Акциз салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:42, дипломная работа

Краткое описание

Салық теориясында ғалымдар мен зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4

1
Акциз салығын салудың экономикалық қажеттілігі және теориялық-әдістемелік аспектілері......................................................................................7
1.1
Салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы............................................................................................................7
1.2
Жанама салық ретіндегі акциз салығының атқаратын қызметтері...............11
1.3
Қазақстандағы акциз салығын төлеушілер және акцизделетін тауарлар түрлері...................................................................................................................15

2
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу механизмдерін зерттеп-талдау............................23
2.1
Қазақстан аумағында өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау...................................23
2.2
Акциз салығын есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау..............29
2.3
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарлардан түсетін бюджет түсімдерінің тиімділігін бағалау.............................................41

3
Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары.............................................................................................51

Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Қосымшалар............................................................................................................66

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Акциз.doc

— 778.00 Кб (Скачать файл)

Акцизделетін тауарлардың бүлінуі дегеніміз – тауардың барлық немесе жекелеген сапасының нашарлауы, соның салдарынан пайдалануға жарамай қалуы [31].

Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеліп соққан оқиға акцизделетін тауарлардың жоғалуы деп аталады. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.

Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді. Сонымен қатар, одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді. Алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізінде жүргізіледі.

Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда төленбейді:

1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінсе, жоғалса;

2) бүлінген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса.

Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдері – сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:

1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші;

2) жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Көтерме саудада өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына жоғарыда аталған ұсынушылар жүзеге асыратын мынадай операциялары жатады:

1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және дара кәсіпкерлерге олардың өндірістік мұқтаждары үшін өткізу;

2) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;

3) өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану.

Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына операция жасалған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:

1) экспортталатын акцизделетін тауарларды ұсынуға арналған келісімшартты;

2) акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар жүктің кедендік декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар жүктің толық кедендік декларациясы экспортты растау болып табылады;

3) кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелерін табыс етеді.

Акцизделетін тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесімен әкеткен жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;

4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетін тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.

Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан ТМД қатысушы мемлекеттерге (кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде ресімделген жүктің кедендік декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.

Акцизделетін тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде акциздер төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде Салық кодексінің 276-11-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Салық кодексінің 276-11-бабында көзделген құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етуге құқылы.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу расталмаған жағдайда, мұндай өткізу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен акциз салынуға жатады.

Белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда, төленген акциздер сомалары Салық кодексінде көзделген ережелерге сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады. Бұл ретте акцизделетін тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.

Жалпы, кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер кеден одағының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді (Кесте 3).

 

Кесте 3.

Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері

Жағдай

Төлеу мерзімі

1.

Импортталатын акцизделетін тауарлар (кестенің 2 қатарында көзделген жағдайларды қоспағанда) нақты импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады

Қазақстан Республикасының

кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төленеді

2.

Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркалары

Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін салық Кодексінің 653-бабына сәйкес таңбалануға

жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төленеді

Ескерту – ҚР СК негізінде автормен құрастырылған.


 

Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төленеді.

Жоғарыда аталып кеткен акцизделетін тауарлардың нақты импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және акциздердің ставкалары бойынша акциздер салуға жатады.

Сонымен, жеке тұлғалар кеден одағының кеден заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды. Келесідей импортталатын акцизделетін тауарлар акциз салудан босатылады:

1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті акцизделетін тауарлар;

2) кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар және материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;

3) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;

4) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, кеден одағының кеден заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

 

 

2.2

Акциз салығын  есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау


Акциз сомасын  есептеу белгіленген акциз ставкасын  салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі (саны) ретінде айқындалады.

Акциз салығын  есептеу үшін келесі формула қолданылады [23]:

 

 

∑ сал. і = Сбі * Стсал і

(3)


 

Мұндағы:

∑ сал. і – і тауарының акциз сомасы;

Сбі  – і объектісінің салық салу базасы;

Стсал і  – і тауарының акциз ставкасы.

 

Салық базасы акцизделетін тауарды қайтару орын алғанда, ондай өзгерістер салық кезеңінде түзетіледі. Негізінен салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісімшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Ал, Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарлар импорты кезінде салық базасының мөлшерін түзету Салық кодексінде көзделген ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Салық кезеңінде  салық салынатын объектілердің  саны өзгерсе, енгізілген (шығып қалған) объектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.

Салық төлеушінің белгіленген салық сомасын белгіленген шегерімдерге сәйкес кемітуге құқығы бар.

Акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегерімге жатады. Мыналар:

1) акцизделетін тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;

2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;

3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады.

Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.

Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған  акцизделетін шикізат көлемі негізге  алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.

Осы ережелер акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде де, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады. Егер осында өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз:

  1. салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;
  2. салық кезеңінің екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күнінен;
  3. салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс.

Информация о работе Акциз салығы