездесулер эксперттер кездесулерімен аяқталған жоқ.
2000 жыл ішінде-ақ қорғаныс
2000 жыл 5 шілде "Шанхай бестігінің"
бесінші сатысы Душанбе
Душанбе саммитінде халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресу саласында ынтымақтастықты нығайтуға нақты қадамдар ұсынылды. Қырғызстан Бишкекте Антитеррористік орталық құруды ұсынған болатын. Бұл орталық антитеррористік операцияларды жүргізу және жоспарлау үшін әскери штаб болу керек болатын. Ресей Тәжікстанда 201- ші дивизия негізінде Әскери база құруды үсынды. Барлық инициативалар саммитте ресми қолдау тапты.
Душанбе декларациясынан басқа Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктелері туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Келісімге қол қоюмен бірге бес қатысушы- мемлекет арасындағы шекараны занды белгілеу үрдісі аяқталды .
2001 жыл барысында "Шанхай бестігі"
Көпжақты ынтымақтастықты
"ШЫҰ- әскери-саяси блок болып
табылмайды",-деп жариялады
Сөйтіп, шанхай бірлестігі өзінің 5 жылдық даму эволюциясында тиімділігін көрсете білді. Шанхай және Мәскеу келісімдерінің шеңберінде ынтымақтастықты дамыту механизмі қабылданды. Ынтымақтастықтың салаларына экономикалық серіктестік, экстремизм, терроризм, нашақорлық және қару-жарақты бүқпа сатумен бірігіп күресу мәселелері еңгізіледі. Қатысушылардың мүдделерінің үқсастығы - қауымдастықтың болашақ перспективасы болып табыладьі.
ШЫҰ перспективасы туралы ұйымға басқа мемлекеттердің қатысу еріктерінен көруге болады. Мысалы, Пәкістан, Иран және Монғолия сияқты мемлекеттер мүшелікке байланысты Ұйымға өтініш берген болатын. Қазақстан үшін, бұл Ұйымның мүшесі болуы халықаралық қатынастарда позицияларын күшейту және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуі және күшейтуі орта мерзімді перспективадағы мақсаттардың бірі болып табылады.
Қорытындылай келе, Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саяси ынтымақтастық екі мемлекет қатынастарындағы жаңа да өзекті сала болып табылатынын айтып кету керек. Он жыл ішінде бұл қатынастар достық, өзара түсіністік, тату тәтті көршілік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты құрметтеу негізінде жүзеге асты деуге болады.
Сілтемелер
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың Орталық Азиядағы жаңа ролі
2.1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері
КСРО-ның күйреуінен кейін, өз тәуелсіздіктеріне ие блған Орталық Азия мемлекеттері өз даму саясаттарын таңдауға мүмкіндік алып, халықаралық қатынастардың жеке субъектілеріне айналды. Олар халықаралық аренада өздерінің географиялық жағдайларымен, экономикалық және демографиялық мүмкіншіліктерімен, басқа мемлекеттермен, әсіресе, көрші елдермен арақатынастарын дамытуымен және олардың аймақтық және ғаламдық ұйымдарға қатысуымен халықаралық аренада жаңа рольге ие бола бастады.
Орталық Азия табиғи ресурстарға өте бай аймақ. Қазақстан бұрынғы КСРО-да қола, қорғасын және цинк т.б. өндіруден бірінші орында болатын. Қырғызстан металдық сурьма өндірудің монополисі болды, Түркіменстан стронций түзілетін целестин рудаларының, ал Өзбекстан болса, “ақ алтынның”(мақта) және “сары алтынның” (алтын) ірі тасымалдаушысы болды. Орталық Азияның табиғи ресурстары Ресей үшін өзінің зор мәнін сақтап, бүгінде әлемнің басқа елдерінің де назарын өзіне аудартуда. Тек табиғи ресурстарға кедей Түркия мен Пәкістан ғана емес, сондай-ақ, жағдайы жақсы Қытай мен Үндістанның және дамыған – Еуропа, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінің де назарын аударады. /1/
КСРО-ның құрамында болған бұрынғы Азия елдерінде көптеген мөлшерде ядролық қару және атом энергиясын дамытатын негізгі шикізат – уран рудасы өндіріледі. Орталық Азия әлемдік уран запасы мөлшері бойынша көрнекті орынға ие. Орталық Азияда уран запасының, мамандар мен технологияның болуы аймақтық ядролық қаруды таратпау мәселесін шешуде үлкен рольге ин екендігін көрсетеді. Аймақтың стратегиялық мәні оның ядролық қаруы бар бес мемлекеттің екеуі - Қытай және Ресеймен шектесіп, Иран мен Ауғанстан арқылы Парсы шығанағы мен Үнді мұхитына шығуға мүмкіндігі бар. Орталық Азия мемлекеттері еуропалық ұйымдардың (ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету ұйымы), Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің (ССАС), Еуропалық даму және қайта құру банкінің) және азиялық (Экономикалық ынтымақтастық ұйымы - ОЭС), Ислам конференциясы ұйымы, Азия даму банкі, Ислам даму банкі) аймақтық халықаралық ұйымдар мен банктердің мүшелері болып табылады.
Бұл таратудың негізгі мақсаты “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы” мемлекеттердің мүдделерін жеке-жеке қарастыру болғандықтан, бұл бірлестіктегі негізгі скрипканы алатын Қытай мен Ресейдің позицияларына тоқталайық. Өйткені, бұл бірлестіктің негізгі құрылысшылары осы екі мемлекет болып табылады. Бұл мемлекеттердің әрқайсысының болсын бұл ұйымға қатысуының бірден-бір себебі, олардың өздерінің геостратегиялық және экономикалық мүдделерінің бар болуы.
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” іргетасын қалаушылардың бірі, Орталық Азия елдерімен тарихы көптеген жылдар бойыбір болған Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделерін анықтауға тырысайық.
Ресей Орталық Азияның қауіпсіздік жүйесіндегі ерекше роынды алады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі Ресей мен Орталық Азияның ара қатынастары қалай дамуда деген сұрақ жиі туындайды. Ресейдің мақсаты бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған Орталық Азия мемлекеттерін орыстың геосаяси кеңістігіне қайта қайтару және оларға өз үстемдігін жүргізу мүддесі бар деп жауап беруге болады.
2001 жылы 15 маусымда құрылған “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” қызметін Ресей эксперттері жоғары бағалайды және оның шеіберіндегі ынтымақтастық Ресейдің стратегиялық мүдделеріне жауап береді деген мәліметтер береді. Олардың пікірлері бойынша, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” – келешегі бар ұйым, бірақ, мүше-мемлекеттердің экономикалық, саяси мүмкіншіліктерін есепке алып қарастыратын болсақ, ол өте әлсіз бірлестік. Ұйымның тиімділігін сақтап және оны нығайту үшін оның дамуының дұрыс жолын таңдап алу керек дейді.
Ресей Федерациясының “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуының бірнеше маңызды себептері бар. Олар /2/.
1991 жылдан 2000 жылға дейін Қытай Ресейдің әскери қаруын саып алу үшін 6 милиард доллар шығынданған екен. Соңғы жылдар бойы Ресейдің Қытайға қару-жарақ сатуынан түскен пайдасы 1,3 миллиард доллардан асады. Сонымен қатар, бүгінде Мәскеу мен Пекиннің Вашингтонның аймақта Жапониямен, Оңтүстік Кореямен бірлесе отырып, ПРО ТВД құрамыз деген жоспарларына қарсы ұқсас позиция ұстанады. Осыған орай, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” Қытай мен Ресейге АҚШ жоспарларына қарсы жеке екеуі ғана емес, бүкіл ұйым атынан қарсылық танытуына мүмкіндік береді.
Соңғы екі-үш жыл ішінде Ресейдің федералды шекара қызметкерлерінің берген ресми мәліметтері бойынша, Ресейге 1,5 миллион қытайлықтар келіп қоныстанған. Олардың ішінде, тек 237 мыңы ғана ресми түрде тіркелген, қалғандары Ресей территориясындағы орыс халқымен араласып кеткен.
Информация о работе Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау