Акциз салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:42, дипломная работа

Краткое описание

Салық теориясында ғалымдар мен зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4

1
Акциз салығын салудың экономикалық қажеттілігі және теориялық-әдістемелік аспектілері......................................................................................7
1.1
Салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы............................................................................................................7
1.2
Жанама салық ретіндегі акциз салығының атқаратын қызметтері...............11
1.3
Қазақстандағы акциз салығын төлеушілер және акцизделетін тауарлар түрлері...................................................................................................................15

2
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу механизмдерін зерттеп-талдау............................23
2.1
Қазақстан аумағында өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау...................................23
2.2
Акциз салығын есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау..............29
2.3
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарлардан түсетін бюджет түсімдерінің тиімділігін бағалау.............................................41

3
Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары.............................................................................................51

Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Қосымшалар............................................................................................................66

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Акциз.doc

— 778.00 Кб (Скачать файл)

Алыс-беріс  шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының  аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі келесідей құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асады [38]:

1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;

2) төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерін қоса бере отырып, кіріс-кассалық ордерге түбіртек;

3) акцизделетін шикізат ұсынудың тауар-көлік жүкқұжаттары;

4) акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген шот-фактура;

5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

6) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі.

Өз өндірісінде акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай негізгі құжаттары болған кезде ғана жүзеге асады:

1) төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;

2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

3) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі.

Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар негізінде жүзеге асады:

1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;

2) төлем құжаттары немесе кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;

3) Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған жүктің кедендік декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және олардың импорты кезінде жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;

4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

5) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі.

Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да келесі құжаттар болған жағдайда ғана шегерім жасалады:

1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы шарт;

2) төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;

3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актісі.

Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.

Жалпы, акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей бюджетке аударылуы керек. Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленсе, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.

Ал, шарап материалын және сыраны қоспағанда, Салық кодексінде көрсетілген  акцизделетін алкоголь өнiмдеріне акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.

Салық органдарының тиісті белгіні қою жолымен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін растауы не растаудан дәлелді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Акциз салығын төлеу төлеушінің тіркелген жері бойынша жүргізіледі (Кесте 4).

 

Кесте 4.

Акциз салығын төлеу  мерзімі және жері

Жағдай

Төлеу мерзімі

Төлеу жері

1.

Акцизделетін тауарлар

Акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-не дейін

Салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі

2.

Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар

Акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні

3.

Қазақстан Республикасының аумағында

өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру

Өнеркәсіптік қайта өңдеуге берілген күні

4.

Алкоголь өнімі,

шарап материалын және сыраны

қоспағанда

Акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін

 
       
   

4-кестенің жалғасы

5.

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын

Акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей

Көтерме,

бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша төлейді

Ескерту – ҚР СК негізінде автормен құрастырылған.


 

Мәселен, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша төлейді. Ал, Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүзеге асады.

Құрылымдық  бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу есебіне қоюға және өзінің құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті.

Құрылымдық  бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы әр құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады. Акциз есебін құрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде құрылымдық бөлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі.

Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері үшін төлеуге  тиіс акциз сомалары бойынша есепті құрылымдық бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органына төменде белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

Осы белгіленген тәртіп спирт және алкоголь өнімдері бойынша акцизделетін тауарларды өндіруді және оларды құюды және де бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса өзі тіркелген орнынан тыс жерде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер акциз төлеген жағдайда да қолданылады. Жеке кәсіпкер, ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді.

Акцизге қатысты күнтізбелік ай – салық кезеңі болып табылады [48].

Әрбір салық кезеңі аяқталған соң, акциз төлеушілер өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Сонымен қатар, акциз төлеушілер декларациямен бірге акциз бойынша есеп-қисапты да табыс етеді.

Акциз төлеушілер акциз жөніндегі декларацияны Акциз бойынша салық есептілігін жасау ережесіне сәйкес жасайды. Ал, Акциз бойынша салық есептілігін жасау ережесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленеді және салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері, салық салуға байланысты объектілері үшін акциз сомаларын есептеуге арналған Акциз бойынша салық есептілігін (декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Акциз бойынша декларацияны акциз төлеушілер Салық кодексінің 39-тарауына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес толтырады.

Орналасқан орны бойынша салық органында тіркелген салық салуға байланысты объектісі бар акциз төлеуші Акциз бойынша декларацияны Құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объектілер үшін есепті қоса бермей-ақ табыс етеді.

Жалпы, Акциз бойынша декларация Декларацияның өзінен (400.00-нысан) және салық міндетемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (400.01-400.08 нысандар) тұрады.

Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. Сонымен қатар, көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

Ал, Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

Әдетте, Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. Акциз бойынша салық есептілігін жасау ережелеріне сәйкес арифметикалық белгілер қолданылады, олар: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - болу; «=» - тең. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

Декларация жасау кезінде:

  1. қағаз тасығышта - қара немссе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
  2. электронды тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Декларация Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

Декларацияны беру кезінде:

1) декларация қағаз түрінде келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) Енгізу туралы заңның 3-бабына сәйкес электронды түрде – төлеуші электронды түрде Декларацияның қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетілуі қажет.

«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық 
төлеуші мынадай деректерді көрсетуі тиіс:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН (БСН) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі;

Жол «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеушіде жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі болған кезде толтырылуы тиіс.

3) салық төлеушінің атауы.

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы немесе жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлік басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

4) салық кезеңі (ай) – Декларация берілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі). Декларация табыс ету үшін күнтізбелік күн Салық кодексінің 295-бабына сәйкес есепті салық кезеңі болып табылады;

5) Декларация түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;

6) хабарлама нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;

7) салық төлеуші санаты.

Торкөз егер төлеуші А жолында көрсетілген санатқа жататын болса, белгіленеді;

8) валюта коды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдагы № 219 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне 10 «Кедендік ресімдеу мақсаттары үшін пайдаланылатын валюталардың жіктеушісі» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

9) берілген қосымшалар.

Берілген қосымшалардың торкөздері белгіленеді;

10) құрылымдық бөлімшелер үшін немесе салық салуға байланысты объектілер үшін берілген есептер.

Тиісті торкөз құрылымдық бөлімшелер үшін немесе салық салуға байланысты объектілер үшін жасалған есеп нысанына қарай белгіленеді.

«Төлеуге акциздер есептелді» бөлімінде:

  1. 400.00.001 жолында барлық спирт түрлері бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.01.014 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
  2. 400.00.002 жолында алкоголь өнімі немесе этил спиртінің көлемдік құрамы 0,5 пайыздан аспайтын сыра бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.02-нысанның барлық беттері бойынша 400.02.013 жолында көрсетілген сома көшіріледі, сондай-ақ 400.01.028 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
  3. 400.00.003 жолында темекі бұйымдары бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.03.012, 400.03.024, 400.03.036, 400.03.048 және 400.03.060 жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;
  4. 400.00.004 жолында шикі мұнай, газ конденсаты бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.04.013 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
  5. 400.00.005 жолында бензин (авиациялықты қоспағанда) бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.05.003С жолында көрсетілген сома көшіріледі;
  6. 400.00.006 жолында дизел отыны бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.05.006С жолында көрсетілген сома көшіріледі;
  7. 400.00.007 жолында жеңіл автомобилдер бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.08.011 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
  8. 400.00.008 жолында өзге де акцизделетін тауарлар бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолды жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартпен белгіленген салық режимінде акциз есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын тәлеушілер толтырады;
  9. 400.00.009 жолында 400.00.001-ден 400.00.008-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын есептелген акциздің жалпы сомасы көрсетіледі;
  10. 400.00.010 жолында салықтан шегерім сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.06.001Е қорытынды жолында көрсетілген сома көшіріледі.
  11. 400.00.011 жолында 400.00.009 және 400.00.010 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептелген акциздің қорытынды сомасы көрсетіледі;

Информация о работе Акциз салығы