Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:39, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.
Кіріспе ..............................................................................................3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................7
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны.................................7
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері....................18
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары......................26
Сілтемелер........................................................................................................39
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі...............................42
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері......42
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары.............................51
Сілтемелер
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................
Егерде миграция осы қалпымен жалғаса беретін болса, онда Ресейдегі Қытай халқының саны Ресей демографтарының болжаулары бойынша, 2050 жылға қарай он миллион адамды құрайды екен. Ресейдің Қиыр Шығысындағы туу санының кемуі және халықтың басым көпшілігінің Ресейдің батыс бөлігіне қарай қоныс аударуы салдарынан халықтың санының төмендеп бара жатқандығынан бұл мәселе шиеленісіп бара жатыр. Осындай жағдайда Рсеейдің Қиыр Шығысының тоғыз аймағының халқы шамамен 7,4 миллион адамды құрайтын болса, шекар маңының сына жағындағы Қытайдың үш провинциясынң халқы үш жүз миллион адамды құрайды. Осы контексте Ресей “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберінде Қытаймен миграция мәселесін реттестіруге тырысуда. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” Ресей мен Қытай арасындағы Орталық Азиядағы “ойынның” тәртібін анықатйтын құрал ретінде де қызмет жасайды./3/
Ресей өзінің Орталық Азиядағы геосаяси мақсаттарын нығайтуға тырысады.
Қазіргі кезеңде Oрталық Азияға Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдері экспорттарының төрттен бір бөлігі келеді екен./4/ Ресейдің Oрталық Азиядағы ірі сауда серіктесі Қазақстан болып табылады. Ресейдің талық Азиядағы экономикалық байланыстары әлсіреп барады. Ұлттық рыноктардың жекешелендіру процесі жалғасуда, кедендік шекаралар пайда болуда, атуарлар мен қызметтер, капитал және жұмыс күшінің айналымы қиындыққа түсуде. Сондай-ақ, Ресей Орталық Азия жерінде өз стратегиялық мүддесіне ие. Ол ең біріншіден, Ресей өндірістік өнімдерін географиялық жағынан жақын рынокқа шығару және ол жерлерде өз ықпалын түпкілікті орнату. Ресейдің Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық мән беретін ресурстары – КСРО кезіндегі Оратлық Азия елдерінде оның қорғаныс жүйесін құрайтын көптеген ірі әскери объектілердің әуе қорғанысына қарсы әсекри полигондар және тағы да басқалар туралы хабар беріп тұратын радиолокациялы станциялар.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын еске ала отырып, Ресей Федерациясы Орталық Азия елдерінің мемлекеттілігін, территориялық тұтастығын сақтауға және олардың экономикалық және қорғаныстық мүмкіншілігін дамытуға ат салысуға, сондай-ақ ТМД елдерінің ортақ бірыңғай экономикалық және саяси одақ құру. Тек осындай бағыт қана Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын орнатуындағы геосаяси мәселелерінің шешімі болып табылады.
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” іргетасын салушылардың келесі бір Орталық Азиямен көршілес жатқан елдердің бірі - ірі ядролы мүмкіншілігі бар Қытай.
Қытай да Ресей секілді Орталяқ Азияда геосаяси мүдделерге ие. Бүгінгі таңда Қытай үкіметі үшін өте өткір тұрған – сепаратизм мәселесі, яғни, солтүстік-батыс Қытайда орналасқан – Шыңжаң ұйғыр автономды республикасының мүмкін болатын толқулары. Ол аймақтағы халық ежелгі түрік қандастығын және бүкіл мұсылман қауымын біріктіретін, ислам мемлекетін құру абйланыстарын қайта жаңғыртуды алға мақсат етіп алады. Сондықтан да, Қытайдың “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуы осы секілді мәселелерді толық түрде және ірі масштабта шешу еді. Қытайдың Орталық Азия елдерімен экономикалық қатынастарды дамытуды Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық дамуы аймақтағы тұрақтылыққа өз әсерін тигізе алады. Бұл дегеніміз Қытаймен шекаралас жатқан провинциялардың да тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Қытай Орталық Азия территориясында өзін ірі экономикалық серіктес ретінде қалыптастыруды және біртіндеп оларды өзіне бағынышты етіп, Ресейдің мүдделерін Орталық Азиядан ығыстыруды көздейді. Дегенмен де, қазіргі кезде Қытай өзінің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы позициясын нығайтуда, бірақта, Қытайдың халықаралық жүйедегі күштер балансын өзгертуге талпынуда және көпполярлық әлемді құру мақсаты оның әлемде жүргізіп отырған саясатын жандандыра түседі.
Бірақта,/5/ Ресей мен Қытайдың “ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қавтысуы олардың ортақ геостратегиялық мүдделері болып табылады. Екі мемлекет те Шанхай бірлестігін әлемдік тәртіп мәселесі бойынша ұқсас позицияларын координациялау үшін қолданады. Екеуін де әлемдік жүйедегі орын алып отырған жағдай, яғни, Америка Құрама Штаттарының әлемде бірполярлық жүйе орнатып, өз гегемондығын орнатуы қанағаттандырмайды. Бірполюстік мүдделеріне зиян келтіреді және позицияларын әлсіретеді. Ал, Америка Құрама Штаттарының әскери-саяси және экономикалық позициялары халықаралық қатынастар жүйесінде өте күшті болғандықтан осы кейінгі соңғы 10-15 жыл АҚШ-тық билеу кезеңінің болатындығы сөзсіз. Дәл осы АҚШ-тың гемогондығына қарсы тұруы Ресейдің және Қытайдың орта мерзімді келешектегі сыртқы саяси приоритеттерінің бірі болып табылады. Бірақта, Қытай мен Ресейдің халықарылық жүйедегі қазіргі жағдайы өзгертуге деген мүмкіншіліктері өте шамалы. Ресей саяси жағынан әлі де күшті болғанымен, экономикалық қатынастары жағынан өте әлсіз. Ресейдің әскери күші және амбициясымен оның әлемдік экономикаға қосылуы Батыстың суыққанды позициясын және үрейін тудырады. КСРО-ның құлауының бірінші жылдары Батыстан экономикалық қолдау таппаған Ресей өзінің әлемдік мүдделеріне зиян келгеннен соң, оған батысқа ашық түрде қарсы саясат ұстанудан басқа ештеңе қалмады./6/
Қытай күшті экономикалық күшке ие, бірақ халықаралық жүйеде әлсіз саяси позиция ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өзінің конфронтацияға бармай, күту позициясын ұстануда. Соның өзінде Қытай өз мүдделерін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатыса отырып, өз мүдделерінің Шанхай бірлестігі шеңберіндегі ынтымақтастығы және өздерінің ғаламдық мүдделері мен амбициялары туралы жариялау және әлемдегі Америка Құрама Штаттарының ықпалын бәсеңдету жолында Ресейдің әскери-саяси мүмкіншіліктері мен Қытайдың экономикалық ресурстарын біріктіреді. Осыған орай Қытай мен Ресейдің жақындасуы толығымен заңды тенденция болып табылады. Екі мемлекет көптеген ғаламдық мәселелер бойынша бірыңғай позиция ұстануы және ортақ саяси бағыт көрсетуі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шеңберінде жүзеге асады. Ресейдің Сыртқы істер министрі И.Ивановтың айтуы бойынша, “Мәскеудің позициясы дегеніміз – Пекиннің позициясы”, бұл дегеніміз осы екі мемлекеттердің ортақ ұстанымдарының болуынан.
Сонымен, көпполярлық әлем туралы ой Бішкек және Душанбе Декларацияларының негізгі идеяларының бірі болып табылады./7/
Көпполярлылық - құжаттарда көрсетілгеніндей, “жаңадан құрылып келе жатқан жаңа әлемдік тәртіптегі халықаралық жағдайдың тұрақтылығына жағымды фактор болып табылады” делінген. 2000 жылы өткен Душанбе саммитінің маңызды қорытындыларының бірі - әлемдегі стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып табылатындықтан, 1972 жылғы ПРО туралы келісіміне “Шанхай бестігі” мүшелерінің қолдау көрсететіндігі болып табылады. Осындай қадам арқылы Ресей мен Қытай АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жасауына қарсы тұруға тырысты.
Қытай өз атынан Тайваньді қандай да болмасын мемлекеттің ПРО жүйесіне қарсы екендігін айтты. Шанхай бірлестігі елдері өздерінің бірлескен коммюникелерінде Ирактан тез арада санкцияларын алып тастауды сұрады, бұл да антиамерикандық наразылықтарының бірі болып табылады.
Душанбе Декларациясының/8/ маңызды мәселелерінің бірі гуманитарлық мәселелерді және адам құқықтарын сылтау етіп, басқа мемлекеттердің ішкі ітсеріне араласуына жол бермеу болды. Бұл мәселе Қытай мен АҚШ-тың арасындағы қатынастардың шегі болып табылады. Декларацияда, сондай-ақ, Шешен мәселесін реттеуде Ресей мен Қытай біртіндеп келешек әлемді тәртіпке байланысты саясатын жүргізуге тырысады. “Әлемдік держава” мәртебесіне ие Қытайдың жақындасуы Америка Құрама Штаттарын да мазалайды. Ұзақ уақыт бойы Вашингтон Мәскеу де, Пекин де жақын болатын. Қазіргі кезде стратегиялық үшбұрыш күштер орны өзгерді. Әлемдік жүйедегі күшті позицияға қарамастан Вашингтон стратегиялық бәсекелестікпен ғана емес, елдердің бірлестігімен бетпе-бет келіп тұр. Мұндай жағдайда АҚШ ұстамдылық саясатын ұстанып отырды.
2000 жылы шілдеде НАТО-ның бас хатшысы Д.Робертсон ОРталық Азия елдеріне турне жасады. Онда ол аймақ мемлекеттерін қызықтыру үшін “Бейбітшілік үшін серіктестік” жоспары шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуды ұсынды./9/
ХХІ ғасырға деген өзінің экономикалық өсуі және елдің модернизациясын жүргізіп жатқан Қытай, шекаралық Орталық Азия елдерімен тату көршілестік қатынастарын дамыту туралы мәселелерді де шетте қалдырмады. Өз қарым-қатынастарын Қытай және Орталық Азия мемлекеттері өзара пайда, бір-бірлерінің ішкі істеріне араласпау және сепаратизмді қолдаудан бас тарту туралы принциптерге негізделе отырып жүргізеді.
Қазақстан/10/ мен Қытай арасындағы қатынастар тату көршілестік және достастық сипатында. 1992 жылдың 3 қаңтарында екі ал арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойғаннан бастап, ең биік және жоғары дәрежедегі өзара сапарлар басталды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша, “Қытаймен тату көршілікті жүргізуден өзгеше саясат жоқ”./11/ Әрине, шешілмеген мәселелер тобы жетерлік. 1994 жылы сәуір айында Қытай премьер-министрі Ли Пэннің Қазақстанға сапары кезінде шекаралар туралы келісім-шарттарға қол қойылды. Қазіргі кеде екі ел арасында трансшекаралық өзендер мәселесі бар. Бірақ, бұл мәселелер жартылай ғана шешілді. Ең алдымен,/12/ Іле және Қара Ертіс өзендері бойынша, яғни, Қытай Ертіс-Қарамай каналын салу туралы жоспар ұсынуда. Басқа бір қақтығыс тудыратын жайт, ол Орталық Азия мемлекеттерінің өз территорияларында ұйғыр ұлтына қолдау көрсетуі. Орталық Азия елдерінің мұндай әрекеттерін Қытай өзіне қарсы бағытталған деп түсінуі мүмкін.
Осындай мәселенің басты қозғаушысы болып Қытайдағы ұйғыр сепаратистік ұйымдарының мазалауы болып табылады. Батыс басылымдарына көз жүгіртетін болсақ, Орталық Азия территориясында Шыңжаң ұйғыр автономиялық республикасының халықтарын ұлт азаттық қозғалыстарға итермеледі. Бірақта, Орталық Азия территориясында пантүріктік және панисламдық ұйымдар туралы идея басым орын алмайды. Керісінше, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, достық қатынастарға кеселін тигізетін іс-әрекеттердің дамуына тыйым салу қағидаларына негізделіп жұмыс жасайды.
Мао кезеңінен кейінгі Қытайда ішкі және сыртқы саясаттың үлкен өзгеріске ұшырауынан көруге болады. Ол, яғни, достық қатынастарды және көршілермен тату қатынастарды орнату болып табылады.
ХХІ ғасырда орталық Азияға деген бірқалыпты дамуда. Өйткені, бұл елдер табиғи ресурстарға өте бай және оны игеруге экономикалық-техникалық мүмкіндігі жоқ. Осыған орай, бұл мәселелердің шешімін “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберінде табу керек.
“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберіндегі ынтымақтастықтың дамуын Қытай жағы жеті принципке негіздейді./13/
Әлеуметтік-экономикалық саласына келетін болсақ, онда приоритетті бағыттар мыналар: көлік және байланыс, ауылшаруашылығы, металлургиялық өндірістік, энергетика, мәдениет, туризм және денсаулық сақтау.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей-ақ, Қытай үшін экстремизм мен сепаратизм мәселелері өте өткір мәселелерді құрайды.
Осылайша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әлемдік саясаттың байыпты факторын құрайды. Қытайдағы экономикалық реформалардың өзгеруінде және Пекиннің Азиядағы саясатының нығайғаннан соң АҚШ-тың ықпалы біртіндеп азаяды деген болжам бар. Бірақта, кейінірек егерде АҚШ әлсіреп, Қытай әлем саясатында “держава” ретінде дамитын болса, Ресей мен Қытай арасындағы қатынастар стратегиялық өзгерістерге байланысты біршама алшақтауы мүмкін.
Дегенмен, АҚШ әлем ресурстарының ең үлкен тұтынушысы, ол үшін Орталық Азия аймағы тек ресурстардың қайнар көзі болып табылады. АҚШ Орталық Азия аймағында өмірлік маңызы бар мүдделері жоқ. Бұл аймақта АҚШ-тың арнайы бір мүдделері бар. 1996 жылы АҚШ-тың Ресей мен ТМД елдері бойынша мемлекеттік департаментінің координаторы К.Райз “Орталық Азиядағы стратегиялық мақсаттар мен приоритеттер” деген баяндамасында АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарын көрсетті. Олар:
Информация о работе Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау