Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:39, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.
Кіріспе ..............................................................................................3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................7
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны.................................7
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері....................18
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары......................26
Сілтемелер........................................................................................................39
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі...............................42
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері......42
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары.............................51
Сілтемелер
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................
Әскери-саяси мүдделері:
Орталық Азия елдерінің ядролық қаруды таратпау мәселелерін қадағалау, Уранның 235-ші элементін өндіруіне, полигон сынақтарын жүргізуге, зымыран-космостық шығатын қорытынды – АҚШ Орталық Азиядағы негізгі бағыты – бақылау мен зерттеу арқылы өз ықпалы астында ұстап отыру.
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Орталық Азия және Қытайдың келешектегі саясатына қатыста болжам мына стратегиялық құжаттар арқылы ажсалады:
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” негізін қалаушы келісім-шарттардың 2020 жылдың 31 қаңтарына дейінгі уақытқа дейін бекітілгендігі бәрімізге мәлім. АҚШ-тың жоғарыда атап өткен құжаттарының болжамдары бойынша, “Қытайдың әрекеттері 2020 жылғы мерзім өткенге дейін жоғарғы деңгейде дамып, көрші елдеріне жеткілікті түрде қатаң позиция ұстанады”.
Ауғанстанда жағдайдың өршуімен, ондағы АҚШ-тың жүргізген әрекеттерінен соң жағдай біршама өзгерді. Осы төңірегінде келесі параграфта тоқталайық.
2.2. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары
Орталық Азия мемлекеттерінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысуын жекеше тұрде алып қарастыруымыз бізге олардың көздеп отырған мақсаттарын көрсетеді.
Қытай мен Ресей сияқты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысу Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің де ұлттық мүдделеріне жауап береді.
Біріншіден, Қазақстан географиялық
жағынан екі ірі күшті мемлекеттер Қытай
мен Ресейдің ортасында орналасқан және
бұл мемлекеттердің екеуі де осы бірлестікке
кіреді.
Яғни, Қазақстанның шекара мәселесін шешуіне
зор көмегін көрсетті.
Өзбекстанның “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” толыққанды мүше болып кіруінің өзі қазақ-өзбек мемлекеттік шекара мәселелерін шешуге көмегін тигізді. Өзбекстанды бірлестікке қосу туралы Бірлескен Мәлімдеме бойынша Өзбекстан әскери салада сенім шараларын орнату және шекара аймағындағы қару-жарақ санын шегеру туралы Мәскеу және Шанхай келісімдерінің принциптерін толығымен орындауға міндеттеледі. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жер мәселесі әлі өз шешеміін таба алмай жатыр. Бұл екі ел арасындағы төрт пайызды жерді, Бағыс, Түркістан және Анырасай платинасы құрайды. Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі осы мәселелер төңірегінде бірауыздылыққа келе алмай отыр.
Екіншіден, діни экстремизм және терроризммен күрес мәселелерінің брлестік төңірегіндегі ынтымақтастыққа енгізілуі Орталық Азия елдері үшін өте маңызды болып табылады. Көрші Ауғанстандағы тұрақсыздық және исламдық бағыттағы экстремистік ұйымдардың белсенді жұмыс жасауы Қазақстанның және де басқа елдердің тұрақтылығына кері әсерін тигізетін еді. Осыған орай, “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберіндегі ынтымақтастықтың тиімді ролін атап өткен жөн. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын” және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарттарды салыстырып қарасақ, біріншісінің қызметінің келешенің зор екендігін байқаймыз. Себебі, оған тек бір-бірімен шекаралас және экстремистік, террористік үрейлер сияқты ортақ аймақтық қауіпсіздік мәселесі бар елдер мүше болып табылады. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын” Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның аймақтық тұрақсыздық элементтеріне қарсы күресінде Ресей мен Қытайдың әскери-саяси ресурстарын тартуына мүмкіндік береді. Терроризм эжәне экстремизммен күрес саласындағы стратегиялық ынтымақтастық Орталық Азия елдерін біртіндеп жақындастыра түседі.
Үшіншіден, Орталық Азия елдерінің және Қазақстанның “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” Орталық Азияда белгілі бір мүдделері бар Ресей мен Қытай арасындағы баланстық қатынасты сақтайтын саяси құрал болып табылады.
Дегенмен де, Орталық Азия мемлекеттерінің жеткіліксіз саяси, экономикалық мүмкіншіліктері оларды қуатты мемлекеттермен ынтымақтастыққа мәжбүр етеді. Ресей мен Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады. Бұл факт Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік мәселесі туралы мүдделеріне кепілдік береді.
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберіндегі мемлекеттердің экономикалық сала бойынша ынтымақтасуды дамытуды ұйымның келешегізор бағыттарының бірі болып табылады. Интенсивті экономикалық қатынастар мүшелердің арасындағы өзара сенімді нығайта түсетін және оларды бір-біріне бағынышты ететін факторлардың бірі болып табылады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы Қырғызстан мен Тәжікстанның қатысуы бір-біріне ұқсас. Олардың бағалауы бойынша, ынтымақтастықтың приоритеті бағыты экономика және қауіпсіздік болып табылады. “Шанхай бірлестігіне” қатысушылардың ұлттық мүдделеріне жауап береді және олардың сыртқы саяси қызметтерінің көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бір ажғынан, оларды экономикалық жағынан Ресейге бағыныштылықтан шеттетеді. Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан үшін Ауғанстандағы қақтығысты жағдай жаралы мәселе болып табылады.
“Шанхай бірлестігі” Орталық Азия мемлекеттері үшін бірқатар геосаяси жетістіктерге қол жеткізуші факторы болып табылады. Бұл бірлестік Қытайды аймақтық қауіпсіздік жүйесіне біріктіретін құрал. Қытайды аймақтық қауіпсіздік жүйесіне қосудың екі маңызды негізі бір.
Тактикалық негіз./17/ Экстремизм, терроризм, есрткі саудасы, қару-жарақты контрабандалаумен жәіне заңсыз миграциямен күресуде Қытайдың ресурстарын тарту. Қытау үшін экстремизм және терроризм мәселелері өте өткір мәселелердің бірі болып табылады. Осы мәселелер Қытайды өте қатты мазалайды. Қытай осыған байланысты Ресеймен және Орталық Азия мемлекеттерін осы мәселелер төңірегінде белсенді ынтымақтастыққа шақырады. Қытаймен күш біріктіру біздің де мүддемізге жауап береді.
Стратегиялық негіз. Бұл негізге сүйене отырып, ұзақ мерзімді жоспар негізінде байлап отыру арқылы өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге тырысады. Қауіпсіздік арасындағы Қытаймен арнайы келісім-шарттар тізгіні, экстремизм және терроризмді жою туралы біріккен шаралар қарулы күштер арасындағы тұрақты байланыстар, арнайы қызмет пен құқық қорғау органдарының өзара әрекеттері біз үшін Қытайды қауіпсіздік факторларының біріне айналдырады. Осылайша, ұйымның маңызды қызметтерінің бірі осы болып табылады.
“Шанхай бірлестігінің” мүмкіншілігі, әсіресе, Пекиннің мүмкіншілігі жалпыаймақтық баланс мақсаттарында өта маңызды. Әскери-саяси салада Шанхай бірлестігі Ресей мен Қытайдың ықпалын реттеп отырады. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” көптеген мәселелерді реттеп шешуге көмектеседі дедіу, шынымен де, оның шеңберінде трансшекаралық өзендерді қолдану, шекаралық экономикалық ынтымақтастық, шекараны делимитациялау қарастырылды. Бұл мәселелер өте маңызды. Егерде “ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шынымен күшейетін болса, әлем гоесаясатында жаңа көзқарастардың пайда болуына әкеледі.
Орталық Азия елдерінің қақтығыс ошағына айналған Ауғанстандағы шиеленіскен жағдай әлем қауымдастығының “бас ауруы” болып табылды. Ондағы тәліптердің орнатқан тәртібі және олардың агрессивті бағыттарының болуы көршілес халықтарға қаупін төндіреді және тұрақтылыққа төніп тұрған бірден бір потенциалды үрейердің бірі болды. Бірақта бұл жағдайлардың тамырына балта шабылды. Осы кезде әлемді дүр сілкіндірген 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі Америка Құрама Штаттарының Пентагонда және Нью-Йоркте орын алған террористік әрекеттер американдықтарды және бүкіл әлем халқын елең еткізді. Бұл әрекеттерді АҚШ-қа қарсы бағыттап отырған ислам экстремистерінің Осама Бен Ладеннің басшылығымен жасап отырған іс-әрекеті деп тапқан АҚШ басшылығы Ауғанстандағы тәліптердің тәртібіне қарсы террористік әрекеттер жасауды шешті. Ауғанстанның тоқсан пайыздық жерін иеленген тәліптер тек өзіне көршілес жатқан мемлекеттерге ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлемқауымдастығына да үрей төндіріп отырған еді. Бір ай мерзімнен соң, АҚШ Ауғанстанға қарсы антитеррористік әрекеттерді бастады. “Бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күресу керек” деген ұранмен бүкіл әлемге үрей төндіріп отырған Ауғанстандағы тәліптер тәртібіне және терроризмге қарсы әрекеттер басталып кетті.
Ауғанстанмен көршілес жатқан Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және тағы да басқа елдер үшін бұл өте ауыр мәселе болған еді./18/ Америка Құрама Штаттары және бірнеше батыс елдері Орталық Азия мемлекеттері территориясына өз әскери базаларын орналастыра бастады. Өзбекстан мен Қырғызстан Республикалары өз әуежайларын және әуе кеңістіктерін американ және бірқатар батыс елдеріне берді. Қырғызстан Президенті А.Ақаев Американың Орталық Азия территориясында ұзақ уақыт болуына қарсылығын білдірді. А.Ақаевтың айтуы бойынша, Қырғызстан халықаралық коалициялық күштермен бірігіп, терроризмге қарсы күресте өз әуе кеңістігін және “Манас” әуежайын біржылдық мерзімге беретіндігі туралы келісім-шарт бекіткен. Сонымен қатар, Президенттің айтуы бойынша, бұл кезде американдықтар Орталық Азияда ешқандай ұзақ мерзім туралы айтпаған еді.
Сондай-ақ, Қырғызстанның қабылдаған шешімі оның ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты бойынша және “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы” серіктестіктермен келісе отырып шешім қабылдағанын айтты. А.Ақаев бұл шешімді американдықтардың тарапынан экономикалық көмек емес, тек олардың Қырғызстанның көрсетіп отырған қызметіне ғана қаржы төлейтіндіктерін айтты. Ал енді өз территориясына әскер енгізу туралы шешімге тоқталатын болсақ, онда Қырғызстанның осындай шешімі “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” әріптестерімен келісе отырып қабылдағанын айтты.
Орталық Азияға өз әскерлерін енгізген американдықтарға мұндай әрекет бұл территорияда өз ықпалын орнатуға көптеген мүмкіндіктер береді.
Орталық Азияға американ әскерлерінің енуі Ресей мен Қытайды мазаландырды. Орталық Азияны өздерінің өмірлік маңызы бра жерлері деп танитын Қытай мен Ресец бұл аймақтан өз ықпалдарын жоғалтпауға тырысады. Америка Құрама Штаттарының Орталық Азияда орынғуына қарсы олар ешқандай ашық контрадикция ұстанып отырған жоқ. Өзбекстан Республикасы даамерикандықтардың әскери базаларын орнатуы үшін өзінің әуе кеңістігін және әуежайын қолдануға берді. Өйткені, ол американ басшылығының жүргізуімен болып жатқан терроризмге қарсы әрекеттерін қолдайды. Оған келтіре кететін бірнеше себеп бар.
Біріншіден, ол Орта Азиядағы қақтығыс ошағы Ауғанстанмен көршілес орналасқан.
Екіншіден, Өзбекстанның өзінің ішіндегі көптеген мәселелер “Өзбекстанның Исламдық Қозғалысы” деген ұйымының өзі де оның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Үшіншіден, “Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты” және “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберіндегі ынтымақтастық оның қауіпсіздігіне ешқандай кепілдік бере алмады. Ал, американ терроризмге қарсы Ауғанстандағы әрекеттері бұл мәселелерді тез арада шешіп берді. Бұл дегеніміз Орталық Азияға төніп тұрған қауіптің түбіріне балта шабылды деген сөз. Ресейдің Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы ықпалын жоғалтады деген болжамды қалай бағалауға болады? Ресей бұл аймақтан өз ықпалының ығыстырылуына жол бермеуге тырысуда. Ең алдымен, мәселе Ресей мен Ауғанстан арасындағы бұрыннан келе жатқан дәстүрлі байланыстар – экономикалық, гуманитарлық, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы айтып өткен жөн. Ауған қару-жарағының 100%-і дерлік бөлігі кеңес-ресей өнімі болып табылады. Ауған әскерлерінің құрамындағы әскери қызмет етушілердің көпшілігі КСРО-да немесе Ресей Федерациясында жаттыққан. Жалпы, ауғандықтар ресейліктерді қолдайды. Ал, енді Орталық Азия мемлекеттеріне келетін болсақ, олардың мүдделері Ресеймен тарихи жанасқан. Бұл тек рухани саланы ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттердің Ресеймен достық қатынастарын, әскери-техникалық мүмкіншіліктерін, экономикамен байланыстарын да қамтиды. Жалпы, Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделерінің сая келуі және олардың ықпал аймақтарына АҚШ-тың килігуі Өытайды да, Ресейді де мазалайды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі қандай да болмасын жиын барысында тараптардың ешқайсысының АҚШ туралы сөз қозғамайтынын байқаймыз. Осыған мысал ретінде 2001 жылы 4 маусымда Шанхвйда өткен Саммитте Өзбекстанның ұйымға қосылуынан кейін, басқа да Пәкістан, Үндістан және Монғолия, Иран сияқты елдердің де ұйымға қосылуға білдірген ниеттері біржақты қанағаттандырса, екінші жақты қанағаттандырмады. Осы орайда, Ресейдің сыртқы істер министрі С.Иванов “Қалау – бір нәрсеге қол жеткізуді білдірмейді. Әне, Америка Құрама Штаттары да бақылаушы болуды қалап отыр”, - деді./19/
Бұл ұйымның екі негізгі артықшылығы бар: біріншіден, Азиядағы АҚШ-тың қатынасуынсыз құрылған халықаралық ұйым және екіншіден, аймақта АҚШ-тың билеуіне қарсы салыстырмалы күш болып табылады, екіншіден, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жаңа мүшелер қабылдауға дайын және ұлғаю тенденциясына ие. Бұл ұйымға қосылу ниеттерін білдірген мемлекеттер – Пәкістан, Монғолия, Түркіменстан және Үндістан. Бұл тенденцияны Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының осы мәселеге сәйкес құқықтық негізі - Хартиясының жоқтығы тоқтатып тұр./20/
ШЫҰ-на мүшелердің енуі, әсіресе, Үндістанның енуі ұйымның әлемдегі ықпалын және оның жұмысының тиімділігін көтереді дейміз, бірақта, әрбір жаңа мемлекеттің ұйымға енуі әртүрлі жағымсыз мәселелерді әкелетендігін анық. Үстіміздегі жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанның Шанхай Ұйымына кіруіне еш қарсылық көрсетпейтіндігін және бұл екі елдің сыртқы саяси приоритетінде, көптеген халықаралық мәселелерге байланысты көзқарастардың барлығын ұқсастықтарының барлығын айтты.
Иранның ұйымға кіруі туралы ниетінің бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Иран АҚШ-тың наразылық саясатына қарамастан, Орталық зия елдеріне өзінің территориясынан өтетін транспорттық координаторлары, Парсы Шығанағынан порттарына қарай мұнай және газ құбырларын салуды ұсына отырып, тату көршілікті орнатуға талпынады. Иранның Шанхай ұйымы мүшелері үшін пайдасы зор. Өйткені, ол географиялық жағы өте табысты орналасқан мемлекеттердің бірі. 1992 жылы Иран Президенті Рафсанджани Иран территориясын Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттермен коммуникациялық байланыстарды қолдау үшін пайдалануды ұсынды. Иранның бұл елдермен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту саласында мүддесі бар. Иран мен Орталық Азия мемлекеттерінің арақатынасының сипатына келетін болсақ, Иранның мақсаты бұл елдерге өзінің ислам жолындағы қоғамдық даму моделін енгізу емес, өзінің географиялық жағдайын тиімді пайдалануға және Парсы Шығанағы мен Үнді мұхитына көліктік коридор салуына мүмкіндік беру./21/
Жоғарыдағы айтылғандардың барлығын қорыта келе, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ішіндегі қарым-қатынастардың келешектегі ары қарай дамуына мынадай қорытынды жасауға болады, ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық барлық мүшелердің мүдделеріне жауап береді. Мүше мемлекеттер өздерінің көздеген мақсаттарына бір-біріне сенім, түсінік таныту, өзара бекітілген құжаттардың міндеттемелерін сақтай отырып қол жеткізуге талпынуы керек. Дегенмен де, ұйымның ұлғаю мәселесі кім-кімді болмаса да ойлантса керек. Өйткені, ұйым шеңбері ұлғайған сайын оның әрекет ету саласында, мүше мемлекеттердің мүдделері, арақатынастарында жаңа өзгерістер пайда бола бастайды. Сондаықтан да, қандай да өз қзметін жаңа бастаған бірлестіктің аяғынан тік тұрып кетуі үшін оған жан-жақты қолдау көрсету керек.
Информация о работе Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау